Ламикон (спрей 1%)

МНН: Тербинафин
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005679
Информация о регистрации в РК: 26.10.2021 - 26.10.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 532.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ламикон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

1% сыртқа қолдануға арналған спрей

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат- 100 % сусыз затқа шаққанда 1,0 г тербинафин гидрохлориді

қосымша заттар – бензой қышқылы, полиэтиленгликольдің (макрогол) 20 цетостеарилді эфир, пропиленгликоль, полоксамер 407, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Препарат құтыдан шыққанда ауадағы диспергияланған сұйықтық бөлшектері түріндегі аэрозольды ағын түрінде шашыратылады.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Тербинафин.

АТЖ коды D01А Е15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тербинафинді спрей түрінде жергілікті қолданған кезде жүйелік қан ағымына (қолданылатын дозаның 5% аздау) өте шектеулі сіңеді, сондықтан оның жүйелік әсер ету мөлшері аз.

Ламикон спрейі тез әсер ете бастайды, қысқа мерзімдік емдеу (7 күн) барысында тиімділігін көрсетеді.

Фармакодинамикасы

Ламикон спрейінің белсенді заты – тербинафин - кең ауқымды әсер ететін зеңге қарсы препарат, аллиламиннің туындысы болып саналады.

Скваленэпоксидаза ферментін тежеу жолымен зең жасушалы жарғақшасында стериндер биосинтезінің ерте кезеңін спецификалық бәсеңдетеді. Бұл эргостерол тапшылығына және зең жасушасы қырылуын туғыза отырып, скваленнің жасуша ішілік жиналуына әкеледі. Скваленэпоксидаза ферменті цитохром Р450 жүйесіне жатпайды, осылайша тербинафин адамның цитохром Р450 жүйесіне, әрі сәйкесінше гормондар немесе басқа дәрілік препараттар метаболизміне әсер етпейді.

Тербинафин зең түрлерінің келесілеріне қатысты фунгицидті (зең жасушасы қырылуын туғызады) әсер етеді:

- Trichophyton (T. rubrum, Т. mentagrophytes, T.

verrucosum, Т. tonsurans, Т. violaceum), Microsporum canis, Epidermophyton

floccosum секілді дерматофиттер

- Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur түрінде де белгілі)

- зеңді саңырауқұлақтар

- анықталған диморфты саңырауқұлақтар

Тербинафин ашытқы саңырауқұлақтарға қатысты алғанда белсенді (негізінен Candida тұқымдастығы), олардың түріне қарай фунгицидті немесе фунгистатикалық болуы мүмкін.

Ламикон спрейінің қабынуға қарсы, қышуға қарсы әрі эпителилендіруші әсері бар.

Қолданылуы

  • дерматофиттер туғызған тері және бастың шашты бөлігі зеңді жұқпаларының алдын алу және емдеуде

  • түрлі- түсті теміреткіде

  • себорейлі дерматитте

  • қайызғақта

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Ламикон спрейін сыртқа теріге немесе бастың шашты бөлігіне қолданады.

Спрейді мұқият тазаланып, құрғатылған терінің зақымданған бөлігіне, сондай-ақ жанамалас жатқан сау бөліктеріне оларды әбден ылғалдандыруға жетерлік мөлшерде жағады.

Емнің ұсынылатын ұзақтығы

- табан эпидермофитиясы және тегіс тері трихофитиясында – тәулігіне 1 рет апта ішінде

- түрлі-түсті теміреткіде - тәулігіне 2 рет апта ішінде

- себорейлі дерматит, қайызғақ және бастың шашты бөлігінің басқа зең ауруларында – тәулігіне 1 рет 2-3 апта.

Аяқ киімді зарарсыздандыру үшін Ламикон спрейін ұлтарағына ерекше көңіл аудара отырып, аяқ киімнің ішкі беткейіне бүрку керек. Толық кептіріледі.

Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты. Симптомдардың жеңілдеуі, әдетте емдеудің алғашқы күндері байқалады.

Үнемі қолданбау немесе емдеуді уақытынан ерте тоқтату рецидивке әкелуі мүмкін.

Егде жастағы емделушілерге дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

– терінің қызаруы, қышу немесе күйдіру сезімі

Өте сирек

– аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тербинафин немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Спрей тек қана сыртқа қолдануға арналған және интраназальді, қынап ішіне қолдануға, офтальмологиялық тәжірибеде қолдануға жарамайды. Спрейдің көз шырышты қабығына тиіп кетуінен сақтанған жөн. Спрей көзге тиіп кеткен болса, оны көп мөлшердегі сумен жуу қажет, қажет болған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгінген абзал.

Тітіркену, аллергиялық реакциялар мен көңіл-күйдің нашарлауы жағдайында тербинафинді қолдануды тоқтатқан дұрыс және тиісті емін тағайындау үшін дәрігерге қаралу керек.

Жұқпаланған бөліктерге жабыстырылып тар киім киілмеуі тиіс.

Аяқ жұқпалары бар науқастар жақсы желдетілетін аяқ киім киюі тиіс. Аяқ киім мен шұлықты күніне кем дегенде бір рет ауыстырып отырған жөн. Емдеудің оң әсері болуына қол жеткізу үшін ем басталар алдында және аяқталғаннан кейін аяқ киімді зарарсыздандырып отыру қажет (Ламикон спрейін қолданған тиімді).

Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі, маскүнемдік, сүйек кемігі қан түзуінің бәсеңдеуі, ісіктер, зат алмасу аурулары, аяқ-қол қан тамырларының окклюзиялық ауруларында сақтықпен қолдану керек.

Анағұрлым жақсы клиникалық әсерге қол жеткізуде емнің ұсынылған ұзақтығын сақтаудың маңызы зор.

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану

Ламикон спрей препаратын әйелдерге жүктілік уақытында қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан оны ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін қатер ықтималдығынан артық болған жағдайда ғана қолданады. Тербинафин емшек сүтімен бөлінеді. Алайда, егер емшек емізетін ана Ламикон спрейін қолданар болса, белсенді заттың азғантай мөлшері тері арқылы сіңеді, сондықтан сәбиге жағымсыз әсер ету мүмкіндігі аз. Жаңа туған сәбиді спрей жаққан теріге жанастырмаған жөн.

Педиатрияда қолдану

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Жүйелік сіңірілуі төмен болғандықтан Ламикон спрейі препаратымен артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г-ден дозалағыш сорғысы бар құтыға салынған. Әр құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ААҚ, Украина

Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ААҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050031 Алматы қ., Төле би к-сі, 291-291а L 74-кеңсе,

Тел/факс: +7 (727) 250 10 28, электрондық адресі: Djatlova88@mail.ru

 

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

745592821477977081_ru.doc 62.5 кб
122701301477978245_kz.doc 76.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники