Миоцет
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Миоцет
Халықаралық патенттелмеген атауы
Доксорубицин
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындайтын лиофилизацияланған ұнтақ, липосомамен және буферлік ерітіндімен жиынтықта, 50 мг
Құрамы
белсенді зат - 50 мг доксорубицин гидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, фосфатидилхолин, холестерин, лимон қышқылы, натрий гидроксиді, натрий карбонаты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Қызғылт сары -қызыл түсті лиофилизацияланған масса немесе ұнтақ (құты - Миоцет доксорубицин гидрохлориді);
Ақ түсті, біртекті, мөлдір емес дисперсті масса (құты - Миоцет липосомалары);
Мөлдір, түссіз ерітінді (құты – Миоцет буферлік ерітінді).
Қызыл-қызғылт-сары түсті, мөлдір емес, біртекті дисперсия (дайын концентрат).
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы антибиотиктер. Антрациклиндер. Доксорубицин
АТХ коды L01DB01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Миоцетті қабылдап жүрген емделушілердегі доксорубициннің плазмалық фармакокинетикасы ауытқымалылық дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Тұтас алғанда, доксорубициннің плазмадағы деңгейлері, әдеттегі доксорубицинмен салыстырғанда, Миоцетті қабылдаған кезде жоғарырақ, сонымен қатар бос (инкапсулаланбаған липосома) доксорубициннің плазмадағы ең жоғарғы деңгейлері әдеттегі доксорубицинмен салыстырғанда, Миоцетті қабылдағанда төмен болатынын көрсетеді. Қолжетімді фармакокинетикалық мәліметтер жалпы/бос доксорубициннің плазмадағы деңгейлері мен Миоцеттің тиімділігі/қауіпсіздігі байланыстылығына қатысты тұжырымдарды жоққа шығарады. Жалпы доксорубициннің клиренсі 5,1 ± 4,8 л/сағатты құраған, ал тепе-теңдік (Vd) жағдайындағы таралу көлемі 56,6 ± 61,5 л құраған, әдеттегі доксорубицинді қабылдағаннан кейін, клиренсі мен Vd сәйкесінше 46,7 ± 9,6 л/сағатты және 1451 ± 258 л құраған. Доксорубициннің айналымдағы негізгі метаболиті - доксорубицинол, альдо-кето-редуктазаның көмегімен қалыптасады. Доксорубицинолдың плазмадағы ең жоғарғы деңгейлері әдеттегі доксорубицинмен салыстырғанда, Миоцетті қабылдағанда кейінірек пайда болады. Р-гликопротеинді (P-GP) бәсеңдететін заттар доксорубицин мен доксорубицинолдың диспозициясын өзгертеді.
Ерекше топтардағы фармакокинетикасы
Егде жастағы емделушілер
Миоцетті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі 65 жастағы және одан да үлкен, сүт безінің метастаздық обыры бар 61 емделушінің арасында бағаланды. Рандомизацияланған бақыланатын клиникалық сынақтардың мәліметтері Миоцеттің жүрек жүйесіне қатысты тиімділігі мен қауіпсіздігі емделушілердің бұл тобында 65 жасқа толмаған емделушілердегі осындаймен салыстырарлықтай болған.
Бауыр функциясының бұзылулары бар емделушілер
Доксорубициннің метаболизмі мен шығарылуы ең алдымен гепатобилиарлық жолмен жүретіні себепті, Миоцетпен емдеуге дейін және емдеу кезінде гепатобилиарлық функцияны бағалауды жүргізу керек.
Бауырда метастаздары бар науқастар туралы мәліметтердің негізінде, Миоцеттің ұсынылатын бастапқы дозасы төмендегі кестеге сәйкес азаяды
Бауырдың функционалдық тестілері |
Дозасы |
Билирубин <ЖҚШ және АСТ қалыпты деңгейі |
Стандартты дозасы 60 - 75 мг/м 2 |
Билирубин <ЖҚШ және АСТ деңгейінің жоғарылауы |
дозасын 25%-ға төмендетуді қарастыру керек |
Билирубин> ЖҚШ, бірақ <50 мкмоль/л |
дозасын 50% төмендету |
Билирубин> 50 мкмоль/л |
дозасын 75% төмендету |
Егер мүмкін болса, онда Миоцеттің билирубин деңгейі > 50 мкмоль /л емделушілерге тағайындалуын болдырмау керек, бұл ұсыным негізінен мәліметтер экстраполяциясына негізделген.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер
Доксорубицин елеулі дәрежеде бауырда метаболизденеді және өтпен шығарылады. Сондықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін, дозасын өзгертулер қажет емес.
Балалар
Миоцеттің 17 жасқа дейінгі балаларда қолданылуының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Фармакодинамикасы
Миоцет препаратының белсенді заты - доксорубицин гидрохлориді. Доксорубициннің әсер ету механизмінде ең бастысы азотты негіздердің жұптары арасындағы интеркаляция арқылы ДНҚ бар кешендерін түзуге қабілеттілік болып табылады, бұл ДНҚ және РНҚ синтезінің бәсеңдеуіне алып келеді. Ісікке қарсы әсеріне жасуша жарғақшаларының липидтерімен байланысуының және топоизомераза II өзара әрекеттестігінің нәтижесінде жасуша функцияларының да өзгеруі түрткі болады деп шамаланады. Липосомаларға инкапсулаланған доксорубицин әдеттегі доксорубицинмен салыстырғанда доксорубицинге сезімтал емес жасуша желілеріне қатысты in vitro белсенді. Жануарларда липосомаларға инкапсулаланған доксорубицин әдеттегі доксорубицинмен салыстырғанда жүрек тіндері мен АІЖ шырышты қабығында таралуын азайтқан, бұл кезде ісікке қарсы тиімділігі экспериментальді ісіктерде сақталған.
Миоцет (60 мг/м 2) +циклофосфамид (CPA) (600 мг/м2) әдеттегі доксорубицин + CPA-мен (тура сондай дозаларда) салыстырмалы болды және Миоцет (75 мг/м 2) + CPA (600 мг/м2) эпирубицин + CPA-мен (тура сондай дозалардағы) салыстырғанда. Үшінші сынақта Миоцетпен монотерапия (75 мг/м2) әдеттегі доксорубицинмен монотерапиясы (тура сондай дозадағы) салыстырылған. Реакциясының/жауабының жылдамдығы мен аурудың үдеуінсіз тірі қалуға қатысты тұжырымдар 1 кестеде келтірілген.
1 кесте.
Біріктірілген ем мен монотерапияның ісікке қарсы тиімділігін зерттеулер нәтижелерінің түйіндемесі
|
Миоцет / CPA (60/600 мг/м2) (N = 142) |
Dox 60/CPA (60/600 мг/м2) (N = 155) |
Миоцет / CPA (75/600 мг/м2) (N = 80) |
Epi / CPA (75/600 мг/м2) (N = 80) |
Миоцет (75мг/м2) (N =108)
|
Dox (75мг/м2) (N =116)
|
|
||||||
|
||||||
|
||||||
Ісік жауабының жылдамдығы |
43% |
43% |
46% |
39% |
26% |
26% |
Салыстырмалы қауіп (95% ДИ) |
1,01 (0,78-1,31) |
1,19 (0,83-1,72) |
1,00 (0,64-1,56) |
|||
Медиана PFS (айлар)а |
5,1 |
5,5 |
7,7 |
5,6 |
2,9 |
3,2 |
Қауіп коэффициенті (95% ДИ) |
1.03 (0,80-1,34) |
1.52 (1,06-2,20) |
0.87 (0,66-1,16) |
Қысқартылған сөздер:
PFS-аурудың үдеуінсіз тірі қалу;
Dox-доксорубицин,
Epi - эпирубицин,
Салыстырмалы қауіп - компаратор бақылау ретінде қарастырылады;
Қауіп коэффициенті - Миоцет бақылау ретінде қарастырылады
а - екіншілік ақырғы нүктесі
Қолданылуы
- циклофосфамидпен біріктіріп ересек әйелдердегі сүт безінің метастаздық обырының бірінші желілі емінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Миоцетті енгізу химиотерапияның мамандандырылған бөлімшелерінде жүргізілуі тиіс. Препаратты химиотерапияда қолдану тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен ғана қолдану керек.
Миоцетті циклофосфамидпен (600 мг/м2) біріктіріп енгізеді, Миоцеттің бастапқы ұсынылатын дозасы әр үш апта сайын 60-75 мг/м2 құрайды.
Миоцет ерітіндісін дайындау. Миоцетті еріту және енгізер алдында қосымша сұйылту керек. Ақырғы концентрациясы 0,4 мг/мл-ден 1,2 мг/мл дейінгі доксорубицин гидрохлориді. Миоцетті көктамырішілік инфузия арқылы 1 сағат ішінде енгізеді. Миоцетті бұлшықет ішіне немесе тері астына немесе болюстік инъекция түрінде енгізуге болмайды.
Миоцет ерітіндісін сұйылту емшарасы барысы бойына асептика ережелерін қатаң сақтау керек, өйткені препарат консерванттарсыз шығарылады.
Миоцет ерітіндісімен жұмыс жасауда және дайындауда сақ болу керек.
Қолғаптарды пайдалану керек!
1 саты. Дайындау
Жылытудың екі баламалы әдісін пайдалануға болады: Techne DB-3 Dri зертханалық қыздырғышы немесе су бұлауы:
• Techne DB-3 зертханалық қыздырғышын қосыңыз және контроллерді 75°C-76°C дейін белгілеп қойыңыз. Әр блокты термометрмен тексере отырып, аталған температураға жеткеніне көз жеткізіңіз.
• Су бұлауын пайдаланғанда, аппаратты қосыңыз және оны 58°C (55°C-60°C) дейін қыздырып қойыңыз. Термометрдің көмегімен аталған температураға жеткеніне көз жеткізіңіз.
(Аспаптардағы температураның әр түрлі қойылатынына, бірақ құтының ішіндегісінің температурасы бұл кезде тура сол ауқымда (55°C-60°C) болатынына назар аударыңыз).
Миоцеттің барлық 3 құтысын тоңазытқышта сақталатын картон қорабынан шығарып алыңыз.
2 саты. Доксорубицин гидрохлоридін сұйылту
• Құтыдан инъекцияға арналған (0,9%) 20 мл натрий хлоридінің ерітіндісін (жиынтыққа кірмейді) алыңыз және ерітінді дайындауға арналған Миоцет доксорубицин гидрохлориді құтысына енгізіңіз.
• Доксорубициннің толық еруін қамтамасыз ету үшін төңкерілген қалпында жақсылап шайқау керек.
3 саты. Су бұлауында немесе немесе зертханалық қыздырғыштың (құрғақ ыстық) көмегімен жылытыңыз.
• Құтыдағы Миоцет доксорубицин гидрохлоридінің қалпына келтірілген ерітіндісін блогында термометрі бар (75°C-76°C) Techne DB-3 Dri көмегімен 10 минут бойы (15 минуттан асырмай) қыздырыңыз. Құтыны су бұлауында қыздырған кезде температураны 55°C- 60 °С-ге қойыңыз және процедураны 10 минут бойы (15 минуттан асырмай) жалғастырыңыз.
• Қыздыру кезінде 4 сатыға көшіңіз.
4 саты. Липосомалардың рН деңгейін түзету
• Миоцет липосома құтысының ішіндегісін түгел алып, липосомалардың рН деңгейін түзету үшін Миоцет буферлік ерітінді құтысына енгізіңіз. Қысымды арттыру ауа жіберуді қажет етуі мүмкін.
• Жақсылап шайқау керек.
5 саты. рН-түзетілген липосома ерітіндісін доксорубицинмен араластыру
• Еккішті пайдалана отырып, Миоцет буферлік ерітінді құтысының ішіндегісін түгел алыңыз.
• Миоцет доксорубицин гидрохлориді құтысын су бұлауынан немесе құрғақ ыстық блоктан шығарып алыңыз (Techne DB-3 Dri), қатты сілкіп, гидрофобты сүзгімен жабдықталған қысым жіберуге арналған клапаны бар құрылғыны абайлап қойыңыз. Сосын кідіртпей (2 минут ішінде) Миоцет буферлік ерітінді құтысының ішіндегісін жылытылған Миоцет доксорубицин гидрохлориді құтысына еккішпен енгізіңіз және қысым жіберуге арналған клапаны бар құрылғыны алып тастаңыз.
• Қатты сілку керек.
• Пайдаланар алдында 10 минут күте тұрыңыз, бұл кезде құтыны бөлме температурасында ұстаңыз.
• Techne ДБ-3 Dri қыздырғышы Миоцет ерітіндісін сұйылту кезінде пайдалану үшін толығымен бекітілген. Әрқайсысында екі 43,7 миллиметрлік тесігі бар үш астарды пайдалану керек. Температураның дұрыс бақылануын қамтамасыз ету үшін 35 мм батырылатын термометрді пайдалану керек.
Миоцеттің алынған концентратының құрамында 25 мл липосомалық дисперсиядағы (2 мг /мл) 50 мг доксорубицин гидрохлориді бар.
Сұйылтқаннан кейін бірден Миоцет доксорубицин гидрохлориді құтысына сұйылтылған күні, уақыты және жауапты тұлға жазылған дайын концентратқа арналған қоса берілген заттаңбаны толтыру және жапсыру керек.
Қалпына келтірілгеннен кейін дайын өнімді 0,9% (салмақ/көлем) инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған 5% (салмақ /көлем) глюкоза ерітіндісімен ақырғы көлемі 40 мл-ден (1,2 мг/мл доксорубицин) 120 мл дейін (0,4 мг/мл доксорубицин) жеткенше қосымша сұйылту керек. Құрамында липосомаларға инкапсулаланған доксорубицин бар инфузияға арналған дайын ерітінді қызыл-қызғылт сары түсті мөлдір емес гомогенді дисперсия күйіне енуі тиіс. Парентеральді енгізуге арналған барлық ерітінділерді енгізер алдында көзбен қарап қатты бөлшектердің бар-жоқтығы мен түсінің өзгермегендігін тексеру керек. Егер онда қатты бөлшектер байқалса, препаратты пайдаланбаңыз.
Препаратты енгізу мөлшері мыналарға байланысты:
• сүт безі обырының сатысына
• организмнің препаратқа реакцияларына. Емдеу әдетте 3-тен 6 айға дейін жалғасады.
Препаратты енгізгенде экстравазация қаупі болуы мүмкін. Экстравазация жағдайында инфузия дереу тоқтатылуы тиіс. Содан кейін зақымдалған жерге 30 минутқа мұз басу, одан кейін инфузияны басқа көктамырға қайтадан бастау қажет.
Жағымсыз әсерлері
Туындаған кезде инфузия жүргізуді тоқтата тұру қажет аллергиялық реакция симптомдары:
• тұншығу немесе кеуде немесе тамақтың қысылу сезімі
• бас ауыруы немесе арқаның ауыруы
• қызба немесе қалтырау
• беттің ісінуі немесе бетке қан тебу
• шаршау сезімі, бас айналуы.
Басқа да жағымсыз реакциялар
Өте жиі
- нейропениялық қызба
- жұқпалар
- нейропения, тромбоцитопения
- анемия, лейкопения
- жүрек айнуы, құсу
- тәбеттің болмауы, диарея, әлсіздік сезімі (жүрек айнуы немесе құсу кезінде)
- дірілдеу
- шаштың түсуі
- қызба, қалтырау, ауыру
- стоматит/мукозит
- шаршау немесе бас айналуы, қатты шаршау.
Жиі
- лимфопения, панцитопения
- дегидратация
- гипокалиемия
- бұлшықеттің, арқаның ауыруы, бас ауыруы
- тыныстың тарылуы, кеуденің ауыруы
- шөлдеу сезімі, іштің ауыруы немесе кебуі
- ентігу, тобықтың ісінуі, бұлшықеттердің құрысуы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүрек соғуының жиілеуі
- аритмия, кардиомиопатия, перикардиальді жалқық
- эзофагит
- трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы
- бас ауыруы
- бауыр функциясының бұзылуы
- ұйқысыздық
- мұрыннан қан кету, ысынулар
- іштің қатуы, дене салмағының азаюы
- тері бөртпесі және тырнақ құрылымының бұзылуы.
Жиі емес
- белдемелі герпес
- сепсис
- иньекция орнындағы жұқпалар
- нейропениялық сепсис
- пурпура
- қан аралас жөтел
- толқу сезімі, ұйқышылдық
- плевралық жалқық, пневмонит
- артериялық гипотензия, өзін нашар сезіну
- жүріс-тұрыстың бұзылуы, дисфония
- іштің ауыруы, асқазанның ойық жарасы
- бұлшықет әлсіздігі
- қышыну, терінің құрғауы, фолликулит
- фарингит
- ісіну, инъекция орнының айналасындағы терінің қызаруы
- гипергликемия
- сарғаю
- сілтілік фосфатаза белсенділігінің, сарысудағы билирубиннің жоғарылауы
- несеп шығару кезіндегі ауыру, геморрагиялық цистит, олигурия
- иньекция орнындағы реакциялар
Миоцет инфузияны енгізу жылдамдығына байланысты кейбір жағымсыз реакцияларды туғызуы мүмкін. Оларға: қызару, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, бас ауыруы және арқаның ауыруы жатады. Бұл жағымсыз әсерлеріне инфузия жылдамдығын төмендету арқылы жол бермеуге болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Миоцетпен дәрілік өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Миоцет, әдеттегі доксорубицин өзара әрекеттесетін заттармен өзара әрекеттесуі ықтимал. Егер доксорубицин циклоспоринмен, верапамилмен, паклитакселмен немесе Р-гликопротеинді (P-GP) тежейтін басқа препараттармен енгізілсе, доксорубицин мен оның метаболиті – доксорубицинолдың плазмадағы деңгейлері артуы мүмкін. Доксорубициннің стрептозоцинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен және варфаринмен өзара әрекеттесетіні туралы хабарланған. Миоцеттің басқа заттарға әсерін зерттеулер де жеткіліксіз. Дегенмен, доксорубициннің ісікке қарсы басқа препараттардың уыттылығын күшейтуі мүмкін екендігі белгілі. Кардиоуыттылық немесе кардиологиялық әсерлері бар басқа заттармен (мысалы, кальций антагонистері) қатарлас емдеу кардиоуыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Басқа липосомалық немесе липидтік кешендермен қатарлас ем немесе май эмульсияларын көктамыр ішіне енгізу Миоцеттің фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Миелосупрессия
Миоцетпен емдеу миелосупрессия туғызуы мүмкін. Миоцетті нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) 1500 жасуша/мкл-ден төмен немесе тромбоциттер саны 100 000/мкл аз адамдарға келесі емдеу циклына дейін тағайындамау керек. Гематологиялық көрсеткіштерге (соның ішінде лейкоциттер, тромбоциттер және гемоглобин) мұқият мониторинг жүргізу керек.
Мета-талдау Миоцетті қабылдаған емделушілерде доксорубицин негізіндегі әдеттегі препараттармен салыстырғанда 4 дәрежелі нейтропенияның туындау жиілігінің (қалыпты мәндер ауқымы= 0,82, р=0,005) статистикалық маңызды анағұрлым төмендігін көрсетті. Дегенмен, анемияның, тромбоцитопенияның және нейтропениялық қызба жағдайларының туындауында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.
Уыттылығының гематологиялық және басқа түрлері кезінде дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтата тұру қажет болуы мүмкін. Дозасының келесі өзгерістері емдеу кезінде ұсынылады және Миоцет пен циклофосфамидке қатысты параллель орындалуы тиіс. Дозасын төмендеткеннен кейінгі дозалау емдеуші дәрігердің шешім қабылдауына қалдырылады.
Гематологиялық уыттылығы |
|||
Дәрежесі |
НАС надирі (жасуша /мкл) |
Тромбоциттер надирі (жасуша / мкл) |
Дозалау режимін өзгерту |
1 |
1500 - 1900 |
75000 - 150000 |
Жоқ |
2 |
1000 – 1500-ден аз |
50.000 – 75000-нан аз |
Жоқ |
3 |
500 - 999 |
25000 – 50.000-нан аз |
НАС 1500-ден асқанша және/немесе тромбоциттер деңгейі 100 000-нан жоғарылағанша күте тұрыңыз, содан кейін дозасын 25%-ға төмендету керек |
4 |
500-ден аз |
25 000-нан аз |
НАС 1500 құрағанша және/немесе тромбоциттер деңгейі 100.000 немесе одан да артық болғанға дейін күте тұрыңыз, содан кейін дозасын 50%-ға төмендетіңіз |
Егер миелоуыттылығының салдарынан алдыңғы циклының бірінші дозасын енгізгеннен кейін емдеуді 35 күннен артық тоқтатуға тура келсе, онда емдеуді тоқтату туралы мәселені алға қою керек.
Шырышты қабықтың қабынуы |
||
Дәрежесі |
Симптомдары |
Өзгеруі |
1 |
Ауырмайтын ойық жаралар, эритема немесе айқындығы әлсіз ауырсыну. |
Жоқ |
2 |
Ауырсынумен жүретін қызару, ісіну немесе ойық жаралар, бірақ емделуші ас іше алады. |
Емдеуді бір аптаға кейінге қалдыру және егер, симптомдарының жиілігі/ауырлығы төмендесе, онда 100% дозасын қалдыру керек |
3 |
Ауырсынумен жүретін қызару, ісіну немесе ойық жаралар және емделуші ас іше алмайды |
Емдеуді бір аптаға кейінге қалдыру және егер симптомдары азайса, онда дозасын 25%-ға төмендету керек |
4 |
Жағдай парентеральді немесе энтеральді тамақтануды қажет етеді |
Емдеуді бір аптаға кейінге қалдыру және егер симптомдары азайса, онда дозасын 50%-ға төмендету керек |
Кардиоуыттылығы
Доксорубицин мен басқа антрациклиндер кардиоуыттылыққа алып келуі мүмкін. Уыттылық қаупі кардиомиопатиясы бар, сыртартқысында көкірекортасына сәулемен ем алған немесе бұрыннан жүрегі ауыратын адамдарда бұл дәрілік заттардың кумулятивтік дозасының жоғарылауымен арта түседі.
Клиникалық сынақтарда кардиоуыттылығын талдау Миоцетті қабылдаған емделушілердегі жүрек-қантамыр асқынуларының әдеттегі доксорубицинді тура сондай дозада қабылдаған емделушілермен салыстырғанда статистикалық маңызды төмендеуін көрсетті. Мета-талдау жүрек жеткіліксіздігінің (қалыпты мәндер ауқымы = 0,20, р = 0,02), сондай-ақ Миоцетті қабылдаған емделушілерде әдеттегі доксорубицинді қабылдаған емделушілермен салыстырғанда клиникалық және субклиникалық жүрек жеткіліксіздігінің (қалыпты мәндер ауқымы = 0,38, р <0,0001) туындау жиілігінің статистикалық елеулі төменірек болатынын көрсетті. Кардиоуыттылық қаупінің төмендегені бұрын доксорубицинмен адъювантты ем алған (лог-ранг критерийі P = 0,001, қауіптер арақатынасы = 5,42) емделушілердің ретроспективтік талдауынан да көрінді.
Циклофосфамидпен (CPA) біріктірген клиникалық зерттеулердің III фазасында Миоцетті (60 мг / м 2) + CPA (600 мг / м 2) доксорубицинмен (60 мг/м2) + CPA(600 мг/м2) салыстырған, емделушілердің 21%-ымен салыстырғанда 6 %-ында, сәйкесінше, сол жақ қарыншаның лықсыту фракцииясының (СҚЛФ) едәуір төмендегені анықталған. Клиникалық зерттеулердің III фазасында Миоцетпен монотерапия (75 мг/м2) доксорубицинмен монотерапиямен (75 мг/м 2) салыстырылған, емделушілердің 27%-ымен салыстырғанда 12%-ында, сәйкесінше сол жақ қарынша лықсыту фракциясының едәуір төмендеуі дамыды. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне (ЖСЖ) қатысты сәйкесінше деректер Миоцет+CPA үшін 3% доксорубицин +CPA-мен салыстырғанда 0% құрады, және доксорубицин үшін 8%-ға қарсы Миоцет 2% құраған. Миоцеттің CPA-мен біріккен орташа кумулятивтік дозасы жүрек аурулары бар емделушілерде CPA-мен біріккен 480 мг/м2 доксорубицинмен салыстырғанда > 1260 мг/м2 құраған.
Бүгінгі күні Миоцетті жүрек-қантамыр аурулары, мысалы, миокард инфарктісі бар емделушілерге емдеу басталғанға дейін 6 ай бойы қолдану тәжірибесі жоқ. Осылайша, жүрек функциясының бұзылулары бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек. Миоцет пен трастузумабты бір мезгілде қабылдаған емделушілердің жүрек функциясын төмендегідей сипатталған тиісінше жолмен бақылап отыру қажет.
Сондай-ақ Миоцеттің алдыңғы немесе қатарлас емге қатысты жиынтық дозасын да назарда ұстау керек, әсіресе кардиоуытты әсері бар басқа препараттармен, соның ішінде антрациклиндер мен антрахинондар.
Миоцетпен емдеуді бастағанға дейін әдетте Көпкірісті Артериография (MUGA) көмегімен немесе эхокардиографияның көмегімен сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясын (СЖЛФ) өлшеуді жүргізу керек. Бұл әдістерді Миоцетпен емдеу кезінде ұдайы қолдану керек. Егер антрациклиндердің кумулятивтік дозасы 550 мг/м2 құраса немесе кардиомиопатияға күдік болса, Миоцетті әр қосымша енгізердің алдында сол жақ қарынша функциясына бағалау жүргізу керек. Егер сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы бастапқы деңгейімен салыстырғанда едәуір, мысалы ақырғы <50% мәнге дейін > 20 тармаққа немесе ақырғы >50% мәнге дейін > 10 тармаққа төмендесе, бұл емдеуді жалғастырудың пайдалылығын көрсетеді, бірақ сонымен бірге емделушінің жай-күйінде жүректің қайтымсыз зақымдануларының пайда болу қаупін мұқият талдау керек.
Алайда миокард зақымдалуының ең шешуші тестісі антрациклинді қабылдағанда эндомиокардиальді биопсия болып табылады. Миоцетті қабылдап жүрген барлық емделушілер де жүйелі түрде ЭКГ мониторингінен өтіп тұруы тиіс. ЭКГ өтпелі өзгерістері, Т толқынының тегістелуі, ST сегментінің депрессиясы және қатерсіз аритмия сияқты өзгерістері Миоцетпен емдеуді міндетті түрде тоқтату үшін көрсетілім болып табылмайды. Дегенмен, ЭКГ-дегі QRS кешенінің төмендеуі кардиоуыттылығының анағұрлым айқын көрсеткіші болып табылады.
Кардиомиопатияның салдарынан кенеттен жүректің іркілісті жеткіліксіздігі орын алуы мүмкін, сондай-ақ ол емдеуді тоқтатқаннан кейін де туындауы мүмкін.
АІЖ тарапынан болатын бұзылыстар
Мета-талдау Миоцетті қабылдап жүрген емделушілерде әдеттегі доксорубицинмен салыстырғанда жүрек айнуының/құсудың ≥ 3 (қалыпты мәндер ауқымы = 0,65, р = 0,04) және диареяның ≥ 3 (қалыпты мәндер ауқымы = 0,33, р = 0,03) статистикалық маңызы бар туындау жиілігінің анағұрлым төмен екендігін көрсетті.
Инъекция орнындағы реакциялар
Миоцет (тітіркендіргіш) ирритант болып табылады, бұл экстравазацияны болдырмау үшін, сақтық шараларын сақтау керектігін көрсетеді. Экстравазация жағдайында инфузияны дереу тоқтату керек. Зақымдалған аймаққа 30 минутқа мұз басуға, содан кейін қайтадан Миоцет инфузиясын бастауға, бірақ енді басқа көктамырға енгізуге болады. Миоцетті орталықтық немесе шеткергі көктамырлар арқылы енгізуге болатынына назар аударыңыз. Клиникалық бағдарламада Миоцетпен кездейсоқ экстравазацияланудың тоғыз жағдайы анықталған, бұл жағдайлардың ешқайсысы терінің ауыр зақымдануларына, ойық жаралануына немесе некрозына алып келмеген.
Инфузиялық реакциялар.
Жылдам инфузия кезінде липосомалық инфузиямен байланысты жедел реакциялар анықталған. Аталған симптомдарға ысынулар, ентігу, қызба, беттің ісінуі, бас ауыруы, арқаның ауыруы, қалтырау, кеуде мен тамақтың қысылуы, және/немесе гипотония жатады. Бұл реакцияларды 1 сағаттық инфузиясын енгізе отырып болдырмауға болады.
Басқа да ақпараттар
Басқа препараттарды антрациклинмен және доксорубицинмен енгізгендегі сияқты, бұрын сәулеленген жерде жергілікті қабыну реакциясы орын алуы мүмкін.
Миоцеттің сүт безі обырын адъювантты емдеу кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі әзірге анықталмаған.
Миоцет пен әдеттегі доксорубицин арасындағы көзге көрініп тұрған тіндердегі таралу ерекшеліктерінің ұзақ мерзімді ісікке қарсы тиімділігіне байланысты маңыздылығы анықталмаған.
Фертильділік, жүктілік және лактация
Бала көтеретін жастағы әйелдер
Бала көтеретін жастағы әйелдер Миоцетпен емдеу кезінде және содан кейін емдеуді тоқтатқаннан кейін 6 ай бойы тиімді ұрықтануға қарсы дәрілерді пайдалануы тиіс.
Жүктілік
Доксорубициннің белгілі цитоуытты, мутагендік және эмбриоуытты қасиеттеріне байланысты, Миоцет аса қажеттілік жағдайлары болмаса, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.
Лактация
Миоцетті қабылдап жүрген әйелдер бала емізуден бас тартуы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Миоцет, бас айналуын туғызуы мүмкін. Мұндай жағымсыз әсері болған емделушілерге автокөлік жүргізу және қауіпті техникамен жұмыс жасаудан аулақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: Миоцетпен жедел артық дозалану уытты және жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Емі: Жедел артық дозалануын емдеу ауруханаға жатқызу мүмкіндігімен, антибиотиктерді, тромбоциттер мен гранулоциттерді енгізумен, күтілетін уыттылығына демеуші емге бағытталуы, сондай-ақ шырышты қабықтың қабынуына симптоматикалық ем жүргізілуі керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Доксорубициннің, липосомалар мен буферлік ерітіндінің қажетті мөлшерін тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған шыны құтыларға құяды. Ішінде доксорубицині, липосомалары және буферлік ерітіндісі бар 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған бір қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
2ºC-ден 8ºC-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Сұйылтқаннан кейін бірден пайдалану керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Егер түсінің өзгергенін, ерітіндінің ішінде шөгінді немесе кез-келген қатты бөлшектер бар екенін байқасаңыз, Миоцетті пайдаланбаңыз.
Сақтау мерзімі
18 ай
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Утилизациялау шарасы
Препаратты ағын сумен және тұрмыстық қалдықтармен бірге жоюға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
GP-Pharm
Els Vinyets - Els Fogars өнеркәсіптік учаскесі, Сектор 2, Carretera Comarcal C244, 22-нші шақырым
08777 Sant Quintí de Mediona (Барселона), Испания
Тіркеу куәлігінің иесі
Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
Мекенжайы: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19 үй,
«Нұрлы тау» бизнес орталығы, 1Б корпусы, 603 кеңсе
Телефон нөмірі: +7(727) 311 09 15 / қос. 154
Факс: +7(727) 311 07 34