Кокарбоксилаза

МНН: Кокарбоксилаза
Производитель: ФГУП "НПО "Микроген" Минздрава России
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамин B1
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013410
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Кокарбоксилаза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кокарбоксилаза

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 0,05 г еріткішімен жиынтықта

Құрамы

Препаратпен бір ампуланың ішінде:

белсенді зат - кокарбоксилаза гидрохлориді – 0,05 г

қосымша заттар - көмірқышқылды натрий (натрий карбонаты).

Еріткіші бар бір ампуланың ішінде:

инъекцияға арналған су – 2 мл

Сипаттамасы

Лиофилизацияланған ұнтақ немесе өзіне тән иісі бар құрғақ кеуекті ақ түсті гигроскопиялы масса.

Фармакотерапиялық тобы

В1 витамині мен оның В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі. В1 витамині.

АТХ коды А 11 DA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кокарбоксилаза бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін жылдам сіңеді.

Организмнің көптеген тіндеріне енеді. Метаболикалық ыдырауға ұшырайды. Ыдырау салдарынан пайда болған өнімдер негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кокарбоксилаза - тиамин (В1 витаминнің) коферменті, организмде моно-, ди- және трифосфорлы эфирлер түзе отырып фосфорланады, альфа-кетоқышқылдарының, пировиноград қышқылының карбоксилденуін және декарбоксилденуін катализдейтін ферменттердің құрамына кіреді, А ацетил-коферменттің түзілуіне әсер етеді, бұл оның көмірсу зат алмасуына қатысуын анықтайды. В1 (тиамин) экзогенді витамині осы үдерістерге қатысуы үшін фосфорлану жолымен коферменттің дайын түрі кокарбоксилазаға метаболизденуі керек.

Мынаны есте сақтаған жөн тиамин секілді кокарбоксилазаның осындай қасиеті ішінара жағдайда ғана іске асады, кокарбоксилазаны В1 гипо- және авитаминозын емдеу және алдын алу үшін пайдалануға болмайды.

Глюкозаның сіңуін, жүйке тінінің трофикасын жақсартады, жүрек-қантамыры жүйесінің функциясын қалпына келтіреді. Кокарбоксилазаның тапшылығы пировиноград және сүт қышқылының қандағы деңгейін арттырып, ацидозға және ацидоздық комаға әкелуі мүмкін.

Қолданылуы

- бауыр және бүйрек жетіспеушілігін кешенді емдеуде;

- диабеттік прекома және команы, диабеттік кетоацидозды кешенді емдеуде,

- созылмалы жүрек жетіспеушілігін және жүрек ырғағы бұзылуын кешенді емдеуде;

- шеткергі невриттерде.

Препарат балаларға да осындай көрсетілімдерде тағайындалады. Препарат сондай- ақ жаңа туған нәрестелердегі гипоксия және ацидозбен байланысты жағдайларда, оның ішінде жаңа туғандардағы асфиксияда, гипоксиялық энцефалопатияда, қан айналымының жетіспеушілігінде, пневмония, сепсисте және басқаларында кешенді ем құрамында қолданылады.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Кокарбоксилазаны бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) енгізеді. Ампула ішіндегіні (0,05г) тура енгізер алдында 2 мл инъекцияға арналған суда ерітеді. 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісін немесе декстроза (глюкоза) ерітіндісін қоса отырып, көктамыр ішіне сорғалатып енгізгенде көлемін 10-20 мл- ге, тамшылатып енгізгенде 200-400 мл- ге жеткізеді.

Жүрек ауруларында тәулігіне 0,1-0,2 г- дан 15-30 күн бойы тағайындалады.

Қант диабетінде (кетоацидозда, комада) тәуліктік дозасы 0,1 г-ды құрайды.

Жедел бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінде көктамыр ішіне сорғалатып 0,1- 0,15 г –дан тәулігіне 3 рет немесе тамшылатып (декстрозаның 5 % ерітіндісінде) тәулігіне 0,1-0,15 г енгізеді.

Шеткергі невриттерде бұлшықет ішіне тәулігіне 0,05-0,1 г дозада 1-1,5 ай ішінде тағайындайды.

Балаларға бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне (тамшылатып немесе сорғалатып) енгізеді. Аурудың ауырлығына және клиникалық белгілеріне қарай тәулігіне 0,025г-ден 0,050 г-ға дейін тағайындайды. Емдеу курсы 3-7 күннен 15-30 күнге дейін. Жаңа туған сәбилерге көктамыр ішіне (ақырын) дене салмағының 1 кг-на 0,01 г-ден тәулігіне бір рет енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

Сирек – аллергиялық реакция (есекжем, қышыма)

- гиперемия, қышыма, инъекция орнының ісінуі (бұлшықет ішіне енгізгенде).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді және олардың көтерімділігін жақсартады.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік пен лактация кезеңі

Қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректердің болмауына байланысты

препаратты жүкті және емшек емізетін әйелдерге тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданғанда артық дозалануы пайда болмайды. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Асқынуларда препаратты қабылдауды тоқтатып, белгісіне қарай ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

2 мл-ден инъекцияға арналған судың 5 ампуласымен жиынтықтағы 5 ампула препарат медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге, сондай- ақ қажет болса пышақпен немесе ампула скарификаторымен картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 20оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Микроген» ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС министрлігі, Ресей, 115088,

Мәскеу қ., 1-ші Дубровская к-сі, 15 үй, тел. (495) 710-37-87

Өндірістің мекенжайы: Ресей, 634040, Томск облысы,

Томск қ., Ивановский к-сі, 8 үй,

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микроген» ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС министрлігі, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аймағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы,

050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе,

тел./факс (727) 2796659,

e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

 

Прикрепленные файлы

420690781477976720_ru.doc 44.5 кб
621673991477977869_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники