Мазь для ран
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Жараға арналған жақпамай
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 35 г жақпамай
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: 20 мг лидокаин гидрохлориді, 5 мг метилурацил,
қосымша заттар: хинифурил, лецитин, этил спирті 96%, карбомер, триэтаноламин (троламин), метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Сипаттамасы
Гель тәріздес сары түсті мөлдір емес масса
Фармакотерапиялық тобы
Жараларды емдеуге арналған препараттар
АТХ коды DO3
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде жақпамайдың белсенді компоненттері сіңбейді және резорбтивті әсер етпейді. Хинифурилдің резорбтивті әсері болуы мүмкін (жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі).
Фармакодинамикасы
Лидокаин гидрохлориді – ауыру сезімін басатын, жергілікті жансыздандыратын дәрі. Метилурацил – сыртқа әсер етеді және тіндердің грануляциясы мен эпителизациясына ықпал етіп, осылайша жараның жазылуын тездетеді.
Қолданылуы
- баяу жазылатын жараларда
-
терең жараларда
-
күйікте
-
трофикалық ойық жараларда
-
тесілуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Жараға жақпамаймен қанықтырылған стерильді тампон арқылы аппликация жасап, үстінен бекітетін таңғыш салынады. Жараны тәулігіне 1 рет тампондарын ауыстырып, қайта таңады.
Қолдану ұзақтығы 7-ден 14 күнге дейін.
Жағымсыз әсерлері
Анағұрлым ықтимал жағымсыз әсерлері:
- қысқа мерзімді жеңіл ашыту
- терінің тітіркенуі
- қышыну
- аллергиялық бөртулер
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттарына және/немесе кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ қолданғанда жеңіл, тітіркендіргіш және сенсибилизациялаушы (аллергия беретін) ықпалы болуы мүмкін, сондықтан жара айналасындағы терінің жағдайын күнделікті бақылап отыру ұсынылады. Жара айналасындағы тері қызарған жағдайда жақпамай қолдануды тоқтатқан жөн. Ауқымды жара беткейлерін өңдеу барысында хинифурилдің резорбтивті әсері болуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
35 г препараттан алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жылЖарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ЛМП ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел.: (+371) 67040788
Тіркеу куәлігінің иесі
ЛМП ЖШҚ,Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.
Тел.: (+371) 67040788
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: «ЛМП» ЖШҚ,
Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия
Телефон: +371 6704 088
Факс: +371 6704 087
Электронды поштасы: info@lmp.lv