Калия и магния аспарагинат (раствор для инфузий, 250 мл)

Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация различных электролитов
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022561
Информация о регистрации в РК: 15.12.2016 - 15.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Калий және магний аспарагинаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәріілк түрі

Инфузияға арналған ерітінді 250 және 500 мл

1 л құрамында, грамм бойынша

белсенді заттар:

Kалий гидроксиді

3.854*

Жеңіл магний оксиді

1.116

DL-Аспарагин қышқылы

15.160

қосымша заттар: ксилитол, калий гидроксиді ерітіндісі 10%, инъекцияға арналған су

* - бұл мөлшер 85 % заттың құрамына сай келеді

1 л препараттың құрамында 58.4 ммоль калий иондары, 27.7 ммоль магний иондары, 15.16 г аспарагин қышқылы, 16.70 г ксилитол.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе аздап жасыл-сары ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қоспалар. Электролиттік ерітінділер. Түрлі электролиттердің біріктірілімі.

АТХ коды В05ХА30 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абсорбциясы жоғары. Бүйрекпен шығарылады.

Калий-иондары үшін плазмадағы қалыпты мәндер 3,3 және 5,3 ммоль/л арасындағы диапазонда болады.

Магний иондары үшін плазмадағы қалыпты мәндер 1 және 1,5 ммоль/л арасындағы диапазонда болады.

Фармакодинамикасы

К+ және Mg2+ көзі метаболизмдік үдерістерді реттейді, электролиттік теңгерімнің қалпына келуіне ықпал етеді, аритмияға қарсы әсер көрсетеді.

К+ жүйке жарғақшалары бойынша импульстерді жүргізуге де, сондай-ақ синапсистік беріліске, бұлшықеттер жиырылуының жүзеге асуына, қалыпты жүрек қызметін ұстап тұруға қатысады. К+ алмасуының бұзылуы жүйкелер мен бұлшықеттердің қозғыштығының өзгеруіне әкеледі. Белсенді иондық тасымал плазмалық жарғақша арқылы К+ жоғарғы градиентін ұстап тұрады.

Аз дозаларда К+ коронарлық артерияларды кеңейтеді, үлкен дозаларда - тарылтады. Теріс хроно/батмотроптық әсер, жоғарғы дозаларда - теріс ино/дромотроптық, сондай-ақ орташа диурездік әсер көрсетеді.

Mg2+ 300 ферменттік реакцияның кофакторы болып табылады. Энергияның келіп түсуін және шығындалуын қамтамасыз ететін үдерістердегі таптырмайтын элемент. Электролиттер теңгеріміне, иондар тасымалына, жарғақшалар өткізгіштігіне, жүйке-бұлшықет қозғыштығына қатысады. ДНҚ құрылымына (пентозофосфатты) кіреді, РНҚ синтезіне, тұқым қуалаушылық аппаратына, жасушалық өсімге, жасушалардың бөліну үдерісіне қатысады. Стресс кезінде катехоламиннің шамадан тыс босап шығуын шектейді және алдын алады, липолиз және бос май қышқылдарының босап шығуы мүмкін. «Физиологиялық» БМКК болып табылады. К+ жасушаларға өтуіне ықпал етеді.

Аспарагинат К+ және Mg2+ жасушаішілік кеңістікке өтуіне ықпал етеді, фосфаттардың жасушааралық синтезін көтермелейді.

Энергетикалық динамикалық жүрек жеткіліксіздігі стандартты көрсеткіш болып табылады, яғни тіндік гипоксиямен, ацидозбен, жасушалық калийдің едәуір жоғалуымен, тотықты фосфорланудың тоқтауымен және, осының салдары ретінде, креатинфосфат және аденозинфосфат қорының таусылуы нәтижесінде энергетикалық потенциалдың жоғалуымен сипатталатын миокард функциясының азаюы. Бұл жағдай катиондардың белсенді тасымалының тоқтауының және жарғақшаның реполяризацияға қабілетсіздігінің себебі болып табылады.

Қолданылуы

- жүрек жеткіліксіздігі, жүректің гипоксиялық зақымдануынан туындаған жүктеме кезіндегі жеткіліксіздік, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы

- стенокардия, жүрек зақымдануымен гликозидтерден уыттану, гликозидтерге төзімділіктің жақсаруы

- миокард инфаркты (жедел миокард инфаркты, сондай-ақ миокард инфарктының профилактикасы және артынша емдеу)

- жүрек ырғағының бұзылуы (бәрінен бұрын тахикардии және экстрасистолия)

- калий және магний тапшылығының орнын толтыру

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек вена ішіне қолдану үшін.

Калий және магний аспарагинатын вена ішіне енгізу баяу жүргізілуі тиіс, өйткені кері жағдайда бастың қызуы және веналық қабырғаның тітіркенуі пайда болуы мүмкін.

Дозаны жекелей және көрсетілімдер бойынша таңдау керек.

Егер өзгеше көрсетілмесе, онда орташа ұсынылған тәуліктік доза тәулігіне 250-500 мл инфузиялық ерітіндіні құрайды.

Енгізу жылдамдығы жекелей жағымдылығына байланысты минутына 15-30 тамшыны құрайды.

Кардиохирургиялық араласымға дейін бір апта бұрын және одан кейін бір апта ішінде тәулігіне 250-500 мл калий және магний аспарагинатының ерітіндісін енгізеді.

Құюды симптомдар, мысалы, жүрек ырғағының бұзылуы клиникалық қажеттілігіне сәйкес басылмаса немесе азаймаса бірнеше күн бойы жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлер

Тамшылатып құюдың ұсынылған жылдамдығын сақтаған жағдайда жағымсыз әсерлер байқалмайды.

Құюдың жоғарғы жылдамдығында төмендегі симптомдар пайда болуы мүмкін:

- гиперкалиемия (жүрек айнуы, құсу, диарея, парестезия)

- гипермагниемия (бет терісінің гиперемиясы, шөл, брадикардия, АҚ төмендеуі, бұлшықет әлсіздігі, шаршау, парез, кома, арефлексия, тыныс алудың бәсеңдеуі, құрысулар)

- атриовентрикулярлық блокада (AV-блокада), парадоксальді реакция (экстрасистолалар санының ұлғаюы), флебит

- бастың қызуы, веналық қабырғаның тітіркенуі (жылдам енгізгенде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы, олигурия, анурия

- гиперкалиемия, гипермагниемия

- гемолиз

- бүйрекүсті бездері қабығының жеткіліксіздігі, Аддисон ауруы

- кардиогенді шок (систолалық АҚ 90 мм с.б. төмен)

- жедел метаболизмдік ацидоз, дегидратация

- нормокалиемия кезінде II және III дәрежедегі АВ-блокада

- айқын миастения

- калийдің организмнен шығарылуының іркілуімен қатар жүретін ем

- метанолдан улану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты калий жинақтаушы диуретиктермен (триамтерен, спиронолактон), ангиотензин-конвертирлеуші фермент тежегіштерімен, бета-қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір уақытта қолдану тіпті аритмияның және асистолияның дамуына дейін және тіпті қалыпты құю жылдамдығында (бұл жағдайда қан плазмасындағы калий және магний деңгейін бақылау қажет) гиперкалиемияның және гипермагниемияның дамуы қаупін жоғарылатады. Аритмияға қарсы препараттардың теріс дромо/батмотроптық әсерін күшейтеді. ГКС туындайтын гипокалиемияны жояды. Жүрек гликозидтерінің жағымсыз әсерлерін төмендетеді. Mg2+ болуының есебінен неомициннің, полимиксин В, тетрациклиннің және стрептомициннің әсерін төмендетеді.

Анестетиктер Mg2+ ОЖЖ бәсеңдететін әсерін күшейтеді.

Деполяризациялайтын миорелаксанттар (атракурий безилатпен, декаметоний бромиді, суксаметониймен (хлоридпен, бромидпен, йодидпен)) туындатқан жүйке-бұлшықет блокадасын күшейтуі мүмкін.

Кальцитриол қан плазмасындағы Mg2+ концентрациясын жоғарылатады, Ca2+ препараттары Mg2+ әсерін төмендетеді.

Поляризациялайтын қоспаның құрамында (декстрозамен және инсулинмен біріктіргенде) миокард инфарктында, эктопиялық аритмияларда және жүрек гликозидтерін артық дозалағанда жүрек ырғағының қалпына келуіне ықпал етеді. Препарат фармацевтикалық тұрғыдан жүрек гликозидтерінің ерітінділерімен үйлесімді (олардың жағымдылығын жақсартады).

Қажет жағдайда Калий, магний аспарагинатымен емдеуді строфантин және тырнақгүл препараттарын қолданумен үйлестіруге болады.

Үйлесімсіздік жағдайлары:

Егер басқа инъекциялық немесе инфузиялық ерітінділермен араластырғанда бұлыңғырлану немесе опалесценция пайда болса, онда қауіпсіздік мақсатында қоспаны алып тастау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Тек мөлдір ерітінділерді қолдану керек. Қолданар алдында контейнердің саңылаусыздығына көз жеткізу қажет. Препарат басталған контейнерден қайта пайдаланылмауы тиіс.

Мына кезде сақтық қажет:

  • өршіген бауыр жеткіліксіздігінде

  • метаболизмдік ацидозда

  • ісінулердің даму қаупінде

  • бүйрек функциясының шектелуі - егер қан сарысуындағы магний мөлшерін тұрақты бақылау мүмкін болмаса (жинақталу қаупі, магнийдің уытты концентрациясы)

  • гипофосфатемия

  • кальций, магний және аммоний фосфатының бұзылуымен байланысты несеп-тас диатезінде

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда аталған дәрілік затпен зерттеулер жүргізілмеді. Осыған байланысты педиатрияда калий және магний аспарагинатын қолдану тікелей көрсетілім болғанда және күтілетін пайда мен ықтимал қауіптің арақатынасын бағалағанда ғана мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік кезінде калий және магний аспарагинатын қолданудың қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмеді. Сондықтан аталған препаратты ана үшін күтілетін пайда мен шаранаға төнетін ықтимал қауіптің арақатынасын мұқият бағаланғаннан кейін өмірлік көрсетілімдер бойынша ғана пайдалануға болады.

Калий және магний аспарагинатының бала емізетін әйелдердің сүтіне өтуі туралы деректердің жоқтығына байланысты препаратты қолданғанда емшек емізуді тоқтату керек.

Көлік құралын басқару және машиналарды қарау қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Белгісіз.

Артық дозалануы

Гиперкалиемия симптомдары:

жалпы әлсіздік, кардиоваскулярлық симптомдар (брадикардия, аритмия, қан қысымының түсуі, тамырлық коллапс, қарыншалардың жыпылықтауына және диастоладағы жүрек тоқтауына дейінгі естен тану); нейроуытты симптомдар (проприоцептивтік сезімталдықтың бұзылуы, аяқтағы парестезия және сананың шатасуы).

7 ммоль/л асатын калий мәндері өмірге қауіп төндіреді, 10 - 12 ммоль/л жоғары – жиі өлімге әкеледі.

Уыттануларды емдеу

Айқын гиперкалиемия және гипермагниемия ауыр шұғыл жағдайлар болып табылады және қарқынды ем жүргізуді талап етеді.

Гиперкалиемияны емдеу үшін емдік шараларды жылдам әсер ететіндерге (кардиоуытты әсерлерге ықпал көрсететін) және баяу әсер ететіндерге (калий-иондарды организмнен шығарып тастайтын) бөлуге болады. Жылдам әсер ететіндерге калий антагонистері деп аталатындар жатады: натрий- және кальций-иондары. Бұл ретте, ең алдымен, Na+ өмірді құтқаратын өте жылдам әсер көрсетеді.

20 %-дық хлорлы натрий ерітіндісінің инъекциясынан кейін бірнеше минут өткенде-ақ клиникалық көріністің және ЭКГ (бір уақыттық ацидозда натрий бикарбонатының ерітіндісін пайдалану керек) анық жақсаруы жиі байқалады.

10-20 мл мөлшерде 10%-дық кальций глюконаты ерітіндісін енгізу, әдетте, сондай-ақ позитивті өзгерістерге жылдам әкеледі.

K+ жасушадан тыс кеңістігіндегі жасушаларға ауыстыру глюкозаны инсулинмен құю кезінде жетеді (әрбір 3 г глюкозаға бір бірлік есебінен шамамен әрбір 4-6 сағат сайын 200-300 мл 25-50 %-дық глюкоза ерітіндісін қарапайым инсулинмен бірге в/і).

Бүйрек жеткіліксіздігі болғанда экстраренальді элиминацияны мына жолмен жүзеге асыруға болады:

  • гемодиализ немесе перитонеальді диализ;

- калийдің ішек арқылы катион алмастыру заттарының көмегімен шығарылуын көтермелеу.

Магнийден уыттанған жағдайда кальцийді шығару ұсынылады. Бұлшықеттердің шеткері парездерінде, әсіресе тыныс алу бұлшықеттерінің салдануында, қосымша физиостигмин тағайындалады. Гемодиализ, перитонеальді диализ және өкпені жасанды желдету қосымша талап етілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 және 500 мл ерітіндіден полиэтилен бөтелкеге салады. Препарат салынған әрбір бөтелкеге қағаз заттаңба жапсырылады. Препарат салынған қаптамаларды қаптамалар санына тең мөлшерде медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге сол картоннан жасалған қалқамен картон қорапқа салады.

Әрбір бөтелкені медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салады. Препарат салынған қорапшалар картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/қаптаушы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Тіркеу куәлігінің иесі:

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйым

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342) Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық поштасы infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Калия_магния_аспарагинат_инстр_рус.doc 0.08 кб
калия_и_магния_аспаргинат_инстр_каз.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники