Ирнизет (Иринотекан)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ирнизет
Халықаралық патенттелмеген атауы
Иринотекан
Дәрілік түрі, дозалануы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 20 мг/мл, 2 мл, 5 мл, 15 мл және 25 мл
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Өсімдік алкалоидтары және табиғи тектес басқа да препараттар. Топоизомераза 1 тежегіштері (ТОР1). Иринотекан.
АТХ коды L01CE02
Қолданылуы
Ирнизет жайылған колоректальді обыры бар пациенттерді емдеуге қолданылады:
- бұрын химиялық ем алудан өтпеген үдемелі обыры бар пациенттерде 5-флюороурацилмен және фолиний қышқылымен біріктірілімде;
- құрамында 5-флюороурацил бар белгіленген емдеу сызбасында жақсаруы байқалмаған пациенттерде монотерапия ретінде.
Ирнизет бұрын ем алмаған, KRAS генінің жабайы типі немесе иринотекан қамтылатын цитоуытты ем тиімсіздігінен кейін эпидермалық өсу факторының рецепторын (ЭӨФР) экспрессиялайтын метастазды колоректальді обыры бар пациенттерде цетуксимабпен біріктіріп емдеуге көрсетілген.
Ирнизет тоқ ішек немесе тік ішектің метастазды карциномасы бар пациенттерді емдеудің бірінші желісі ретінде 5-флюороурацилмен, фолиний қышқылымен және бевацизумабпен біріктірілімде қолданылады.
Ирнизетті метастаздық колоректальді карциномасы бар пациенттерді емдеу үшін капецитабинмен және бевацизумабпен біріктіріп немесе соңғысының қатысуынсыз бірінші желідегі ем ретінде қолдану көрсетілген.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе «Құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ішектің созылмалы қабыну аурулары және/немесе ішек өткізгіштігінің бұзылулары
- лактация кезеңі
- қан сарысуында қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асып кететін билирубин концентрациясы
- сүйек кемігінің ауыр жеткіліксіздігі
- ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) шкаласы бойынша >2 деп бағаланатын пациенттердің жалпы жай-күйі
- шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен бір мезгілде қолдану
- сары қызба вакцинасымен бір мезгілде қолдану
Цетуксимабқа, бевацизумабқа немесе капецитабинге қосымша қарсы көрсетілімдерді аталған препараттардың нұсқаулығынан қараңыз.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Иринотеканды қолдану ісікке қарсы химиотерапияда жеткілікті тәжірибесі бар білікті тұлғаның мұқият бақылауымен жүзеге асырылуға тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қатар қолдануға болмайды
Шайқурай: иринотеканның белсенді метаболиті, SN-38-дің қан плазмасындағы деңгейінің төмендеуі. Шағын фармакокинетикалық зерттеуде (n=5), 350 мг/м2 иринотеканды 900 мг дозадағы шайқураймен (Hypericum perforatum) бірге енгізген кезде иринотеканның белсенді метаболиті SN-38-дің қан плазмасында 42%-ға төмендеуі байқалды. Шайқурай мен иринотеканды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Тірі аттенуирленген вакциналар (мысалы, сары қызба вакцинасы): вакцинаға жайылған реакция қаупі, өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Иринотеканмен емдеу кезінде және химиотерапия тоқтатылғаннан кейін 6 ай бойы бір мезгілде қолдануға болмайды. Белсенділігі жойылған вакциналар енгізілуі мүмкін; алайда оларға жауап төмен болуы ықтимал.
Бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды
Иринотеканды цитохром P450 3A4 (CYP3A4) тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қабылдау иринотеканның метаболизміне ықпал етуі мүмкін және одан аулақ болу керек.
CYP3A4 және/немесе UGT1A1 айтарлықтай тежейтін дәрілік заттар: (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин немесе апалутамид): иринотеканның, SN-38 және SN-38 глюкуронидтің әсерінің төмендеу қаупі және фармакодинамикалық әсерлерінің төмендеуі. Бірнеше зерттеулер CYP3A4 индукциялайтын құрысуға қарсы дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау иринотеканның, SN-38 және SN-38 глюкуронидтің әсері төмендеуіне және фармакодинамикалық әсерлерінің төмендеуіне әкелетінін көрсетті. Мұндай құрысуға қарсы дәрілік заттардың әсерлері SN-38 және SN-38G AUC 50% және одан астамға төмендеуінен көрінді. CYP3A4 ферменттерінің индукциясымен қатар, күшейтілген глюкуронизация және өтпен болатын күшейтілген экскреция иринотеканның және оның метаболиттерінің әсері төмендеуінде рөл атқаруы мүмкін. Бұған қосымша фенитоинмен: цитоуытты дәрілік заттармен фенитоиннің асқорытудағы сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде құрысулардың өршу қаупі.
CYP3A4 күшті тежегіштері: (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол, протеаза тежегіштері, кларитромицин, эритромицин, телитромицин): зерттеу көрсеткендей, кетоконазолды бірге енгізу иринотекан монотерапиясымен салыстырғанда, негізгі тотықтырғыш метаболиті АРС AUC 87% азаюына және SN-38 AUC 109% ұлғаюына әкелді.
UGT1A1 тежегіштері: (мысалы, атазанавир, кетоконазол, регорафениб)
иринотеканның белсенді метаболиті SN-38 жүйелі әсерінің ұлғаю қаупі. Егер біріктіру өте қажет болса, мамандар осыны назарда ұстауы қажет.
CYP3A4 басқа тежегіштері: (мысалы, кризотиниб, иделалисиб)
Кризотинибтен немесе иделалисибтен оның метаболизмі төмендеуі салдарынан иринотекан уыттылығының жоғарылау қаупі.
Пайдаланған кезде сақ болу керек
К дәруменінің антагонистері: ісік аурулары кезінде қан кетулер мен тромбоздық оқиғалар қаупінің жоғарылауы. Егер К дәруменінің антагонистері көрсетілген болса, протромбин уақытына жиірек мониторинг жасау талап етіледі.
Қатар қолдану кезінде назар аудару қажет
Иммунодепрессанттар: (мысалы, циклоспорин, такролимус): лимфопролиферация қаупімен шамадан тыс иммуносупрессия.
Жүйке-бұлшықет блокаторлары: иринотеканның жүйке-бұлшықет блокаторларымен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды. Иринотекан антихолинэстеразалық белсенділікке ие болғандықтан, антихолинэстеразалық белсенділігі бар дәрілік заттар суксаметонийдің жүйке-бұлшықеттік бөгеуші әсерлерін ұзартуы мүмкін, ал деполяризацияламайтын дәрілік заттардың жүйке-бұлшықеттік блокадасы антагонистік сипат алуы мүмкін.
Басқа біріктірілімдер
5-Флюороурацил/фолиний қышқылы: біріктірілген режимде 5-ФУ/ФҚ бірге енгізу иринотеканның фармакокинетикасына ықпал етпейді.
Бевацизумаб: дәрілік өзара әрекеттесуінің арнайы зерттеу нәтижелері бевацизумабтың иринотеканның және оның белсенді метаболиті SN-38-дің фармакокинетикасына елеулі ықпалының жоқ екенін көрсетті. Алайда бұл фармакологиялық қасиеттерінің салдарынан уыттылықтың жоғарылауын жоққа шығармайды.
Цетуксимаб: иринотеканның қауіпсіздік бейініне цетуксимабтың ықпал етуіне немесе керісінше болатынына ешқандай дәлелдер жоқ.
Ісікке қарсы дәрілер (5-Фторурацил препараты ретінде флуцитозинді қоса алғанда): иринотеканның миелосупрессия сияқты жағымсыз әсерлері басқа профилі ұқсас ісікке қарсы дәрілермен күшеюі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Иринотеканды қолдану ісікке қарсы химиотерапияда жеткілікті тәжірибесі бар білікті тұлғаның мұқият бақылауымен жүзеге асырылуға тиіс. |
Жағымсыз құбылыстардың сипаты мен даму жиілігін ескеріп, иринотеканды келесі жағдайларда ықтимал емдік қауіптерге байланысты пайдасын мұқият талдаудан кейін ғана тағайындау керек:
• қауіп факторы бар пациенттерде, әсіресе ДДҰ тиімділік статусы = 2 болатындарда.
• сирек жағдайларда, пациенттер жағымсыз құбылыстарды жою жөніндегі нұсқауларды (кешеуілдеген диарея басталған кезде сұйықтықты көп мөлшерде тұтынумен бірге дереу және ұзақ уақыттық диареяға қарсы емдеу қажеттілігі) орындамаған кезде. Мұндай пациенттерге қатаң стационарлық қадағалау ұсынылады.
Иринотеканмен монотерапия кезінде үш апталық қабылдау кестесі тағайындалады. Алайда апта сайын дозалау кестесін неғұрлым мұқият бақылауды қажет ететін пациенттерде немесе ауыр нейтропения дамуының ерекше қаупі бар пациенттерде қарастыруға болады.
Кешеуілдеген диарея
Пациенттерге кешеуілдеген диарея қаупі туралы мағлұмат берілуге тиіс, өйткені ол иринотеканды енгізгеннен кейін 24 сағаттан астам уақыттан соң келесі енгізуге дейінгі кез келген сатыда пайда болуы мүмкін. Монотерапияда алғашқы сұйық нәжістің пайда болуына дейінгі уақыт кезеңі иринотекан инфузиясынан кейін бес күнді құрады. Пациенттер диареяның пайда болғаны туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлауға және тиісті емді тез арада бастауға тиіс.
Диареяның даму қаупі жоғары пациенттерге бұрын абдоминальді/жамбас сәулелік емінен өткен пациенттер, бастапқы гиперлейкоцитозы бар пациенттер және жұмысқа қабілеттілігінің ≥ 2 статусы бар пациенттер, сондай-ақ әйелдер жатады. Тиісті ем жүргізілмеген жағдайда диарея өмірге қауіп төндіретін сипат алуы мүмкін, әсіресе нейтропения бар болған кезде.
Сұйық нәжістің алғашқы көрінісінде, пациент құрамында электролиттер бар сұйықтықты көп мөлшерде тұтынуы, және емдеуші дәрігердің басшылығымен диареяға қарсы емді дереу бастауға тиіс. Ауруханадан шыққаннан кейін, пациенттер диареяға қарсы қажетті ем алуы керек. Бұдан басқа, диарея пайда болған кезде бұл туралы өзінің емдеуші дәрігеріне немесе иринотеканды енгізуге бақылау жасаған мекемеге хабарлау қажет.
Қазіргі уақытта, ұсынылған диареяға қарсы ем лоперамидтің үлкен дозаларынан тұрады (алғашқы қабылдауда 4 мг, содан соң әр 2 сағат сайын 2 мг). Ең соңғы сұйық нәжістен кейін емді 12 сағат бойы жалғастыру керек, және оны түзетуге болмайды. Салданған ішек бітелісінің қаупі бар болғандықтан, ешбір жағдайда лоперамидті аталған дозаларда қатарынан 48 сағаттан артық тағайындамау керек, емнің ұзақтығы 12 сағаттан аз болуға тиіс.
Диарея ауыр нейтропениямен (нейтрофилдер саны <500 жасуша/мм3) байланысты болған жағдайларда диареяға қарсы емге қосымша әсер ету ауқымы кең профилактикалық антибиотик тағайындау қажет.
Антибиотиктермен емдеуге қоса, мынадай жағдайларда ауруханаға жатқызу талап етіледі:
• қызбамен байланысты диарея;
• күшті диарея (вена ішіне сұйықтық енгізуді қажет ететін);
• лоперамидтің үлкен дозаларымен емдеу басталғаннан кейін 48 сағаттан астамға созылған диарея.
Лоперамидті дәрілік затты соңғы қабылдау кезінде баяулаған диарея байқалған пациенттерге профилактикалық мақсатта тағайындамау керек.
Егер пациентте ауыр (асқынған) диарея пайда болса, келесі циклдарда дозаны төмендету ұсынылады.
Гематология
Клиникалық зерттеулерде 3 және 4 дәрежедегі NCI CTC Grade нейтропения жиілігі бұрын абдоминальді/жамбас сәулеленуін қабылдаған пациенттерде едәуір жоғары болды. Қан сарысуындағы билирубиннің бастапқы деңгейі 1,0 мг/дл немесе одан көп болған пациенттерде де билирубин деңгейі 1,0 мг/дл-ден аз пациенттерге қарағанда алғашқы циклда 3 және 4 дәрежедегі нейтропенияның пайда болу ықтималдығы едәуір жоғары болды.
Иринотеканмен емдеу кезінде қан жасушаларының жалпы санына апта сайынғы мониторинг ұсынылады. Пациенттерге нейтропенияның қаупі және қызбаның маңызы туралы мағлұмат берілуге тиіс. Қызбалы нейтропенияны (температура > 38°C, нейтрофилдер саны ≤ 1000 жасуша/мм3) стационарда әсер ету ауқымы кең венаішілік антибиотиктердің көмегімен дереу емдеу қажет.
Ауыр гематологиялық бұзылыстары бар пациенттерге келесі енгізуге арналған дозаны төмендету ұсынылады.
Ауыр диареясы бар пациенттерде инфекцияның және гематологиялық уыттылықтың қаупі жоғарылайды. Ауыр диареясы бар пациенттерде қанның толық талдауын жүргізу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың функционалдық сынамаларын бастапқы деңгейде және препаратты қабылдаудың әрбір циклының алдында алу қажет.
Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5–3 есе асатын пациенттерде иринотекан клиренсі төмендейтіндіктен және, демек, пациенттердің бұл тобында гематоуыттылық уыттылық қаупі жоғарылайтындықтан, қанның толық талдауына апта сайын мониторинг жүргізу керек. Билирубин қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асатын пациенттер үшін.
Жүрек айну және құсу
Иринотеканды әрбір енгізер алдында құсуға қарсы дәрімен профилактикалық емдеу ұсынылады. Кешеуілдеген диареяға байланысты құсу байқалған пациенттерді шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет.
Жедел холинергиялық синдром
Жедел холинергиялық синдром (ерте диарея ретінде анықталатын және тершеңдік, іштің түйілуі, миоз және сілекей ағу сияқты кейбір басқа да белгілер мен симптомдар бар болғанда) пайда болған кезде клиникалық қарсы көрсетілімдер болмаса, атропин сульфатын (0,25 мг тері астына) енгізу керек.
Бронх демікпесі бар науқастарды емдегенде сақтық таныту керек. Егер пациентте жедел және ауыр холинергиялық синдром байқалса, атропин сульфатын кейіннен иринотекан енгізумен профилактикалық қолдану ұсынылады.
Респираторлық аурулар
Иринотеканмен ем кезінде сирек жағдайларда өкпенің интерстициальді ауруларының пайда болуын көрсететін өкпе инфильтраттары бар жай-күйлер туындады. Өкпенің интерстициальді ауруы өліммен аяқталуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруларының дамуымен байланысты болуы мүмкін қауіп факторлары пневмоуытты дәрілік заттарды, сәулелік емді және жасушалардың өсу факторларын пайдаланудан болуы ықтимал. Қауіп факторлары бар пациенттерде иринотеканмен емдеуге дейін және емдеу кезінде респираторлық симптомдардың пайда болуын анықтау үшін мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Экстравазация
Иринотекан везикант емес екеніне қарамастан, эктравазацияны болдырмау үшін сақтық танытқан жөн, сондай-ақ енгізу орнында қабыну белгілерінің жоқ екенін бақылау керек. Экстравазация пайда болған жағдайда ол жерді жуу және мұз төсеу ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Биологиялық функцияның, атап айтқанда бауыр функциясының жиі төмендеуіне байланысты, популяцияның бұл тобында дозаны мұқият таңдау керек.
Ішектің созылмалы қабыну ауруы және/немесе бітелуі
Ішек бітелісі жойылғанға дейін иринотеканды тағайындау ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сарысудағы креатинин деңгейінің немесе қандағы мочевина азотының жоғарылауы байқалды. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі жағдайлары байқалды. Аталған құбылыстарды әдетте инфекцияның асқынуларымен немесе жүрек айну, құсу немесе диареяға байланысты сусызданумен байланыстырады. Сондай-ақ ісік лизисі синдромынан туындаған бүйрек жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары туралы да хабарланды.
Сәулемен емдеу
Абдоминальді/ жамбас сәулелік емін бұрын алған пациенттер иринотекан қабылдаудан кейін миелосупрессияның жоғары қаупіне ұшырайды. Дәрігерлер алдыңғы ауқымды сәулеленуі бар (мысалы, сәулеленген сүйек кемігі >25% және иринотеканмен ем басталғанға дейін 6 апта бойы) пациенттерді емдегенде сақ болуға тиіс. Пациенттердің осы тобына дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
Жүрек тарапынан бұзылулар
Миокард ишемиясы жағдайлары иринотеканмен емдеуден кейін көбінесе қатар жүретін жүреу аурулары, жүрек ауруларының басқа да қауіп факторлары бар немесе бұдан бұрын цитоуытты химиотерапия алған пациенттерде байқалған.
Демек, қауіп тобындағы пациенттер дәрігердің мұқият бақылауында болуға тиіс, сонымен қатар түрткі болатын факторларды (шылым шегу, гипертониялық ауру және гиперлипидемия) жоққа шығару қажет.
Тамырлық бұзылыстар
Иринотекан қабылдау бұрыннан бар жаңа түзілімге қосымша ретінде көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде тромбоэмболиялық құбылыстармен (өкпе артериясының тромбоэмболиясы, веналық тромбоз және артериялық тромбоэмболия) сирек байланысқан.
Басқалар
Бүйрек жеткіліксіздігінің, гипотонияның немесе қанайналым жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары диареямен және/немесе құсумен, немесе сепсиспен байланысты сусыздану көріністері байқалған пациенттерде білінді.
Бала туу әлеуеті бар әйелдер және еркектер емделу кезінде және емдеуден соң сәйкесінше 1 айға және 3 айға дейін контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануға тиіс.
Иринотеканды CYP3A4 күшті тежегішімен (мысалы, кетоконазолмен) немесе индукторымен (мысалы, рифампицинмен, карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, апалутамидпен) бір мезгілде қолдану иринотеканның метаболизміне ықпал етуі мүмкін, және одан аулақ болу керек.
Фруктоза жақпаушылығының тұқым қуалаған проблемалары бар пациенттер препаратты қабылдамауы керек.
Бала туу әлеуеті бар әйелдер/еркектер мен әйелдердегі ұрықтануға қарсы дәрілер
Бала туу әлеуеті бар әйелдер және еркектер емделу кезінде және емдеуден соң сәйкесінше 1 айға және 3 айға дейін контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануға тиіс.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Иринотеканды жүкті әйелдердің қолдануы туралы деректер жоқ. Демек, препаратты жүктілік кезінде өте қажеттілігі болмаса қолданбау керек.
Иринотекан адамның емшек сүтімен бөліне ме, жоқ па, белгісіз. Демек, емшек еметін балалардағы жағымсыз реакциялар мүмкіндігіне байланысты, емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.
Фертильділік
Иринотеканның адамдардағы фертильділікке ықпалы туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге иринотекан қолданудан кейін 24 сағат ішінде пайда болуы мүмкін бас айналу немесе көрудің бұзылуы туралы ескерту керек. Аталған симптомдар туындағанда көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Монотерапияда (бұрын ем қабылдаған пациенттерде)
Иринотеканның ұсынылатын дозасы 350 мг/м2 құрайды, вена ішіне инфузия түрінде әр үш апта сайын 30-90 минут бойы енгізіледі.
Біріктірілген ем құрамында (бұрын ем қабылдамаған пациенттерде)
Иринотеканның 5-флюороурацилмен (5-ФУ) және фолиний қышқылымен (ФҚ) біріктірілгендегі қауіпсіздігі мен тиімділігі мынадай сызба бойынша бағаланды:
- иринотеканды 5-ФУ/ФҚ біріктірумен әр 2 апта сайын.
Иринотеканның ұсынылатын дозасы 180 мг/м2 құрайды, вена ішіне инфузия түрінде әр 2 апта сайын бір рет 30-90 минут бойы енгізіледі, одан кейін 5-флюороурацил және фолиний қышқылының инфузиясы жүреді.
Қатар жүретін цетуксимабты дозалау және қабылдау тәсілі туралы ақпарат алу үшін сол дәрілік препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулығын қараңыз. Әдетте құрамында иринотекан бар алдыңғы режимнің соңғы циклдарында болған иринотекан дозасы пайдаланылады. Иринотеканды цетуксимабтың инфузиясы аяқталғаннан кейін 60 минуттан ерте тағайындауға болмайды.
Бевацизумабты дозалау мен енгізу тәсілін өнімнің тиісті жалпы сипаттамасынан қараңыз.
Біріктіріп пайдаланатын капецитабинді дозалау және қабылдау тәсілі туралы ақпарат алу үшін капецитабин дәрілік препаратының жалпы сипаттамасының тиісті бөлімдерін қараңыз.
Дозаны түзету
Иринотеканды барлық жағымсыз құбылыстар National Cancer Institute–Common Toxicity Criteries (NCI-CTC) шкаласы бойынша 0 немесе 1-ші дәрежесіне дейін жойылғаннан кейін және емдеуге байланысты диарея толық басылғаннан кейін тағайындау керек.
Келесі инфузияларды бастағанда, дозу иринотеканның және 5-флюороурацилдің, ол қолданылатын кезде, дозасын алдыңғы инфузия кезінде байқалған жағымсыз құбылыстардың ең нашар дәрежесіне сәйкес азайту керек. Емдеуді онымен байланысты жағымсыз әсерлер толық жойылғаннан кейін 1-2 аптадан соң жаңғыртқан жөн.
Келесі жағымсыз әсерлер болған жағдайда, иринотеканның және 5-флюороурацилдің, ол қолданылатын кезде, дозасын 15-20% азайту керек:
-гематологиялық уыттылық (4 дәрежелі нейтропения, фебрильді нейтропения [3-4 дәрежелі нейтропения және 2-4 дәрежелі қызба], тромбоцитопения және лейкопения [4 дәрежелі]);
- гематологиялық емес уыттылық (3-4 дәрежелі).
Иринотеканмен біріктіріп қабылдаған кезде, сол препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес цетуксимабтың дозасын түзету жөніндегі ұсынымдарды сақтау керек.
Иринотеканмен/5-флюороурацилмен/фолиний қышқылымен біріктіріп енгізген кезде сол дәрілік препараттың дозасын түзету туралы ақпарат алу үшін бевацизумаб дәрілік препаратының жалпы сипаттамасына жүгіну қажет.
Капецитабинмен біріктіріп пайдаланған кезде, 65 жастағы және одан асқан пациенттерде капецитабиннің бастапқы дозасын күніне екі рет 800 мг/м2 дейін, капецитабин дәрілік препаратының жалпы сипаттамасына сәйкес төмендету ұсынылады. Капецитабин дәрілік препаратының жалпы сипаттамасында көрсетілген біріктірілген режимде дозаларды түзету жөніндегі ұсынымдарды да қараңыз.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Монотерапия: ДДҰ бойынша тиімділік статусы ≤ 2 болатын билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есеге дейін асып түсетін пациенттерде иринотеканның бастапқы дозасы белгіленуге тиіс. Гипербилирубинемиясы бар және протромбин уақыты 50%-дан асатын пациенттерде иринотекан клиренсі төмендейді және, демек, гематологиялық уыттылық қаупі жоғарылайды. Осылайша, пациенттердің бұл тобында қанның жалпы талдауына апта сайын мониторинг жүргізу керек.
• Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5 есе асып түсетін пациенттерде иринотеканның ұсынылатын дозасы 350 мг/м2 құрайды.
• Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5 –3 есе асып түсетін пациенттерде иринотеканның ұсынылатын дозасы 200 мг/м2 құрайды.
• Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асып түсетін пациенттерге иринотеканмен ем жүргізбеген жөн.
Иринотеканды біріктірілген ем құрамында қабылдаған, бауыр функциясы бұзылған пациенттер туралы деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Иринотеканды бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды, өйткені пациенттердің бұл тобында препаратты қолдану зерттелген жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарда фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен, бұл популяцияда биологиялық функциялардың төмендеу жиілігі зор болғандықтан, дозаны сақтықпен таңдап алу керек. Мұқият мониторинг талап етіледі.
Педиатриялық популяция
Қазіргі уақытта иринотеканның балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Иринотеканның сұйылтылған инфузиялық ерітіндісін шеткері немесе орталық венаға енгізу керек.
Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқау
Ирнизет препаратының ерітіндісі асептикалық жағдайларда дайындалуға тиіс. Құтыдан шприцпен инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентраттың қажетті мөлшерін алады және инфузиялық қапқа немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі бар сыйымдылығы 250 мл құтыға енгізеді. Сосын инфузияға арналған ерітіндіні құтыны қолмен айналдыра отырып, мұқият араластырады.
Емдеу ұзақтығы
Ирнизет препаратымен емді аурудың жан-жақты үдеуі немесе қолайсыз уыттану білінетін кезге дейін жалғастыру қажет.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: ұсынылған емдік дозадан екі есе асатын дозаларды қабылдаған кезде өліммен аяқталған артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар келіп түскен. Барынша маңызды жағымсыз реакциялар ауыр нейтропения және асқынған диарея болып табылады.
Емі: иринотеканмен артық дозаланудың спецификалық антидоты жоқ. Диареядан туындаған сусызданудың, сондай-ақ кез келген инфекциялық асқынудың алдын алу үшін ең жоғары демеуші емді бастау керек.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз реакциялар туралы деректер метастаздық колоректальді обырды зерттеу барысында кеңінен жинақталды; олардың жиілігі төменде келтірілген. Басқа көрсетілімдер кезіндегі жағымсыз реакциялар колоректальді обыр кезіндегі осындайларға ұқсас болады деп күтіледі.
Иринотеканның ең жиі (≥ 1/10) жағымсыз реакциялары кешеуілдеген диарея (енгізуден кейін 24 сағаттан астам уақыттан соң пайда болатын) және нейтропенияны, анемияны және тромбоцитопенияны қоса, қанайналымның бұзылулары болып табылады.
Нейтропения дозаны шектейтін уытты әсерге жатады. Нейтропения жинақталатын емес, қайтымды болып табылды; надирге (химиотерапия кезінде қан жасушалары санының ең аз деңгейіне) дейінгі уақыт медианасы монотерапияда немесе біріктірілген емде қолдануға байланыссыз 8 күнді құрады.
Ауыр транзиторлық жедел холинергиялық синдром өте жиі байқалды. Негізгі симптомдары ерте диареямен және иринотекан инфузиясы кезінде немесе одан кейін алғашқы 24 сағаттың ішінде туындайтын іштің ауыруы, тершеңдік, миоз және сілекейдің көп бөлінуі сияқты басқа оқиғалармен қатар жүрді. Аталған симптомдар атропин қабылдаудан кейін жоғалады.
Монотерапия
Иринотекан енгізумен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал деп саналатын келесі жағымсыз реакциялар 765 пациентте монотерапияда 350 мг/м² ұсынылған дозада тіркелді. Әрбір жиілік тобында жағымсыз реакциялар күрделілігінің кему тәртібімен ұсынылған. Жиіліктері былай анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - <1 / 1000 дейін) және өте сирек (<1/10 000).
Иринотеканды монотерапияда (әр 3 апта сайын 350 мг/м2) пайдалану кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар |
||
MedDRA бойынша жүйелік-ағзалық жіктеме |
Пайда болу жиілігі |
Қолайсыз реакциялар |
Инфекциялар және инвазиялар |
Жиі |
Инфекциялар |
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар |
Өте жиі |
Нейтропения |
Өте жиі |
Анемия |
|
Жиі |
Тромбоцитопения |
|
Жиі |
Фебрильді нейтропения |
|
Зат алмасу және тамақтану бұзылыстары |
Өте жиі |
Тәбеттің төмендеуі |
Жүйке жүйесі бұзылыстары |
Өте жиі |
Холинергиялық синдром |
Асқазан-ішек бұзылыстары |
Өте жиі |
Диарея |
Өте жиі |
Құсу |
|
Өте жиі |
Жүрек айну |
|
Өте жиі |
Іштің ауыруы |
|
Жиі |
Іш қату |
|
Тері жабындары және теріасты шелмайы тарапынан бұзылыстар |
Өте жиі |
Алопеция (қайтымды) |
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жай-күйлер |
Өте жиі |
Шырышты қабықтың қабынуы |
Өте жиі |
Қызба |
|
Өте жиі |
Астения |
|
Зертханалық деректер |
Жиі |
Қандағы креатининнің жоғарылауы |
Жиі |
АЛТ және АСТ көрсеткіштерінің жоғарылауы |
|
Жиі |
Қандағы билирубиннің жоғарылауы |
|
Жиі |
Қандағы СФ жоғарылауы |
Монотерапия кезіндегі таңдаулы жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Диареяны емдеу жөніндегі нұсқауларды орындаған 20% пациенттерде асқынған диарея байқалды. Баға берілген циклдардан 14%-да асқынған диарея байқалды. Сұйық нәжістің басталуының орташа уақыты инфузиядан кейінгі 5-ші күнге келеді.
Ауыр түрдегі құсу және жүрек айну құсуға қарсы дәрілерді алған шамамен 10% пациенттерде байқалды.
Іш қату 10%-дан аз пациенттерде байқалды.
Нейтропения пациенттердің 78,7%-да білінді, ауыр түрдегісі (нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм³), пациенттердің 22,6%-да байқалды. Бағалауға болатын циклдардан, нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм³ болатын 7,6%-ды қоса алғанда, 18%-да нейтрофилдер саны < 1000 жасуша/мм³ төмен болды.
Толық сауығуға әдетте 22-ші күнде жетті.
Фебрильді нейтропения 6,2% пациентте және 1,7% циклдарда байқалды.
Инфекциялар пациенттердің шамамен 10,3%-да (2,5% цикл) туындады және пациенттердің шамамен 5,3%-да ауыр нейтропениямен байланысты болды (1,1% цикл) және 2 жағдайда өлімге әкелді.
Анемия пациенттердің шамамен 58,7%-да байқалды (8%-да гемоглобин < 8 г/дл және 0,9% -да гемоглобин < 6,5 г/дл).
Тромбоцитопения (< 100 000 жасуша/мм3) 7,4% пациентте және 1,8% циклдарда байқалды, тромбоциттер саны ≤ 50 000 жасуша/мм3 болғанда 0,9% және 0,2% циклдарда. Пациенттердің барлығы дерлік 22-ші күнге қарай сауығып кетті.
Жедел холинергиялық синдром
Ауыр транзиторлық жедел холинергиялық синдром монотерапияда 9% пациентте байқалды.
Ауыр түрдегі астения монотерапия алған 10%-дан аз пациенттерде байқалды. Иринотеканмен себеп-салдарлық байланысы нақты анықталған жоқ.
Инфекциясыз және қатар жүретін ауыр нейтропениясыз қызба монотерапия кезінде 12% пациентте байқалды.
Зертханалық зерттеулер
Трансаминазаның, сілтілік фосфатазаның немесе билирубиннің сарысулық деңгейлерінің өтпелі және орташа жоғарылауы бауырдағы үдемелі метастазсыз сәйкесінше 9,2%, 8,1% және 1,8% пациенттерде байқалды. Қан сарысуындағы креатинин деңгейінің өтпелі және орташа жоғарылауы 7,3% пациентте байқалды.
Біріктірілген ем
Бұл бөлімде жан-жақты сипатталған жағымсыз реакциялар иринотеканға қатысты.
Иринотеканың қауіпсіздік бейініне цетуксимаб ықпал етеді немесе керісінше болады деген дәлелдер жоқ. Цетуксимабпен біріктіргенде цетуксимабты қолданудан күтілетін қосымша жағымсыз реакциялар туралы (безеулі бөртпе түрінде 88%) хабарланды.
Капецитабинді иринотеканмен біріктіріп қабылдаған пациенттерде капецитабинмен монотерапияда байқалғандарға немесе капецитабинмен монотерапиямен салыстырғанда жоғарырақ жиілікпен байқалғандарға қосымша тіркелген жағымсыз реакциялар мыналарды қамтиды: барлық дәрежелердегі өте жиі жағымсыз реакциялар: тромбоз/эмболия; Барлық дәрежелердегі жалпы жағымсыз реакциялар: аса жоғары сезімталдық реакциясы, ишемия/ миокард инфарктісі; Дәрілік затқа 3 және 4 дәрежедегі жиі жағымсыз реакциялар: фебрильді нейтропения.
Капецитабинмен монотерапияда байқалғандарға немесе капецитабинмен монотерапиямен салыстырғанда жоғарырақ жиілікпен байқалғандарға қосымша, капецитабинді иринотеканмен және бевацизумабпен біріктіріп қабылдаған пациенттерде байқалған дәрілік заттарға 3-ші және 4-ші дәрежелі жағымсыз әсерлер мыналарды қамтиды: дәрілік заттарға 3-ші және 4-ші дәрежедегі жалпы жағымсыз әсерлер: нейтропения, тромбоз/эмболия, гипертония және ишемия/ миокард инфарктісі.
3 дәрежелі артериялық гипертензия иринотеканды/5-флюороурацилді/фолиний қышқылын болюстік енгізуге бевацизумабты қосумен байланысты негізгі маңызды қауіп болды. Бұдан басқа, осы режимді пайдаланған кезде химиотерапияның диареямен және лейкопениямен қатар жүретін 3/4 дәрежелі жағымсыз әсерлерінің иринотеканмен/5-флюороурацилмен/фолиний қышқылымен болюстік қабылдауды алған пациенттермен салыстырғанда аздап артуы байқалды.
Иринотекан метастаздық колоректальді обыр кезінде 5-флюороурацилмен/фолиний қышқылымен біріктірімде зерттелді.
Клиникалық зерттеулер барысында алынған жағымсыз реакциялардың қауіпсіздігі туралы деректер MedDRA жүйелік-ағзалық жіктемесі бойынша қан ағымы және лимфа жүйесіндегі бұзылулармен, асқазан-ішек бұзылыстарымен, сондай-ақ тері жабындары және теріасты шелмайы бұзылуларымен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал өте жиі байқалатын 3 немесе 4 дәрежелі жағымсыз әсерлерді көріністейді.
Иринотекан қабылдаумен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал деп саналатын келесі жағымсыз реакциялар 350 мг/м² иринотеканмен ұсынылған дозада монотерапияда 765 пациентте және иринотеканды 5-флюороурацилмен/фолиний қышқылымен әр екі апта сайын ұсынылған 180 мг/м2 дозада қабылдаған 145 пациентте тіркелді.
Иринотекан енгізумен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал деп саналатын келесі жағымсыз реакциялар иринотеканды 5-флюороурацилмен/фолиний қышқылымен әр 2 апта сайын ұсынылған 180 мг/м2 дозада қабылдаған 145 пациентте тіркелді.
Иринотеканды біріктірілген емде (әр 3 апта сайын 180 мг/м2) пайдалану кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар |
||
MedDRA бойынша жүйелік-ағзалық жіктеме |
Пайда болу жиілігі |
Қолайсыз реакциялар |
Инфекциялар және инвазиялар |
Жиі |
Инфекциялар |
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар |
Өте жиі |
Тромбоцитопения |
Өте жиі |
Нейтропения |
|
Өте жиі |
Анемия |
|
Жиі |
Фебрильді нейтропения |
|
Зат алмасу және тамақтану бұзылыстары |
Өте жиі |
Тәбеттің төмендеуі |
Жүйке жүйесі бұзылыстары |
Өте жиі |
Холинергиялық синдром |
Асқазан-ішек бұзылыстары |
Өте жиі |
Диарея |
Өте жиі |
Құсу |
|
Өте жиі |
Жүрек айну |
|
Жиі |
Іштің ауыруы |
|
Жиі |
Іш қату |
|
Тері жабындары және теріасты шелмайы тарапынан бұзылыстар |
Өте жиі |
Алопеция (қайтымды) |
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жай-күйлер |
Өте жиі |
Шырышты қабықтың қабынуы |
Өте жиі |
Астения |
|
Жиі |
Қызба |
|
Зертханалық деректер |
Жиі |
АЛТ және АСТ көрсеткіштерінің жоғарылауы |
Жиі |
Қандағы билирубиннің жоғарылауы |
|
Жиі |
Қандағы СФ жоғарылауы |
Таңдаулы жағымсыз реакциялардың сипаттамасы (біріктірілген ем)
Диареяны емдеу жөніндегі нұсқауларды орындаған 13,1% пациенттерде ауыр диарея байқалды. Баға беруге болатын циклдардан 3,9%-да ауыр түрі болды.
Күшті жүрек айну және құсу жағдайларының жиілігі азырақ байқалды байқалды (сәйкесінше, 2,1% және 2,8% пациенттерде).
Иринотекан және/немесе лоперамид қабылдаумен байланысты іш қату 3,4% пациенттерде байқалды.
Нейтропения пациенттердің 82,5%-да білінді және 9,8% пациентте ауыр сипатта болды (нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм³). Бағалауға болатын циклдардан, нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм³ болатын 2,7%-ды қоса алғанда, 67,3%-да нейтрофилдер саны 1000 жасуша/мм³ төмен болды.
Толық сауығуға әдетте 7-8 күннің ішінде жетті.
Фебрильді нейтропения 3,4% пациентте және 0,9% циклдарда байқалды.
Инфекция пациенттердің шамамен 2%-да (0,5% цикл) байқалды және пациенттердің шамамен 2,1%-да ауыр нейтропениямен байланысты болды (0,5% цикл) және 1 жағдайда өлімге әкелді.
Анемия пациенттердің 97,2%-да тіркелді (2,1%-да гемоглобин < 8 г/дл).
Тромбоцитопения (<100 000 жасуша/мм3) 32,6% пациентте және 21,8% циклдарда байқалды. Күрделі тромбоцитопения (<50 000 жасуша/мм3) байқалған жоқ.
Жедел холинергиялық синдром. Ауыр транзиторлық жедел холинергиялық синдром біріктірілген ем алған 12% пациентте байқалды.
Ауыр түрдегі астения біріктірілген ем алған 6,2% пациентте байқалды. Иринотеканмен себеп-салдарлық байланысы нақты анықталған жоқ.
Инфекциясыз және қатар жүретін ауыр нейтропениясыз қызба біріктірілген ем алған 6,2% пациентте байқалды.
Зертханалық тестілер
SGPT, SGOT, сілтілік фосфатазаның немесе билирубиннің өтпелі сарысулық деңгейлері (1 және 2 дәрежелі) бауырдағы үдемелі метастазсыз, сәйкесінше 15%, 11%, 11% және 10% пациенттерде байқалды. 3 дәрежелі өтпелі үдерістер сәйкесінше 0%, 0%, 0% және 1% пациентте байқалды. 4-ші дәрежесі байқалған жоқ. Амилаза және/немесе липаза деңгейінің жоғарылауы туралы өте сирек жағдайларда хабарланды.
Гипокалиемияның және гипонатриемияның, негізінен диареямен және құсумен байланысты сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Клиникалық зерттеулерде апта сайынғы негізде анықталған басқа да жағымсыз құбылыстар
Иринотеканды қабылдаған кезде мынадай жағдайлардың тіркелгені туралы деректер бар: ауыру, сепсис, аноректальді бұзылыс, асқазан-ішек жолының кандидозы, гипомагниемия, бөртпе, терідегі белгілер, жүрістің бұзылуы, сананың шатасуы, бас ауыруы, естен тану, қан кернеулері, брадикардия, несеп шығару жолдарының инфекциясы, кеуденің ауыруы, гамма-глутамилтрансферазаның күшеюі, экстравазация және ісік лизисі синдромы, жүрек-қантамыр бұзылыстары (стенокардия, жүректің тоқтауы, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы, шеткері тамырлардың бұзылысы, тамырлық бұзылулар) және тромбоэмболиялық құбылыстар (артериялық тромбоз, церебральді инфаркт, мидағы қанайналымның бұзылуы, тереңдегі веналар тромбозы, шеткері эмболия, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, тромбофлебит, тромбоз және кенеттен өлу).
Тіркеуден кейінгі зерттеулер
Тіркеуден кейінгі бақылаулардың жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).
MedDRA бойынша жүйелік-ағзалық жіктеме |
Жағымсыз құбылыстар |
Инфекциялар және инвазиялар |
Жалған жарғақшалы колит, олардың біреуі бактериологиялық тұрғыда расталған (Clostridium difficile). Сепсис Зеңдік инфекция* Вирустық инфекциялар+ |
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар |
Антитромбоцитарлық антиденелері бар тромбоцитопения. |
Иммундық жүйе бұзылыстары |
Аса жоғары сезімталдық Анафилаксиялық реакция |
Зат алмасу және тамақтану бұзылыстары |
Сусыздану (диарея және құсу салдарынан) Гиповолемия |
Жүйке жүйесі бұзылыстары |
Сөйлеудің бұзылуы, әдетте, табиғаты бойынша өтпелі, кейбір жағдайларда оқиға иринотекан инфузиясы кезінде немесе одан кейін көп ұзамай байқалатын холинергиялық синдроммен түсіндіріледі. Парестезия Бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы |
Жүрек-қантамыр жүйесі бұзылыстары |
Гипертония (инфузия кезінде немесе одан кейін) Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі++ Гипотония++ |
Респираторлық, торакальді және көкірек ортасы бұзылыстары |
Өкпе инфильтрациясымен білінетін, өкпенің интерстициальді ауруы, иринотеканмен ем кезінде сирек кездеседі; Ентігу сияқты ерте әсерлері хабарланған. Ентігу Ықылық ату |
Асқазан-ішек бұзылыстары |
Ішек бітелісі: алдында болатын колитсіз ішек бітелісі жағдайлары туралы да хабарланды. Мегаколон Асқазан-ішектен қан кету. Колиттер; кейбір жағдайларда колит ойық жарамен, қан кетумен, ішек бітелісімен немесе инфекциямен асқынған. Тифлит Ишемиялық колит. Ойық жаралы колит Панкреатиттік ферменттердің симптоматикалық немесе симптомсыз жоғарылауы. Ішектің тесілуі |
Гепатобилиарлы бұзылыстар |
Стеатогепатит Бауыр стеатозы. |
Тері және теріасты шелмайының аурулары |
Тері реакциясы |
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіні |
Құрысулар |
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылыстар |
Бүйрек жеткіліксіздігі және бүйректің жедел жеткіліксіздігі, әдетте, инфекцияланған және/немесе ауыр асқазан-ішек уыттылығының салдарынан әлсіреген пациенттерде++ Бүйрек жеткіліксіздігі ++ |
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі жай-күйлер |
Енгізген жердегі реакция |
Зертханалық деректер |
Амилаза деңгейінің жоғарылауы Липазаның жоғарылауы Гипокалиемия Гипонатриемия, негізінен диареямен және құсумен байланысты. Өте сирек жағдайларда көбінесе диареямен және құсумен байланысты гипонатриемия туралы хабарланды, бауырдағы үдемелі метастазасыз трансаминазаның (мысалы, АСТ және АЛТ) жоғарылауы. |
*мысалы, Pneumocystis jirovecii пневмония, бронх-өкпе аспергиллезі, жүйелі кандидоз. +мысалы, белдемелі герпес, тұмау, В гепатитінің реактивациясы, цитомегаловирустық колит. ++Бүйрек жеткіліксіздігінің, артериялық гипотензияның немесе жүрек қанайналым жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары диареямен және/немесе құсумен байланысты сусыздану көріністері, немесе сепсисі бар пациенттерде байқалды. |
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - иринотекан гидрохлориді тригидраты 20 мг;
қосымша заттар: сорбитол, сүт қышқылы, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су, азот.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден сәл сарғыш түске дейінгі, көрінетін бөлшектерсіз мөлдір ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл, 5 мл, 15 мл немесе 25 мл препараттан янтарь түсті шыныдан жасалған, резеңке тығынмен жабылған және полипропиленді дискісі бар алюминий тығыздағышпен қаусырылып жапсырылған құтыларға салынады.
Әрбір құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Ерітіндіні сұйылтқаннан кейін 2°С – 8°С температурада 24 сағаттан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Eugia Pharma Specialities Limited,
Survey No. 550, 551 & 552, Kolthur Village/Колтур Виллидж, Shamirpet Mandal, Medchal-Malkajgiri District, Telangana, Үндістан. Тел. +91 04030848000, e-mail: info@aurobindo.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Eugia Pharma Specialities Limited, Plot No.: 2, Maitrivihar, Ameerpet, Hyderabad/Хайдерабад - 500 038, Telangana State, Индия. Тел. +91 04030848000, e-mail: info@aurobindo.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ықшам ауд, 157, т.е.ү. 819.
Тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: office.secretary@rogersgroup.in
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ЖК Канумуру И. Г., Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ықшам ауд, 157, т.е.ү. 819.
Тел. (727) 311-81-96/97, +77479911904,
e-mail: irina.volovnikova@gmail.com