Ламинарии настойка

МНН: Ламинарии экстракт густой
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025330
Информация о регистрации в РК: 09.11.2021 - 09.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ламинария тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Тұндырма

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Жалпы сергітетін препараттар

АТХ коды А13А

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде

  • астеникалық жағдайлар, аурудан кейінгі сауығу кезеңі

Қолдануды бастағанға дейінқажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • қалқанша безінің ауруы

  • маскүнемдік

  • бассүйек-ми жарақаты

  • бауыр ауруы

  • гипервитаминоз Е

  • жүктілік, бала емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • кардиосклероз

  • миокард инфарктісі

  • геморрагиялық диатез

  • сақтықпен вирустық гепатит

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Егер препарат көзге түссе, оларды мол сумен жақсылап шайыңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Препараттың құрамында 95 % этанол бар, сондықтан препаратты қабылдайтын пациенттерге жоғары зейін мен психикалық және қозғалыс реакцияларының жылдамдығын талап ететін қызметпен айналысу ұсынылмайды.

Йодизмнің даму қаупі өсімдікті ұзақ уақыт қолданғанда және йодқа сезімталдығының жоғарылауында артады.

Педиатрияда қолдану

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезінде препаратты қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Құрамында 95 % этанол болғандықтан, препаратты көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде қабылдау ұсынылмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Тамақтанғаннан кейін күніне 1 рет 50 мл суда 20-40 тамшыдан.

Енгізу тәсілі және жолы

Ішке

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы – 2 апта. Қайталау курстары дәрігердің ұсынысы бойынша.

Артық дозаланғанда қолданылатын шаралар

Анықталған жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

  • аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыныз

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

  • http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препарат құрамы

    100 мл препараттың құрамында

    белсенді зат– 0.001 г ламинарияның қою эстрактісі

    қосымша заттар - 0.1 г лимон қышқылы, 100 мл-ге дейін 95 % этанол

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Өзіне тән хош иісі бар ашық жасылдан жасылға дейінгі мөлдір сұйықтық

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    50 мл, 90 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы қақпақпен тығындалған немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен мойны бұралатын шыныдан жасалған құтыларда.

    Құтыларға өзі жабысатын заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

    Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағазынан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салады.

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта:dir-tkpharm@mail.ru

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта:dir-tkpharm@mail.ru

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

    «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15.

    Электронды пошта:dir-tkpharm@mail.ru

    Прикрепленные файлы

    Ламинария_настойка_ЛВ_каз.docx 0.03 кб
    ИМП_(ЛВ)_Ламинарии_настойка_русс.docx 0.03 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники