Миконаз (Миконазол)

МНН: Миконазола нитрат микронизированный
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Миконазол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025686
Информация о регистрации в РК: 28.03.2022 - 28.03.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Миконаз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған спрей

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол және триазол туындылары. Миконазол.

АТХ коды D01A C02

Қолданылуы

- аяқтың зең ауруларын (микоз) емдеу және профилактикасы үшін.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бас терісінің немесе тырнақтың инфекциялық аурулары

- тері зақымданған кезде пайдалануға болмайды

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Спрейді көзден және шырышты қабықтардан алыс ұстау керек.

Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, оның ішінде анафилаксия және ангионевроздық ісіну туралы мәліметтер сыртқа қолдануға арналған миконазолмен емдеу кезінде келіп түсті.

Аса жоғары сезімталдықты немесе тітіркенуді бағамдайтын реакция туындаған жағдайда емді тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жүйелі түрде енгізілетін миконазолдың CYP3A4/2C9 тежейтіні белгілі. Жергілікті қолдану кезінде жүйелі қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер екіталай. Алайда, варфарин сияқты пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерге сақ болу және антикоагулянттық әсерді бақылау керек.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жергілікті қолданғаннан кейін миконазол нитратының азғана бөлігі сіңеді. Алайда, басқа имидазолдар сияқты, миконазол нитратын жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек.

Жергілікті қолданған кезде миконазол жүйелі қан ағымына өте аз сіңеді және оның ана сүтімен бөлінуі белгісіз. Лактация кезеңінде миконазолды жергілікті қолданғанда сақтық таныту керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қатысты емес

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Зақымданған аймаққа толық жазылғанға дейін күніне екі реттен жағу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Симптомдары: артық дозалануда терінің тітіркенуі пайда болуы мүмкін, ол әдетте емді тоқтатқаннан кейін жоғалып кетеді.

Емі: препарат пероральді енгізуге емес, сыртқа қолдануға арналған. Егер препараттың көп мөлшерін кездейсоқ жұтып қойған жағдайда, асқазанды босату жүргізу қажет.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса)

Сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін)

  • жаққан орынның тітіркенуін қоса, қызару

Өте сирек (< 1/10000)

  • анафилаксиялық реакциялар

  • аса жоғары сезімталдық

  • ангионевроздық ісіну

  • есекжем

  • жанаспалы дерматит

  • бөртпе

  • эритема, қышыну сезімі, теріні күйдіру

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір баллон құрамында:

белсенді зат - микрондалған миконазол нитраты 59.6 мг

қосымша заттар: изопропилмиристат, пропиленгликоль, гардения майы, кокамид диэтаноламин, изопропил спирті, пентан, пропеллент (бутан/пропан қоспасы)

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Бозғылт-сары түсті сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 мл препараттан бүріккіш және пластикалық қақпағы бар үздіксіз клапанмен жабдықталған ақ түсті моноблокты алюминий баллондарда.

1 баллоннан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Медикал Юнион Фармасьютикалс, Абу-Султан, Исмаилия, Мысыр

Тел.: 064-3400822/823/893, Факс: 064-3400363- C.R.13363

Электронды пошта: export@mupeg.com.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Медикал Юнион Фармасьютикалс, 

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль көш., 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, Мысыр, 7010 а/ж.

Тел: 2(02)22709315; 2(02)22719460

Электронды пошта: export@mupeg.com.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Марков к-сі 61/1, 3 блок, 2 қабат

Тел.: 8 (727) 224 27 14, 8 (727) 224 27 19,

Электронды пошта: mupkz.al@gmail.com

Прикрепленные файлы

ЛВ__Миконаз_спрей_рус_финиш.docx 0.05 кб
13)_ЛВ__Миконаз_спрей_В2_от_29.04_.2021(kk)_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники