Мералис (0,05 %)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Ядран Галенски Лабораторий АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018660
Информация о регистрации в РК: 19.01.2012 - 19.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Мералис

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

0,05% және 0,1% дозаланған мұрын спрейі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 0,5 мг немесе 1,0 мг ксилометазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: Адриатикалық теңіз суы, калий дигидрофосфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Иіссіз мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер

АТЖ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда Мералис, препараттың фармакокинетикасы жөніндегі деректердің ұсынылмауына байланысты, мүлде дерлік сіңірілмейді.

Фармакодинамикасы

Ксилометазолин имидазолинның туындысы болып табылады, альфа-адреномиметикалық әсер иеленеді. Жергілікті қолданғанда мұрынның шырышты қабығы қан тамырларының тарылуын туғызады, осылайша, мұрын жұтқыншағы шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Риниттер кезінде мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді. Емдік концентрацияларында шырышты тітіркендірмейді, гиперемияны туындатпайды. Қолданғаннан кейін бірнеше минуттан соң әсер ете бастайды және 12 сағат бойы жалғасады.

Препараттың құрамына кіретін стерилизацияланған теңіз суы мұрын қуысы шырышты қабығының қалыпты физиологиялық жай-күйін ұстап тұруға, шырыштың сұйылуына және оның мұрын шырышының бокал тәріздес жасушаларында өндірілуінің қалыптануына ықпал етеді.

Микроэлементтер жыпылықтағыш эпителий қызметін жақсартады, бұл мұрын жұтқыншағы шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы түріндегі жергілікті жағымсыз реакцияларды төмендетуге мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- ринит құбылыстары бар жедел респираторлық ауруларда

- жедел аллергиялық ринитте

- поллинозда

- синуситте

- евстахиитте

- ортаңғы отитте (мұрын жұтқыншағы шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)

- емделушілерді мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға дайындауда

Қолдану тәсілі және дозалары

2-6 жас аралығындағы балаларға 0,05% спрей: тәулігіне 1-2 рет әр танауға 1 бүркуден.

6-12 жас аралығындағы балаларға 0,05% спрей: тәулігіне 2-3 рет әр танауға 1-2 бүркуден.

12 жастан асқан балаларға және ересектерге 0,1% спрей: тәулігіне 2-3 рет әр танауға 1 бүркуден.

Препаратты күніне 3 реттен жиі қолдануға болмайды.

Емдеу курсының ұзақтығын 5 күннен асырмайды. Мералисті емдеу жүргізгеннен кейін бірнеше күн өткен соң қайталап қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

- жиі және/немесе ұзақ қолданғанда мұрын қуысының шырышты қабығының тітіркенуі және құрғауы мүмкін, мұрын шырышының атрофиясы, ашыту, шаншу, түшкіру, мұрын қуысының шырышты қабығының асқын сөлінісі

- жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда - депрессия

Сирек

- мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуі

- жүрек соғуын сезіну, тахикардия, аритмиялар, АҚ көтерілуі

- бас ауыру, құсу, ұйқысыздық, көрудің нашарлауы

- аллергиялық реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың негізгі және қосымша құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдық

- артериялық гипертензия

- тахикардия

- айқын атеросклероз

- жабық бұрышты глаукома

- атрофиялық ринит

- гипертиреоз

- ми қабықтарына хирургиялық араласулар (сыртартқыдағы)

- қант диабеті

- 2 жасқа дейінгі сәбилік кезең (0,05% ерітінді үшін)

- 12 жасқа дейінгі балалар жасы (0,1 % ерітінді үшін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен және үш циклды антидепрессанттармен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат ана мен ұрық үшін қауіп пен пайда арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін, ұсынылған дозалануынан асырмай қолданылуға тиіс.

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ұсынылуынан асып кететін дозалауларда көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін тигізуі мүмкін.

Артық дозаланғанда

Белгілері: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі – белгісіне қарай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан шашыратқыш қондырғысы және пропилен қорғағыш қақпағы бар пластик құтыда. 1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ядран» Галенски Лабораторий АҚ, 51000, Пулац н/ж, Риека, Хорватия.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ядран» Галенски Лабораторий АҚ, Хорватия.

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Ядран» Галенски Лабораторий АҚ өкілдігі. Алматы, Луганский көшесі 54, 9 котт., тел./факс: +7 272 58-37-66, saldibekova@jgl.ru

 

Прикрепленные файлы

251040341477977191_ru.doc 47 кб
718795551477978349_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники