Инвакар

МНН: Эртапенем натрия
Производитель: Глэнд Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ertapenem
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023526
Информация о регистрации в РК: 13.02.2018 - 13.02.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Инвакар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эртапенем

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 1 г

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 1.046 1 натрий эртапенемі (1.000 эртапенемге баламалы),

қосымша заттар: натрий бикарбонаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су2, азот

1 - 100 % сусыз затқа шаққанда, 16 % артық мөлшерін есепке алмай

2 – Өндіріс үдерісінде жойылады

Сипаттамасы

Ақ дерліктен бозғылт-сары түске дейінгі ұнтақ немесе кесек.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамды препараттар. Карбапенемдер. Эртапенем.

АТХ коды J01DH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы концентрациялары. Дені сау ересек еріктілерге (25-тен 45 жасқа дейінгі) вена ішіне бір рет 30 минуттық 1 г инфузиядан кейін қан плазмасындағы эртапенем орташа концентрациялары дозаны енгізуден кейін (инфузияны аяқтау) 0.5 сағаттан соң 155 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізуден кейін 12 сағаттан соң 9 мкг/мл және дозаны енгізуден кейін 24 сағаттан соң 1 мкг/мл құрады.

Қан плазмасында эртапенем концентрациясының қисығы (AUC) ересектерде 0.5-тен 2 г дейінгі дозалар диапазонында дозаға тура пропорционал.

0.5-тен 2 г дейінгі диапазонда дозаларды көп рет вена ішіне енгізуден кейін ересектерде эртапенем жинақталуы жүрмейді.

3-тен 23 айға дейінгі пациенттерде 15 мг/кг (ең жоғары 1 г дозаға дейін) дозада вена ішіне бір рет 30 минуттық инфузиядан кейін қан плазмасында эртапенем орташа концентрациялары дозаны енгізуден кейін (инфузияны аяқтау) 0.5 сағаттан соң 103.8 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізуден кейін 6 сағаттан соң 13.5 мкг/мл және дозаны енгізуден кейін 12 сағаттан соң 2.5 мкг/мл құрады.

2-ден 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг (ең жоғары 1 г дозаға дейін) дозада вена ішіне бір рет 30 минуттық инфузиядан кейін қан плазмасында эртапенем орташа концентрациялары дозаны енгізуден кейін (инфузияны аяқтау) 0.5 сағаттан соң 113.2 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізуден кейін 6 сағаттан соң 12.8 мкг/мл және дозаны енгізуден кейін 12 сағаттан соң 3.0 мкг/мл құрады.

13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде 20 мг/кг (ең жоғары 1 г дозаға дейін) дозада вена ішіне бір рет 30 минуттық инфузиядан кейін қан плазмасында эртапенем орташа концентрациялары дозаны енгізуден кейін (инфузияны аяқтау) 0.5 сағаттан соң 170.4 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізуден кейін 12 сағаттан соң 7.0 мкг/мл және дозаны енгізуден кейін 24 сағаттан соң 1.1 мкг/мл құрады.

Үш пациентте (13-тен 17 жасқа дейінгі) вена ішіне бір рет 30 минуттық 1 г инфузиядан кейін қан плазмасында эртапенем орташа концентрациялары дозаны енгізуден кейін (инфузияны аяқтау) 0.5 сағаттан соң 155.9 мкг/мл (Cmax) және дозаны енгізуден кейін 12 сағаттан соң 6.2 мкг/мл құрайды.

Таралуы. Эртапенем адамның қан плазмасы ақуыздарымен оңай байланысады. 25-тен 45 жасқа дейінгі дені сау тұлғаларда ақуыздармен байланысуы қан плазмасында концентрациялардың қан плазмасындағы < 50 мкг/мл концентрациясында шамамен 95% байланысудан қан плазмасындағы 155 мкг/мл жуық концентрациясында шамамен 92% байланысуға дейін жоғарылағанда төмендейді (орташа концентрацияларға вена ішіне 1 г доза инфузиясының аяқталуына қарай жеткен).

Ересектерде эртапенемнің таралу көлемі (Vdss) шамамен 8 л (0.11 л/кг), 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда шамамен 0.2 л/кг және 13-тен 17 жасқа дейінгі балаларда шамамен 0.16 л/кг құрайды.

Тері күлдіреуіктерінде болатын эртапенем концентрациялары тәулігіне 1 рет 1 г дозада вена ішіне енгізуден кейін үшінші күні плазмадағы AUC мәніне тері күлдіреуіктеріндегі AUC арақатынасы 0.61 екенін көріністеді.

In vitro зерттеулері ақуыздармен оңай байланысатын препараттардың (варфарин, этинилэстрадиол және норэтиндрон) қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына эртапенем әсері елеусіз болғанын көрсетеді. 1 г дозаны енгізуден кейін қан плазмасында ең жоғары эртапенем концентрацияларында байланысу өзгерісі <12% құрады. In vivo, пробенецид 500 мг дозада әр 6 сағат сайын 91-ден 87% дейінгі жағдайлар диапазонында вена ішіне бір реттік 1 г доза енгізілген адамдарда инфузия соңына қарай қан плазмасында эртапенемнің байланысу фракциясын азайтты. Осындай әсерлердің қысқа мерзімді болатыны жорамалданады. Препараттардың оларды эртапенемнің ығыстыруы немесе керісінше ығыстыру салдарынан клиникалық мәнді өзара әрекеттесуінің туындау ықтималдығы аз.

In vitro зерттеулері эртапенемнің дигоксин немесе винбластиннің Р-гликопротеин арқылы тасымалдануын тежемейтінін және өзі оның субстраты емес екенін көрсетеді.

Метаболизмі. Дені сау ересек 23-тен 49 жасқа дейінгі тұлғаларда радиоактивті таңбаланған 1 г эртапенемді вена ішіне инфузиялаудан кейін қан плазмасындағы эртапенем мөлшері 94% құрады. Эртапенемнің негізгі метаболиті бета-лактамды сақинаның дегидропептидаза-I арқылы гидролизінде түзілген ашық сақиналы туынды болып табылады.

Адамның бауыр микросомаларына жүргізілген іn vitro зерттеулері эртапенемнің 6 негізгі CYP 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоформаларының қандай да бірі арқылы жүрген метаболизмді тежемейтінін көрсетеді.

Шығарылуы. Дені сау жас ересектерге (23-тен 49 жасқа дейінгі) радиоактивті таңбаланған 1 г эртапенемді вена ішіне енгізуден кейін препараттың 80% шамасы несеппен және 10% нәжіспен шығарылады. Несеппен шығарылған препараттың 80%-ның 38% шамасы өзгермеген эртапенем түрінде және 37% жуығы ашық сақиналы метаболит түрінде шығарылады.

Дені сау жас ересектерде (18-ден 49 жасқа дейінгі) және 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде 1 г дозаны вена ішіне енгізгенде қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі 4 сағатқа жуық құрайды. 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі 2.5 сағатқа жуық құрайды. Эртапенемнің несептегі орташа концентрациялары дозаны енгізуден кейін 0-2 сағат ішінде 984 мкг/мл артады және дозаны енгізуден кейін 12-ден 24 сағатқа дейінгі кезең ішінде 52 мкг/мл артады.

Жекелеген топтар

Жынысы. Қан плазмасында эртапенем концентрациялары ерлер мен әйелдерде салыстырмалы.

Егде жас. Эртапенемді 1 және 2 г дозада вена ішіне енгізуден кейін қан плазмасындағы концентрациялары дені сау егде тұлғаларда (≥ 65 жас) жасырақ пациенттердегіден (< 65 жас) біршама жоғары (шамамен тиісінше 39 және 22%). Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр түрі болмағанда егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Балалар. Қан плазмасында эртапенем концентрациялары 13-тен 17 жасқа дейінгі балаларда және тәулігіне 1 г дозада вена ішіне енгізуден кейін ересектерде салыстырмалы болды.

20 мг/кг дозада (ең жоғары 1 г дозаға дейін) енгізуден кейін фармакокинетика көрсеткіштері 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде, әдетте, дені сау ересек жастардағы көрсеткіштермен салыстырмалы болды.

Фармакокинетика деректерін бағалау мақсатында осы жас тобындағы барлық пациенттер препаратты 1 г дозада қабылдаған, деректер дозаға байланысты болған жағдайда 1 г дозаға түзетумен есептелген. Нәтижелерді салыстыру тәулігіне 1 рет 1  г доза енгізілгенде 13-17 жастағы пациенттерде және ересектерде эртапенемнің салыстырмалы фармакокинетикалық бейініне жететінін көрсетеді. AUC үшін арақатынастар (13-17 жас/ересектер), инфузия соңындағы концентрациялар және қолданудың орташа уақыт нүктесінде, тиісінше, 0.99, 1.20 және 0.84% құраған.

3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг дозада эртапенемді вена ішіне бір рет енгізуден кейін қолданудың орташа уақыт нүктесінде қан плазмасындағы концентрациялар ересектерде 1 г дозада эртапенемді бір рет вена ішіне енгізуден кейін қолданудың орташа уақыт нүктесінде қан плазмасындағы концентрациялармен салыстырмалы болды. 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде эртапенемнің плазмалық клиренсі (мл/мин/кг) ересектермен салыстырғанда шамамен 2 есе жоғары. 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг дозада AUC көрсеткіші мен қан плазмасындағы концентрациялары қолданудың орташа уақыт нүктесінде эртапенемді 1 г дозада вена ішіне қабылдаған дені сау жас ересектердегі көрсеткіштермен салыстырмалы болды.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде эртапенем фармакокинетикасы зерттелмеген. Эртапенемнің бауырдағы шектеулі метаболизмі себебінен бауыр функциясының бұзылуында препарат фармакокинетикасының өзгеруі күтілмейді. Сондықтан бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Эртапенемді 1 г дозада ересектерге бір рет вена ішіне енгізуден кейін жалпы эртапенем (байланысқан және байланыспаған) мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылулары бар (креатинин клиренсі 60-тан 90 мл/мин/1.73 м2 дейін) пациенттерде және дені сау адамдарда (25-тен 82 жасқа дейін) ұқсас. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылулары бар (креатинин клиренсі 31-ден 59 мл/мин/1.73 м2 дейін) пациенттерде жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері, дені сау адамдармен салыстырғанда, тиісінше, шамамен 1.5 және 1.8 есе жоғарылаған. Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр түріне шалдыққан (креатинин клиренсі 5-тен 30 мл/мин/1,73 м2 дейін) пациенттерде жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері, дені сау адамдармен салыстырғанда, тиісінше, 2.6 және 3.4 есе жоғарылаған. Гемодиализ жүргізілетін пациенттерде жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері, дені сау адамдармен салыстырғанда, диализ сеанстары арасында, тиісінше, шамамен 2.9 және 6.0 есе жоғарылады. Гемодиализ сеансын жүргізер алдында тікелей вена ішіне 1 г бір рет енгізуден кейін дозаның 30% шамасы диализатпен шығарылған. Бүйрек функциясының бұзылулары бар балаларға қатысты деректер жоқ.

Дозалауға қатысты нұсқауларды белгілеу үшін терминалдық сатыдағы бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде және гемодиализ жүргізу қажет болатын пациенттерде эртапенем қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы тиісті деректер жоқ. Сондықтан эртапенемді пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Эртапенем пенициллин байланыстырушы ақуыздарға (ПБА) қосылумен қатар жүретін жасушалық жақтау синтезін тежейді. Escherichia coli өте күшті аффинділігі (2 және 3 ПБА-мен байланысуға қабілеттілік) білінеді.

Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық (ФК/ФД) өзара байланысуы. Клиникаға дейінгі ФК/ФД зерттеулерінде, басқа бета-лактамды антибиотиктер сияқты, тиімділігінің плазмада эртапенем концентрациясының қоздырғыштың ең төменгі тежеу концентрациясынан арту уақытымен тікелей өзара байланысты болатыны көріністелген.

Төзімділік механизмі. Еуропада жүргізілген төзімділікті қадағалау зерттеулеріне сай, кейбір төзімді штаммдарда карбапенемдер класының бактерияға қарсы басқа препараттарына төзімділік байқалған. Эртапенем, пенициллиназалар, цефалоспориназалар және ауқымы кең бета-лактамазаларды қоса, бета-лактамазалардың көптеген кластарымен гидролизденуге тиімді түрде тұрақты, бірақ металл-бета-лактамазаларға емес.

Метициллинге төзімді стафилококктар мен энтерококктар ПБА мақсатқа сезімтал еместігі себепті эртапенемге төзімді болады; P. aeruginosa және ферментативті емес басқа бактериялар әдетте төзімді болады, бұл шектеулі өтуі мен белсенді ағып шығу салдарынан болуы мүмкін.

Энтеробактерияларда төзімділік аракідік байқалады; эртапенем әдетте ауқымы кең бета-лактамазалармен (АКБЛ) энтеробактерияларға қатысты белсенді. Алайда, төзімділігін АКБЛ немесе белсенділігі жоғары басқа бета-лактамазалар (мысалы, AmpC типтер) бір немесе одан көп пориндерді (сыртқы жарғақша ақуыздары) жоғалту салдарынан немесе ағып кетудің белсенділенуінде туындаған әлсіз өткізгіштікпен бір мезгілде қатысқанда байқауға болады. Төзімділігі, бұл сирек байқалса да, айқын карбапенем-гидролиздеуші белсенділікпен (мысалы, IMP және VIM металл-бета-лактамазалар немесе KPC-типтер) бета-лактамазалардың түзілуі салдарынан да туындауы мүмкін.

Эртапенемнің әсер ету механизмі хинолондар, аминогликозидтер, макролидтер және тетрациклиндер сияқты басқа класс антибиотиктерінің механизмінен ерекшеленеді. Эртапенем мен осы препараттар арасында нысанаға тәуелді айқаспалы төзімділік жоқ. Алайда микроорганизмдер механизм кейбір заттардың және/немесе эфлюксті помпаның өткізгіш еместігін кепілдегенде (немесе қамтығанда) бактерияға қарсы препараттардың бір кластан көбіне төзімділігін көріністеуі мүмкін.

EUCAST MIC концентрацияларының шектік мәндері мынадай:

Enterobacteriaceae: S 0.5 мг/л және R > 1 мг/л

Streptococcus A,B,C,G: S 0.5 мг/л және R > 0.5 мг/л

Streptococcus pneumoniae: S 0.5 мг/л және R > 0.5 мг/л

Haemophilus influenzae: S 0.5 мг/л және R > 0.5 мг/л

M. catarrhalis: S 0.5 мг/л және R > 0.5 мг/л

Грам-теріс анаэробтар: S 1 мг/л және R > 1 мг/л

Штаммдармен байланыссыз соңғы нүктелер: S 0.5 мг/л және R > 1 мг/л

(NB: стафилококктардың эртапенемге сезімталдығы метициллинге сезімталдыққа тәуелді)

Емдеуші дәрігер жергілікті MIC туралы ақпаратты назарға алу керек (ондай ақпарат болса).

Микробиологиялық сезімталдығы. Белгілі бір штаммдар үшін төзімділіктің болуы уақыт пен географиялық орналасуына қарай ауытқуы мүмкін, оны ауыр инфекцияларды емдеуде ескеру қажет. Еуропалық Одақ елдерінде топтық инфекция жағдайлары жөнінде деректер бар. Төменде берілген ақпарат микроорганизмдердің ықтимал сезімталдығын немесе сезімтал еместігіне тек бағдарлы деректер береді.

Сезімтал микроорганизмдер:

Грамм-оң аэробтар: Метициллинге сезімтал стафилококктар (Staphylococcus aureus қоса)*

Streptococcus agalactiae*, Streptococcus pneumoniae*†, Streptococcus pyogenes

Грамтеріс аэробтар: Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli*, Haemophilus influenzae*, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae*, Moraxella catarrhalis*, Morganella morganii, Proteus mirabilis*, Proteus vulgaris, Serratia marcescens

Анаэробтар: Bacteroides fragilis және B. fragilis*тобы штаммдары, Clostridium тектес микроорганизмдер (C. Difficile қосылмағанда)*, Eubacterium* тектес микроорганизмдер, Fusobacterium* тектес микроорганизмдер, Peptostreptococcus*, Porphyromonas asaccharolytica* тектес микроорганизмдер, Prevotella* тектес микроорганизмдер

Төзімділігі жүре пайда болған штаммдар:

Метициллинге төзімді стафилококтар+#

Төзімді микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Corynebacterium jeikeium, Энтерококктар, Enterococcus faecalis және Enterococcus faecium қоса

Грамтеріс аэробтар: Aeromonas тектес микроорганизмдер, Acinetobacter, Burkholderia cepacia, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia тектес микроорганизмдер

Анаэробтар: Lactobacillus тектес микроорганизмдер

Басқалар: Chlamydia тектес микроорганизмдер, Mycoplasma тектес микроорганизмдер, Rickettsia тектес микроорганизмдер, Legionella тектес микроорганизмдер

* Клиникалық зерттеулерде белсенділігі қанағаттанарлық болып көріністелген.

Пенициллинге төзімді Streptococcus pneumoniae туғызған ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде Эртапенем препаратының тиімділігі анықталмаған.

+ Кейбір қатысушы елдерде жүре пайда болған төзімділік жиілігі > 50%.

# Метициллинге төзімді стафилококктар (MRSA қоса) бета-лактамдарға үнемі төзімді.

Қолданылуы

Емі

- ересектерде және 3 айлықтан бастап 17 жасқа дейінгі балаларда микроорганизмдердің сезімтал штаммдары туғызған келесі инфекцияларды емдеу үшін, сондай-ақ антибиотикті парентеральді түрде енгізу қажет болғанда старттық эмпириялық бактерияға қарсы ем ретінде:

- интраабдоминальді инфекцияларда

- ауруханадан тыс пневмонияда

- гинекологияда жедел инфекцияларда

- диабеттік табан синдромында терінің және жұмсақ тіндердің инфекцияларында

Профилактикасы

  • ересектерде колоректальді аумаққа жоспарлы хирургиялық операция кезінде хирургиялық жара инфекциясының профилактикасы үшін (антибиотиктерді тиісті қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеріп)

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Емі

Ересектер және жасөспірімдер (13-тен 17 жасқа дейін) Эртапенем дозасы вена ішіне тәулігіне 1 рет 1 г құрайды.

Нәрестелер және балалар (3 айдан 12 жасқа дейін) Эртапенем дозасы вена ішіне тәулігіне 2 рет 15 мг/кг (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) құрайды.

Профилактика

Ересектер. Жоспарлы колоректальді хирургиялық операция жүргізілгенде хирургиялық жара инфекциясының профилактикасы үшін ұсынылатын доза хирургиялық араласудан 1 сағат бұрын вена ішіне бір реттік 1 г құрайды.

Балалар. Деректер болмауына орай, 3 айға дейінгі балаларда Эртапенем қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар ересек пациенттерде инфекцияларды емдеуге Эртапенем қолдануға болады. Креатинин клиренсі > 30 мл/мин/1.73 м2 пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр түріне шалдыққан пациенттерде эртапенем қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер қазіргі уақытта жеткіліксіз, сондықтан эртапенемді ондай пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар мен жасөспірімдерге эртапенем қолдануға қатысты деректер жоқ.

Гемодиализде жүрген пациенттер. Гемодиализ жүргізілетін пациенттерде эртапенем қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жеткіліксіз, сондықтан эртапенемді ондай пациенттерге қолдануға болмайды.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттер. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларын қоспағанда, ұсынылатын Эртапенем дозасын қолдану керек.

Қолдану тәсілі

Вена ішіне енгізу. Эртапенем инфузия түрінде 30 минут бойы енгізілу керек.

Эртапенеммен емдеудің әдеттегі ұзақтығы аурудың және оны тудырған патогенді микроорганизмнің (микроорганизмдердің) түріне қарай 3-тен 14 күнге дейін құрайды. Клиникалық көрсетілімдер болғанда, клиникалық жақсару жағдайында келесі микробқа қарсы ішу арқылы емге көшуге болады.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар:

Тек бір рет қолдануға арналған.

Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындаудан кейін бірден натрий хлоридінің 0.9% (9 мг/мл) ерітіндісінде сұйылту керек.

Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні әзірлеу. Эртапенем енгізілер алдында қалпына келтіріп, одан кейін сұйылту керек.

Ересектер және жасөспірімдер (13 жастан 17 жасқа дейінгі)

Қалпына келтіру.

Шамамен 100 мг/мл концентрацияда қалпына келтірілген ерітіндіні алу үшін инъекцияға арналған 10 мл суды немесе 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісін қосу арқылы 1 г Эртапенем препараты бар құтының ішіндегісін қалпына келтіріңіз. Толық ерігенше араластыру қажет.

Сұйылту. 50 мл қалталарда еріту үшін: 1 г доза үшін - қалпына келтірілген препараты бар құтының ішіндегісін 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісі бар 50 мл қалтаға дереу аударыңыз; немесе

50 мл құтыларда еріту үшін: 1 г доза үшін - 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісі бар 50 мл құтыдан 10 мл шығарып алыңыз. Құтының ішіндегісін 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісі бар қалпына келтірілген 1 г препарат бар 50 мл құтыға аударыңыз.

Инфузия

Инфузия түрінде 30 минут бойы енгізу керек.

Балалар (3 айдан 12 жасқа дейінгі)

Қалпына келтіру.

Шамамен 100 мг/мл концентрацияда қалпына келтірілген ерітіндіні алу үшін инъекцияға арналған 10 мл суды немесе 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісін қосу арқылы 1 г Эртапенем препараты бар құтының ішіндегісін қалпына келтіріңіз. Еріту үшін жақсылап араластырыңыз.

Сұйылту.

Қалталарда еріту үшін: 20 мг/мл немесе одан аз түпкілікті концентрация алу үшін 0,9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісі бар қалтаға 15 мг/кг дене салмағына баламалы (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) көлемді аударыңыз;

немесе

Құтыларда еріту үшін: 20 мг/мл немесе одан аз түпкілікті концентрация алу үшін 0,9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісі бар құтыға 15 мг/кг дене салмағына баламалы (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) көлемді аударыңыз.

Инфузия.

Инфузия түрінде 30 минут бойы енгізіледі.

Құрамында натрий гепарині мен калий хлориді бар вена ішіне енгізуге арналған ерітінділермен Эртапенем үйлесімділігі расталған.

Парентеральді енгізуге арналған дәрілік препараттарды пайдаланар алдында бөгде бөлшектерді немесе түс өзгерісін анықтау үшін көзбен қарап тексеру керек. Эртапенем ерітіндісінің түсі түссізден бозғылт-сарыға дейін өзгеріп отырады (түсінің осы шекте өзгеруі препарат белсенділігіне ықпал етпейді).

Пайдаланылмаған препаратты түгел немесе қалдықтарын жергілікті талаптарға сай жою керек.

Жағымсыз әсерлері

Эртапенем қабылдаған пациенттерде емделу кезеңінде де, емдеуді тоқтатудан кейін 2 апта ішінде де туындаған келесі жиіліктегі жағымсыз реакциялар хабарланды: жиі (1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

Тек қана Эртапенемді қабылдаған пациенттер үшін, емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн ішінде ең жиі болған жағымсыз әсерлер: диарея (4,8 %) енгізген жердің ауыруы (4,5 %), жүрек айну (2,8 %), және аланинтрансаминаза (4,6 %), аспартатаминотрансфераза (4,6 %), сілтілік фосфатаза (3,8%) деңгейлерінің, тромбоциттер санының (3,0%) жоғарылауы.

Ересектерде (18 жастан бастап және одан үлкен)

Жиі (≥1/100, <1/10)

- бас ауыру

- инфузиядан кейінгі веналық асқынулар, флебит/тромбофлебит, инъекция орнындағы ауыру

- жүрек айну, құсу, диарея

- бөртпе, қышыну, жаялық дерамтиті

- АЛТ, ACT, сілтілік фосфатаза жоғарылауы

- тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы

- нейтрофилдер санының азаюы

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- ауыз қуысы кандидозы, кандидоз, зеңді инфекция, жалған жарғақшалы энтероколит, вагинит

- анорексия

- ұйқысыздық, сананың шатасуы, бас айналу, ұйқышылдық, дәм сезудің бұрмалануы, құрысулар

- синустық брадикардия

- артериялық гипотензия

- диспноэ, фарингеальді жайсыздық

- іш қату, қышқылды кекіру, ауыз кеберсуі, диспепсия, іштің ауыруы, мелена

- эритема, есекжем, бөртпе, петехиялар

- қанталау, астения/әлсіздік, қызба, ісіну/ісінгіштік, кеуде қуысының ауыруы

  • инъекция енгізген жердің ашып ауруы, инъекция енгізген жердің қышынуы, инъекция енгізген жердегі терінің қызаруы, инъекция енгізген жердегі эритема, инъекция енгізген жерде жылуды сезіну

- тікелей, тікелей емес және жалпы билирубин, сарысулық креатинин, мочевина және глюкоза деңгейлерінің жоғарылауы

- лейкоциттер, тромбоциттер, сегмент-ядролық нейтрофилдер, гемоглобин және гематокрит деңгейінің төмендеуі; тромбоциттер санының артуы, эозинофилдер деңгейінің, белсендірілген ішінара тромбопластин уақытының, протромбин уақытының, сегмент-ядролық нейтрофилдер мен лейкоциттер деңгейінің жоғарылауы

- несепте бактериялар, лейкоциттер, эпителий жасушалары мен эритроциттер мөлшерінің жоғарылауы, несепте ашытқы зеңдердің болуы

- Clostridium difficile токсиндеріне оң тест

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- пневмония, дерматомикоз, операциядан кейінгі жара инфекциясы, несеп шығару жолының инфекциясы

- нейтропения, тромбоцитопения

- аллергия

- гипогликемия

- ажитация, мазасыздық, депрессия

- тремор, синкопе

- ақ қабық патологиясы

- аритмия, тахикардия

- қан кету, АҚ көтерілуі

- мұрынның бітелуі, жөтел, мұрыннан қан кету, қырылдар/құрғақ қырылдар, ысқырып дем алу

- дисфагия, нәжісті ұстай алмау, пельвиоперитонит

- холецистит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

- дерматит, десквамация

- бұлшықеттердің түйілуі, иықтардың ауыруы

- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек функциясының жедел бұзылуы

- аборт

- генитальді қан кету

- инъекция орнының қатаюы, әлсіздік

- қан сарысуында бикарбонат, креатинин және калий деңгейінің төмендеуі, қан сарысуында лактатдегидрогеназа, фосфаттар және калий деңгейінің жоғарылауы

- лимфоциттер мөлшерінің төмендеуі, таяқша-ядролы нейтрофилдер, лимфоциттер, метамиелоциттер, моноциттер мөлшерінің жоғарылауы, атипиялық лимфоциттердің пайда болуы

- уробилиноген деңгейінің жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

- анафилаксия, анафилактоидты реакцияларды қоса

- психикалық жай-күй бұзылулары (озбырлық, делириум, бағдардан жаңылу, ментальді статус өзгеруін қоса)

- елестеулер, сана деңгейінің төмендеуі, дискинезия, миоклонус, жүрістің бұзылуы

- тістердің боялуы

- эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (Dress-синдром) қатар жүретін дәрілік бөртпе

- бұлшықет әлсіздігі

Балалар мен жасөспірімдерде (3 айдан 17 жасқа дейінгі):

Жалпы қауіпсіздік бейіні ересек пациенттердегілермен салыстырымды.

Тек қана Эртапенемді қабылдаған пациенттер үшін, емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн ішінде ең жиі болған жағымсыз әсерлер: диарея (5,2%) инфузия орнының ауыруы (6,1%), тек қана Эртапенемді қабылдаған пациенттер үшін, ең жиі хабарланған зертханалық ауытқулар нейтрофилдер санының азаюы (3,0%) және АЛТ (2,9%) мен АСТ (2,8%) жоғарылауы болды.

Жиі (≥1/100, <1/10)

- диарея

- жаялық дерматиті

- инъекция cалған жердің ауыруы

- АЛТ, АСТ жоғарылауы

- нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- бас ауыру

- ысынулар, артериялық гипертензия

- нәжіс түсінің өзгеруі, мелена

- эритема, бөртпе, петехиялар

- ашыту, қышыну, эритема және инфузия орнында жылылықты сезіну, инъекция салған жердің қызаруы, инъекция орнында жылылықты сезіну

- тромбоциттер деңгейінің, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының, протромбин уақытының жоғарылауы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

- психикалық жай-күй бұзылуы (озбырлықты қоса), елестеулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • карбапенемдер тобының кез келген басқа антибиотигіне аса жоғары сезімталдық

  • анемнездегі басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, пенициллин және цефалоспорин антибиотиктері) ауыр аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, анафилаксиялық реакция, тері реакциясының ауыр түрі)

  • 3 айға дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттардың Р-гликопротеин арқылы клиренсі немесе CYP арқылы клиренсі тежелісінен туындаған өзара әрекеттесулер болуы мүмкін емес.

Вальпрой қышқылы деңгейінің емдік диапазон деңгейінен төмендеу жағдайлары вальпрой қышқылы мен карбапенемдік қатар препараттарын бірге енгізгенде тіркелген. Вальпрой қышқылының төмен деңгейі құрысулардың талапқа сай бақыланбауына әкелуі мүмкін, сондықтан эртапенем мен вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бұл жағдайлар үшін бактерияға қарсы баламалы немесе құрысуға қарсы емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық. Бета-лактамды антибиотиктермен ем қабылдаған пациенттерде күрделі және кейде өлімге ұшырататын аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар) хабарланды. Анамнезінде әртүрлі аллергендерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде осындай реакциялардың жоғары туындау ықтималдығы бар. Эртапенеммен емдеуді бастар алдында пациенттен бұрын пенициллиндерге, цефалоспориндерге, басқа бета-лактамды антибиотиктерге және басқа аллергендерге туындаған аса жоғары сезімталдық реакциялары жөнінде мұқият сұрастыру керек. Егер эртапенемге аллергиялық реакция пайда болса, емдеуді дереу тоқтату керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар шұғыл ем жүргізуді талап етеді!

Асқын инфекция. Ұзақ уақыт эртапенем қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Пациенттің жай-күйін қайта бағалау қажет. Егер емдеу барысында асқын инфекция пайда болса, тиісті ем жүргізген жөн.

Антибиотикпен астасқан колит. Эртапенем қолданылғанда антибиотик қолданумен байланысты колиттің және жеңілден өмірге қатерлі ауырлыққа дейін өзгеруі мүмкін жалған жарғақшалы колиттің дамуы хабарланды. Сондықтан бактерияға қарсы препараттарды қолданудан кейін туындаған диареясы бар пациенттерде осындай диагнозға көңіл бөлу маңызды. Эртапенем қолдануды тоқтату және Clostridium difficile спецификалық емін тағайындау мәселесін қарастыру керек. Ішек перистальтикасын бәсеңдететін препараттарды тағайындауға болмайды.

Құрысулар. Клиникалық зерттеу барысында эртапенеммен (тәулігіне 1 рет 1 г) ем қабылдаған ересек пациенттерде емдеу кезінде немесе емді тоқтатудан кейінгі келесі 14 күн ішінде пайда болған құрысулар хабарланды. Құрысулар бәрінен жиірек егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ ОЖЖ тарапынан бұрыннан бұзылулары бар (мысалы, анамнезде мидың зақымдануы немесе құрысулар) және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде туындады. Осындай жағдайлар постмаркетингтік кезеңде де орын алды.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолдану. Эртапенем және вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Субоптимальді экспозиция. Қолда бар деректер бойынша, хирургиялық араласулар ұзақтығы 4 сағаттан асып кететін кейбір жағдайларда пациенттердің эртапенемнің жеткіліксіз концентрацияларының әсеріне және соның салдарынан емдеу тиімсіздігінің әлеуетті қаупіне ұшырауы мүмкін екенін жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтан осындай өзгеше жағдайларда ерекше сақтық таныту керек.

Қосымша заттар. Препараттың құрамында 1.0 г дозада 6.0 мЭкв жуық (шамамен 137 мг) натрий бар, оны бақыланатын натрий диетасын ұстанатын пациенттерді емдеуде ескеру керек.

Пациенттердің арнайы топтарында қолдану. Пенициллинге төзімді Streptococcus pneumoniae туғызған ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде және остеомиелитпен қатар жүретін диабеттік табан синдромы кезіндегі инфекцияны емдеуде Эртапенем тиімділігі анықталмаған. Ауырлық дәрежесі ауыр болатын инфекциялық ауруларда эртапенем қолдану тәжірибесі шектеулі.

2 жасқа толмаған балаларда эртапенем қолдану тәжірибесі салыстырмалы түрде көп емес. Осы топта инфекция жұқтырған микроорганизмнің (-дердің) эртапенемге сезімталдығын анықтауға ерекше көңіл бөлу керек. Қазіргі уақытта 3 айға толмаған балаларда қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі. Жүкті әйелдерде препаратты қолдану бойынша жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ, препаратты жүкті әйелдерге қолдану жөнінде жақсы бақыланған зерттеулер жоқ. Жүктілік кезеңінде, ана үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнуі мүмкін қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, Эртапенем қолдануға болмайды. Эртапенем емшек сүтімен бөлінеді және шаранада жағымсыз реакциялар туындау мүмкіндігі бар, сондықтан эртапенеммен емделу кезеңінде әйелдердің бала емізбегені жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Эртапенемнің автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілмеген. Эртапенем пациенттің автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Пациенттер Эртапенем қолдану кезінде бас айналу мен ұйқышылдықтың дамуы жөнінде хабарланғанын білуі тиіс.

Артық дозалануы

Эртапенемнің артық дозалану ықтималдығы аз, препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі анықталмаған.

Емі: Эртапенемнің артық дозалануын емдеу жөнінде арнайы ақпарат жоқ. Эртапенемнің артық дозалану жағдайында, препаратты тоқтатып, дәрінің бүйрекпен шығарылуына дейін жалпы демеуші ем жүргізген жөн. Эртапенемді организмнен гемодиализ арқылы шығаруға болады. Алайда артық дозалануды емдеу үшін гемодиализ қолдану жөнінде ақпарат жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыйымдылығы 20 мл, ашық сұр түсті хлорбутил резеңке тығындармен тығындалған, полипропиленді «flip-off» қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған І типтегі табаны жалпақ түссіз шыны құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Gland Pharma Limited, Үндістан

Өндірістің орналасқан мекенжайы:

Plot No.: 54, 55 & 64-68, Sy.No.172 & 177,

Phase-III, APIIC, Pashamylaram (Village),

Patancheru (Mandal), Medak District,

Telangana state, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан

Заңды мекенжайы:

Sun House, Plot No. 201 B/1,

Western Express Highway, Goregoan (E),

Mumbai - 400 063, Maharashtra, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Gland Pharma Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

050004, Алматы қ., Манас к-сі 32 «А», «SAT» Бизнес орталығы

6-қабат, 602-кеңсе,

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

Инвакар_рус.doc 0.12 кб
Инвакар_каз.doc 0.2 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту