Иматиниб AqVida (400 мг)

МНН: Иматиниба мезилат (эквивалентно иматинибу)
Производитель: Адифарм ЕАД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Imatinib
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024431
Информация о регистрации в РК: 13.01.2020 - 13.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Иматиниб AqVida

Халықаралық патенттелмеген атауы

Иматиниб

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар, 100 мг, 200 мг, 400 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Басқа антинеопластикалық препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Иматиниб.

ATХ коды L01XЕ01

Қолданылуы

  • сүйек кемігінің трансплантациясы бірінші желідегі ем ретінде қарастырылмайтын ересектер мен балалардағы диагнозы алғаш қойылған, филадельфия хромосомасымен (Ph+ СМЛ) созылмалы миелоидтық лейкозда

  • ересектер мен балаларда интерферон альфамен емдеу сәтсіз болғаннан кейінгі созылмалы фазадағы Ph+ СМЛ немесе акселерация, немесе бласттық криз фазасында

  • ересек пациенттер мен балалардағы диагнозы алғаш қойылған, филадельфия хромосомасымен жедел лимфобласттық лейкозда (Ph+ ЖЛЛ) химиотерапия құрамында

  • ересек пациенттердегі қайталанатын немесе рефрактерлік Ph+ ЖЛЛ (монотерапия ретінде)

  • ересек пациенттерде тромбоциттік өсу факторы рецепторының (PDGFR) белсенуімен байланысты миелодисплазиялық/миелопролиферативтік ауруларда

  • ересек пациенттердегі D816V c-Kit мутациясынсыз немесе c-Kit мутациясының статусы анықталмаған жүйелі мастоцитозда

  • ересек пациенттердегі гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкозда

  • ересек пациенттердегі асқазан-ішек жолының Kit+ (CD117) операция жасалмайтын және/немесе метастаздалған қатерлі стромалық ісіктерінде (АІЖҚІ)

  • ересек пациенттердегі АІЖ Kit-позитивті стромалық ісігіне резекция жасалғаннан кейінгі адъювантты ем кезінде

  • ересек пациенттердегі операция жасалмайтын, рекурренттік және/немесе метастаздалған түйінді дерматофибросаркомада (ДДФС)

Ересектер мен балаларда Иматиниб AqVida препаратының тиімділігі гематологиялық және цитогенетикалық жауаптың және СМЛ үдеуінсіз тірі қалудың жалпы көрсеткіштеріне, Ph+ЖЛЛ, MДС/MПА кезіндегі гематологиялық және цитогенетикалық жауаптың көрсеткіштеріне, ГЭС/СЭЛ гематологиялық жауаптың көрсеткіштеріне және операция жасалмайтын және/немесе метастаздалған АІЖСІ және ДДФС бар ересек пациенттердегі тиімділігінің объективтік көрсеткіштеріне негізделеді. Иматиниб AqVida препаратын ГРФРТ гені құрылымының өзгеруімен байланысты MДС/MПА бар пациенттерде қолдану тәжірибесі аса шектеулі (5.1 бөлімін қараңыз). Диагнозы жуырда қойылған, созылмалы фазадағы СМЛ қоспағанда, аталған аурулар кезіндегі клиникалық пайдасын немесе тірі қалу көрсеткішінің артуын көрсететін, бақыланатын сынақтар жүргізілмеген.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Иматиниб AqVida препаратын басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда, дәрілермен өзара әрекеттесу ықтималдығы бар. Иматиниб AqVida препаратын протеаза тежегіштерімен, азолдық фунгицидтермен, кейбір макролидтермен (4.5 бөлімін қараңыз), емдік аясы тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, алфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел, хинидин) немесе варфаринмен және кумариннің басқа туындыларымен сақ болып қолдану керек (4.5 бөлімін қараңыз).

Иматиниб AqVida препаратын CYP3A4 индукторлары болып табылатын препараттармен (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе Hypericum perforatum, шайқурай ретінде де белгілі) біріктіріп қолдану, Иматиниб AqVida препаратының әсерін айтарлықтай төмендетіп, емдеу нәтижесінің жағымсыздығы қаупін арттыруы ықтимал. Сол себепті, CYP3A4 күшті индукторларының Иматиниб AqVida препаратымен қатарлас қабылдануына жол бермеу керек (4.5 бөлімін қараңыз).

Гипотиреоз

Тиреоидэктомияны бастан өткерген және левотироксинмен орынбасушы ем қабылдап жүрген пациенттерде Иматиниб AqVida препаратын қолдану аясында гипотиреоз дамығаны туралы хабарламалар болғандықтан, пациенттердің аталған санатында тиреотроптық гормон (ТТГ) деңгейін мұқият бақылау қажет (4.5 бөлімін қараңыз).

Гепатоуыттылық

Бауыр функциясының бұзылуы (жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі) бар пациенттерде шеткері қан талдаулары мен бауыр ферменттері деңгейлерін жүйелі түрде бақылап отыру керек (4.2, 4.8 және 5.2 бөлімдерін қараңыз). АІЖСІ бар пациенттерде бауырда метастаздар болуы мүмкін екендігін, оның бауыр жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкіндігін айта кету керек.

Иматиниб AqVida препаратын қолданғанда бауыр жеткіліксіздігі мен бауыр некрозын қоса, бауыр зақымданған жағдайлар байқалған. Иматиниб AqVida препаратын жоғары дозалардағы химиялық препараттармен біріктіріп емдеу кезінде бауыр тарапынан ауыр реакциялардың артқаны білінді. Иматиниб AqVida препаратын басқа химиотерапия режимдерімен, сондай-ақ, бауыр функциясының бұзылуын туғызуға қабілетті препараттармен біріктіріп қолданған жағдайларда, бауыр функциясын тұрақты түрде бақылап отыру ұсынылады (4.5 және 4.8 бөлімдерін қараңыз).

Сұйықтық іркілуі

Ауыр дәрежедегі сұйықтық іркілуі жағдайлары (плевра жалқығы, ісіну, өкпенің ісінуі, перитонеальді жалқық, шеткері ісіну) СМЛ алғаш анықталған, Иматиниб AqVida препаратын қабылдап жүрген пациенттердің шамамен 2,5%-ында білінді. Сол себепті, пациенттердің дене салмағын жүйелі түрде бақылап отыру ұсынылады. Дене салмағы күтпеген жерден жылдам жоғарылаған жағдайда, науқасқа ескеру жүргізу және қажет болған жағдайда, тиісінше демеу шараларын қолдану керек. Сұйықтық іркілуі дамуының едәуір көп жиілігі егде жастағы пациенттерде және анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде байқалады. Сол себепті, жүрек дисфункциясы бар пациенттермен сақтық таныту керек.

Жүрек аурулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Анамнезінде жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігі туындауының қауіп факторлары, немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді мұқият бақылау керек; жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері немесе симптомдары бар пациенттерді тексеру және ем тағайындау керек.

Миокардтағы ГЭС жасушалардың жасырын инфильтрациясымен жүретін гиперэозинофилия синдромы (ГЭС) бар пациенттерде кардиогендік шок/ сол жақ қарынша функциясының бұзылулары дамыған жекелеген жағдайлар Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді бастаумен байланысты болды. Жүйелі стероидтарды тағайындағанда, қанайналымды демеп тұруға арналған жүйелерді пайдаланғанда және Иматиниб AqVida препаратын қабылдауды уақытша тоқтатқан кезде ондай жағдайлар қайтымды сипатты иеленгені хабарланды. Иматиниб AqVida препаратын қолданғанда жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар туралы сирек хабарланғандықтан, ГЭС/СЭЛ бар пациенттерді емдеуді бастағанға дейін Иматиниб AqVida препаратын қолданып емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалау мәселесін қарастыру қажет.

Миелодисплазиялық/миелопролиферативтік аурулар мен жүйелі мастоцитоз эозинофилдер деңгейінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. сондықтан, ГЭС/СЭЛ зардап шегіп жүрген пациенттерде, сондай-ақ, эозинофилдер деңгейінің жоғарылауымен астасқан МДА/МПА немесе СМ зардап шегіп жүрген пациенттерде, ЭКГ бақылау және қан сарысуындағы тропонин деңгейін анықтау керек. Егер емнің бастапқы фазасы кезеңінде патологиялық өзгерістер білінсе, Иматиниб AqVida препаратымен қатарлас ем ретінде профилактикалық мақсатта 1–2 апта бойы жүйелі стероидтарды (1–2 мг/кг) қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Асқазан-ішектен қан кетулер

Операция жасалмайтын және/немесе метастаздалған АІЖСІ бар пациенттерде асқазан-ішектен де, ісік ішінен де қан кетулер туралы хабарланған (4.8 бөлімін қараңыз). Қолда бар деректердің негізінде, АІЖСІ бар пациенттерді қан кетудің қандай-да бір типінің қаупі жоғары топқа жатқызатын бейімдейтін факторлар (мысалы, ісіктің өлшемі, ісіктің орнығуы, қан ұюының бұзылулары) анықталған жоқ. Васкуляризация жоғарылауы мен қан кетуге бейімділік АІЖСІ қасиеттері мен клиникалық ағымының бір бөлігі болып табылатындықтан, пациенттердің барлығында қан кетуді бақылау және емдеу үшін стандартты әдістер мен емшараларды қолдану қажет.

Бұдан өзге, тіркеуден кейін қолданғанда СМЛ, ЖЛЛ және басқа аурулары бар пациенттерде асқазан-ішектен қан кетулердің сирек кездесетін себебі, асқазанның антральді бөлігінің қантамыр эктазиясы (GAVE) туралы хабарланған (4.8 бөлімін қараңыз). Қажет болған жағдайда Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыруға болады.

Ісік лизисі синдромы

Ісік лизисі синдромының туындауы мүмкіндігіне байланысты, Иматиниб AqVida препаратын қабылдауды бастағанға дейін клиникалық тұрғыдан елеулі сусыздануды және несеп қышқылы деңгейінің жоғарылығын түзетуді жүргізу ұсынылады (4.8 бөлімін қараңыз).

В гепатиті вирусының реактивациясы

B гепатиті вирусының тасымалдаушылары болып табылатын пациенттерде, Иматиниб AqVida сияқты тирозинкиназа тежегіштері BCR-ABL препараттарымен емдеуден кейін аталған вирустың реактивациясы орын алуы мүмкін. Кей жағдайларда, аталған кластың препараттарын қолданғанда бауыр трансплантациясына немесе өлімге әкеп соқтыратын бауырдың жедел жеткіліксіздігінің немесе фульминанттық гепатиттің дамығаны байқалды.

Препаратпен емдеуді бастар алдында барлық пациенттерде B гепатиті вирусының бар-жоқтығын тексеріп шығу керек. Сонымен қатар, аталған қоздырғыш тасымалдағыштарын анықтау мақсатында, препаратпен қазіргі кезде ем қабылдап жүрген пациенттерде B гепатиті вирусы инфекциясының бар-жоқтығын тексеру керек. Серологиялық тестілеуден оң нәтиже алынған жағдайда (соның ішінде, белсенді инфекция үдерісі жағдайында) пациент препаратпен емделуді бастар алдында да, препаратпен қазіргі кезде емделіп жүрген пациенттер де гепатологпен және гепатит B инфекциясын емдейтін маманмен кеңесуі керек.

Препаратпен емдеу қажет болған жағдайда, B гепатиті вирусының тасымалдаушысы болып табылатын пациенттің жағдайын, препаратпен емдеу кезінде де, емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы да, белсенді инфекция үдерісінің белгілері мен симптомдарының дамуына қатысты мұқият бақылау керек (4.8 бөлімін қараңыз).

Фотоуыттылық

Иматиниб AqVida препаратымен емдеумен байланысты фотоуыттылықтың дамуы қаупіне байланысты, күн сәулесінің тікелей әсерінен қорғану немесе оны азайту қажет. Пациенттерге қорғану шараларын, мысалы, қорғағыш киім мен қорғаныс факторы (SPF) жоғары күннен қорғайтын кремді пайдалану қажеттілігі туралы айтылады.

Тромбоздық микроангиопатия

Тирозинкиназа тежегіштері BCR-ABL препараттарын қабылдау тромбоздық микроангиопатиялардың (ТМА) дамуымен астасады (4.8 бөлімін қараңыз). Иматиниб AqVida препаратын қабылдап жүрген пациентте зертханалық ауытқулар немесе ТМА-мен байланысты клиникалық симптомдар дамыған жағдайда, емдеу тоқтатылуы тиіс және ADAMTS13 пен анти- ADAMTS13-антидене белсенділігін анықтауды қоса, ТМА мұқият бағалау жүргізілуі тиіс. Егер анти- ADAMTS13-антидене ADAMTS13 белсенділігінің төмендеуімен бірлесе жоғарыласа, онда Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді қайта бастамау керек.

Зертханалық тестілер

Иматиниб AqVida препаратымен емдеу кезінде жүйелі түрде қанның толық талдауын жүргізіп отыру қажет. СМЛ бар пациенттерді Иматиниб AqVida препаратымен емдеу нейтропениямен немесе тромбоцитопениямен қатар жүрген. Алайда, цитопениялардың туындауы, аурудың емделіп жатқан фазасымен байланысты болуы ықтитмал, және олар СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттермен салыстырғанда, көбінесе СМЛ акселерация, немесе бласттық криз фазасындағы пациенттерде байқалады. Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді үзе тұруға немесе дозасын нұсқауларға сәйкес төмендетуге болады.

Иматиниб AqVida препаратын қабылдап жүрген, пациенттерде бауыр функциясын (трансаминазалар, билирубин, сілтілік фосфатаза) жүйелі түрде бақылау қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде Иматиниб AqVida препаратының қан плазмасындағы мөлшері бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіге қарағанда жоғарырақ көрінеді, бұған мұндай пациенттерде Иматиниб AqVida препаратын байланыстыратын ақуыз болып табылатын плазмадағы альфа-қышқыл гликопротеин (АГП) деңгейінің жоғарылауы себеп болуы ықтимал. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге ең аз бастапқы дозасын тағайындау қажет. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуді сақ болып жүзеге асыру керек. Жақпаушылық жағдайында, дозасын төмендетуге болады.

Иматиниб AqVida препаратын қолданып ұзақ уақыт емдеу бүйрек функциясының клиникалық тұрғыдан елеулі нашарлауымен байланысты болуы мүмкін. Сол себепті, Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді бастағанға дейін бүйрек функциясын бағалау және бүйрек функциясы бұзылуының қауіп факторлары анықталған пациенттерге ерекше көңіл бөле отырып, емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу қажет. Егер бүйрек функциясының бұзылуы байқалса, сәйкесінше медициналық көмек және емдеу жөніндегі стандартты нұсқаулықтарға сәйкес ем тағайындалуы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Иматиниб AqVida препаратын қабылдап жүрген кішкентай балалар мен жасөспірімдерде өсу тежелген жағдайлар туралы хабарламалар бар. Балалардың өсуі үшін Иматиниб AqVida препаратымен ұзақ уақыт емдеудің кейін білінетін салдарлары белгісіз. СМЛ бар балаларда, жыныстық жетілуіне және ерекшеліктеріне байланыссыз, өсудегі ауытқуларды 12 және 24 ай емдеуден кейін стандартты есептеу кезінде орташа мәндерінің статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуі білінген (клиникалық маңыздылығы белгісіз). Сондықтан, Иматиниб AqVida препаратын қабылдап жүрген балаларда өсуіне мұқият бақылау жүргізу ұсынылады (4.8 бөлімін қараңыз).

Қосымша заттар

Иматиниб AqVida препаратының құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, галактоземиясы немесе глюкозагалактоза мальабсорбциясы пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қан плазмасындағы иматиниб концентрациясын арттыруы мүмкін белсенді заттар

Р450 цитохромының CYP3A4 изоферментін тежейтін заттар (мысалы, кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин) иматинибтің метаболизмін баяулатуы және оның қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Дені сау еріктілерде иматинибті кетоконазолдың (CYP3A4 тежегіші) бір реттік дозасымен бір мезгілде қабылдағанда уиматинибтің экспозициясы едәуір жоғарылаған (иматинибтің орташа Cmax пен AUC сәйкесінше 26% және 40%-ға артқан). Иматиниб AqVida препаратын CYP3A4 изоферменттерін тежегіш препараттармен бірге қолданғанда сақтық таныту қажет.

Қан плазмасындағы иматиниб концентрациясын төмендетуі мүмкін белсенді заттар

CYP3A4 изоферментінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе Hypericum perforatum, шайқурай ретінде де белгілі), Иматиниб AqVida препаратының экспозициясын едәуір төмендетуі мүмкін, бұл емдеу нәтижесінің қолайсыздығы қаупін арттыруы ықтимал. Бастапқыда рифампициннің 600 мг бірнеше дозасын қабылдап, артынан Иматиниб AqVida 400 мг бір реттік дозасын қабылдау Cmax пен AUC(0-∞) бастапқыда рифампицинді қабылдамаған кезде алынған сәйкесінше мәндерінен 54% және 74% төмендеуіне алып келді. Осыған ұқсас нәтижелер қатерлі глиомалары бар, карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, фосфенитоин, фенобарбитал және примидон сияқты, ферменттерді индукциялайтын эпилепсияға қарсы препараттарды (ФИЭҚП) қабылдау кезінде Иматиниб AqVida препаратын қабылдаған пациенттерде байқалды. ФИЭҚП қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, плазмадағы иматинибтің AUC 73%-ға төмендеген. Рифампицинді немесе CYP3A4 басқа күшті индукторларын иматинибпен қатарлас қабылдамау керек.

Иматиниб AqVida препаратының әсерінен қан плазмасы концентрациясы өзгеруі мүмкін белсенді заттар

Иматиниб пен симвастатинді (CYP3A4 изоферментінің субстратын) бір мезгілде қолданғанда симвастатиннің Cmax пен AUC сәйкесінше 2 және 3,5 есе жоғарылағаны білінеді, бұл иматинибтің CYP3A4 изоферментін тежеуінің салдары болып табылады. Иматиниб AqVida препараты мен CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылатын және емдік концентрациясының ауқымы тар препараттарды (мысалы, циклоспорин, пимозид) бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады. Иматиниб AqVida препараты CYP3A4 изоферменті арқылы метаболизденетін басқа препараттардың (мысалы, триазоло-бензодиазепиндер, дигидропиридин, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бірқатар ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері, соның ішінде статиндер және т.б.) қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сонымен қатар, Иматиниб AqVida препараты CYP2C9 және CYP2C19 изоферментін де тежейді. Варфаринмен біріктіріп қолданғаннан кейін протромбин уақытының ұзарғаны байқалған. Сәйкесінше, кумариндерді тағайындағанда, Иматиниб AqVida препаратымен емдеудің басында және аяғында, сондай-ақ, дозасын өзгерткен кезде протромбин уақытына қысқамерзімді мониторинг жүргізу қажет. Баламасы ретінде төмен молекулалы гепаринді қолдануды қарастыруға болады.

Иматиниб AqVida препараты CYP3A4 белсенділігіне ықпал ететініне ұқсас концентрацияларында P450 цитохромының CYP2D6 изоферментін тежейді. Иматинибті 400 мг дозада тәулігіне екі рет қолданғанда, метопрололдың CYP2D6-түрткі болатын метаболизміне тежегіштік әсері және метопрололдың Cmax пен AUC шамамен 23%-ға жоғарылағаны байқалады.

Иматиниб AqVida препараты Ki мәні 58,5 мкмоль/л парацетамолдың О-глюкуронизациялануын тежейді.

Иматиниб AqVida препаратының жоғары дозаларын парацетамолмен бірге тағайындағанда, сақтық таныту керек.

Тиреоидэктомияны бастан өткерген және левотироксинді қабылдап жүрген пациенттерде, Иматиниб AqVida препаратын бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы левотироксин мөлшері төмендеуі мүмкін, соған байланысты сақтық таныту ұсынылады.

Ph+ ЖЛЛ бар пациенттерде химиотерапиялық препараттармен біріктіріп қолданғанда, иматинибтің жағымсыз әсерлері, соның ішінде, гепатоуыттылығы, миелосупрессия және т.б. күшеюі мүмкін. L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылықтың жоғарылауын туғызуы мүмкін. Сол себепті, Иматиниб AqVida препаратын біріктіріп қабылдау арнайы сақтық шараларын қажет етеді.

Арнайы ескертулер

Ұрпақ өрбітетін жастағы әйелдер

Бала туатын жастағы әйелдер Иматиниб AqVida препаратымен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек.

Жүктілік

Қазіргі кезде Иматиниб AqVida препаратының жүкті әйелдерде қолданылуы жөнінде деректер жоқ. Иматиниб AqVida препаратын қабылдаған әйелдерде өздігінен басталған түсіктер жағдайлары мен туа біткен аномалиялар туралы хабарланды. Айқын қажеттілігі жағдайларында болмаса, Иматиниб AqVida препаратын жүктілік кезінде тағайындамау керек. Аталған жағдайларда пациент әйелге шарана үшін қауіпті болуы ықтималдығын ескерту керек.

Лактация кезеңі

Иматиниб AqVida мен оның белсенді метаболиті ана сүтіне бөлініп шығады. Сүт-плазма арақатынасы иматиниб үшін 0,5 және метаболиті үшін 0,9 құраған, бұл метаболитінің сүтке бөлініп шығуы дәрежесінің көптігін көрсетеді. Иматиниб пен метаболитінің жалпы концентрациясын, сондай-ақ, жаңа туған нәрестелер тұтынатын сүттің ең жоғарғы тәуліктік көлемін ескерсек, жиынтық экспозициясы төмен болады деп күтіледі (емдік дозасының ~10%). Алайда, иматинибтің төмен дозалы экспозициясының жаңа туған нәрестеге әсері белгісіз болғандықтан, Иматиниб AqVida препаратын қабылдап жүрген әйелдер емшек емізуден бас тартқаны дұрыс.

Фертильділік

Клиникалық емес зерттеулерде егеуқұйрықтардың еркектері мен ұрғашыларының фертилділігі зардап шекпеген (5.3 бөлімін қараңыз). Иматинибті қабылдаған пациенттерде фертильділікті зерттеулер жүргізілмеген. Иматинибпен емделу кезінде өзінің фертильділігіне алаңдаушылық танытқан пациенттер емдеуші дәрігерімен кеңесуі тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттер Иматиниб AqVida препаратымен емделу кезеңі бойына өздерінде бас айналуы, анық көрмеу немесе ұйқышылдық типті жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкіндігінен хабардар болуы тиіс. Сондықтан, автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарғанда сақтық таныту ұсынылады.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Иматиниб AqVida препаратын тек, онкологиялық гематологиялық аурулардан зардап шегіп жүрген, және сәйкесінше жағдайларда қатерлі саркомалары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің ғана тағайындауына болады.

Ph + СМЛ бар науқастарда Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді мониторингілеу тұрақты түрде жүргізілуі тиіс және егер емдеу өзгертілсе, онда емдеудің оңтайлы болмауының, емге жауаптың жоғалтылуының, пациенттің дозалау режимін нашар сақтауының немесе себебін немесе препараттардың өзара әрекеттесуі мүмкіндігін анықтау қажет. Мониторингілеу нәтижелері анықталған жағдайда, СМЛ тиісінше емдеу жолдарын басшылыққа алу керек.

Емдеуді препарат оң әсер беріп жатқан кезең бойына жалғастыра беру керек.

Созылмалы миелоидтық лейкемия (СМЛ) кезінде

Иматинибтің ересек пациенттер үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды, ал акселерация немесе бласттық криз фазасындағы СМЛ бар пациенттер үшін дозасы тәулігіне 600 мг құрайды. Дозасын 400 мг-ден 600 мг дейін немесе созылмалы фазадағы аурудан зардап шегіп жүрген пациенттерде 800 мг (күніне екі рет 400 мг түрінде қабылданатын) дейін, немесе акселерация фазасындағы немесе бласттық криз фазасындағы пациенттерде дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакциялар болмаған жағдайда және лейкемиялық емес ауыр нейтропения немесе тромбоцитопения болмаса, келесі жағдайларда: ауру үдеген кезде (кез келген сатысында), кемінде 3 ай емдегенде қанағаттанарлық гематологиялық реакцияға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайдаи, 12 ай емдеу бойына цитогенетикалық жауап реакциясына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, бұрын қол жеткізілген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауап реакциясы жоғалтылған жағдайда, 600 мг-ден күніне 800 мг дейін арттыруды қарастыруға болады.

Ph+ ЖЛЛ кезіндегі дозасы

Ph+ ЖЛЛ-дан зардап шегіп жүрген ересек пациенттер үшін, Иматиниб препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 600 мг құрайды. Аталған ауруды емдеу кезінде гематология саласындағы мамандар емнің барлық кезеңдерінде емді бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Иматиниб препаратын қолданып емдеудің ұзақтығы таңдалған емдеу бағдарламасына байланысты ауытқып отыруы мүмкін.

Миелодисплазиялық/миелопролиферативтік аурулар кезіндегі дозасы

Ересек пациенттер үшін Иматиниб AqVida препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.

Жүйелі мастоцитоз (ЖМ) кезіндегі дозасы

Иматиниб AqVida препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. емдеу ұзақтығы орташа алғанда 47 айды құраған (24 күннен 60 айға дейін).

Гиперэозинофильді синдром және/немесе созылмалы эозинофильді лейкоз (ГЭС/СЭЛ) кезіндегі дозасы

ГЭС/СЭЛ-ден зардап шегіп жүрген ересек пациенттер үшін Иматиниб AqVida препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 100 мг құрайды.

Егер бағалау нәтижелері бойынша емге қол жеткізілген жауап реакциясы жеткіліксіз болса, ондай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмаған жағдайда, дозасын 100 мг-ден 400 мг дейін арттыруға болады.

АІЖ стромалық ісіктері кезіндегі дозасы

Иматиниб AqVida препаратының АІЖ операция жасалмайтын және/немесе метастаздалған қатерлі стромалық ісігі бар пациенттерді емдеу үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды.

Егер бағалау нәтижелері бойынша емге қол жеткізілген жауап реакциясы жеткіліксіз болса, ондай пациенттерде дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар болмаған жағдайда, дозасын 400 мг-ден 600 мг дейін немесе 800 мг дейін арттыруға болады.

Иматиниб AqVida препаратының ересек пациенттердегі АІЖ стромалық ісігінің резекциясынан кейінгі адъюванттық ем үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Емнің ұсынылатын ең аз ұзақтығы 36 айды құрайды. Адъюванттық ем кезінде Иматиниб AqVida препаратын қолданудың оңтайлы ұзақтығы туралы деректер алынбаған.

ДДФС кезіндегі дозасы

ДДФС-ден зардап шегіп жүрген ересек пациенттер үшін Иматиниб AqVida препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 800 мг құрайды.

Дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда дозасын түзету

Дәрілік препаратқа гематологиялық емес жағымсыз реакциялар

Гематологиялық емес ауыр жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда, Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді науқастың жай-күйі жақсарғанға дейін тоқтата тұру қажет. Ары қарай емдеуді, алдыңғы дозасы кезінде байқалған жағымсыз әсерлердің ауырлығын ескере отырып ұзартуға болады.

Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе немесе бауыр трансаминазалары деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен артық жоғарылаған жағдайда, Иматиниб AqVida препаратын билирубин концентрациясы қалыптың жоғарғы шегінен 1,5 еседен аз жоғары деңгейге дейін, ал трансаминазалар — қалыптың жоғарғы шегінен 2,5 еседен аз жоғары деңгейге дейін төмендегенше тоқтата тұру керек. Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді төмендетілген тәуліктік дозаларында жалғастыруға болады. Ересектер үшін дозасын тәулігіне 400-ден 300 мг дейін немесе 600-ден 400 мг дейін, ал балалар үшін — тәулігіне 340-тан 260 мг/м2 дейін төмендету керек.

Дәрілік препаратқа гематологиялық жағымсыз реакциялар

Айқын нейтропения мен тромбоцитопения дамыған жағдайда, төменде 1 кестеде көрсетілгендей, препараттың дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату ұсынылады.

1 кесте. Нейтропения және тромбоцитопения кезінде дозаларын түзету

Эозинофилиямен астасқан ЖМ және FIP1L1-PDGFR-альфа киназа синтезімен ГЭС/СЭЛ (бастапқы дозасы — 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер саны< 50x109

1.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді НАС ≥1,5x109деңгейіне және тромбоциттердің ≥75x109 деңгейіне қол жеткенге дейін тоқтата тұру керек

2.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді осының алдындағы дозасында (яғни, ауыр жағымсыз реакция дамығанға дейін қолданылған дозасында) қайта бастау керек.

СМЛ созылмалы фазасы, МДЗ/МПЗ, ГЭС/СЭЛ және АІЖСІ (бастапқы дозасы — 400 мг)

Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер саны< 50x109

1.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді, НАС ≥1,5x109деңгейіне және тромбоциттердің ≥75x109 деңгейіне қол жеткенге дейін тоқтата тұру керек

2.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді осының алдындағы дозасында (яғни, ауыр жағымсыз реакция дамығанға дейін қолданылған дозасында) қайта бастау керек.

3.

НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109қайталанған жағдайда, 1 қадамды қайталау және Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді төменірек 300 мг дозасында қайта бастау керек.

Созылмалы фазадағы СМЛ-дан зардап шегіп жүрген балалар (340 мг/м2 дозасында)

Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер саны< 50x109

1.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді НАС ≥1,5x109және тромбоциттердің ≥75x109 деңгейіне қол жеткізілгенге дейін тоқтата тұру керек

2.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді осының алдындағы дозасында (яғни, ауыр жағымсыз реакция дамығанға дейін қолданылған дозасында) қайта бастау керек.

3.

НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109қайталанған жағдайда, 1 қадамды қайталау және Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді 260 мг/м2 төмен дозасында қайта бастау керек.

Акселерация фазасындағы және бласттық криз фазасындағы СМЛ, Ph+ ЖЛЛ (бастапқы дозасыересектерде 600 мгс немесе балаларда 340 мг/м2)

aНейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 0,5x109/л және/немесе тромбоциттер саны < 10x109

1.

Цитопенияның лейкозбен байланыстылығын тексеру керек (сүйек кемігінің пункциясы немесе биопсиясы).

2.

Егер цитопения лейкозбен байланысты болса, дозасын ересектерде 400 мгb немесе балаларда 260 мг/м2 дейін төмендету керек.

3.

Цитопения 2 апта бойына созылған жағдайда, снизить дозасын ересектерде 300 мгd немесе балаларда 200 мг/м2 дейін төмендету керек.

4.

Цитопения 4 апта бойы сақталған және бұрынғысынша лейкозбен байланысты болмаған жағдайда, Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді НАС ≥1x109және тромбоциттер саны ≥20x109 деңгейіне жеткенге дейін тоқтата тұру, одан соң ересектерде 300 мгd немесе балаларда 200 мг/м2 дозада жалғастыру керек.

БДФС (бастапқы 800 мг дозасы)

Нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер саны< 50x109

1.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді НАС ≥1,5x109және тромбоциттердің ≥75x109 деңгейіне қол жеткізілгенге дейін тоқтата тұру керек

2.

Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді 600 мг дозасында қайта бастау керек

3.

НАС <1,0 x109/л және/немесе тромбоциттер <50x109қайталанған жағдайда, 1 қадамды қайталау және Иматиниб AqVida препаратымен емдеуді төменірек 400 мг дозасында қайта бастау керек.

НАС = Нейтрофилдердің абсолюттік саны a емдеу басталғаннан кейін шамамен 1 айдан соң туындайтын b балаларда 260 мг/м2 c немесе балаларда 340 мг/м2 d немесе балаларда 200 мг/м2

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Иматиниб AqVida препаратының 2 жасқа толмаған, СМЛ-дан зардап шегіп жүрген, және 1 жасқа толмаған, Ph+ ЖЛЛ-дан зардап шегіп жүрген балаларды емдеу үшін қолданылуының клиникалық тәжірибесі жоқ. Иматиниб AqVida препаратын балаларды басқа көрсетілімдер (МДС/МПА, ДДФС, АІЖСІ және ГЭС/СЭЛ) бойынша емдеу үшін қолдану тәжірибесі іс жүзінде болмаған.

Препараттың балаларды емдеудегі дозасы дене беткейінің ауданына (мг/м2) байланысты есептеп шығарылады. СМЛ-дан зардап шегіп жүрген, созылмалы фазадағы немесе кейінгі фазалардағы балаларды емдеу үшін 340 мг/м2 тәуліктік дозасын пайдалану ұсынылады (сонымен қатар, тәулігіне 800 мг жиынтық дозасын арттырмау керек). Препаратты СМЛ мен Ph+ ЖЛЛ кезінде тәулігіне бір рет қолдануға болады. СМЛ кезінде баламалы қолданылуы ретінде, тәуліктік дозасын екі қабылдауғатаңертең бір қабылдау және кешке бір қабылдауға бөлуге болады.

Балаларда ауыр дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар және лейкемиялық емес ауыр нейтропения немесе тромбоцитопения болмаған келесі жағдайларда: ауру үдеген жағдайда (кез келген сатысында); кемінде 3 ай емдеуден кейін қанағаттанарлық гематологиялық реакцияға қол жетпеген жағдайда; 12 ай емдеуден соң цитогенетикалық реакцияға қол жеткізілмеген жағдайда; немесе бұрын қол жеткізілген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық реакция жоғалтылған жағдайда дозасын тәулігіне 340 мг/м2-ден тәулігіне 570 мг/м2 дейін арттыруды қарастыруға болады (800 мг жалпы дозасынан аспайды). Дозасын арттырғаннан кейін, жоғарырақ дозалары кезінде жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің жоғарылауы мүмкіндігін ескере отырып, пациенттерді мұқият бақылау қажет.

Балалардағы Ph+ ЖЛЛ кезіндегі дозасы

Балаларға арналған дозасы дене беткейінің ауданына (мг/м2) негізделуі тиіс. Тәуліктік 340 мг/м2 дозасы Ph+ ЖЛЛ бар балалар үшін ұсынылады (600 мг жалпы дозасынан аспайды).

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Иматиниб негізінен бауырда метаболизденетіндіктен, бауыр функциясының елеусіз, орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге ұсынылған ең төменгі тәулігіне 400 мг дозасын тағайындау керек. Жағымсыз болған жағдайда, дозасын төмендетуге болады.

Бауыр дисфункциясының жіктеуі:

Бауыр дисфункциясы

Бауырға арналған функционалдық тестілер

Жеңіл

Биллирубин деңгейі: = 1.5 ҚЖШ

AСT: > ҚЖШ (может быть в норме или < ҚЖШ, биллирубин деңгейі > ҚЖШ құрайды)

Орташа

Биллирубин деңгейі: > 1.5–3.0 ҚЖШ

AСT: кез келген

Ауыр

Биллирубин деңгейі: > 3–10 ҚЖШ

AСT: кез келген

ҚЖШ = мекеме үшін қалыптың жоғарғы шегі

АСТ = аспартатаминотрансфераза

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Иматиниб пен оның метаболиттерінің бүйрек арқылы елеулі шығарылуы орын алмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге немесе диализдегі пациенттерге, препаратты ең төменгі бастапқы 400 мг дозасында тағайындайды. Дегенмен, пациенттердің аталған санатын емдеу кезінде сақтық таныту керек. Жағымсыз болған жағдайда, препараттың дозасын төмендетуге болады. Жағымдылығы жақсы және тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда, дозасын арттыруға болады (4.4 және 5.2 бөлімдерін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер

Ересек пациенттер қатысқан, 65 жас шамасындағы және одан үлкен 20% пациент қамтылған клиникалық зерттеулерде, препарат фармакокинетикасында жас шамасымен байланысты өзгешеліктер байқалған жоқ. Егде жастағы пациенттерге арналған дозасы жөнінде арнайы нұсқаулар қажет емес.

Енгізу әдісі және жолы

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулардың туындау қаупін азайту мақсатында, тағайындалған дозасын ішке тамақпен бірге, көп мөлшердегі сумен ішіп қабылдау керек,. 400 мг немесе 600 мг дозаларын тәулігіне бір рет қабылдау керек. Тәуліктік 800 мг дозасын таңертең және кешке екі қабылдауға (400 мг-ден) бөлу керек.

Таблетканы/капсуланы жұта алмайтын пациенттер (соның ішінде балалар) үшін, оны бір стақан суда немесе алма шырынында ерітуге болады. Таблеткалардың қажетті санын сәйкесінше сұйықтық көлеміне (100 мг таблеткалар үшін 50 мл жуық және 400 мг таблеткалар үшін 200 мл) салады және араластырады. Суспензия дайындағаннан кейін бірден қабылдануы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеуді препарат оң әсер беріп жатқан кезең бойына жалғастыру керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Ұсынылған емдік дозасынан артық дозаларын қолдану тәжірибесі шектеулі. Иматинибтің артық дозалануының жекелеген жағдайлары арнайы оқулықтарда тіркелген.

Симптомдары: 10 күн бойы 1200 мг-ден 1600 мг-ге дейінгі дозасын қабылдаған науқаста жүрек айнуы, құсу, диарея, бөртпе, эритема, ісіну, домбығу, бұлшықет түйілулері, тромбоцитопения, панцитопения, абдоминальді ауыру, бас ауыруы, тәбеттің төмендеуі байқалған. 6 күн бойы 1800 мг-ден 3200 мг дейін қолданғанда әлсіздік, миалгия, креатинин деңгейінің жоғарылауы, билирубин көрсеткішінің жоғарылауы, АІЖ ауыруы байқалған. 6400 мг (бір реттік дозасын) қолданғанда, жүрек айнуы, құсу, абдоминальді ауыру, қызба, беттің ісінуі, нейтрофилдер санының азаюы, бауыр трансаминазаларының жоғарылауы байқалды. 8 г-ден 10 г дейін (бір реттік дозасын) қолданғанда құсу, АІЖ ауыруы байқалды.

Құсу, диарея және анорексия байқалған 3 жасар балада артық дозаланған (400 мг бір реттік дозасы) жағдайы туралы хабарланды, және басқа бір 3 жасар бала 980 мг қабылдаған, ол қанның ақ түйіршіктері санының азаюына және диареяға алып келген.

Емі: симптоматикалық ем.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер дозасын жіберіліп алса, онда оны, пациент ол туралы есіне түскен бойда қабылдауы керек. Алайда, егер келесі дозасын қабылдаудың уақыты келіп қалса, ұмытылып қалғанының орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамау керек. Содан соң емдеу курсын қалыпты кестемен жалғастыру қажет.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса)

Жағымсыз реакциялар жиіліктерінің сандық критерийлері және жағымсыз реакциялардың жүйе-ағза жіктеуіне және туындау жиіліктеріне сәйкес жіктеуі (Жағымсыз құбылыстардың жиіліктерін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

Жағымсыз реакциялар мен олардың жиіліктері 1 кестеде келтірілген.

1 кесте. Жағымсыз реакциялпардың қорытынды кестесі

Инфекциялар және инвазиялар

Жиі емес

Белдемелік теміреткі, жай герпес, назофарингит, пневмония1, синусит, целлюлит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциялары, гастроэнтерит, сепсис

Сирек

Зең инфекциялары

Белгісіз

В гепатиті вирусының реактивациясы11

Қатерсіз, қатерлі және нақты анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)

Сирек

Ісік лизисі синдромы

Белгісіз

Қан кету / ісік некрозы*

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Белгісіз

Анафилаксиялық шок*

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Нейтропения, тромбоцитопения, анемия

Жиі

Панцитопения, фебрильді нейтропения

Жиі емес

Тромбоцитемия, лимфопения, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, эозинофилия, лимфаденопатия

Сирек

Гемолиздік анемия

Метаболизм және тамақтану бұзылулары

Жиі

Анорексия

Жиі емес

Гипокалиемия, тәбеттің артуы, гипофосфатемия, тәбеттің төмендеуі, сусыздану, подагра, гиперурикемия, гиперкальциемия, гипергликемия, гипонатриемия

Сирек

Гиперкалиемия, гипомагниемия

Психикалық бұзылулар

Жиі

Ұйқысыздық

Жиі емес

Депрессия, либидо төмендеуі, мазасыздық

Сирек

Сананың шатасуы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бас ауыруы2

Жиі

Бас айналуы, парестезия, дәм сезудің бұзылуы, гипестезия

Жиі емес

Бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, шеткері невропатия, есте сақтаудың бұзылуы, ишиас, мазасыз аяқтар синдромы, тремор, миға қан құйылуы

Сирек

Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, құрысулар, көру жүйкесінің невриті

Белгісіз

Мидың ісінуі*

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиі

Қабақтардың ісінуі, көзден жас парлау, конъюнктиваның қанталауы, конъюнктивит, көздің құрғауы, көрудің бұзылуы

Жиі емес

Көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көз ұясының ісінуі, аққабықтан қан кету, көздің торқабығына қан құйылуы, блефарит, макулалық ісіну

Сирек

Катаракта, глаукома, папиллоэдема

Белгісіз

Шыны тәрізді денеге қан құйылуы*

Есту мүшесі мен лабиринт тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Бас айналуы, құлақтағы шуыл, естімей қалу

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Жүрек соғуы, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі3, өкпенің ісінуі

Сирек

Аритмия, жыпылықтағыш аритмия, жүректің тоқтап қалуы, миокард инфарктісі, стенокардия, перикардтағы жалқық

Белгісіз

Перикардит*, жүрек тампонадасы*

Қантамырлар тарапынан бұзылулар 4

Жиі

Кенеттен қызарып кету, ысыну сезімі («қан тебулер»), қан кету

Жиі емес

Гипертония, гематома, субдуральді гематома, шеткері мұздау сезімі, гипотензия, Рейно феномені

Белгісіз

Тромбоз / эмболия *

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірекорта тарапынан бұзылулар

Жиі

Ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел

Жиі емес

Плевральді жалқық5, жұтқыншақ пен тамақтың ауыруы, фарингит

Сирек

Плеврит ауыруы, өкпе фиброзы, өкпе гипертензиясы, өкпеден қан кету

Белгісіз

Тыныс алудың жедел жеткіліксіздігі10 *, өкпенің интерстициальді ауруы*

Асқазан-ішек бұзылулары

Өте жиі

Жүрек айнуы, диарея, құсу, диспепсия, іш ауыруы6

Жиі

Іш кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қатуы, ауыздың құрғауы гастрит

Жиі емес

Стоматит, ауыз қуысының ойық жаралануы, асқазан-ішектен қан кетулер7, кекіру, мелена, эзофагит, асцит, асқазанның ойық жарасы, гематемезис, хейлит, дисфагия, панкреатит

Сирек

Колит, илеит, ішектің қабыну аурулары

Белгісіз

Илеит / ішектің бітелуі *, асқазан-ішек перфорациясы *, дивертикулит *, асқазанның антральді қантамырлық эктазиясы (GAVE)*

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

Бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Жиі емес

Гипербилирубинемия, гепатит, сарғаю

Сирек

Бауыр жеткіліксіздігі8, бауыр некрозы

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Периорбитальді ісіну, дерматит / экзема / бөртпе

Жиі

Қышыну, беттің ісінуі, терінің құрғауы, эритема, аллопеция, түнде терлеу, жарыққа сезімталдық реакциясы

Жиі емес

Пустулалық бөрпе, соғылу, тершеңдік, есекжем, экхимоз, көгерулерге бейімділіктің артуы, гипотрихоз, терінің гипопигментациясы, эксфолиативтік дерматит, онихолизис, фолликулит, петехиялар, псориаз, пурпура, терінің гиперпигментациясы, буллездік бөртпелер

Сирек

Жедел фебрильді нейтрофилдік дерматоз (Свит синдромы), тырнақтардың түссізденуі, ангионевроздық ісіну, везикулалық бөртпе, мультиформалы эритема, лейкоцитокласттық васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантемалық пустулез(AGEP)

Белгісіз

Пальмоплантариальді эритродизестезия синдромы*, лихеноидтық кератоз *, қызыл жалпақ теміреткі *, уытты эпидермалық некролиз *, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік бөртпе (DRESS) *, псевдопорфирия *

Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Бұлшықеттердің түйілулері және құрысулары, миалгияны қоса қаңқа-бұлшықет ауыруы12, артралгия, сүйектердің ауыруы9

Жиі

Буындардың тұтас ісінуі

Жиі емес

Крепатура

Сирек

Бұлшықет әлсіздігі, артрит, рабдомиолиз / миопатия

Белгісіз

Аваскулярлық некроз / жамбас некрозы *, балаларда өсудің тежелуі *

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Бүйрек ауыруы, гематурия, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, несеп шығарудың жиілеуі

Белгісіз

Бүйректің жедел жеткіліксіздігі

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Гинекомастия, эректильді дисфункция, меноррагия, етеккір оралымының жүйесіздігі, сексуалдық дисфункция, емізекшенің ауыруы, емшек ұлғаюы, ұманың ісінуі

Сирек

Геморрагиялық сары дене / аналық бездің геморрагиялық кистасы

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар

Өте жиі

Сұйықтық іркілуі және ісіну, шаршау

Жиі

Әлсіздік, гипертермия, анасарка, қалтырау, тремор

Жиі емес

Кеуде ауыруы, дімкәстану

Зертханалық және аспаптық зерттеу деректері

Өте жиі

Салмақ жоғарылауы

Жиі

Салмақ азаюы

Жиі емес

Қандағы креатининнің жоғарылауы, қандағы креатинфосфокиназаның жоғарылауы, қандағы лактатдегидрогеназаның жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Сирек

Қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы

* дәрілік препаратқа маркетингтен кейінгі зерттеулер кезінде және Иматиниб AqVida препаратына қосымша клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде байқалған жағымсыз реакциялар.

1) Пневмонияның дамығаны туралы көбінесе трансформацияланған СМЛ бар пациенттерде және асқазан-ішек жолының стромалық ісіктері (АІЖСІ) бар пациенттерде хабарланды.

2) Бас ауыруы АІЖСІ зардап шегіп жүрген пациенттер арасында анағұрлым жиі байқалған.

3) Пациент-жыл көрсеткішін анықтаудың негізінде, жүрек тарапынан бұзылулар, соның ішінде жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттердегіге қарағанда, көбінесе трансформацияланған СМЛ бар пациенттерде байқалған.

4) Қан тебу сезімі көбінесе, АІЖСІ бар пациенттерде; қан кетулер (гематомалар, геморрагиялар) — көбінесе АІЖСІ бар және трансформацияланған СМЛ бар пациенттерде (акселерация фазасындағы СМЛ және бласттық криз фазасындағы СМЛ) байқалған.

5) Плевра жалқығы туралы созылмалы фазадағы СМЛ бар пациенттердегіге қарағанда, АІЖСІ бар пациенттерде және трансформацияланған СМЛ бар (акселерация фазасындағы СМЛ және бласттық криз фазасындағы СМЛ), пациенттерде жиі хабарланды

6)/7) Іш ауыруы мен асқазан-ішектен қан кету көбінесе АІЖСІ бар пациенттерде байқалған.

8) Бауыр жеткіліксіздігі мен бауыр некрозының өлімге соқтырған бірнеше жағдайы туралы хабарланды.

9) Иматинибпен емдеу кезіндегі және емдеу тоқтатылғаннан кейінгі бұлшықет-қаңқа ауыруы тіркеуден кейінгі кезеңде байқалды.

10) Бұлшықет-қаңқа ауыруы және сонымен байланысты реакциялар АІЖСІ бар пациенттердегіге қарағанда, СМЛ бар пациенттерде жиірек байқалған.

11) Аурудың терминальді сатысы, ауыр инфекциялары, айқын нейтропениясы және басқа қатарлас ауыр аурулары бар пациенттерде өлімге соқтырған жағдайлар туралы хабарланған

12) Тирозинкиназа тежегіштері BCR-ABL препараттарын қолданумен байланысты В гепатиті вирусының реактивациясы туралы хабарланды. Кей жағдайларда бауыр трансплантациясына немесе өлімге әкеп соқтыратын бауырдың жедел жеткіліксіздігінің немесе фульминанттық гепатиттің дамығаны байқалған (4.4 бөлімін қараңыз).

* дәрілік препаратқа маркетингтен кейінгі қадағалаулар кезінде және Иматиниб AqVida препаратына қосымша клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде байқалған жағымсыз реакциялар

Зертханалық тестілер нәтижелерінің нормадан ауытқулары

Гематология

СМЛ кезінде жүйелі түрде цитопениялар, әсіресе, жоғары  750 мг дозалары жағдайында туындау жиілігінің жоғарырақ болуымен нейтропения мен тромбоцитопения анықталып отырды. Дегенмен, цитопениялардың туындауы аурудың фазасына да тәуелді болды, 3 немесе 4 дәрежедегіі нейтропения (НАС < 1,0 x 109/л) мен тромбоцитопения туындау жиілігі (тромбоциттер саны < 50 x 109/л) созылмалы фазадағы алғаш анықталған СМЛ пациенттермен салыстырғанда, бласттық криз бен акселерация фазасында (нейтропения мен тромбоцитопения үшін сәйкесінше 59–64% және 44–63%) 4–6 есе жоғары болды (16,7% нейтропения және 8,9% тромбоцитопения). Созылмалы фазадағы алғаш анықталған СМЛ жағдайында дәрежедегіі нейтропения (НАС < 0,5 x 109/л) мен тромбоцитопения (тромбоциттер саны < 10 x 109/л), сәйкесінше 3,6% және < 1% пациентте байқалды. Нейтропения және тромбоцитопения көріністерінің орташа ұзақтығы, әдетте, сәйкесінше 2 аптадан 3 аптадағы дейінгі және 3 аптадан 4 аптаға дейін ауытқып отырған. Ондай құбылыстарды, әдетте, дозасын төмендету арқылы, не болмаса Иматиниб AqVida препаратын қолданып емдеуді тоқтата тұру арқылы басуға болады, бірақ сирек жағдайларда емдеудің тұрақты түрде тоқтатылуына алып келуі мүмкін. СМЛ бар, балалар жасындағы пациенттерде анағұрлым жиі байқалған уытты құбылыстар нейтропенияны, тромбоцитопенияны және анемияны қамтыған 3 немесе 4 дәрежедегі цитопениялар болды. Олар әдетте, емдеудің алғашқы бірнеше айы ішінде туындайды.

Биохимия

СМЛ бар пациенттерде трансаминазалардың (<5%) немесе билирубиннің (<1%) күшті жоғарылауы байқалған және әдетте, дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтата тұру арқылы басылған (ондай көріністердің орташа ұзақтығы шамамен бір аптаны құраған). Емдеу СМЛ бар пациенттердің 1%-ынан азында зертханалық көрсеткіштердің нормадан ауытқулары себепті тұрақты түрде тоқтатылды. АІЖСІ бар пациенттердің 6,8%-ында (аланинаминотрансфераза) 3 немесе 4 дәрежедегі жоғарылауы АЛТ және 4,8%-ында АСТ (аспартатаминотрансфераза) 3 немесе 4 дәрежедегі жоғарылауы байқалды. Билирубиннің жоғарылауы 3%-дан азды құрады.

Цитолитикалық және холестаздық гепатит пен бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары байқалған; олардың кейбіреулерінің нәтижелері парацетамолдың жоғары дозасы қолданылған бір пациентті қоса, өліммен аяқталған.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсула құрамында:

белсенді зат: 100.0 мг (119.5 мг иматиниб мезилаты түрінде) немесе 200.0 мг (139.0 мг иматиниб мезилаты түрінде) немесе 400.0 мг иматиниб (478.0 мг иматиниб мезилаты түрінде).

қосымша заттар: лактоза моногидраты, А типті кросповидон, микрокристалды целлюлоза, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, желатин, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172) (400 мг дозасы үшін), титанның қостотығы (Е171).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өлшемі № 1, қақпағы мен корпусы сары түсті, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар (100 мг үшін).

Өлшемі № 0, қақпағы мен корпусы піл сүйегі түстес (айвори), мөлдір емес қатты желатинді капсулалар (200 мг үшін).

Өлшемі № 00, қақпағы мен корпусы қызыл-сары түсті, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар (400 мг үшін).

Капсуланың ішіндегісі ақ дерлік түстен сәл сарғыштау түске дейінгі ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы.

10 капсуладан PVC/PE/-PVDC/ алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

12 (100 мг дозасы үшін), 3, 6 немесе 12 (200 мг дозасы үшін), 3 немесе 9 (400 мг дозасы үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл (100 мг дозасы үшін).

2 жыл (200 мг және 400 мг дозалары үшін).

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары.

Дәрігердің рецептісі арқылы.

Өндіруші туралы мәлімет

Адифарм

Болгария, София 1700, Бульвар Симеоновское тас жолы, 130

Байланыс телефоны: +359 2 860 20 00,

Факс: +359 2 860 20 00,

Электронды поштасы: office@adipharm.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«BB Shymkent Pharmaceutical Company» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Қаратау ауданы, Қайтпас ықш. ауд., Шымыр к-сі, 2 үй

Байланыс телефоны: +77787500711,

Факс: +77782980617,

Электронды поштасы: bbspc@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстардықабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«FAST QUALITY SERVICE» ЖК

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Қаратау ауданы, Қайтпас ықш. ауд., Шымыр к-сі, 2 үй.

Телефон: +77077315218

Электронды поштасы: degalog@nur.kz

Прикрепленные файлы

Иматиниб_итог.doc 0.21 кб
Иматиниб_ЛВ_каз_испр.doc 0.33 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту