Микосептин®

МНН: Ундециленат цинка, Ундециленовая кислота
Производитель: Зентива к.с.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Undecylenic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004893
Информация о регистрации в РК: 01.11.2016 - 01.11.2021

Инструкция

Саудалық атауы

МИКОСЕПТИН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г жақпамай

Құрамы

30 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар- 1,5 г ундецилен қышқылы, 6,0 г мырыш ундециленаты

қосымша заттар - метилпарагидроксибензоат, қатты парафин, сұйық парафин, қатты парафин (балқу нүктесі 64 – 68 °С), ақ парафин, стеарин қышқылы, араның ақ балауызы, дистилденген моноглицерид, этоксилденген табиғи спирттер С16 – С18, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзгеше иісі мен майдың ұсақ түйірлері бар, түсі ақ дерліктен сәл сарыға дейінгі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы басқа да препараттар.

ATЖ коды D01AE04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Деректер жоқ

Фармакодинамикасы Ундецилен қышқылы мен оның тұздары фунгистатикалық әсерге ие және жоғары концентрацияларда (Микосептиннің құрамында 5% ундецилен қышқылы және 20% мырыш тұзы бар) олардың Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagriphynes, Epidermophyton floccosum, және де Microsporon audouini дерматофиттеріне фунгицидті (зеңге қарсы) әсер етеді. Сондай-ақ, оларлың Pseudomonas aeruginosa, Proteus rettgeri, Aeromonas hydrophila, және Yersinia enterocolitica түріндегі кейбір микробтарға бактериостатикалық әсері бар. Мырышты-ундециленді бөлікке кіретін мырыш бітістіретін әсері болғандықтан, тітіркенудің пайда болуын азайтып және жазылуын тездетеді.

Қолданылуы

Белсенді заттарға сезімтал организмдер туындатқан беткейлік тері микоздары (зең аурулары), оның ішінде кандидоздық және бактериялық аралас жұқпаларды қоса алғанда, тегіс тері трихофитиясы, шат аралық трихофития, табан трихофитиясы, саусақаралық трихофитияда.

Препаратты шектен тыс терлегенде, ылғалды жерлерде тітіркенудің пайда болуы (шап маңайында, субмаммарлы аймақта), тербөртпе және т.б. кезінде профилактикалық мақсатта пайдаланылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайды кем дегенде 1 апта бойы күніне екі рет таза және құрғақ теріге жағу керек; симптомдары басыла бастағаннан кейін жақпамайды, тағы да бір апта бойы күніне бір рет, мұнан соң күнара немесе аптасына екі рет, жалпы алғанда бір ай бойы қолдану қажет. Емдеу курсы қысқартылса, аурудың қайталану қаупі туындайды.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте Микосептиннің® көтерімділігі жақсы.

Сирек

  • терінің аздап тітіркенуі, экзема (жақпамай қолдануды тоқтатқаннан кейін өздігінен жоғалып кетеді)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың қандай да бір компоненттеріне, әсіресе ундецилен қышқылы тұзы мен парабенамдарға белгілі жоғары сезімталдықта

  • 2 жасқа дейінгі балаларға

Жақпамайды суланып тұрған беткейлерге, ойық жараларға, күлдіреулерге жағуға болмайды, көзге және көз айналысына және т.б. тигізбеуге тырысу қажет.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ескерту

Көзге және көз айналысы маңына тигізбеуге тырысу қажет!

Үйлеспеушілік

Жақпамайдың негізі оңтайлы биологиялық тиімділігін қамтамасыз етеді.

Оны тікелей қолданар алдында сұйылтуға немесе басқа жақпамайлармен араластыруға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ. Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың пайдасы/қатері арақатынасы ескеріліп, дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Балалар байқаусызда жұтып қойғанда жүрегі айнуы немесе құсуы мүмкін.

Құстырту әрекеттерін жасауға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған бұралатын қалпақшасы бар, лакпен жабындалып, мойны дәнекерленген алюминий сықпада.

Әр сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдануды болдырмас үшін тығыз жабылған ішкі қаптамада 25°C-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Зентива, к.с., Чех Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

Зентива, к.с., Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Санофи-авентис Казахстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы, Қонаев к-сі 21Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

509318051477977165_ru.doc 47.5 кб
019865231477978328_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники