ИНСПИРОН®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Инспирон®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фенспирид
Дәрілік түрі
Шәрбат 4 мг/мл, 150 мл
Құрамы
1 мл шәрбаттың құрамында:
белсенді зат: фенcпирид гидрохлориді 100 % затқа шаққанда – 4 мг;
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), калий сорбаты, «Қаражидек» 22096 хош иістендіргіші, мия тамырының экстрактісі, ванилин, глицерин, натрий сахарині, қант-рафинад, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ақшыл-сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Бозаңдануына және шайқағанда еріп кететін шөгінді болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі қолдануға арналған басқа препараттар. Фенспирид.
АТХ коды R03D X03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қанда препараттың ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Тmax) орташа алғанда 2,3 ± 2,5 сағатты құрайды (шеткі мәні 0,5-тен 8 сағатқа дейін).
Жартылай шығарылу кезеңі – 12 сағат. Препарат, негізінен несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Фенспирид бронх кеңейтетін және қабынуға қарсы әсерге иеленген.
Бұл әсер түрлі бір-бірімен байланысты механизмдердің өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады:
- гистаминдік Н1-рецепторларының деңгейінде антагонистік белсенділік және папаверин тәрізді (миотропты) спазмалитикалық әсер;
- қабынуға қарсы әсер түрлі қабынуға қарсы факторлар (цитокиндердің, TNFальфа, арахидон қышқылы туындыларының және бос радикалдардың) өнімінің төмендеу нәтижесі болып табылады, олардың кейбіреуі бронх констрикторлық әсер етеді. Алайда бұл әсерлер тек қана өте үлкен дозаларда немесе концентрацияларда байқалған.
Қолданылуы
Тыныс алу жолының ауруларын (жөтел және қақырық түсіру) симптоматикалық емдеу.
Бұл препаратты қабылдау қажет болған жағдайда антибиотиктермен емді бастауды тежемеуі керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Пероральді қолдану үшін.
2 жастан асқан балаларға және ересектерге тағайындайды.
Тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөліп, тамақтанар алдында қабылдау керек.
Тәуліктік дозаны баланың дене салмағы мен жасын ескере отырып тағайындаған жөн, бірақ ол ұсынылаған дозадан аспауы тиіс.
2 жастан асқан балалар.
Әдеттегі ұсынылған доза күніне 4 мг/кг фенспирид гидрохлоридін құрайды.
10 кг дейін:
күніне 20-40 мг фенспирид гидрохлориді (5-10 мл немесе 1-2 өлшеуіш қасық шәрбат).
10 кг астам:
күніне 60-120 мг фенспирид гидрохлориді (15-30 мл немесе 3-6 өлшеуіш қасық шәрбат).
Ересектер және жасөспірімдер
Күніне 90-180 мг фенспирид гидрохлориді (22,5-45 мл немесе 4,5-9 өлшеуіш қасық шәрбат).
Ересектерге препаратты таблетка түрінде тағайындауға болады.
1 өлшеуіш қасық шәрбаттың (5 мл) құрамында 20 мг фенспирид гидрохлориді бар.
Емдеу курсы.
Емдеудің ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және дәрігер жеке анықтайды.
Балалар. Препаратты педиатриялық тәжірибеде 2 жастан асқан балаларға қолданады.
Жағымсыз реакциялары.
Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (≥1/100000, <1/10000), жиілігі анықталмаған (қолда бар деректердің негізінде даму жиілігіне бағалау жүргізу мүмкін болмай отыр).
Жиі:
- асқазан-ішек бұзылыстары, жүрек айнуы, асқазанның ауыруы
Сирек
- қалыпты тахикардия, дозаны азайтқанда төмендейді
- ұйқышылдық
- аллергиялық реакциялар: эритема, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, бекітілген пигментті эритема
Жиілігі анықталмаған:
- диарея, құсу
- астения, шаршау, бас айналуы
- жүрек соғуының жиілеуі, гипотензия (тахикардиямен байланысты болуы мүмкін)
- терінің қышынуы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеген.
Фенспирид Н1-антигистаминдік препараттардың тыныштандыратын әсерін арттыратын болғандықтан, оны тыныштандыратын препараттармен және алкогольмен біріктіру ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Қосымша заттар:
Препараттың құрамында қант бар, сондықтан сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактозаның сіңірілуі бұзылған немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге қабылдамаған жөн.
Өлшеуіш қасықпен өлшенген 5 мл препараттың құрамында 3 г сахараза (15 мл-ге 9 г) бар мұны қант диабеті бар пациенттерге ескерген жөн.
Препараттың құрамында парабендер (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат) болғандықтан, ол аллергиялық реакцияларды (мүмкін мерзімі өткен) туындатуы мүмкін.
Жүктілік, лактация кезеңі және фертильділік
Жүктілік
Жүкті әйелдердің фенспиридті пайдалануы туралы деректер жоқ немесе олар шектеулі. Препаратты жүктілік кезінде қабылдау ұсынылмаған, дегенмен фенспиридті қабылдағанда жүктіліктің расталуы жүктілікті тоқтатуды қажет етпейді.
Лактация кезеңі
Қазіргі уақытта фенспиридтің сүтпен бөлінуі- бөлінбеуі белгісіз.
Инспирон® препаратын емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Ұрпақ өрбіту жүйесіне қатысты уыттылығын зерттеу еркек және ұрғашы егеуқұйрықтардың фертильдігіне әсерін анықтамаған.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Шәрбаттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілмеген.
Дегенмен шәрбат ұйқышылдықты туындатуы мүмкін болғандықтан, автокөлікті жүргізу және механизмдерді пайдалану қабілетіне, әсіресе емдеудің басында немесе алкогольді қабылдаумен бірге елеусіз әсер етеді.
Артық дозалануы
Симптомдары: ұйқышылдық немесе қозу, жүрек айнуы, құсу, синусты тахикардия.
Емі: асқазанды шаю, ЭКГ мониторинг.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада.
Мұздатып қатыруға болмайды. Қолданар алдында шайқау керек.
Ашқаннан кейін 30 тәуліктен асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
150 мл алғашқы ашылуы бақыланатын және балалардан қорғанышы бар пластик қалпақшалармен жабылған шыны құтыда.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық және өлшеуіш қасықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Галичфарм» ЖАҚ
Тіркеу куәлігінің иесі
«Галичфарм» ЖАҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8.
Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: Almaty@arterium.ua