Латамед
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Латамед
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көзге тамызатын дәрі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 0.05 мг латанопрост, 5 мг тимололға баламалы тимолол малеаты,
қосымша заттар: динатрий фосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді және/немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа препараттармен біріктірілген тимолол
S01ED51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Латанопрост
Латанопрост мөлдір қабық арқылы жақсы өтеді, мұндайда ол биологиялық тұрғыдан белсенді түрге дейін гидролизденеді. Адамға жүргізілген зерттеулер латанопростты монотерапия ретінде жергілікті қолданғаннан кейін шамамен екі сағаттан соң сулы ылғалда ең жоғары концентрацияға жететіндігін көрсетті.
Маймылдарға жергілікті қолданудан кейін латанопрост көбіне көздің алдыңғы камерасына, конъюнктиваға және қабақтарға таралады. Көздің артқы камерасына латанопросттың тек аздаған мөлшері ғана жетеді.
Көз тіндерінде латанопрост қышқылы іс жүзінде тіпті метаболизденбейді; метаболизмі негізінен бауырда жүреді. Адамда латанопрост қышқылының жартылай шығарылу кезеңі 17 минутты құрайды. Жануарларға жүргізілген зерттеулер негізгі метаболиттер - 1,2-динор- және 1,2,3,4,-тетранор-метаболиттердің биологиялық белсенділігі тіпті болмайтындығын немесе әлсіз болатындығын және негізінен несеппен бірге шығарылатындығын көрсетті.
Тимолол
Сулы ылғалда тимолол ең жоғары концентрацияға шамамен 1 сағаттан соң жетеді. Дозаның бір бөлігі жүйелік сіңуге ұшырайды, және плазмада 1 нг/мл-ге тең ең жоғары концентрацияға тәулігіне бір рет (тәулігіне 300 мкг) әрбір көзге бір тамшыдан жергілікті қолданудан кейін 10-20 минуттан соң жетеді. Плазмадағы тимололдың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды. Тимолол бауырда қарқынды түрде метаболизденеді. Метаболиттер, сондай-ақ өзгермеген тимололдың аздаған мөлшері несеппен бірге бөлініп шығады.
Латамед препаратын енгізгеннен кейін 1-4 сағаттан соң сулы ылғалда латанопрост қышқылының концентрациясының артуына беталыс байқалса да, монотерапия жүргізген кездегі осындаймен салыстырғанда, латанопрост пен тимолол арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ.
Фармакодинамикасы
Латамед – латанопросттың және тимолол малеатының біріктірілген препараты. Осы компонеттердің көзішілік қысымды (КІҚ) төмендету механизмі әртүрлі, бұл осы компоненттердің әрқайсысын монотерапия ретінде қолданғанда қол жеткізілетін әсермен салыстырғанда, КІҚ-ның қосымша төмендеуін қамтамасыз етеді. Латанопрост – F2α простагландинінің аналогы – простагландинді F (FP) рецепторлардың селективті агонисі болып табылады және КІҚ-ны сулы ылғал ағынын арттыру есебінен төмендетеді. Осылай әсер етуінің негізгі механизмі увеосклеральді ағынның ұлғаюымен байланысты. Латанопрост сулы ылғал өніміне елеулі ықпалын тигізбейді және гематоофтальмиялық кедергіге де ықпалын тигізбейді.
Тимолол β1- және β2-адреноблокатор (селективті емес) болып табылады, оның маңызды ішкі симпатомиметикалық белсенділігі жоқ, миокардқа тікелей депрессиялық ықпалын тигізбейді және жарғақшаны тұрақтандыратын белсенділігі жоқ. Тимололдың әсер етуі кірпік эпителийінде сулы ылғалдың түзілуінің төмендеуімен байланысты.
Қолданудан кейін алғашқы сағат ішінде Латамед препаратының әсері басталады, ал ең жоғары әсері 6-8 сағат ішінде байқалады.
Қолданылуы
Ашық бұрышты глаукомасы немесе офтальмотонусы жоғарылаған пациенттерде жоғарылаған КІҚ-ны төмендету үшін латанопростпен немесе тимололмен монотерапия жеткіліксіз болғанда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек жергілікті қолдану үшін ғана.
Көз(дер)ге тәулігіне бір рет бір тамшыдан тамызады. Көзге тамызатын кез келген дәріні қолданған кездегідей, препараттың ықтимал жүйелік әсерін төмендету мақсатында, әрбір тамшымен инстилляциядан кейін бірден көздің төменгі қабағының ішкі бұрышында орналасқан төменгі көзжасы нүктесін 2 минут бойы қысып тұруға кеңес беріледі.
Жағымсыз әсері
Жағымсыз әсерлер жиілігінің пайдаланылатын төмендегі параметрлері былайша белгіленген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі нақтыланбаған (жиілік параметрлеріне қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес).
Көру мүшелері тарапынан: өте жиі – нұрлы қабық пигментациясының күшеюі; жиі - көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, катаракта, конъюнктиваның зақымдануы (фолликулалар, конъюнктиваның папиллярлы реакциялары, нүктелік қан құйылулар), мөлдір қабықтың зақымдануы (эрозиялар, пигментация, нүктелі кератит), рефракцияның бұзылулары; жиі емес – көз гиперемиясы, конъюнктивит, блефарит, кератит, фотофобия, көру өрісінің кемуі.
Инфекциялар: жиі - синусит, тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекциялары және басқа да инфекциялар.
Эндокриндік жүйе және зат алмасу тарапынан: сирек - қант диабеті, гиперхолестеринемия.
Психикалық бұзылыстар: жиі – депрессия.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі емес – бас ауыру.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі – артериялық қысымның жоғарылауы.
Тері жабындары және теріасты тіндері тарапынан: жиі - гипертрихоз, бөртпе және тернің өзгерулері (тітіркену, дерматохалазис).
Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан: жиі - артрит.
Клиникалық зерттеулер барысында Латамед препаратына тән жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ. Жағымсыз құбылыстар тізімі бұрын латанопростты және тимололды қолданған кезде білінгендермен шектелді.
Латанопрост
Көру жүйесі тарапынан: өте жиі – көздің тітіркенуі (күйдіру сезімі, көзге құм түсіп кеткендей сезіну, қышыну, шаншу және бөгде затты сезіну), кірпіктердің және шаш қылдарының ұзаруы, санының көбеюі және пигментациясының күшеюі; жиі – эпителийдің өткінші нүктелік эрозиясы; жиі емес – қабақтың ісінуі, көрудің бұлыңғырлануы; сирек – мөлдір қабықтың ісінуі және эрозиясы, ирит/увеит, макулярлы ісіну, кейде көздің тітіркенуін туындататын кірпіктің өсу бағытының өзгеруі.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде стенокардияның өршуі, жүрек қағуының сезілуі.
Тері жабындары және теріасты тіндері тарапынан: жиі емес – тері бөртпесі; сирек – қабақ терісінің қараюы және қабақтарда жергілікті тері реакциялары.
Жүйке жүйесі тарапынан: сирек – бас айналу.
Тыныс алу ағзалары тарапынан: сирек – бронх демікпесі, ентігу.
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіні тарапынан: сирек – бұлшықеттердің/буындардың ауыруы.
Жалпы және жергілікті реакциялар: өте сирек – кеуденің спецификалық емес ауыруы.
Тимолол малеаты (көзге тамызатын дәрі түрінде)
Иммундық жүйе тарапынан: жиі емес – жүйелік аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксия, ангионевроздық ісіну, есекжем, жергілікті және жайылған бөртпе.
Метаболизмнің және тамақтанудың бұзылулары: жиі емес – анорексия, қант диабеті бар науқастарда гипогликемияның жасырын симптомдары.
Психикалық бұзылыстар: жиі емес – мінез-құлықтың өзгеруі және психикалық бұзылыстар, соның ішінде сананың шатасуы, елестеулер, үрейлену, бағдардан адасу, күйгелектік, жадының жойылуы, либидоның төмендеуі, ұйқысыздық және түнгі шым-шытырық қорқынышты түс көрулер.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі емес – мидың ишемиясы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, бас айналу, парестезия, ұйқышылдық, естен тану.
Көру мүшелері тарапынан: жиілігі нақтыланбаған – цистоидты макулярлық ісіну, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көздің тітіркену симптомдары мен белгілері (күйдіру сезімі, қышыну, көзде құмды сезіну, көз жасының ұлғаюы, қызару), блефарит, кератит, көрудің бұлыңғырлануы, көздің шырышты қабығының құрғауы, мөлдір қабықтың эрозиялары, фильтрациялық хирургиялық араласымнан кейін қантамырлық қабықтың қыртыстануы, птоз, көрудің бұзылулары, соның ішінде рефракцияның өзгеруі және диплопия.
Есту мүшелері және вестибулярлы аппарат тарапынан: жиі емес – құлақтың шуылдауы.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиілігі нақтыланбаған – аритмия, брадикардия, атриовентрикулярлы блокада, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, жүрекішілік өткізгіштік блокадасы, жүрек қағуының сезілуі, стенокардияның өршуі, ауық-ауық ақсаңдау, қол мен аяқтың суықтауы, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, Рейно синдромы.
Тыныс алу ағзалары тарапынан: жиі емес – бронхтың түйілуі (негізінен бұның алдында бронхтың түйілуімен ауырған науқастарда), жөтел, ентігу, мұрынның бітелуі, өкпенің ісінуі және тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: жиілігі нақтыланбаған – диарея, ауыздың кеберсуі, дәм сезімінің бұзылуы, диспепсия, жүректің айнуы, құсу, іш тұсының ауыруы, ретроперитонеальді фиброз.
Тері жабындары және теріасты тіндері тарапынан: жиі емес - алопеция, псевдопемфигоид, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі.
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіні тарапынан: жиі емес – жүйелік қызыл жегі, миалгия.
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан: жиі емес – импотенция, либидоның төмендеуі, Пейрони ауруы.
Жалпы және жергілікті: жиі емес – астения/қажығыштық, кеуденің ауыруы, ісінулер.
Мөлдір қабығы едәуір зақымданған кейбір пациенттерде құрамында фосфор бар көзге тамызатын дәрілерді қолданумен байланысты мөлдір қабықтың кальцификациялануының өте сирек жағдайлары тіркелген.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- осы препараттың қандай да болсын құрамдасына жоғары сезімталдық;
- бронх демікпесі немесе анамнезінде бронх демікпесі көрсетілген болса, өкпенің ауыр созылмалы обструктивтік аурулары;
- синустық брадикардия, синустық түйіннің әлсіздігі синдромы, синоатриальді блокада, жүрек ырғағының жасанды тасымалдағышын бақылаусыз екінші және үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды жеткіліксіздігі, кардиогенді шок;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
- жүктілік және лактация кезеңі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуіЛатамед препаратының басқа препараттармен өзара әрекеттесуі арнайы зерттелген жоқ.
Ішке β-адреноблокаторларды Латамедпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені КІҚ айқын төмендеуі немесе β-адреноблокаторлардың жүйелік әсерлері күшеюі мүмкін.
Простагландиннің екі аналогын көзге бір мезгілде тамызғанда КІҚ-ның шамадан тыс жоғарылағаны сипатталған, сондықтан бір және одан көп простагландинді, олардың аналогтарын немесе туындыларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Тимолол малеатын эпинефринмен (адреналинмен) бір мезгілде қолданғанда кейде мидриаз дамыды.
Тимолол малеатын келесі препараттармен: баяу кальций өзектерінің блокаторларымен, катехоламиндер деңгейінің төмендеуін туындататын дәрілермен, β-адреноблокаторлармен, аритмияға қарсы дәрілермен, жүрек гликозидтерімен, гуанетидинмен біріктірген кезде жүйелік артериялық гипотензия және/немесе айқын брадикардия дамитын аддитивті әсер болуы мүмкін.
CYP2D6 изоферментінің тежегіштерін (мысалы, хинидинді, флуоксетинді, пароксетинді) және тимололды бір мезгілде қолдағанда жүйелік β-адреноблокаторлар әсерінің күшейгені (мысалы, жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) жөнінде мәлімделді.
β-адреноблокаторлар диабетке қарсы дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Клонидинді кенеттен тоқтатқан кезде АҚ жоғарылағаны білінеді. Осы реакция β-адреноблокатормен бір мезгілде қолданған кезде күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты тәулігіне 1 реттен жиі қолданбаған жөн, өйткені өте жиі қолдану КІҚ төмендеу әсерінің бәсеңдеуіне әкеледі.
Бір дозаны өткізіп алған жағдайда келесі дозаны әдеттегі уақытта енгізген жөн.
Егер пациент бір мезгілде көзге тамызатын басқа да дәрілерді пайдаланса, оларды кем дегенде 5 минут аралықпен қолдану керек.
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, ол жанаспалы линзаларға сіңуі мүмкін. Нүктелік кератопатияның және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияның дамығаны жөнінде мәлімдемелер бар; сондай-ақ бензалконий хлоридін қолдану аясында көздің тітіркенуі және жұмсақ жанаспалы линзалардың түссізденуі туындауы мүмкін. Препаратты жиі немесе ұзақ қолданатын, көздің шырышты қабығының құрғауы немесе мөлдір қабықты зақымдайтын жайттар білінген пациенттердің жағдайларына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Тамшыны тамызар алдында жанаспалы линзаларды алып қояды, ал содан кейін 15 минуттан соң қайта орналастырады.
Латанопрост нұрлы қабықтағы қоңыр пигмент мөлшерінің біртіндеп артуын туындатуы мүмкін. Көз түсінің өзгеруі меланоциттер санының артуымен емес, нұрлы қабықтың стромальді меланоциттерінде меланин санының артуымен жүзеге асады. Әдеттегі жағдайда қоңыр пигментация қарашықтың айналасында пайда болады және нұрлы қабықтың шетіне шеңберлі түрде орналасады. Мұндайда барлық нұрлы қабық немесе оның бөліктері қоңыр түске енеді. Көптеген жағдайларда түрлі түстің өзгеруі мардымсыз болып табылады және клиникалық түрде анықталуы мүмкін емес. Бір немесе екі көздің де нұрлы қабығы пигментациясының күшеюі, негізінен, негізінде қоңыр түсі бар нұрлы қабығы аралас түсті болатын пациенттерде байқалады. Препарат нұрлы қабықтың невустарына және лентигосына ықпалын тигізбейді; көздің трабекулярлық тізбегіне немесе алдыңғы камерасына пигменттің жиналуы білінген жоқ.
Нұрлы қабық пигментациясын 5 жылдан астам бойы анықтағанда, латанопростпен емдеуді жалғастырғанның өзінде, пигментация күшеюінің жағымсыз зардаптары байқалған жоқ. Пациенттерде КІҚ төмендеуі нұрлы қабық пигментациясының дәрежесіне қарамай-ақ бірдей болды. Демек, латанопростпен емдеуді нұрлы қабықтың пигментациясы күшейген жағдайларда да жалғастыруға болады, бірақ пациенттер ұдайы бақылауда болуы болуы тиіс және, клиникалық жағдайларға байланысты, емдеу тоқтатылуы мүмкін.
Нұрлы қабық пигментациясының күшеюі әдетте емдеуді бастағаннан кейін алғашқы жыл ішінде, сирек - екінші немесе үшінші жылдан кейін байқалады. Төрт жыл емдеуден кейін бұл әсер байқалған жоқ. Уақыт өте пигментацияның өршу жылдамдығы төмендейді және 5 жылдан соң тұрақтанады. Ұзақ мерзім өткеннен кейін нұрлы қабық пигментациясының ұлғаю әсерлері зерттелген жоқ. Емдеуді тоқтатқаннан кейін нұрлы қабықтың қоңыр пигментациясы білінген жоқ, алайда көз түсінің өзгеруі қайтымсыз болуы мүмкін.
Латанопростты қолданумен байланысты қабақ терісінің қараю жағдайлары сипатталған, ол қайтымды болуы мүмкін.
Латанопрост кірпіктердің және шаш қылдарының ұзаруы, қалыңдауы, пигментациясының күшеюі, тығыздығының ұлғаюы және кірпіктің өсу бағытының өзгеруі сияқты біртіндеп болатын өзгерістерді туындатуы мүмкін. Кірпіктің өзгерулері қайтымды болуы мүмкін және емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтады.
Дәрі тамшыларын бір көзді ғана емдеу үшін қолданып жүрген пациенттерде гетерохромиялар дамуы мүмкін.
β-адреноблокаторларды жергілікті қолданған кезде жүйелік қолданған кездегідей жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін.
Анамнезінде жүректің ауыр науқастары бар пациенттерді жүрек функциясының жеткіліксіздігі симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында үнемі бақылап отырған жөн. Тимолол малеатын жергілікті қолданған жағдайда Принцметал стенокардиясының өршуі, қан айналымының шеткері және орталық бұзылулары, артериялық гипотензия, брадикардия, өліммен аяқталатын жүрек функциясының жеткіліксіздігі, тыныс алу жүйесі тарапынан ауыр реакциялар (соның ішінде бронх демікпесі бар пациенттерде өліммен аяқталатын бронхтың түйілуі) пайда болуы мүмкін.
Ауқымды хирургиялық араласым жүргізер алдында β-адреноблокаторларды біртіндеп тоқтатудың мақсатқа сәйкестігін талқыға салған жөн. Осы топтың препараттары рефлекторлы β-адренергиялық стимуляцияға жауап реакциясына жүректің қабілеттілігін бұзады, бұл наркоз кезіндегі қауіпті ұлғайтуы мүмкін. Наркоз кезінде ұзаққа созылған ауыр артериялық гипотензия жағдайлары және жүрек қызметін қалпына келтіруде және емдеуде туындаған қиындықтар сипатталған. Операция кезінде β-адреноблокаторлардың әсерлері адренорецепторлар агонистерінің жеткілікті дозаларының жәрдемімен жойылуы мүмкін.
β-адреноблокадалайтын әсері бар дәрілік препараттар эпинефрин сияқты препараттардың жүйелік агонистік әсерін блокадалауы мүмкін. Сондықтан анестезиологқа пациенттің тимолол қабылдағанын алдын ала ескерту қажет.
β-адреноблокаторлар пероральді гипогликемиялық дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Оларды инсулин немесе пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдап жүрген, өздігінен болған гипогликемиясы немесе қант диабеті бар (әсіресе тұрақсыз өтетін) пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.
β-адреноблокаторлармен емдеу гипертиреоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, емдеуді күрт тоқтату осы аурулардың өршуін туындатуы мүмкін.
β-адреноблокторлармен емдеген кезде атопиясы немесе анамнезінде әртүрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакциялары бар пациенттерде осы аллергендермен қайта қауышқан жағдайда оған жауап күшеюі мүмкін. Мұндайда анафилаксиялық реакцияларды басу үшін қолданылатын әдеттегі дозалардағы эпинефрин (адреналин) тиімді болмауы мүмкін.
Сирек жағдайларда тимолол малеаты миастениясы немесе миастениялық симптомдары (мысалы, диплопия, птоз, жайылған әлсіздік) бар пациенттерде бұлшықет әлсіздігінің күшеюін туындатуы мүмкін.
КІҚ-ны төмендететін дәрілерді қолданған кезде фильтрациялық процедуралардан – фистула жасалатын операциялардан кейін қантамырлы қабықтың қыртыстануы орын алғаны сипатталған (трабекулэктомия және оның модификациясы, диатермотрабекулоспазиспен бірге синусотомия, тереңге өтпеген склерэктомия және басқа да фистула жасалатын операциялар, олар көзішілік сұйықтық ағынының жаңа жолдарын жасайды немесе бұрыннан бар жолдарын стимуляциялайды).
АВТОКӨЛІКТІ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМДЕРДІ БАСҚАРУ ҚАБІЛЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Көзге тамызатын дәрілерді қолдану көрудің өткінші бұлыңғырлануын туындатуы мүмкін. Осы әсер жойылғанша, автокөлікті басқармаған және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналыспаған жөн.
Артық дозалануы
Латанопрост
Симптомдары: латанопрост артық дозаланған жағдайда көздің тітіркенуі конъюнтива гиперемиясынан басқа, көру мүшелері тарапынан өзге жағымсыз өзгерулер белгісіз.
Латанопростты ішке байқамай қабылдап қойған жағдайда 2,5 мл ерітіндісі бар 1 құтыда 125 мкг латанопрост болатындығын ескерген жөн. Препараттың 90%-дан көбі бауыр арқылы "алғаш өткен" кезде метаболизденеді. Вена ішіне 3 мкг/кг дозадағы инфузия дені сау еріктілерде қандай да болсын симптомдарды туындатқан жоқ, алайда 5,5-10 мкг/кг дозада енгізген кезде жүректің айнуы, іштің ауыруы, бас айналу, қажығыштық, қан кернеулер және тершеңдік байқалды. Осы симптомдар инфузияны аяқтағаннан кейін 4 сағаттан соң қайтады. Ауырлығы орташа дәрежедегі бронх демікпесі бар пациенттерде латанопростты емдік мөлшерден 7 есе артық дозада енгізу бронхтың түйілуін туындатқан жоқ.
Тимолол малеаты
Симптомдары: көзге тамызатын малеаты дәрісінің абайсызда артық дозалану жағдайлары сипатталған, нәтижесінде β-адреноблокаторларды жүйелік қолданған кездегіге ұқсас әсерлер: бас айналу, бас ауыру, ентігу, брадикардия, бронхтың түйілуі, жүректің тоқтап қалуы байқалды.
Емі: көзді сумен немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен дереу шаю керек, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тамшылатқыш тығыны бар және сақтандырғыш сақинамен жабдықталған, қорғаныш қалпақшамен бұралатын пластик құтыға 2.5 мл препараттан құйылған.
1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 2-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 25°С-ден аспайтын температурада сақтау және 4 апта ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы және елі
Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш., Түркия
(Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул)
World Medicine İlaç San. ve Tic. А.Ş. Turkey
(Bağcılar İlçesi, Güneşli, Evren Mahallesi, Cami Yolu Cad. No:50 K. 1B Zemin 4-5-6, İstanbul).
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС ИЛАЧЛАРЫ ЛТД. ШТИ., ТҮРКИЯ
(WORLD MEDICINE OPHTHALMICS İLAҪLARI LTD. ŞTİ., TURKEY).
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш., Түркия
(Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул)
World Medicine İlaç San. ve Tic. А.Ş., Turkey
(Bağcılar İlçesi, Güneşli, Evren Mahallesi, Cami Yolu Cad. No:50 K. 1B Zemin 4-5-6, İstanbul).
Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР, Алматы,Түрксіб аудан, Сүйінбай даңғылы, 222б
Тел/факс: 8(7272)529090www.worldmedicine.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымныңмекенжайы
«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғылы, 222-б
Ұялы телефон +7 701 786 33 98, (24 сағат бойы қолжетімді)
e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz.