Исмижен®

Производитель: BRUSCHETTINI S.R.L.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020635
Информация о регистрации в РК: 22.01.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Исмижен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіл астына салатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетка құрамында

белсенді зат - лиофилизацияланған бактериялық лизат – 50 мг,

оның 7 мг мыналарға сәйкес келеді:

Staphylococcus aureus - 6 х 109 ,

Streptococcus pyogenes - 6 х 109,

Streptococcus viridans - 6 х 109,

Klebsiella pneumoniae - 6 х 109,

Klebsiella оzaenae - 6 х 109,

Haemophilus influenzaе B - 6 х 109,

Neisseria catarrhalis - 6 х 109,

Diplococcus pneumoniae - 6 х 109 (соңғы бактерия құрамында 1 х 109 келесі типтер - TY1/EQ11,TY2/EQ22, TY3/EQ14, TY5/EQ15, TY8/EQ23, TY47/EQ24 бар),

лиофилизация үдерісі үшін 43 мг гликокколь.

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, сусыз коллоидты кремнийдің тотығы, магний стеараты, аммоний глицеризинаты, жалбыз (ментолдық) ұнтағы эссенциясы.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және бөлуге арналған сызығы бар ашық-крем түсті дөңгелек пішінді таблеткалар, теңбілдерінің болуына жол беріледі, биіктігі (3,5±0,25) мм және диаметрі (9,0±0,25) мм.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.

АТХ коды L03AX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинеткасы

Өнімнің ерекшеліктері мен қолдану тәсілін ескере отырып, фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайды.

Фармакодинамикасы

Исмижен® организмнің жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жұқпаларын тудыратын микроорганизмдерге қарсы қорғағыш қасиеттерін арттырады. Исмижен® жедел респираторлық жұқпалардың жиілігін азайтады, олардың ағымының ұзақтығын қысқартады, симптомдар ауырлығын төмендетеді, созылмалы аурулардың асқыну ықтималдығын төмендетеді. Бұл ретте антибиотиктерді қолдану қажеттілігі төмендейді.

Исмиженнің® иммуномодуляциялаушы қасиеттерін тудыратын факторлар:

- дендритті жасушалардың жетілуі, олар спецификалық тұрғыдан Т- және В-жасушаларды (лимфоциттер) көтермелейді;

- спецификалық А иммуноглобулинінің (IgA) секрециясы;

- гранулоциттердің әсер ету механизмінің белсенділенуі;

Қолданылуы

Препарат мыналарға арналған:

  • тыныс алу жолдарының жұқпаларын емдеу кезінде басқа дәрілермен (антибиотиктермен, муколитикалық дәрілермен, ингаляциялық кортикостероидтармен және ұзақ әсер ететін бронходилaтаторлармен) кешенді емдеуде.

  • жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел, баяу өрбитін, қайталанатын немесе созылмалы жұқпаларының алдын алу үшін;

Қолдану тәсілі және дозалары

Исмижен® тек ересектер мен 3 жастағы және одан үлкен балаларға арналған.

1 таблеткадан тағам қабылдағанға дейін күніне 1 рет, 10 күн бойы үздіксіз. 20 күндік үзілістен кейін препаратты қабылдаудың 10 күндік курсын қайталау керек.

Ең жоғары иммунотерапиялық әсерге қол жеткізілетін толық курс 3 айды құрайды.

Таблетканы толық сорылғанға дейін тіл астында ұстау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- диарея

- бас ауыруы

- эритема

Жиі емес

- құрсақ қуысының ауыруы, жүрек айнуы, құсу

- әлсіздікті сезіну

- есекжем

- экзантема

- ентігу, жөтел, астма

Сирек

- қызба, қалтырау

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балаларға

- жүктіліктің бірінші триместрі, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тірі вакцинаны ішке қабылдау мен Исмиженді® қолданудың арасында 4 апталық үзіліс сақтау ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Исмиженнің® жануарларға уытты әсері байқалмағанына қарамастан жүкті әйелдерде бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан, расталған немесе болжамды жүктіліктің алғашқы үш айы ішінде Исмиженді® қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Фертильділік және лактация кезеңінде препараттың әсеріне арнайы бақылаулар жүргізілмеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Бүгінгі күнге дейін препараттың автокөлікті және басқа да механизмдерді басқару мүмкіндігіне ықпалы байқалмады. Бірақ, арнайы зерттеулер жүргізілмегенін ескеру қажет.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары байқалмады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тіл астына салатын таблеткалар.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салады.

Сақтау шарттары

150C-ден 250C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

«Bruschettini S.r.l.»

Via Isonzo 6,

16147 Genova – Italy

+ 39 010 381 222

+ 39 010 399 3312

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

GM Pharmaceuticals Ltd.

Georgia. Тbilisi, Phonichala 65

Теl.: +995 32 2404801/02; Fax: +995 32 2404803

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

GM Pharmaceuticals Ltd.

Georgia. Тbilisi, Phonichala 65

Теl.: +995 32 2404801/02; Fax: +995 32 2404803

Өнім лицензиясының иесі

«Lallemand Pharma AG.»

Via Selva, 2

CH-6900 Massagno – Switzerland

+ 41 91 980 46 13

+ 41 91 980 46 15

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі Алматы қ-сы, инд.: 050012 Шагабудинов к-сі 66, 22 пәтер

телефон + 7(707) 723 27 72, 77 27 399 88 49

электронды поштасы: mss001@mail.ru

Аударған: Құлшанов Р.

Сарапшы:

Прикрепленные файлы

960636781477976675_ru.doc 59.5 кб
139532211477977806_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники