Кавинтекс®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Кавинтекс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Винпоцетин
Дәрілік түрі
5 мг, 10 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5 мг, 10 мг винпоцетин бар
қосымша заттар:
5 мг доза үшін: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний немесе кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы;
10 мг доза үшін: лактоза, микрокристалды целлюлоза, магний немесе кальций стеараты, аэросил (кремнийдің қостотығы).
Сипаттамасы
5 мг таблеткалар: ақ немесе ақ сарығыш дерлік түсті, дөңгелек, жалпақ цилиндр сияқты, ойықтармен, бір жағында крест тәрізді сызығы бар және екінші жағында «5» өрнектелген.
10 мг таблеткалар: ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек, беті тегіс және бір жағында «10» өрнектелген.
Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотропты препараттар. Винпоцетин
АТХ коды N06ВХ18
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жақсы және жылдам сіңеді. Қандағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты қолданғаннан кейін 1 сағат. Биожетімділігі 70 % құрайды. Препараттың 66 % жуығы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Гистогематикалық бөгеттер, оның ішінде гематоэнцефалдық бөгет арқылы жеңіл диффузияланады және тіндерге өтеді. Бауырда биотрансформацияланады. Басты метаболиті аповинкамин қышқылы болып табылады. Несеппен шығарылады: елеусіз мөлшері – өзгермеген түрде, қалған бөлігі метаболиттер түрінде. Препаратты ішке қабылдағандағы жартылай шығарылу кезеңі –5 сағатқа жуық.
Фармакодинамикасы
Кавинтекс® ми қан айналымын, мидағы қан ағысын және қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады. Әсер ету механизмі фосфодиэстераза әсерінің басылуымен байланысты, бұл тіндерде аденозинмонофосфаттың жиналуына және аденозинтрифосфат концентрациясының жоғарылауына мүмкіндік береді. Препарат мидың микроайналымын жақсартады, тромбоциттердің агрегациясын тежейді, қанның патологиялық жоғары тұтқырлығын азайтады. Церебропротекторлық әсері бар. Аденозиннің нейропротекторлық әсерін күшейтеді. Ми метаболизмін көтермелейді, мида глюкоза мен оттегінің қорытылуын және сіңуін күшейтеді. Жүйелік АҚ елеусіз төмендейді.
Кавинтекс® инсульттің жедел кезеңінде тиімді: жалпы мидағы регрессті және ошақтық неврологиялық симптоматикаларды жеделдетеді, жадыны, зейін шоғырландыруды, интеллектуалдық өнімділікті жақсартады. Егде жаста және кәрілік кезеңде винпоцетиннің босаңсытатын әсеріне ми қан тамырларының сезімталдығы артады, бұл қартаю кезіндегі аденилатциклаза-цАМФ жүйесінің сенсибилизациясымен шартталған.
Қолданылуы
- ми қан айналымының жеткіліксіздігінде (ишемиялық инсультте, вертебробазилярлы жеткіліксіздікте, жарақаттан кейінгі және гипертензиялық энцефалопатияда, церебральдық атеросклерозда)
- көздің қантамырлары қабығының және тор қабығының созылмалы қантамырлық ауруларында (оның ішінде торқабықтың орталық артериясының немесе көктамырларының окклюзиясында)
- естудің қан тамырлық немесе уыттанудан (дәрі-дәрмектік) бұзылуында, Меньер ауруында, құлақтағы идиопатиялық шуылда, шығу тегі лабиринттік бас айналуында
- климактериялық синдромның вазовегетативті көрінісінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Кавинтексті® ішке 5-10 мг-ден тәулігіне 3 рет (тәулігіне 15-30 мг-ден) тағайындайды. Препарат астан кейін қабылданады. Ұзақ уақыт қолданады (2 айға жуық және одан көп).
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес (≥1/1000 ≤1/100 дейін)
-
бас ауыруы, бас айналуы
-
гиперхолестеринемия
-
жүрек айнуы, ауыз ішінің құрғауы, іштегі жайсыздық
-
гипотензия
Сирек (≥1/10000 ≤1/1000 дейін)
-
ишемия/миокард инфарктісі, жүктемелік стенокардия, жүрек қағуы, брадикардия, тахикардия, экстрасистолия, электрокардиограммада ST сегментінің депрессиясы, QT ұзаруы, гипотония
-
ұйқының бұзылуы, дисфория, қозу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, ступор, амнезия, гемипарез
-
тәбет төмендеуі, дисгевзия, анорексия, құсу, диспепсия, іш қатуы, диарея, іштің ауыруы
-
лейкопения, тромбоцитопения, эозинофилдер санының төмендеуі/жоғарылауы
-
қант диабеті
-
көру жүйкесі ұшының ісінуі, гиперакузия, құлақтағы шуыл
-
ысынулар, гипергидроз, әлсіздік, ысыну сезіну, астения
-
тромбофлебит
-
эритема, қышыну, есекжем, бөртпе
-
қандағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, «бауыр» ферменттерінің» белсенділігі өзгеруі
Өте сирек (<1/10000)
-
жүрекше фибрилляциясы, артериялық қысымның өзгеруі, аритмия
-
анемия, эритроциттер агглютинациясы, эритроциттер санының төмендеуі, лейкоциттер санының төмендеуі/жоғарылауы, протромбиндік уақыттың қысқаруы
-
эйфория, тремор, құрысулар, депрессия
-
гипотермия, өте жоғары сезімталдық
-
кеуде қуысындағы жайсыздық
-
конъюнктива гиперемиясы
-
дисфагия, стоматит
-
дерматит
-
дене салмағының ұлғаюы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлері, жүрек ырғағының бұзылуы, жоғары функциональды класты стенокардия
- жүктілік, лактация кезеңі
- винпоцетинге және қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- геморрагиялық инсульттің жедел сатысы
- 18 жасқа дейінгі балаларға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гепаринотерапия аясында геморрагиялық асқынулар қаупі жоғарылайды.
Кавинтекс® және альфа-метилдопаны бір уақытта қолдану гипотензивті әсердің кейбір күшеюін туындатуы мүмкін, сондықтан мұндай емде қан қысымын ұдайы бақылау талап етіледі. Кавинтексті® орталық жүйке жүйесіне әсер ететін, аритмияға қарсы препараттармен және антикоагулянтты дәрілермен бір мезгілге тағайындағанда сақ болу ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Геморрагиялық инсультта препаратты қолдануға жедел құбылыстар жойылғаннан кейін (5-7 күннен кейін) ғана рұқсат етіледі, өйткені винпоцетин тромбоциттердің агрегациясын тежейді, қанның жоғары тұтқырлығын төмендетеді, бұл жаңа ұстаманы қоздыртуы мүмкін.
Аритмияның ауыр түрлеріне және стенокардияға шалдыққан емделушілерге абайлап тағайындау керек.
Бассүйекішілік жоғары қысымда, аритмияда, аритмияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қолданғанда препарат тағайындар алдында пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият талдау болуы тиіс.
QT аралығының әсер етуі ұзартылған синдромы болуында немесе QT ұзаруын туындататын препараттарды бір мезгілде қолдануда ауық-ауық электрокардиограммиялық бақылау жүргізу талап етіледі.
Құрамында лактоза болғандықтан Кавинтексті® қант диабетімен науқастарға сақтықпен тағайындайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын басқаруда және басқа да аса қауіпті саналатын механизмдермен жұмыс істеген кезде сақтық жасау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: асқазанды шаю, гиперосмостық іш жүргізгіштерді, белсенділендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мг таблеткалар: поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.
10 мг таблеткалар: поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан
Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,
тел. +7 727 309 74 07,
факс +7 727 309 74 14
Тіркеу куәлігінің иесі
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан
Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,
Телефон нөмірі +7 727 309 74 07
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан
Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,
Телефон нөмірі +7 727 309 74 07
Факс нөмірі +7 727 309 74 14
Электронды поштасы globalzavod@mail.ru