Инстенон® (Раствор для инъекций)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Инстенон®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне инъекцияға арналған ерітінді, 2мл
Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар: 10,0 мг гексобендин дигидрохлориді, 100,0 мг этофиллин,
50,0 мг этамиван
қосымша заттар: динатрий эдетаты, пропиленгликоль, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Шеткергі вазодилататорлар. Пуриндер
АТХ коды C04AD
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Инстенон® препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан оған кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Инстенон® – қан ағымы бұзылған жағдайда ми жұмысын жақсартуға арналған біріктірілген препарат болып табылады. Препараттың белсенді компоненттері жүйке жүйесінің ишемиялық және гипоксиялық зақымдану патогенезінің әртүрлі желісіне бірігіп, бір сәтте және бір бағытта әсер етеді.
Этофиллин миокардтың метаболизмін белсенді етіп, жүректің минуттық көлемін арттырады, ол ишемияның шеткі аймақтары қан тамырларындағы перфузиялық қысымның артуына ықпалын тигізеді. Мұндайда жүйелік артериялық қысым өзгермейді. Жүйке жүйесіне қоздырғыш әсері қыртысасты түзілімдерінің, ортаңғы мидың және бағаналық орталықтар мен ядроларының (вегетативті реттелудің тыныстық, қантамырды қозғалтқыш орталығы, сондай-ақ бассүйек-ми жүйкелері, әсіресе кезеген жүйкесі ядролары) ынталануы арқылы білінеді.
Этамиван ми бағанасы ретикулярлы формациясының бейімделу мүмкіндігіне айқын жағымды әсер етіп, қыртыс және қыртысасты-бағаналы құрылымдары нейрондық кешенінің қызмет жағдайын қалыпты етеді.
Гексобендин анаэробты гликолиз бен пентоздық циклдердің белсенділенуі есебінен глюкоза және оттегінің утилизациясын арттырады. Осындай белсенділену мүмкіндігі ишемия және гипоксия жағдайларында, аэробты тотығып фосфорлану циклі бұзылған кезде ғана жүзеге асады. Анаэробты тотығуды көтермелеу медиаторлардың, нейротрансмиттерлердің синтезі мен алмасуы және синаптикалық берілімнің қалпына келуі үшін энергетикалық субстрат береді, оның басылуы нейрон мембраналарының құрылысының бұзылуымен қатар, гипоксияда және ми ишемиясында сананың және некрологиялық бұзылулардың жетекші патогенетикалық механизмі болып табылады. Гексобендин сонымен қатар церебральді және кардиальді қан ағысы аутореттелуінің физиологиялық механизмін тұрақтандырады, ол лактаттың және пируваттың (анаэробты гликолиз өнімдерінің) интракраниальді артериолалары мен қылтамырлардың рецепторлы аппаратына әсер етуімен байланысты.
Инстенонды® ишемиялық инсульт, жабық бассүйек-ми жарақаты жағдайында қолданған кезде емделуші санасының қалпына келгені, неврологиялық бұзылулардың кері дамығаны, вегетативті өрістің белсенділенуі білінеді.
Қолданылуы
- цереброваскулярлық жеткіліксіздіктің жедел және созылмалы түрлерінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге
Жедел ағымды церебральді ишемияларда және гипоксияларда к/і декстрозаның (глюкозаның) 5% ерітіндісінің немесе физиологиялық ерітіндінің 200 мл-дегі 2 мл дозасын баяу тамшылатып енгізуге тағайындайды. Қолдану жиілігі – тәулігіне 1-2 рет. Емдеу ұзақтығы – 3-5 тәулік немесе клиникалық жақсаруға дейін. Жағдайдың жақсаруына қарай, емдеу препараттың пероральді түрімен жалғастырылуы мүмкін.
Басқа жағдайларда 200 мл 5% декстроза ерітіндісіндегі бір реттік 2 мл дозаны б/і немесе к/і баяу, парентеральді тағайындайды. Енгізу жиілігі – тәулігіне 1-2 рет. Емдеу ұзақтығы 7-10 күнді құрайды.
Жағымсыз әсерлері
- ауырлық дәрежесі әртүрлі аллергиялық реакциялар
- бас ауыруы, бас айналуы (к/і жылдам енгізген кезде)
- ұйқысыздық
- жүрек айнуы
- гипотония / гипертония
- ысыну, құлақтың шуылдауы, жүрек жиырылуы жиілігінің артуы / азаюы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық
- құрысу синдромында, жедел қозғыштық жағдайында
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
- эпилепсия
- миға қан құйылу
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Инстенон® мен ацетилсалицил қышқылын біріктіріп қолданған кезде оның антиагрегантты әсері күшеюі мүмкін.
Инстенонды® және кофеинді жоғары дозада бір мезгілде қолданған кезде Инстенонның® емдік әсерінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Таяуда жедел инсульт алған және айқын ұйқы артериясының стенозы бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Бірқатар жағдайларда препаратты к/і жылдам енгізген кезде АҚ төмендеуі мүмкін, сондықтан 1 ампуланы енгізу уақыты 3 минуттан кем болмауы тиіс немесе препарат инфузия түрінде енгізілуі тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Негізгі аурулар мен ықтимал жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ампуладағы Инстенонды пайдалану кезінде абай болу қажет.
Артық дозалануы
Сиптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл-ден сындыру нүктесі және үш таңбалау сақинасымен түссіз шыны ампулаларда. 5 ампуладан полистеролдан жасалған ұяшықты қаптамаға салынған.
1 ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
2 ºС -ден 8 ºС -ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Такеда Австрия ГмбХ, Австрия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Такеда Австрия ГмбХ, Австрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстандағы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» компаниясының өкілдігі (Австрия)
Алматы қ., Бегалин к-сі 136 а
Телефон нөмірі (727) 2444004
Факс нөмірі (727) 2444005
Электронды поштасы DSO-KZ@takeda.com