МайХэп (400 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
МайХэп
Халықаралық патенттелмеген атауы
Софосбувир
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
интрагранулят:
белсенді зат - 400 мг софосбувир,
қосымша заттар: маннитол (Pearlitol 160 С), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol SD 711), коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200 Pharma), магний стеараты,
экстрагранулят: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol SD 711), коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200 Pharma), магний стеараты,
қабығы: Opadry II қызғылт сары 85F530025 1, тазартылған су 2.
1 - Құрамында: ішінара гидролизденген поливинил спирті (Е 1203) - 40.00 % (АҚШФ*, ЕФ*), титанның қостотығы (Е 171) - 20.24 % (АҚШФ*, ЕФ*, ЖФ*), макрогол/полиэтиленгликоль (Е 1521) - 20.20 % (АҚШНФ*, ЕФ*, ЖФ*), тальк (Е 553b) - 14.80 % (АҚШФ*, ЕФ*, ЖФ*), темірдің сары тотығы (Е 172) - 4.00 % (АҚШНФ*), темірдің қызыл тотығы (Е 172) - 0.75 % (АҚШНФ*), темірдің қара тотығы (Е 172) - 0.01 % (АҚШНФ*)
2 – Өндіріс барысында жоғалады
Сипаттамасы
Шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, капсула пішінді, бір жақ бетінде кертігі және «SF400» өрнегі және басқа жақ бетінде «М» өрнегі бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар. Софосбувир.
АТХ коды J05AP08
Фармакологиялық қасиеттерң
Фармакокинетикасы
Софосбувир – нуклеотидтік ізашар дәрі, ол қарқынды метаболизмге түседі. Гепатоциттерде түзілетін белсенді метаболит қан плазмасынан табылмайды. Негізгі (>90%) метаболит, GS-331007, белсенді емес. Ол белсенді метаболиттің түзілуінің бірізді және қатарласатын жолдары арқылы қалыптасады.
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін софосбувир тез сіңеді, ал ол қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax), қабылданған дозаның шамасымен байланысудан тыс, 0,5-2 сағаттан кейін жетті. Препаратты қабылдаудан кейін 2-4 сағаттан соң қан плазмасындағы белсенді емес метаболит (GS-331007) Сmax мәніне жетті. С гепатиті вирусының (СГВ) 1-6 генотиптері бар пациенттердегі фармакокинетикалық деректерді популяциялық талдау нәтижелері бойынша, софосбувирдің және оның белсенді емес метаболитінің (GS-331007) «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC0-24) мәндері тепе-тең жағдайда, сәйкесінше, 1,010 нг*сағ./мл және 7200 нг*сағ./мл болды. Дені сау ерікті адамдармен (n=284) салыстырғанда, софосбувирдің және белсенді емес метаболитінің (GS-331007) AUC0-24 мәндері ССГ бар пациенттерде, сәйкесінше, 57%-ға жоғары және 39%-ға төмен болды.
Софосбувирдің бір реттік дозасын құрамында май мөлшері жоғары стандартталған тамақпен бірге қабылдау софосбувирдің сіңу жылдамдығын баяулатты. Софосбувирдің сіңу дәрежесін шамамен 1,8 есеге арттырды, мұндайда Сmax мәніне аздаған ықпалы байқалды. Құрамында май мөлшері жоғары тамақ ішу белсенді емес метаболиттің (GS-331007) экспозициясына ықпалын тигізген жоқ.
Таралуы
Софосбувир органикалық аниондарды тасымалдайтын (ОАТР) 1В1 немесе 1ВЗ полипептидін және органикалық катиондардың (ОСТ) 1 тасымалдаушысын қоса, бауырлық тасымалдаушылардың субстраты болып табылмайды. Бүйрек өзекшелерінің белсенді секрециясына ұшырай отырып, белсенді емес метаболит (GS-331007), органикалық аниондардың (OAT) 1 немесе 3 тасымалдаушыларын, немесе органикалық катиондардың (ОСТ) 2 тасымалдаушыларын, көптеген дәрілік резистенттіліктің (MRP2) ақуыздарын, Р гликопротеинді (P-gp), сүт бездері обыры резистенттілігінің (BCRP) ақуызын немесе МАТЕ1 тасымалдаушы-ақуызды қоса, бүйректік тасымалдаушылардың субстраты да, тежегіші де емес. Софосбувир және GS-331007 дәрілік тасымалдаушылардың: P-gp, BCRР, МRР2, BSEP, ОATP1B1, ОАTP1B3 және OCT1 тежегіштері болып табылмайды. GS-331007 OAT1, OCT2 және MATE1 тежегіші деп саналмайды.
Софосбувир адамның қан плазмасының ақуыздарымен шамамен 85%-ға байланысады (ex vivo деректері), және байланысуы препараттың 1-20 мкг/мл ауқымындағы концентрациясына тәуелді емес. Белсенді емес метаболит (GS-331007) барынша ең аз дәрежеде адамның қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Дені сау ерікті адамдар 400 мг [14С] – софосбувирді бір реттік қабылдаудан кейін қандағы/плазмадағы 14С радиоактивтілігінің арақатынасы 0,7 құрайды.
Метаболизмі
Софосбувир бауырда қарқынды түрде метаболизденіп, трифосфаттың фармакологиялық тұрғыдан белсенді нуклеозидтік (уридиндік) аналогын (GS-461203) түзеді. Белсенділенуінің метаболизмдік жолы карбоксилэстераза молекуласының А катепсинмен (CatA) немесе 1 (CES1) карбоксилэстеразамен бірізді гидролизін және фосфорамидаттың гистидиндік триадалармен (H1NT1) нуклеотид-байланысатын 1 ақуызымен ыдырауын, кейіннен пиримидиндік нуклеотид биосинтезі жолымен фосфорлануын қамтиды. Дефосфорлану нуклеозидтік белсенді емес метаболиттің (>90%) түзілуіне әкеледі, ол толық рефосфорланбауы мүмкін, және HCV қарсы in vitro белсенділігі болмайды. Софосбувир және белсенді емес метаболит (GS-331007) UGT1A1 немесе CYP3A4, CYP1А2, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 цитохромы изоферменттерінің субстраттары да, тежегіштері де болып табылмайды.
400 мг [14С] – софосбувирді бір реттік пероральді қабылдаудан кейін, софосбувирдің және белсенді емес метаболитінің (GS-331007) жүйелік экспозициясы препаратпен байланысты материалдың жүйелік экспозициясының, сәйкесінше, шамамен 4%-ын және >90%-ын құрады (молекулалық массасына қарай түзетілген софосбувирдің және белсенді емес метаболитінің AUC жиынтығы).
Шығарылуы
400 мг [14С] – софосбувирді бір реттік пероральді қабылдаудан кейін радиоактивті дозасының орташа жалпы шығарылуы 92%-дан көбіректі құрады, мұндайда шамамен 80%, 14% және 2,5%-ы, сәйкесінше, бүйрек, ішек және өкпе арқылы шығарылды. Бүйрек арқылы шығарылатын софосбувирдің көп бөлігі белсенді емес метаболит (GS-331007) болды (78%), ал 3,5%-ы софосбувир түрінде шығарылды. Осы деректер бүйректік клиренстің белсенді емес метаболиттің (GS-331007) көбінесе белсенді секрециямен шығарылуының негізгі жолы болып табылатындығын көрсетеді. Софосбувирдің және белсенді емес метаболитінің (GS-331007) жартылай шығарылуының орташа кезеңі, сәйкесінше, 0,4 сағатты және 27 сағатты құрайды.
Софосбувирді 200 мг-ден 400 мг-ге дейінгі дозаларда ашқарынға қабылдағанда софосбувирдің және белсенді емес метаболитінің (GS-331007) AUC мәні іс жүзінде дозаға пропорционалды болатыны анықталды.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Жынысы және нәсілі
Софосбувирдің және белсенді емес GS-331007 метаболитінің фармакокинетикасы параметрлерінде пациенттің жынысына және нәсіліне байланысты клиникалық тұрғыдан айырмашылықтар анықталған жоқ.
Егде жастағы пациенттер
ССГ бар пациенттерде 19-дан 75 жасқа дейінгі жас ауқымында жас шамасы софосбувирдің және белсенді емес метаболитінің (GS-331007) экспозициясына клиникалық тұрғыдан ықпалын тигізбегенін көрсетті. Клиникалық зерттеулер аясында 65 жастан бастап және одан үлкен пациенттердегі және жас пациенттердегі жауап деңгейлері ұқсас болды.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Софосбувирдің фармакокинетикасы созылмалы С гепатитінсіз, бүйрек функциясының жеңіл (шумақтық сүзілу жылдамдығының есептік жылдамдығы (eGFR) ≥50 және <80 мл/мин/1.73 м2), орташа (eGFR ≥30 және <50 мл/мин/1.73 м2), және ауыр (eGFR <30 мл/мин/1.73 м2) жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелді, ал бүйрек ауруының терминальді сатысындағы ауруы (ESRD) бар пациенттерге софосбувирдің бір реттік 400 мг дозасын қабылдағаннан кейін гемодиализ қажет болады. Бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі, КК >80 мл/мин), СГВ инфекциясын жұқтырған пациенттермен салыстырғанда, бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде софосбувирдің AUC0-inf , сәйкесінше, 61%-ға, 107%-ға және 171%-ға жоғары, aл белсенді емес GS-331007 метаболиттің AUC0-inf, сәйкесінше, 55%-ға, 88%-ға және 451%-ға жоғары болды. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, софосбувирдің AUC0-inf , егер софосбувир гемодиализ сеансынан 1 сағат бұрын қабылданса, 28%-ға жоғары болды, және егер софосбувир гемодиализ сеансынан кейін 1 сағаттан соң қабылданса, 60%-ға жоғары болды. СБЖ бар пациенттерде белсенді емес GS-331007 метаболиттің AUC0-inf мәнін сенімді түрде анықтау мүмкін емес болды. Алайда деректер СБЖ бар пациенттерде софосбувирді гемодиализ сеансынан 1 сағат бұрын қабылдағанда немесе гемодиализ сеансынан кейін 1 сағаттан соң қабылдағанда, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, белсенді емес GS-331007 метаболит экспозициясының, ең кемінде, 10 есе және 20 есе артқанын көрсетеді.
Негізгі белсенді емес GS-331007 метаболит гемодиализ жәрдемімен тиімді түрде жойылуы мүмкін (клиренс 53%-ға жуықты құрайды). Гемодиализдің 4 сағаттық сеансынан кейін препараттың қабылданған дозасының шамамен 18%-ы шығарылады. Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат дозасын өзгертудің қажеті болмайды. Софосбувирді қолданудың қауіпсіздігіне бүйрек функциясының ауырлығы ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы пациенттерде баға берілген жоқ («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Софосбувирдің фармакокинетикасын бауыр функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігі (СРТ жіктеуі бойынша В және С класы) бар, ССГ инфекция жұқтырған пациенттерде софосбувирдің 400 мг дозасын қабылдаудың 7 күндік курсынан кейін зерттелді. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, софосбувирдің AUC0-24 бауыр функциясының ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сәйкесінше, 126%-ға және 143%-ға жоғары болды, ал белсенді емес GS-331007 метаболиттің AUC0-inf мәні, сәйкесінше, 18%-ға және 9%-ға жоғары болды. ССГ бар пациенттерде фармакокинетикалық деректерді популяциялық талдау софосбувирдің және белсенді емес GS-331007 метаболиттің экспозициясына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейтіндігін көрсетті. Бауыр функциясының жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде софосбувирдің дозасын өзгерту ұсынылмайды («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).
Балалар
Софосбувирдің және GS-331007 әсер етуі 12-ден <18 жасқа дейінгі жаөспірімдерде софосбувирді (400 мг) қабылдаудан кейін 2/3 фазасы зерттелген ересектердегі осындайларға ұқсас болды. Софосбувирдің және GS-331007 фармакокинетикасы 12 жасқа толмаған балаларда анықталған жоқ.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Софосбувир вирустың репликациясы үшін қажетті СГВ-ның NS5B полимеразасының (құрылымдық емес ақуыз) – РНҚ-ға тәуелді – РНҚ-ның пан-генотиптік тежегіші болып табылады. Софосбувир – нуклеотидтік ізашар дәрі, ол жасушаішілік метаболизмге ұшырап, фармакологиялық тұрғыдан белсенді уридин трифосфатының (GS-461203) аналогын түзеді. NS5B полимеразаның жәрдемімен GS-461203 СГВ РНҚ-ның құрылып жатқан тізбегінің ішіне орналасуы мүмкін, сондықтан тізбектің үзілуін туындатуы мүмкін. Софосбувирдің бұл белсенді (GS-461203) метаболиті 0,7-ден 2,6 мкмоль дейінгі ауқымда 50% ингибицияны (IC50) туындатқан концентрациялардағы lb, 2а, 3а және 4а генотиптерінің NS5B-полимеразасы белсенділігін тежейді. Софосбувирдің белсенді (GS-461203) метаболиті адамның ДНҚ және РНҚ полимеразасын немесе митохондриялық РНҚ полимеразасын тежемейді.
Вирустарға қарсы белсенділігі
СГВ репликондарын пайдаланып жүргізілген зерттеулерде la, lb, 2а, 3а және 4а генотиптерінің толық өлшемді репликондарына қарсы софосбувирдің тиімді концентрацияларының (ЕC50) мәндері, сәйкесінше, 0,04, 0,11, 0,05, 0,05 және 0,04 мкмоль құрады, ал 2b, 5а немесе 6а генотипінің клиникалық изоляттарынан NS5B бірізділігін атқаратын lb генотипінің химерлі репликондарына қарсы софосбувирдің ЕС50 мәндері 0,014 - 0,015 мкмоль құрады. Клиникалық изоляттарынан NS5B бірізділігін атқаратын химерлі репликондарға қатысты софосбувирдің ЕС50 ± SD орташа мәні 1а (n=67) генотипі үшін 0,068 ± 0,024 мкмоль; lb (n=29) генотипі үшін 0,11 ± 0,029 мкмоль; 2 (n=15) генотипі үшін 0,035 ± 0,018 мкмоль және 3а (n=106) генотипі үшін 0,085 ± 0,034 мкмоль құрады. Азырақ жиі кездесетін 4, 5 және 6 генотиптеріне қатысты софосбувирдің вирустарға қарсы in-vitro белсенділігі 1, 2 және 3 генотиптеріне қатысты софосбувирдің белсенділігіне ұқсас болды.
Адамның 40% сарысуында софосбувирдің вирустарға қарсы белсенділігінің елеулі өзгерулері байқалған жоқ.
Резистенттілік
Жасушалар өсіріндісінде
Жасушалар өсіріндісінде софосбувирге сезімталдығы төмендеген, 1b, 2a, 2b, 3а, 4а, 5а және 6а қоса, бірнеше генотиптердің HCV репликондары зерттелді. Софосбувирге төмен сезімталдық барлық зерттелген СГВ репликондары генотиптерінің (lb, 2а, 2b, 3а, 4а, 5а және 6а) NS5B-дегі алғашқы S282T мутациямен астасты. Сайт - бағытталған мутагенез 8 генотиптерінің репликондарындағы S282T мутация софосбувирге сезімталдықтың 2-18 есе төмендеуіне және репликацияға вирус қабілетінің, жабайы типтің тиісті вирусымен салыстырғанда, 89-99%-ға азаюына жауапты екендігін айғақтады. S282T алмасуын экспрессиялайтын lb, 2а, 3а және 4а генотиптерінен рекомбинантты NS5B полимераза, жабайы вирус штаммдарының ұқсас полимеразаларымен салыстырғанда, софосбувирдің белсенді (GS-461203) метаболитіне сезімталдығының төмендігін көрсетті.
СГВ полиморфизмінің емдеудің нәтижесіне ықпалы
Ересектер
NS5B бастапқы бірізділігі популяциялық секвенирлеу арқылы алынды, және S282T мутация белгілі бастапқы нұсқалары бар пациенттердің біреуінен табылмады. Бастапқы полиморфизмдердің емдеу нәтижесіне ықпалын талдағанда СГВ NS5B кез келген бастапқы нұсқалары мен емдеу тиімділігінің арасында статистикалық тұрғыдан маңызды байланыс байқалған жоқ.
Балалар
NS5B базалық бірізділігі 2 фаза зерттеулерінде 47 пациент үшін алынды. Олардың ішінде бір пациентте ғана RAV NS5B (F289L) орнын алмастыру байқалды. Бұл пациент SVR12 жауабына қол жеткізді.
Айқаспалы резистенттілік
Софосбувирге төзімділігі үшін жауап беретін S282T мутацияны экспрессиялайтын СГВ репликондары С гепатитін емдеуге арналған препараттардың басқа кластарына толық сезімтал болды. Софосбувир басқа нуклеозидтік тежегіштерге төзімділігімен байланысты NS5B полимеразасының генінде L159F және L320F мутациялары бар вирустарға қатысты белсенділігін сақтады. Софосбувир әсер ету механизмдері әртүрлі тікелей әсер ететін вирустарға қарсы басқа да препараттарға, мысалы, NS5B полимеразасының нуклеозидтік емес тежегіштеріне, NS3 протеаза тежегіштеріне және NS5A тежегіштеріне резистенттілігімен байланысты мутацияларға қатысты өзінің белсенділігін толық сақтады.
Бауыр трансплантаттарын алатындар
Тиісті критерийлер скринингтен 6-150 ай бұрын бауыр трансплантациясы процедурасы жасалған, 18 жастан асқан пациенттер болды. Пациенттерде скринингте СГВ РНҚ ≥104 ХБ/мл және трансплантацияға қатысты процедура жүргізгенге дейін С гепатиті вирусының бар болғаны туралы құжатты түрде айғақталған деректер болды. Рибавириннің бастапқы дозасы 400 мг құрады, екі қабылдауға бөлінген тәуліктік доза. Егер пациенттерде гемоглобин деңгейлері ≥12 г/дл-де сақталса, рибавириннің дозасын 2, 4-ке және әрбір 4 аптаға дейін, салмағы бойынша тиісінше есептелген дозаға жеткенге дейін арттырылды (дене салмағы <75 кг пациенттерде күніне 1000 мг, дене салмағы ≥75 кг пациенттерде күніне 1200 мг). Рибавириннің орташа дозасы 4-24 аптада күніне 600 мг - 800 мг құрады.
Қолданылуы
Ересектерде және 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде созылмалы С гепатиті вирусын емдеу үшін вирустарға қарсы біріктірілген ем құрамында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтану кезінде ішке тәулігіне бір рет бір таблеткадан (400 мг) қабылдау керек. Таблетканы сумен ішіп, тұтастай жұту қажет. Таблетканы шайнауға немесе сындыруға болмайды.
МайХэп басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолданылуы тиіс.
Софосбувирдің 400 мг таблеткасымен монотерапия ұсынылмайды. МайХэп препаратымен бірге қолдануға ұсынылатын дәрілік препараттар және біріктірілген емнің ұзақтығы 1-кестеде берілген.
1-кесте. МайХэп препаратымен бірге қолдану ұсынылған дәрілік препараттар, және біріктірілген емнің ұзақтығы
Пациенттер тобы* |
Емі |
Емдеу ұзақтығы |
Созылмалы С гепатитінің 1, 4, 5 немесе 6 генотиптері бар пациенттер
|
МайХэп + рибавирин + альфа пэгинтерферон |
12 аптаa,b |
МайХэп + рибавирин Тек альфа пэгинтерферонмен емдеу жақпайтын немесе қолдануға жарамайтын пациенттерге ғана қолдану үшін |
24 апта |
|
Созылмалы С гепатитінің 2 генотипі бар пациенттер |
МайХэп + рибавирин |
12 аптаb |
Созылмалы С гепатитінің 3 генотипі бар пациенттер |
МайХэп + рибавирин + пэгинтерферон альфа |
12 аптаb |
МайХэп + рибавирин |
24 апта |
|
Бауыр трансплантациясын күтіп жүрген, созылмалы С гепатиті бар пациенттер |
МайХэп + рибавирин |
Бауыр трансплантациясына дейінс |
*Адам иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) бір мезгілде инфекция жұқтырған пациенттерді қоса.
Айрықша нұсқаулар
b. Емдеуді 12 аптадан көбірек және 24 аптаға дейін ұзартылуы мүмкін екендігін ескерген жөн; әсіресе интерферонмен емдеуге жауаптың өте төмен деңгейлерімен байланысты анамнезінде бір немесе бірнеше факторлары бар пациенттердің топ тармақтары үшін (мысалы, айқын фиброз/цирроз, бастапқы жоғары вирустық жүктеме, негроидты нәсіл, СС-сіз IL28B генотипі, альфа пэгинтерферонмен және рибавиринмен емдеуге мұның алдындағы нөлдік жауап).
c. Төменде «Пациенттердің арнайы тобы», бөлімін, «Бауыр трансплантациясын күтіп жүрген пациенттер» қосымша бөлімін қараңыз.
МайХэп препаратымен біріктіріп қолданғанда рибавириннің дозасы пациенттің дене салмағына қарай есептейді (<75 кг = 1000 мг және 75 кг = 1200 мг), және екі рет ішке тамақтану кезінде қабылдайды.
Ересектердегі дозаны түзету
МайХэп препаратының дозасын төмендеу ұсынылмайды.
Егер софосбувир альфа пэгинтерферонмен біріктіріп қолданылса, және пациентте альфа пэгинтерферонмен потенциалды түрде байланысқан күрделі жағымсыз реакция дамыса, онда соңғысының дозасын азайту немесе оны қабылдауды тоқтату керек.
Егер пациентте рибавиринмен потенциалды түрде байланысқан күрделі жағымсыз реакция дамыса, онда рибавириннің дозасын азайту немесе, егер мүмкін болса, жағымсыз реакция жоғалғанға дейін немесе оның ауырлығы азайғанға дейін оны қолдануды тоқтату керек. 2-кестеде гемоглобиннің концентрациясын және пациенттің жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын ескере отырып, рибавириннің дозасын өзгертуге және тоқтатуға қатысты нұсқаулар берілген.
2-кесте: Софосбувирмен бірге қолдануған кезде рибавириннің дозасын өзгерту жөнінде нұсқаулар
Зертханалық көрсеткіштер |
Рибавириннің дозасын тәулігіне 600 мг дейін төмендеу керек, егер: |
Рибавиринді қабылдауды тоқтату керек, егер: |
Жүрек-қантамыр ауруларынан қиындық көріп жүрген пациенттердегі гемоглобиннің концентрациясы |
<10 г/дл |
<8.5 г/дл |
Анамнезінде тұрақты күйдегі жүрек ауруы бар пациенттердегі гемоглобиннің концентрациясы |
емдеудің кез кезген 4 аптасы ішінде гемоглобиннің концентрациясын >2 г/дл-ге төмендету |
препаратты 4 апта бойы төмендетілген дозада қолдануға қарамастан, <12 г/дл. |
Рибавиринді қабылдауды тоқтатқаннан кейін зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқулары немесе клиникалық симптомдардың дамуы нәтижесінде, тәулігіне 600 мг доза рибавиринмен емдеуді қайта жаңғыртуға, ал әрі қарай дозаны тәулігіне 800 мг-ге дейін арттыруға болады. Алайда рибавириннің дозасын бастапқы дозаға дейін (тәулігіне 1000 мг - 1200 мг) дейін арттыру ұсынылмайды.
12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде софосбувирдің 400 мг таблеткасының ұсынылатын дозасы тамақпен бірге қабылданатын күніне бір рет бір таблетканы құрайды.
Қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткаларын басқа дәрілік заттармен біріктіріп қабылдау керек. Софосбувирдің 400 мг таблеткасымен монотерапия ұсынылмайды. Емдеудің ұсынылатын сызбасы және софосбувирдің 400 мг таблеткасының басқа препараттармен біріктірілімімен емдеу ұзақтығы 3-кестеде және 4-кестеде берілген.
3-кесте: Софосбувирдің 400 мг таблеткаларымен ем қабылдап жүрген, 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ұсынылатын емдеу режимі және ұзақтығы
Пациенттердің популяциясы* |
Емдеу және ұзақтығы |
ССГ 2 генотипі бар пациенттер |
Софосбувирдің 400 мг таблеткалары 400+ рибавирин a 12 апта бойы b |
ССГ 3 генотипі бар пациенттер |
Софосбувир 400 мг таблеткалары 400 + рибавирин a 24 апта бойы |
*Адам иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) бір мезгілде инфекция жұқтырған пациенттерді қоса.
a. Дене салмағы бойынша есептелген рибавиринді дозалау жөніндегі нұсқауларды 4-кестеден қараңыз
b. Емдеуді 12 аптадан көбірек және 24 аптаға дейін ұзартылуы мүмкін екендігін қарастыру; әсіресе интерферонның негізінде емдеуге жауаптың өте төмен көрсеткіштерімен тарихи байланысты бір немесе бірнеше факторлары бар пациенттердің топ тармақтары үшін (мысалы, үдемелі фиброз/цирроз, бастапқы жоғары вирустық жүктеме, қара нәсіл, СС-сіз IL28B ген аллельдері, альфа пэгинтерферонмен және рибавиринмен емдеуге мұның алдындағы нөлдік жауап)
4-кесте: 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде софосбувирдің 400 мг таблеткаларымен біріктірілген емде рибавирин үшін ұсынылатын доза
Кг дене салмағы (фунттар) |
Тәуліктік доза RBV* |
<47 (<103) |
тәулігіне 15 мг/кг |
47-49 (103-108) |
тәулігіне 600 мг |
50-65 (110-143) |
тәулігіне 800 мг |
66-80 (145-176) |
тәулігіне 1000 мг |
>81 (178) |
тәулігіне 1200 мг |
* Рибавириннің тәуліктік дозасы дене салмағына негізделген және дозалар тамақтану кезінде екіге бөлініп пероральді түрде қабылданады.
Балалардағы дозалардың модификациясы
Софосбувирдің 400 мг таблеткасының дозасын төмендету ұсынылмайды.
Егер пациентте рибавиринмен потенциалды байланысқан күрделі жағымсыз реакция дамыса, онда рибавириннің дозасын азайту немесе, егер қолдануға жараса, жағымсыз реакция жоғалған кезге немесе оның ауырлығы азайғанға дейінгі сәтке дейін оны қолдануды тоқтату керек. Рибавирин дозасын төмендету және/немесе емдеуді тоқтату мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін (рибавиринді медициналық қолдану жөніндені нұсқаулықты қараңыз).
Ересектерде және балаларда препарат қабылдауды тоқтату
Егер МайХэп препаратымен біріктіріп тағайындалатын басқа дәрілік препараттарды қолдануды тоқтатса, онда МайХэп препаратымен емдеуді де тоқтату керек.
Құсу және өткізіп алған дозалар
Егер пациентте софосбувирдің 400 мг таблеткасын қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде құсу пайда болса, препараттың тағы бір дозасын қабылдау қажет. Егер пациентте софосбувирдің 400 мг таблеткасын қабылдаудан кейін 2 сағат өткен соң құсу пайда болса, препараттың тағы бір дозасын қабылдаудың қажеттілігі жоқ. Мұндай нұсқаулар, дозаның көп бөлігі дозаны қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде сіңеді деп болжай отырып, софосбувирдің және GS-331007-нің сіңу кинетикасына негізделген.
Егер софосбувирдің 400 мг таблеткасын қабылдауды кешіктіру 18 сағаттан азды құраса, пациент мүмкін болғанынша кезекті дозаны тезірек қабылдағаны жөн, ал содан кейін препаратты әдеттегідей қабылдауды жалғастыруы керек. Егер софосбувирдің 400 мг таблеткасын қабылдауды кешіктіру 18 сағаттан көбіректі құраса, пациент күте тұру және келесі таблетканы қабылдауды әдеттегі уақытында жалғастыруы керек.
Пациенттердің арнайы топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде тағайындалған дозаны түзетудің қажеті болмайды.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткасының дозасын өзгертудің қажеті болмайды. Бүйрек функциясының ауырлығы ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин/1.73 м2) немесе бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің гемодиализ жүргізуді қажет ететін терминальді сатысындағы пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткасының қауіпсіздігі және тиісті дозасы анықталған жоқ.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью-Туркотт шкаласы бойынша А, В немесе С класы) пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткасының дозасын өзгертудің қажеті болмайды. Бауыр циррозы декомпенсацияланған пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткасының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Бауыр трансплантациясын күтіп жүрген пациенттер
Бауыр трансплантациясын күтіп жүрген пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткаларын қолдану ұзақтығын анықтағанда нақты пациент үшін пайда-қаупі арақатынасына берілген бағаны басшылыққа алу қажет.
Бауыры ауыстырылғаннан кейінгі пациенттер
Бауыр трансплантатының реципиенттерінде үлбірлі қабығы бар софосбувирдің 400 мг таблеткасын рибавиринмен біріктіру 24 апта бойы ұсынылады. Рибавириннің 400 мг дозасын тамақпен бірге екі бөлек қабылдауға бөлінген пероральді дозасын қабылдау ұсынылады. Егер рибавириннің бастапқы дозасының жағымдылығы жақсы болса, дозаны күніне ең жоғары 1000-1200 мг дейін титрлеуге болады (дене салмағы <75 кг пациенттер үшін 1000 мг және дене салмағы ≥75 кг пациенттер үшін 1200 мг). Егер рибавириннің бастапқы дозасының жағымдылығы нашар болса, дозаны клиникалық тұрғыдан көрсетілгендей, гемоглобин деңгейлерінің негізінде азайту керек.
Балалар
12 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерде софосбувирдің 400 мг таблеткасының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Қолданылуы туралы деректер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакцияларға баға беру 3 фазаға жүргізілген клиникалық бес зерттеудегі біріктірілген деректерге негізделген (бақыланатын да, сонымен қатар бақыланбайтын да).
Софосбувирдің 400 мг таблеткалары, негізінен, рибавириннің альфа пэгинтерферонмен біріккен немесе онсыз біріктірілімінде зерттелді. Осы біріктірілген емнің аясында софосбувир үшін спецификалық жағымсыз реакциялар сәйкестендірілді. Софосбувир мен рибавирин, немесе софосбувир, рибавирин және альфа пэгинтерферон қабылдаған пациенттерде білінген өте жиі жағымсыз әсерлер қажығыштық, бас ауыру, жүректің айнуы және ұйқысыздық болды.
Кесте түрінде берілген жағымсыз реакциялар жөнінде жинақталған деректер
Келесі жағымсыз әсерлер софосбувирді альфа пэгинтерферонмен/рибавиринмен біріктіріп қолданған кезде идентификацияланған (5-кесте). Жағымсыз әсерлері төменде жүйелер және ағзалар класына сәйкес және туындау жиілігі бойынша топтастырылған. Жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі градацияға сәйкес белгіленген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), немесе өте сирек (<1 /10000).
5-кесте: Софосбувирді рибавиринмен немесе альфа пэгинтерферонмен/рибавиринмен біріктіріп қолданған кезде сәйкестендірілген жағымсыз әсерлер
Жиілігі |
софосбувир + рибавирин |
софосбувир + пэгинтерферон альфа + рибавирин |
Инфекциялық және паразиттік аурулар: |
||
Жиі |
назофарингит |
|
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
гемоглобин концентрациясының төмендеуі |
анемия, нейтропения, лимфоциттер санының төмендеуі, тромбоциттер санының төмендеуі |
Жиі |
анемия |
|
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар |
||
Өте жиі |
тәбеттің төмендеуі |
|
Жиі |
дене салмағының төмендеуі |
|
Психиканың бұзылулары: |
||
Өте жиі |
ұйқысыздық |
ұйқысыздық |
Жиі |
депрессия |
депрессия, үрейлену, қозу |
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
бас ауыру |
бас айналу, бас ауыру |
Жиі |
зейіннің бұзылуы |
бас сақинасы, жадының нашарлауы, зейіннің бұзылуы |
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: |
||
Жиі |
затты анық көрмеу |
|
Тыныс алу, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
ентігу, жөтел |
|
Жиі |
дене жүктемесі кезінде ентігу, жөтел |
дене жүктемесінде ентігу |
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
жүректің айнуы |
диарея, жүректің айнуы, құсу |
Жиі |
іштің жайсыздығы, іш қату, диспепсия |
іш қату, ауыз ішінің құрғауы, гастроэзофагеальді рефлюкс |
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
қанда билирубин концентрациясының жоғарылауы |
қанда билирубин концентрациясының жоғарылауы |
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
бөртпе, қышыну |
|
Жиі |
алопеция, терінің құрғауы, қышыну |
алопеция, терінің құрғауы |
Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар: |
||
Өте жиі |
артралгия, миалгия |
|
Жиі |
артралгия, арқаның ауыруы, бұлшықет спазмдары, миалгия |
арқаның ауыруы, бұлшықет спазмдары |
Жүйелік бұзылулар және енгізген жердегі асқынулар: |
||
Өте жиі |
қажығыштық, ашушаңдық |
қалтырау, қажығыштық, тұмау тәріздес жағдай, ашушаңдық, ауыру, қызба |
Жиі |
қызба, астения |
кеуденің ауыруы, астения |
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Брадикардия және жүрек блокадасы
Софосбувирдің 400 мг таблеткасын қолданғанда және амиодаронмен және/немесе жүректің жиырылу жиілігін баяулататын басқа дәрілік препараттармен біріктіргенде айқын брадикардияның және жүрек блокадасының даму жағдайлары болды.
Пациенттердің басқа да ерекше топтары
АИТВ/СГВ біріккен инфекциясы
АИТВ/СГВ біріккен инфекциясы бар пациенттерде софосбувирдің және рибавириннің қауіпсіздік бейіні клиникалық сынақтары барысында софосбувир және рибавирин қабылдаған, тек СГВ-мен ғана инфекция жұқтырған пациенттердегі осындайға ұқсас болды.
Бауыр трансплантациясын күтіп жүрген пациенттер
Бауыр трансплантациясын күтіп жүрген ССГ бар пациенттерде софосбувир мен рибавириннң қауіпсіздік бейіні клиникалық сынақтарының барысында софосбувир және рибавирин қабылдаған пациенттердегі осындайларға ұқсас болды.
Бауырын ауыстырып салғаннан кейінгі пациенттер
Созылмалы С гепатиті бар, бауыр трансплантатының реципиенттерінде софосбувир мен рибавириннің қауіпсіздік бейіні клиникалық зерттеулердің софосбувир мен рибавирин қабылдаған пациенттердегі осындайға ұқсас болды.
Балалар
12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде үлбірлі жабыны бар софосбувирдің 400 мг таблеткасының қауіпсіздігі және тиімділігі 2 фазаның ашық типті клиникалық зерттеулерінде софосбувир 400 мг және рибавиринді 12 апта бойы (2 генотипі бар пациенттер) және 24 апта бойы (3 генотипі бар пациенттер) қабылдаған 50 пациентке қатысты деректерге негізделген. Байқалған жағымсыз реакциялар ересектерде софосбувирдің 400 мг таблеткасы плюс рибавиринмен жүргізілген клиникалық зерттеулерде байқалғандармен сәйкес келеді (5-кестені қараңыз).
Тері реакциялар
Жиілігі белгісіз: Стивенс-Джонсон синдромы
Болжамды жағымсыз реакциялар туралы есеп берулер
Дәрілік затты тіркеуден кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы мәлімдемелерді беріп отыру маңызды мәнге ие. Бұл дәрілік заттың пайда/қаупі арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау мамандарына кез келген болжамды жағымсыз реакцияларды есеп берудің ұлттық жүйесі арқылы хабарлап отыру ұсынылады.
Егер Сізге компанияның өнімдерін қолданумен, соның ішінде жүктілік немесе емшек емізу кезінде қолданумен, немесе медициналық қателіктер, дұрыс қолданбау, шамадан тыс қолдану, артық дозалану, көрсетілімдері бойынша қолданбау нәтижесінде немесе кәсіби және кәсіби емес қызметпен, инфекциялық агенттің күмәнді жұғуымен немесе тиімділігінің, сондай-ақ ақауларымен астасқан сапасының жоқтығымен байланысты ықпалы болғандықтан, қандай да бір жағымсыз реакциялар белгілі болса, мұны фармқадағалауға жауапты адамға info.safety@meda-cis.com электронды пошта арқылы хабарлау қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Құрамына кіретін белсенді компоненттеріне немесе кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық.
P-gp күшті тежегіштерімен бірге қолдану.
Ішектегі P-гликопротеиннің (P-gp) күшті индукторлары (рифампицин, рифабутин, [Hypericum perforatum] шайқурайы, карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин) болып табылатын дәрілік заттар. Мұндай препараттарды бір мезгілде қабылдау плазмада софосбувирдің концентрациясын едәуір төмедетеді және үлбірлі қабықпен қапталған софосбувир препаратының 400 мг таблеткалары тиімділігінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Софосбувир нуклеотидтік дәрілердің ізашары болып табылады. Софосбувирдің 400 мг препаратын пероральді түрде қабылдаудан кейін препарат тез абсорбцияланады және бауырда және ішекте ауқымды жүйеалды метаболизмге ұшырайды. Ферменттермен, 1 карбоксилестеразаны қоса, катализденетін жасушаішілік гидролиздік ізашар дәрінің ыдырауы және нуклеотид-киназалармен катализденетін фосфорланудың бірізді сатылары фармакологиялық тұрғыдан белсенді трифосфаттың уридин-нуклеозидтік аналогының түзілуіне әкеледі. Дәрілік заттардың жүйелік әсер етуінің 90%-дан көбірегі тиетін айналымдағы басымдау белсенді емес GS-331007 метаболиті бірізді жолдар арқылы және қатарласа белсенді метаболит түзе отырып, пайда болады. Бастапқы софосбувир жүйелік әсердің шамамен 4%-ын құрайды. Фармакологиясына жүргізілген клиникалық зертеулерде софосбувир де, сонымен қатар GS-331007 де фармакокинетикалық талдаулар арқылы зерттелді.
Софосбувир Р-гликопротеинді және сүт бездері обыры резистенттілігінің ақуызын (BCRP) тасымалдаушының субстраты болып табылады, ал онда бұл оның белсенді емес метаболиті (GS-331007) – болып табылмайды.
Ішекте дәрілік препараттар – Р-гликопротеиннің күшті индукторлары (мысалы, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай, карбамазепин және фенитоин) софосбувирдің плазмалық концентрациясын төмендетіп, софосбувирдің 400 мг таблеткасының емдік тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін, сондықтан оларды софосбувирдің 400 мг таблеткаларымен бір мезгілде қолданбау керек. Ішекте P-gp орташа индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, окскарбазепин және модафинил) плазмадағы софосбувирдің концентрациясын төмендетуі мүмкін, ол софосбувирдің 400 мг таблеткасының емдік әсерінің төмендеуіне әкеледі. Софосбувирдің 400 мг таблеткасын мұндай дәрілік заттармен бірге қолдану ұсынылмайды. Софосбувирдің 400 мг таблеткасын Р-гликопротеин және/немесе ВСRР тежегіштері болып табылатын дәрілік препараттармен бірге қолдану, белсенді емес метаболиттің (GS-331007) концентрациясын бір мезгілде арттырмай-ақ, плазмадағы софосбувирдің концентрациясын арттыруы мүмкін. Сондықтан софосбувирдің 400 мг таблеткаларын Р-гликопротеин және/немесе ВСRР тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болады. Софосбувир және белсенді емес (GS-331007) метаболиті Р-гликопротеиннің және ВСRP тежегіштері болып табылмайды, сондықтан осы тасымалдаушылардың субстраттары болып табылатын дәрілік препараттар экспозициясының жоғарылауы алдын ала болжанбайды.
Софосбувир метаболизмінің жасушаішілік белсенділенуі аффинділігі төмен және белсенділігі жоғары гидролазамен, сондай-ақ нуклеотидтік фосфорлану жолымен жүреді, олар басқа дәрілік препараттарды бірге қолдануға іс жүзінде ықпалын тигізбейді.
К дәруменінің антагонистерін қабылдаған пациенттер
Үлбірлі қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткасымен емделу кезінде бауыр функциясы өзгеруі мүмкін болғандықтан, халықаралық қалыптасқан қатынас (INR) көрсеткіштеріне мұқият мониторинг ұсынылады.
Басқа да өзара әрекеттесулер
Төменде 6-кестеде софосбувирдің 400 мг таблеткасының қатар жүретін ықтимал дәрілік заттармен дәрілік өзара әрекеттесуі туралы ақпарат берілген (мұнда 90% сенімді аралық (СА), түзетілген орташа геометриялық (GLSM) қатынасы өзгерген жоқ "↔", артты "↑", немесе азайды "↓", бұрын белгіленген баламалы шекараларымен салыстырғанда). Кестеге барлық препараттар қамтылған жоқ.
6-кесте: Қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткалары және басқа дәрілік препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер
Дәрілік препарат (емдік топ) |
Препараттың концентрациясына ықпалы. AUC, Cmax, Cmina,b үшін орташа қатынасы (90% сенімді аралық) |
Софосбувирдің 400 мг таблеткаларымен бірге қолдануға нұсқаулар |
АНАЛЕПТИКТЕР |
||
Модафинил |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Жорамалданады:↓ Софосбувир↔ GS-331007 |
Софосбувирдің 400 мг таблеткасын модафинилмен бірге қолданғанда софосбувирдің концентрациясы төмендейді деп жорамалданады, бұл софосбувирдің 400 мг таблеткасының емдік тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Мұндай біріктіріп қолдану ұсынылмайды. |
АНТИАРИТМИТИКТЕР |
||
Амиодарон |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. |
Амиодарон емдеудің баламалы әдістері жоқ болғанда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Амиодаронды софосбувирдің 400 мг таблеткасымен және вирустарға қарсы тікелей әсер ететін басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда аса мұқият бақылау ұсынылады. |
АНТИКОАГУЛЯНТТАР |
||
К дәруменінің антагонистері |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. |
К дәруменінің барлық антагонистерімен бірге INR мұқият мониторинг ұсынылады. Бұл үлбірлы қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткасымен емделу кезінде бауыр функциясының өзгерулерімен байланысты. |
ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР |
||
КарбамазепинФенитоинФенобарбитал |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Жорамалданады:↓ Софосбувир↔ GS-331007 |
Софосбувирдің 400 мг таблеткасы карбамазепинмен, фенитоинмен немесе фенобарбиталмен, ішектегі Р-gр күшті индукторларымен біріктіріліп қолданылмауы тиіс. |
Окскарбазепин |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Жорамалданады:↓ Софосбувир ↔ GS-331007 |
Софосбувирдің 400 мг таблеткасын окскарбазепинмен бірге қолданғанда софосбувирдің концентрациясы төмендейді деп жорамалданады, бұл софосбувирдің 400 мг таблеткасының емдік тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Мұндай біріктіріп қолдану ұсынылмайды. |
МИКОБАКТЕРИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР |
||
Рифампицинf (600 мг бір реттік доза) |
Софосбувир ↓ Cmax 0.23 (0.19, 0.29) ↓ AUC 0.28 (0.24, 0.32) Cmin (NA) GS-331007 ↔ Cmax 1.23 (1.14, 1.34) ↔ AUC 0.95 (0.88, 1.03) Cmin (NA) |
Софосбувирдің 400 мг таблеткасы рифампицинмен, ішектегі Р-gр күшті индукторымен біріктіріп қолданылмауы тиіс. |
РифабутинРифапентин |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Жорамалданады:↓ Софосбувир↔ GS-331007 |
Үлбірлі қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткаларын және рифабутинді, ішектегі P-gp күшті индукторын бір мезгілде қабылдауға болмайды. Софосбувирді рифапентинмен біріктіріп қолданғанда софосбувирдің концентрациясы төмендейді деп жорамалданады, бұл софосбувирдің емдік тиімділігінің төмендеуіне әкеледі. Мұндай біріктіріп қолдану ұсынылмайды. |
ӨСІМДІК ТЕКТІ ПРЕПАРАТТАР |
||
Шайқурай (Hypericum perforatum) |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Жорамалданады:↓ Софосбувир ↔ GS-331007 |
Софосбувирдің 400 мг таблеткасын құрамында шайқурай бар препараттармен, ішектегі Р-gр күшті индукторымен бір мезгілде қолданбау керек. |
ССГ ЕМДЕУ ҮШІН ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: СГВ ПРОТЕАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ |
||
Боцепревир (ВОС)Телапревир (TPV) |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Жорамалданады:↑ Софосбувир (TPV)↔ Софосбувир (ВОС)↔ GS-331007 (TPV немесе ВОС) |
Софосбувирдің 400 мг таблеткасының боцепревирмен немесе телапревирмен дәрілік өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. |
ЕСІРТКІЛІК АНАЛЬГЕТИКТЕР |
||
Метадонf (Метадонмен демеуші ем [тәулігіне 30-дан 130 мг дейін]) |
R-метадон↔ Cmax 0.99 (0.85, 1.16)↔ AUC 1.01 (0.85, 1.21)↔ Cmin 0.94 (0.77, 1.14) S-метадон↔ Cmax 0.95 (0.79, 1.13)↔ AUC 0.95 (0.77, 1.17)↔ Cmin 0.95 (0.74, 1.22) Софосбувир↓ Cmax 0.95c (0.68, 1.33)↑ AUC 1.30c (1.00, 1.69)Cmin (NA) GS-331007↓ Cmax 0.73c (0.65, 0.83)↔ AUC 1.04c (0.89, 1.22)Cmin (NA) |
Софосбувирді метадонмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе метадонның дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
ИММУНОДЕПРЕССАНТТАР |
||
Циклоспорине (600 бір реттік доза) |
Циклоспорин↔ Cmax 1.06 (0.94, 1.18)↔ AUC 0.98 (0.85, 1.14)Cmin (NA) Софосбувир↑ Cmax 2.54 (1.87, 3.45)↑ AUC 4.53 (3.26, 6.30)Cmin (NA) GS-331007↓ Cmax 0.60 (0.53, 0.69)↔ AUC 1.04 (0.90, 1.20)Cmin (NA) |
Софосбувирді циклоспоринмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе циклоспориннің дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
Такролимусе (5 мг бір реттік доза) |
Такролимус↓ Cmax 0.73 (0.59, 0.90)↔ AUC 1.09 (0.84, 1.40)Cmin (NA) Софосбувир↓ Cmax 0.97 (0.65, 1.43)↑ AUC 1.13 (0.81, 1.57)Cmin (NA) GS-331007↔ Cmax 0.97 (0.83, 1.14)↔ AUC 1.00 (0.87, 1.13)Cmin (NA) |
Софосбувирді такролимуспен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе такролимустың дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
АИТВ-НІ ЕМДЕУ ҮШІН ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: КЕРІ ТРАНСКРИПТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ |
||
Эфавирензf (тәулігіне бір рет 600 мг)d |
Эфавиренз↔ Cmax 0.95 (0.85, 1.06)↔ AUC 0.96 (0.91, 1.03)↔ Cmin 0.96 (0.93, 0.98) Софосбувир↓ Cmax 0.81 (0.60, 1.10)↔ AUC 0.94 (0.76, 1.16)Cmin (NA) GS-331007↓ Cmax 0.77 (0.70, 0.84)↔ AUC 0.84 (0.76, 0.92)Cmin (NA) |
Софосбувирді эфавирензбен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе эфавиренздің дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
Эмтрицитабинf (тәулігіне бір рет 200 мг )d |
Эмтрицитабин↔ Cmax 0.97 (0.88, 1.07)↔ AUC 0.99 (0.94, 1.05)↔ Cmin 1.04 (0.98, 1.11) Софосбувир↓ Cmax 0.8 1 (0.60, 1.10)↔ AUC 0.94 (0.76, 1.16)Cmin (NA) GS-331007↓ Cmax 0.77 (0.70, 0.84)↔ AUC 0.84 (0.76, 0.92)Cmin (NA) |
Софосбувирді эмтрицитабинмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе эмтрицитабиннің дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
Тенофовир дизопроксилі фумаратыf (тәулігіне бір рет 245 мг)d |
Тенофовир↑ Cmax 1.25 (1.08, 1.45)↔ AUC 0.98 (0.91, 1.05)↔ Cmin 0.99 (0.91,1.07) Софосбувир↓ Cmax 0.81 (0.60, 1.10)↔ AUC 0.94 (0.76, 1.16)Cmin (NA) GS-331007↓ Cmax 0.77 (0.70, 0.84)↔ AUC 0.84 (0.76, 0.92)Cmin (NA) |
Софосбувирді тенофовирмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе тенофовирдің дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
Рилпивиринf (тәулігіне бір рет 25 мг) |
Рилпивирин↔ Cmax 1.05 (0.97, 1.15)↔ AUC 1.06 (1.02, 1.09)↔ Cmin 0.99 (0.94, 1.04) Софосбувир↑ Cmax 1.21 (0.90, 1.62)↔ AUC 1.09 (0.94, 1.27)Cmin (NA) GS-331007↔ Cmax 1.06 (0.99, 1.14)↔ AUC 1.01 (0.97, 1.04)Cmin (NA) |
Софосбувирді рилпивиринмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе рилпивириннің дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
АИТВ-НІ ЕМДЕУ ҮШІН ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: АИТВ ПРОТЕАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ |
||
Ритонавирмен күшейтілген дарунавир, (Тәулігіне бір рет 800/100 мг) |
Дарунавир↔ Cmax 0.97 (0.94, 1.01)↔ AUC 0.97 (0.94, 1.00)↔ Cmin 0.86 (0.78, 0.96) Софосбувир↑ Cmax 1.45 (1.10, 1.92)↑ AUC 1.34 (1.12, 1.59)Cmin (NA) GS-331007↔ Cmax 0.97 (0.90, 1.05)↔ AUC 1.24 (1.18, 1.30)Cmin (NA) |
Софосбувирді дарунавирмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе дарунавирдің (ритонавирмен күшейтілген) дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
АИТВ-НІ ЕМДЕУ ҮШІН ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР: ИНТЕГРАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ |
||
Ралтегравирf (тәулігіне бір рет 400 мг) |
Ралтегравир↓ Cmax 0.57 (0.44, 0.75)↓ AUC 0.73 (0.59, 0.91)↔ Cmin 0.95 (0.81,1.12) Софосбувир↔ Cmax 0.87 (0.71, 1.08)↔ AUC 0.95 (0.82, 1.09)Cmin (NA) GS-331007↔ Cmax 1.09 (0.99, 1.20)↔ AUC 1.03 (0.97, 1.08)Cmin (NA) |
Софосбувирді ралтегравирмен бірге қолданғанда софосбувирдің немесе ралтегравирдің дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
ПЕРОРАЛЬДІ КОНТРАЦЕПТИВТЕР |
||
Норгестимат/этинилэстрадиол |
Норгестромин↔ Cmax 1.06 (0.93, 1.22)↔ AUC 1.05 (0.92, 1,20)Cmin (NA) Норгестрел↔ Cmax 1.18 (0.99, 1.41)↔ AUC 1.19 (0.98, 1.44)Cmin (NA) Этинилэстрадиол↔ Cmax 1.14 (0.96, 1.36)↔ AUC 1.08 (0.93, 1.25)Cmin (NA) |
Софосбувирді норгестиматпен/этилэстрадиолмен бірге қолданғанда норгестиматтың/этинилэстрадиолдың дозасын түзетудің қажеті болмайды. |
NA = жоқ/қолдануға келмейді
Софосбувирмен/онсыз қолданылатын препараттың фармакокинетикасы параметрлерінің орташа арақатынасы (90% СА), және софосбувирдің және бір мезгілде қолданылатын препаратпен/онсыз GS-331007 фармакокинетикасы параметрлерінің орташа арақатынасы. Әсері жоқ = 1.00;
Өзара әрекеттесудің барлық зерттеулері дені сау ерікті адамдарда жүргізілді;
Тарихи бақылау негізінде салыстыру;
Атрипла препараты түрінде қолданылды;
Баламалық шекарасы 80-125%;
Баламалық шекарасы 70-143%.
Айрықша нұсқаулар
МайХэп препараты монотерапия түрінде қолдануға ұсынылмайды, ол созылмалы С гепатитін емдеу үшін басқа дәрілік заттармен біріктіріп тағайындалуы тиіс. МайХэп препаратымен біріктіріп тағайындалатын басқа дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтатқан кезде МайХэп препаратын қабылдауды да тоқтату керек. МайХэп препаратын қолдануды бастар алдында бірге тағайындалатын дәрілік препараттардың медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек.
Күрделі брадикардия және жүрек блокадасы
Ауыр брадикардияның және жүрек блокадасының жағдайлары софосбувирді жүректің жиырылу жиілігін төмендетуі мүмкін екендігі белгілі басқа дәрілік препараттармен бірге немесе онсыз амиодаронмен бірге қолданған кезде байқалды. Өзара әрекеттесу механизмі анықталған жоқ.
Амиодаронды софосбувирмен біріктіріп бір мезгілде қолдану клиникалық зерттеулермен шектеледі. Мұндай жағдайлар өмір үшін потенциалды қауіпті, сондықтан амиодаронды софосбувирдің 400 мг препаратымен біріктіруды, аритмияға қарсы басқа баламалы препараттар пациенттерге жақпағанда немесе қайшы келгенде, тағайындау керек. Сондай-ақ бета-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттер, немесе жүректің қатар жүретін аурулары және/немесе бауырдың үдемелі аурулары бар адамдар амиодаронды бір мезгілде қолданғанда симптоматикалық брадикардияның жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін.
Амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болғанда софосбувирдің 400 мг таблеткаларын қабылдауды бастаған пациенттерді қатаң бақылау ұсынылады. Брадиартримияның даму қаупі жоғары топқа кіретін пациенттер стационар жағдайларында 48 сағат бойы үздіксіз бақылауда болуы тиіс.
Амиодаронның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуына байланысты соңғы бірнеше ай ішінде амиодарон қабылдауды тоқтатқан және софосбувирдің 400 мг таблеткасымен емдеуді бастаған пациенттерге тиісті мониторинг жүргізу қажет.
Софосбувирдің 400 мг таблеткасын амиодаронмен, жүректің жиырылу жиілігін төмендететін басқа препараттармен немесе онсыз біріктіріген ем қабылдап жүрген барлық пациенттерге сондай-ақ брадикардияның және жүрек блокадасының көрініс беру симптомдары туралы алдын ала ескертілуі, және осындай симптомдар көрініс берген жағдайда медициналық жәрдем алуға шұғыл түрде қаралу қажеттілігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Созылмалы С гепатитінің 1, 4, 5 және 6 генотиптері бар, бұрын ем қабылдаған пациенттер
Созылмалы С гепатитінің 1, 4, 5 және 6 генотиптері бар, бұрын ем қабылдаған пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткаларымен 3 фазада клиникалық сынақтар жүргізілген жоқ. Сондықтан пациенттердің осы популяциясында оңтайлы ұзақтық анықталған жоқ.
Осы пациенттерді емдеудің тактикасы емдеуді 12 аптадан астамға және 24 аптаға дейін созуға қатысты талқылауды; әсіресе интерферонмен емдеуге жауаптың төменірек жиілігімен тарихи байланысты бір немесе одан көбірек факторлары (мысалы, айқын фиброз/цирроз, вирус жүктемесінің жоғары бастапқы деңгейі, қара нәсіл, IL28В генінің СС емес аллельдерінің болуы) бар пациенттердің топ тармақтары үшін қажет етуі мүмкін.
ССГ 5 немесе 6 генотипі бар пациенттерді емдеу
ССГ 5 немесе 6 генотипі бар пациенттерде софосбувирдің 400 мг таблеткасын қолдануды демеуге жүргізілген клиникалық зерттеу деректерінің көлемі өте шектеулі.
Интерферонсыз ССГ 1, 4, 5 және 6 генотиптері бар пациенттерді емдеу
ССГ 1, 4, 5 немесе 6 генотиптері бар пациенттерде интерферонсыз 400 мг софосбувирмен емдеу режимдері клиникалық сынақтарында зерттелген жоқ. Емдеудің оңтайлы режимі және ұзақтығы анықталған жоқ. Мұндай режимдерді интерферонмен емдеу жақпайтын немесе жарамайтын, және емдеуді шұғыл керек ететін пациенттерде ғана қолданған жөн.
С гепатитін емдеу үшін тікелей әсер ететін вирустарға қарсы басқа препараттармен бірге қолдану
Софосбувирдің 400 мг таблеткаларын вирустарға қарсы тікелей әсер ететін басқа препараттармен бірге, мұндай біріктірілімнің пайдасы қолда бар деректер бойынша қаупінен басым болған жағдайда ғана, қолдану керек. Софосбувирдің 400 мг таблеткасын және телапревирді немесе боцепревирді бірге қолдануды демеуші деректер жоқ. Препараттардың мұндай біріктірілімі ұсынылмайды.
Жүктілік және рибавиринді бір мезгілде қолдану
Софосбувирдің 400 мг таблеткаларының рибавиринмен немесе альфа пэгинтерферонмен/рибавиринмен біріктірілімі қолданылған жағдайларда бала туу потенциалы сақталған әйелдер немесе олардың серіктестері емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін, рибавиринді қолдану кезіндегі нұсқауларға сәйкес, қажетті уақыт кезеңі ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы тиіс (қосымша ақпарат үшін рибавиринді қодану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Р-гликопротеин индукторларымен бірге бір мезгілде қолдану
Ішекте Р-гликопротеиннің орташа индукторлары болып табылатын дәрілік заттар (мысалы, окскарбазепин және модафинил) плазмада софосбувирдің концентрациясын төмендетуі мүмкін, бұл қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткаларының емдік әсерінің төмендеуіне әкеледі. Мұндай дәрілік заттарды үлбірлі қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткаларымен бірге қолдану ұсынылмайды.
Диабетпен науқастарда қолданылуы
Диабеттен зардап шегетін науқастарда глюкозаны бақылаудың жақсаруы байқалуы мүмкін, бұл СГВ-ні вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттармен емдеуді бастағаннан кейін симптоматикалық гипогликемияға әкелуі мүмкін. Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттармен емдеуді бастаған науқастарда, әсіресе алғашқы 3 ай ішінде, глюкоза деңгейін мұқият бақылау және қажет болғанда диабетке қарсы препараттармен емдеуді түзету керек. Пациентке диабетке қарсы ем тағайындауға жауапты дәрігер вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттармен емдеудің басталғаны туралы хабардар болуы тиіс.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Софосбувирдің 400 мг таблеткаларын қолдану қауіпсіздігі бүйрек функциясының ауырлығы ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (КК <30 мл/мин/1.73 м2) немесе бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің гемолизді қажет ететін терминальді сатысындағы пациенттерде зерттелген жоқ. Бұған қоса, препараттың тиісті дозасы анықталған жоқ. КК <50 мл/мин науқастарда софосбувирдің 400 мг таблеткасын рибавиринмен немесе альфа пэгинтерферонмен/рибавиринмен біріктіріп қолданғанда сондай-ақ препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты да қараңыз.
СГВ/ВГВ (В гепатитінің вирусы) ко-инфекциясы
В гепатиті вирусының (ВГВ) реактивациясы жағдайлары туралы мәлімделді, олардың кейбіреулері вирустарға қарсы тікелей әсері бар препараттармен емдеу кезінде немесе одан кейін өліммен аяқталды. Емдеуді бастар алдында барлық пациенттерде ВГВ-ге скрининг жүргізу қажет. СГВ/ВГВ ко-инфекцияланған пациенттерде ВГВ реактивациясының өте жоғары қаупі байқалады, демек, мұндай пациенттер қолданыстағы клиникалық ережелерге сәйкес қатаң бақылауда болуы тиіс
Бала туа алатын жастағы әйелдер/еркектердегі және әйелдердегі контрацепция
Софосбувирдің 400 мг таблеткаларын рибавиринмен немесе пэгинтерферон альфа/рибавиринмен біріктіріп қолданған кезде, ем қабылдап жүрген әйелдерде және еркектердің серіктес әйелдерінде жүктілікке жол бермеудің барлық шараларын қолдану қажет. Айқын тератогендік және/немесе эмбриоуыттық әсерлер рибавириннің әсеріне ұшыраған жануарлардың барлық түрлерінде көрініс берді. Бала туа алатын жастағы әйелдер немесе олардың еркек серіктестері емделу кезінде және рибавиринге қысқаша сипаттамада ұсынылғандай, емдеу курсын аяқтағаннан кейінгі уақыт кезеңі ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін рибавириннің қысқаша сипаттамасын қараңыз.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде софосбувирді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ (жүктілік нәтижелері 300-ден азырақ).
Жануарларға клиникаға дейін жүргізілген зерттеулер нәтижелерінде софосбувирдің тікелей немесе жанама репродукциялық уыттылығы табылған жоқ. Егеуқұйрықтарға және үй қояндарына ең жоғары дозаларды қолданғанда шарананың жатырішілік дамуына ықпалы байқалған жоқ. Дегенмен, жануарларда софосбувирдің ақырғы концентрациясының әсеріне және оны адамда ұсынылатын клиникалық дозаларының әсеріне толық баға беруге келмейді.
Сақтық шаралары ретінде жүктілік кезінде софосбувирдің 400 мг таблеткаларын қолдануға жол бермеу керек.
Алайда, егер софосбувирмен бірге бір мезгілде рибавирин қолданылса, жүктілік кезінде рибавиринді қолдану қайшы келеді (сондай-ақ рибавириннің қысқа сипаттамасын қараңыз).
Емшек емізу
Софосбувирдің және оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Клиникаға дейінгі зерттеулерден алынған қолда бар деректер метаболиттердің емшек сүтімен бірге экскрециясын айғақтайды.
Шарана/жаңа туған нәресте үшін қаупін жоққа шығаруға болмайтындықтан, үлбірлі қабықпен қапталған софосбувирдің 400 мг таблеткаларын емшек емізу кезеңінде қолданбау керек.
Фертильділік
Фертильділігіне ықпалы туралы деректер жоқ.
Автокөлік құралдарын және басқа да потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
МайХэп препараты көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне орташа ықпалын тигізуі мүмкін. Пациенттерді софосбувирді альфа пэгинтерферонмен және рибавиринмен біріктіріп қолдану кезінде зейіннің бұзылуы, қажығыштықтың дамуы, бас айналу және көру айқындылығының төмендеуі мүмкін екендігі туралы хабардар ету қажет.
Артық дозалануы
МайХэп препараты үшін спецификалық антидот жоқ. Артық дозаланған жағдайда уыттылықтың белгілерін дер кезінде анықтау үшін пациентті бақылау қажет. МайХэп артық дозаланғанда емдеу жалпы демеуші шараларды, соның ішінде организмнің өмірлік маңызды функцияларының көрсеткіштеріне мониторингті және пациенттің клиникалық жағдайын қамтиды. Гемодиализ қаннан негізгі белсенді емес (GS-331007) метаболитті (клиренс 53%) тиімді түрде жоюы мүмкін. Гемодиализдің ұзақтығы 4 сағаттық сеансы препараттың қабылданған дозасының 18%-ын жойды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий жарғақшасы, нығыздалған мақта түйірі және силикагельден жасалған құрғатқышы, бұрап жабылатын тығыздығы жоғары ақ полиэтилен қақпағы бар құтыларға немесе алюминий жарғақшасы, нығыздалған мақта түйірі және силикагельден жасалған құрғатқышы, бұрап жабылатын көгілдір полипропилен қақпағы бар құтыларға 28 таблеткадан салынған.
Бір құты медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Майлан Лабораториз Лимитед,
F-4, F-12, МИДК, Малегаон, Синнар, IN - 422 113, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Майлан Лабораториз Лимитед, Хайдерабад, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«МЕДА Фармасьютикалз Швейцария ГмбХ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: Алматы қ., Достық даңғ. 97, кеңсе 8, тел. 264-17-94, тел./факс 264-17-71
Электронды пошта: info.safety@meda-cis.com