Зиндар-100

МНН: Ципротерон
Производитель: Ципла Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cyproterone
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022800
Информация о регистрации в РК: 14.02.2017 - 14.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Зиндар-100

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципротерон

Дәрілік түрі

100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 мг ципротерон ацетаты

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон К-30, желатинделген крахмал, магний стеараты, сусыз коллоидты кремний.

Сипаттамасы

Ақ түсті капсула пішінді екі жағы дөңес бір жағында «СРА 100» таңбасы және екінші жағында сындыру сызығы бар таблеткалар (100 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Антиандрогендер. Ципротерон.

АТХ коды G03НА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін ципротерон ацетаты кең дозалық диапазонда толық сіңеді. Ципротерон ацетатының абсолютті биожетімділігі толық дерлік және 88% құрайды.

Таралуы

100 мг препаратты қабылдағаннан кейін 2,8+1,1 сағат ішінде сарысудағы ең жоғары концентрация 239,2+114,2 нг/мл-ге жетеді. Осыдан кейін препараттың сарысудағы концентрациясы 24-тен 120 сағатқа дейінгі кезең ішінде 42,8 + 9,7 сағат терминальді жартылай шығарылу кезеңімен біртіндеп төмендейді. Ципротерон ацетатының қан сарысуынан толық шығарылуы минутына 3,8 + 2,2 мл/кг құрайды.

Ципротерон ацетаты плазма альбуминімен толық дерлік байланысады. Препараттың жалпы деңгейінің 3,5-4%-ға жуығы байланыспаған күйінде қалады. Ақуыздармен байланысуы спецификалық емес болғандықтан, (ЖСБГ) жыныс стероидтарын байланыстыратын глобулиндер деңгейлерінің өзгеруі ципротерон ацетатының фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Ципротерон ацетатының метаболизациясы, гидроксилдену мен конъюгациялану үдерістерін қоса, әртүрлі жолдармен жүзеге асады. Плазмадағы негізгі метаболиті 15β-гидрокситуынды болып табылады. Метаболизмнің 1-ші сатысы P450 цитохромы жүйесінің CYP 3A4 ферментінің қатысуымен жүреді.

Шығарылуы

Препараттың аздаған мөлшері ғана өзгермеген күйінде өтпен бірге шығарылады. Үлкен бөлігі метаболиттер түрінде несеппен және өтпен бірге, тиісінше, 3:7 арақатынаста, шығарылады. Бүйрек және бауыр экскрециясының жартылай шығарылу кезеңі 1,9 күнді құрайды. Плазма метаболиттері шамамен осы уақыт ішінде элиминацияланады (жартылай шығарылу кезеңі – 1,7 күн).

Фармакодинамикасы

Ципротерон ацетаты ісікке және оның метастазаларына тікелей антиандрогендік әсер етеді. Оның сондай-ақ гипоталамус рецепторларына теріс әсер ететін прогестогендік әсері болады, осылайша гонадотропин шығарылуының төмендеуіне және тиісінше аталық без андрогені өндірілуі төмендеуіне әкеледі. Ципротерон ацетаты препаратын қолданғанда сексуалдық құштарлығы және потенция төмендейді және жыныстық функция бөгеледі.

Ципротерон ацетатының антигонадотроптық әсері оны гонадотропин-рилизинг гормонының агонистерімен бір мезгілде тағайындаған кезде де байқалады. Ципротерон ацетаты гонадотропин-рилизинг гормонының агонистерімен емдеудің бастапқы кезеңінде тестостеронның жоғары деңгейін азайтады.

Сирек жағдайларда Ципротерон ацетатының жоғары дозаларымен емдеген кезде пролактин деңгейінің біршама жоғарылауына бейімділік байқалды.

..

Қолданылуы

- қуықасты безі обырында

- метастаздалатын немесе операция жасауға келмейтін қуықасты безі обырында (орхиэктомиясыз немесе орхиэктомиядан кейінгі, сондай-ақ гонадотропин - рилизинг гормоны агонистерімен үйлесімде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Зиндар-100 таблеткаларын тамақтанудан соң судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды.

Зиндар-100 таблеткалары күн сайын күніне 2-3 рет 100 мг тағайындалады

(тәулігіне 200-300 мг). Ең жоғары тәуліктік доза 300 мг құрайды.

Жай-күйі жақсарған жағдайда немесе ремиссияға қол жеткенде емді тоқтата тұру немесе доза төмендету ұсынылмайды.

Гонадотропин-рилизинг гормоны агонистерімен емдеудің бастапқы кезеңінде және еркектің жыныс гормондарының жоғары өнімін азайту мақсатында

Зиндар-100 препаратының 100 мг таблеткасын 5-7 күн бойына күніне 2 рет (200мг) 1 таблеткадан, содан соңғы 3-4 апта бойына осы дозаны дайындаушы-фирма ұсынысына (қолданылуы бойынша нұсқаулықты қараңыз) сәйкес анықталатын дозада гонадотропин-рилизинг гормоны агонистерімен біріктірілімде тағайындайды.

Гонадотропин-рилизинг гормоны агонистерімен ем нәтижесінде немесе орхиэктомиядан кейін бүйрек үсті безінің қыртысы андрогендерінің әсері

(ысынуларды емдеу) бар-жоғын анықтау мақсатында

Зиндар-100 препаратының 0,5-1,5 таблеткасы күн сайын 100 мг (50-150 мг) қажет болғанда дозасын күніне 3 рет 1 таблеткаға дейін ұлғайтумен (300 мг).

Адамдардың ерекше популяциясы үшін қосымша ақпарат

Егде жастағы адамдар

Егде жастағы адамдарда доза түзету қажеттігі туралы айғақтайтын деректер жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Зиндар-100 бауыр ауруларында қолдануға болмайды (бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа келгенше)

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде доза түзету қажеттігі туралы айғақтайтын деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10):

- либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, жыныстық құштарлықтың төмендеуі және жыныстық функцияның бәсеңдеуі (өзгерісі қайтымды)

- сперматогенездің қайтымды бәсеңдеуі (емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде біртіндеп қалпына келеді)

Жиі (≥ 1/100 және <1/10)

- ысыну, тершеңдік, қажу және сылбырлық

- дене салмағының төмендеуі немесе жоғарылауы

- көңіл-күйдің төмендеуі, мазасыздық сезімі (уақытша)

- ентігу

- сарғаю, гепатит және бауыр жеткіліксіздігі

- гинекомастия (кейде кеуде безі ұштарының тактильді сезімталдығының жоғарылауымен үйлеседі, ол емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалады)

Жиі емес (≥1/1000 және <1/100)

- бөртпе

Сирек (≥1/10000 және <1/1000)

- аллергиялық реакциялар

- галакторея және қатерсіз түйіндер (симптомдары негізінен емді тоқтатқаннан кейін немесе доза азайтылғаннан кейін басылады)

Өте сирек (<1/10000)

- бауырдың қатерсіз және қатерлі ісіктері (интраабдоминальді қан кетуге әкеп соқтыруы мүмкін)

Жиілігі белгісіз (постмаркетингтік деректер)

- препаратты 25 мг және одан жоғары дозаларда ұзақ (бірнеше жыл) қолданған кезде пайда болатын менингиомалар

- анемия

- бүйрек үсті безі қыртысының функциясы бәсеңдеуі

- тромбоэмболиялық үдерістер (препаратпен себеп-салдарлы байланысы анықталмады)

- терінің құрғауы, денеде түктер өсуінің күшеюі, бастағы шаш өсуінің күшеюі, шаш түсінің ашықтануы және әйел жағдайында қасаға түгінің өсуі.

- остеопороз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затына немесе қосымшаларының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жыныстық жетілу аяқталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге

- қазіргі немесе анамнезіндегі менингиомалар

- бауыр ауруы (оның ішінде Дубин-Джонсон синдромы және Ротор синдромы)

- бұрын өткерген немесе қазір бар бауыр ісіктері (тек егер бұл қуық асты безі обырының метастазасымен байланысты болмаса)

- қазір бар немесе бұрын бастан кешкен тромбоэмболиялық үдерістер

- ангиопатиямен қант диабетінің ауыр түрі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диабет: Ципротерон ацетатының күніне үш рет 100 мг жоғары емдік дозаларында, ципротерон ацетаты CYP2C8 тежеуі мүмкін. Тиазолидиндиондар (яғни пиоглитазон антидиабетик және розиглитазон) CYP2C8 субстраттары болып табылады (қанда бұл антидиабетиктердің ұлғаюы доза түзетуді талап етуі мүмкін).

Басқа да өзара әрекеттесулер: Өзара әрекеттесулеріне клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Препараттың CYP3A4 ферментінің қатысуымен метаболизденуіне байланысты, кетоконазол, итраконазол, клотримазол, ритонавир және ферменттің басқа да күшті тежегіштері ципротерон ацетатының метаболизмінің төмендеуіне мүмкіндік береді деп шамаланады. Және керісінше, CYP3A4 ферментінің рифампицин, фенитоин және құрамында шайқурай бар препараттар сияқты индукторлары қан плазмасында ципротерон ацетатының деңгейін төмендетуі мүмкін.

Зертханалық зерттеулер негізінде, препараттың жоғары емдік дозасын 100 мг-нан күніне 3 рет тағайындаған кезде Р450 цитохромы жүйесінің CYP2С8, CYP2С9, CYP 2С19, 3А4 және 2D6 сияқты басқа да ферменттердің тежелуі мүмкін.

Статиндерді қолданумен байланысты миопатия немесе рабдомиолиз қаупі ципротерон ацетатының және ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің (статиндердің) емдік дозаларын бір мезгілде тағайындаған кезде артуы мүмкін, олар көбіне CYP 3А4 ферментінің қатысуымен метаболизденеді, өйткені олардың метаболизмінің жолы бірдей.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр: Зиндар-100 ем қабылдап жүрген пациенттерде препараттың сарғаю, гепатит немесе бауыр жеткіліксіздігі түріндегі тікелей гепатоуыттық әсері байқалды. Ципротерон ацетаты 100 мг және одан жоғары дозасында өлім-жітіммен аяқталу жағдайлары болғаны жөнінде де айтылған. Өлім-жітіммен аяқталу жағдайларының көбісі қуықасты безінің кең таралған қатерлі ісігі бар науқастарда байқалды. Гепатоуыттылық дозаға тәуелді және әдеттегідей, бірнеше ай емдегеннен кейін дамиды. Емделу барысында бауыр функциясын мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет. Бауыр сынамасын емді бастар алдында, сондай-ақ препараттың гепатоуыттық әсері деп болжауға мүмкіндік беретін субъективті немесе объективті белгілер пайда болған кезде жүргізген жөн.

Гепатоуыттылық айғақталған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн, егер де гепатоуыттылық басқа себептерден, мысалы, метастаздық үдеріспен жүзеге аспаған жағдайда ғана. Соңғы жағдайда емдеуді, егер күтілетін жағымды әсер қауіптен басым болса ғана, жалғастырған жөн.

Сирек жағдайларда, ципротерон ацетатын қолдану аясында бауырдың, қатерсіз және өте сирек қатерлі ісіктерінің дамығаны жекелеген жағдайларда өмір үшін қауіпті құрсақішілік қан кетуге әкеп соқтыратыны байқалды. Іштің жоғарғы бөлігінде пайда болған күшті ауыруға, бауырдың ұлғаюына шағымданғанда немесе құрсақішілік қан кету белгілері болғанда дифференциалды диагноз қоюды, бауыр ісігінің болуы мүмкін екендігін ескере отырып, жүргізген жөн.

Тромбоэмболиялық асқынулар: себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, тромбоэмболиялық асқынулар туындауы ципротерон ацетатын пайдаланатын пациенттерде тіркелген.

Мұның алдында артериялардың немесе веналардың тромбоздық/тромбоэмболиялық аурулары (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының эмболиясы, миокард инфаркті) болған, анамнезінде немесе қатерлі аурулардың кеш сатыларында ми қан айналымының бұзылулары бар пациенттерде тромбоэмболиялық үдерістердің әрі қарай даму қаупі жоғары болады.

Қуықасты безінің қатерлі ісігіне операция жасауға келмейтін пациенттерде тромбоэмболиялық үдерістер анамнезінде болса, ангиопатиямен қант диабетінің ауыр түрі, орақ-жасушалы анемиясы бар болса, ципротерон ацетаты әрбір жағдайда оның пайдасы мен қаупінің арақатынасына жекелей баға берілгеннен кейін ғана тағайындалады.

Менингиомалар: препаратты 25 мг және одан астам дозаларда ұзақ (бірнеше жыл) қолдану аясында менингиома (бірнемесе көптеген) дамығаны туралы хабарланды. Егер ципротерон ацетатымен емдеу үдерісінде менингиома диагностикаланса, препарат қабылдауды тоқтату керек.

Созылмалы депрессия: Ауыр созылмалы депрессиясы бар кейбір пациенттердің жай-күйінің ципротерон ацетаты емінде нашарлағаны анықталды. Бұндай пациенттер қажу белгілері болуына мұқият бақылануы тиіс және депрессия нашарлауында дәрігерге дереу қаралуы тиістігі туралы олар ескертілуі тиіс.

Ентігу: ципротерон ацетатының жоғары дозаларында тыныс алу қиындауы болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайларда гипокапниямен және компенсаторлық тыныс алу алкалозымен бірге жүретін прогестеронның және синтетикалық гестагендердің тыныс алуды стимуляциялайтын белгілі әсерін ескеру керек. Бұл арада симптом кешенін арнайы емдеу талап етілмейді.

Бүйрек үсті безі қыртысының функциясы: Емдеу барысында бүйрек үсті безі қыртысының функциясын мезгіл сайын бақылау керек, өйткені клиникадағы деректері шамамен ципротерон ацетаты жоғары дозаларында болжамды кортикоға ұқсас әсері болуы туралы айғақтайды.

Қант диабеті: егер пациент қант диабетінен зардап шексе, қатаң дәрігерлік бақылау керек, өйткені ципротерон ацетаты көмірсу алмасуына әсер етуі мүмкін.

Анемия: ұзақ емдеу уақытында анемия жағдайы туралы хабарланды. Осылайша, емдеу уақытында жасушадағы қызыл қан жасушалары мөлшерін ұдайы бақылау керек.

Лактоза: Галактоза жағымсыздығы, Lapp лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттерде ципротерон ацетат препаратының құрамындағы лактоза шамасын ескеру қажет.

Дәрілік заттың автокөлік және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Шаршау және қажу жиі жағымсыз әсері болып табылады және пациенттерге бұл туралы ескертілуі тиіс, және егер бұндай симптомдар білінсе пациенттер автокөлік және механизмдерді басқармауы тиіс.

Артық дозалануы

Бір реттік қабылдаудан кейін жедел ағымды уыттылықты зерттеу ципротерон ацетат препаратының белсенді заты - ципротерон ацетаты іс жүзінде уытты емес ретінде классификациялануы мүмкін. Спецификалық антидоттары жоқ, және егер қажет болса емі симптоматикалық болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/ поливинилдихлоридті және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдануы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ципла Лтд., Үндістан

S-103-дан S-105 дейін, S-107-дан S-112 дейін,

L-138, L-147, L-147/1-дан L-147/3, L-147/A дейін

Verna Industrial Estate,

Verna Salcette, Goa, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Ципла Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ципла-ЛТД» ҚР өкілдігі, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67

e-mail: reg@avitsena.kz

Дәрілік заттың тіргелгеннен кейінгі қауыпсіздігін бақылайтын:

Тулеубаев Орнар Аязбаевич

ЖШС «ALIMOR Corporation» директоры

Алматы қаласы, Райымбек проспектісі 212а

тел. +7 727 3 90 10 88, тел./факс + 7 727 2422897

ұялы телефон: +7 777 222 75 96

e-mail: dr.ornar@alimor.kz

Прикрепленные файлы

631660061498795339_ru.doc 45.94 кб
177405941498795877_kz.doc 31.56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники