ЗАТИНИБ®

МНН: Дазатиниб
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dasatinib
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024732
Информация о регистрации в РК: 16.09.2020 - 16.09.2025

Инструкция

Саудалық атауы

ЗАТИНИБ®, үлбірлі қабықпен қапталғантаблеткалар, 20 мг, 100 мг және 140 мг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дазатиниб

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг, 100 мг, 140 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Дазатиниб. АТХ коды L01XE06

Қолданылуы

  • ересектерде созылмалы фазадағы филадельфиялық хромосомы бойынша алғаш анықталған оң (Ph+) созылмалы миелолейкозда;

  • иматинибті қоса, мұның алдындағы емге резистенттілікте немесе ем жақпағанда, созылмалы фазадағы, акселерация фазасындағы немесе лимфоидты фазадағы немесе миелоидты бластты криздегі созылмалы миелолейкозда (4.2 бөлімді қараңыз);

  • оң филадельфиялық хромосомасы (Ph+ ALL) бар жедел лимфобластты лейкозда, бұның алдындағы емге резистенттілікте немесе ол жақпағанда.

Балалар:

  • иматинибті қоса, мұның алдындағы емге резистенттілікте немесе ем жақпағанда, созылмалы фазадағы (Ph + CML-CP) алғаш анықталған оң филадельфиялық хромосомасы бар созылмалы миелолейкозда;

  • оң филадельфиялық хромосомасы (Ph+ ALL) бар, алғаш анықталған жедел лимфобластты лейкозда мұның алдындағы емге резистенттілікте немесе ем жақпағанда

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дазатинибке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қазіргі таңда Қазақстанда дазатинибті қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз, өйткені ол орфандық препараттарға жатады.

ЗАТИНИБ® препаратының бір реттік дозасында лактоза моногидраты төмендегіше: 20 мг бір таблетка құрамында - 27 мг, 100 мг бір таблетка құрамында - 135 мг, 140 мг бір таблетка құрамында - 189 мг бар, сондықтан тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамағаны жөн. Бауыр жеткіліксіздігі және қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды.

Сүйек кемігінің бәсеңдеуі

Дазатинибпен емдеген кезде ауыр (NCI CTC жіктеуі бойынша 3 және 4 дәрежедегі) тромбоцитопения, анемия және нейтропения пайда болуы мүмкін. Олар көбіне созылмалы миелолейкоздың фазасы ұзаққа созылған немесе оң филадельфиялық хромосомалы жедел лимфобластты лейкозы бар пациенттерде, созылмалы миелолейкоздың созылмалы фазасындағы пациенттерге қарағанда жиі тіркелген. Қанды толық клиникалық талдауды емдеудің алғашқы 2 айы ішінде апта сайын, ал содан кейін ай сайын немесе клиникалық көрсетілімдері бойынша, жиірек жүргізу керек. Сүйек кемігінің бәсеңдеуі қайтымды және дазатинибті қабылдауды уақытша тоқтатқанда немесе дозасын азайтқанда қайтады.

Қан кетулер

Қан кетудің көптеген жағдайлары ауыр тромбоцитопениямен байланысты. Егер пациенттер тромбоциттер функциясын тежейтін дәрілік препараттарды немесе антикоагулянттарды қабылдауы тиіс болса, сақтық танытқан жөн.

Сұйықтықтың іркілуі 

Дазатиниб қабылдаған кезде сұйықтықтың іркілуі, соның ішінде ауыр дәрежедегісі (айқын асцит, жайылған ісіну, өкпенің ауыр ісінуі) байқалуы мүмкін. Ентігу немесе құрғақ жөтел пайда болған кезде кеуде қуысының ағзаларына рентгенологиялық бақылау қажет. Егер плеврит диагностикаланса, дазатинибпен емдеуді тоқтатқан жөн. Сұйықтықтың іркілуі әдетте диуретиктер немесе глюкокортикостероидтардың қысқа курсы қамтылған демеуші емді қолданған кезде басылады. Айқын плевралық жалқықта оксигенотерапия және торакоцентез қажет болды.

Алғашқы көрінісін басқаннан кейін дазатинибпен бұрынғы дозада емдеуді қайта жаңғыртуды қарастыру керек. Кейінгі көріністер пайда болғанда дазатинибтің дозасын азайту қажет.

Сұйықтықтың іркілуі және ентігу 65 жастан асқан пациенттер үшін тән екендігін ескерген жөн, сондықтан осы жас тобындағы пациенттерді мұқият бақылауды қамтамасыз ету қажет.

QT аралығының ұзаруы

Дазатинибтің жүрек қарыншасының реполяризациясын (QT аралығын) ұзарту үшін потенциалы бар.

Дазатинибті QT аралығы ұзарған немесе осы аралықтың ұзару қаупі бар (гипокалиемия, гипомагниемия, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы, аритмияға қарсы препараттармен және QT аралығын ұзартуға қабілетті басқа препараттармен емдеген кезде, бұған дейін антрациклиндердің жоғары дозаларымен емделген) пациенттерде сақтықпен пайдаланған жөн. Дазатиниб тағайындағанға дейін гипокалиемияға және гипомагниемияға түзету жүргізген жөн.

Дазатинибпен емдеу кезінде жүрек қызметінің параметрлерін мұқият бақылау және қауіп тобындағы немесе анамнезінде жүрек аурулары бар пациенттерді, оны анықтау мақсатында, мұқият бақылау және қажет болғанда жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан ықтимал жағымсыз реакцияларды түзетуді жүзеге асыру қажет.

Гипокальциемия дамыған кезде жағдай ішке кальций препараттарын қабылдау арқылы түзетіледі. Трансаминазалар немесе билирубин деңгейлері жоғарылаған кезде препарат дозасын азайтқан немесе оны қабылдауды тоқтатқан жөн.

Өкпелік артериялық гипертензия (ӨАГ)

Дазатинибпен емдеу барысында, сондай-ақ емдеуді аяқтағаннан кейін жыл және одан көбірек уақыт өтуіне байланысты өкпелік артериялық гипертензияның (ӨАГ) даму жағдайлары байқалды, дазатинибпен емдеуді бастағанға дейін жүрек және өкпе ауруларының ықтимал белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында тексеру жүргізген жөн. Егер дазатинибпен емдеу барысында пациенттер ентігу немесе шаршағыштық байқалса, плевралық жалқықты, өкпенің ісінуін, анемияны және өкпедегі инфильтратты қоса, көбірек кездесетін әдеттегі этиологиясының бар-жоқтығын анықтау қажет. Мұндайда гематологиялық емес жағымсыз реакциялардың даму жағдайларына арналған «Қолдану тәсілі және дозалары» бөліміндегі нұсқауларды, деректерді ескеру қажет: гематологиялық емес ауыр жағымсыз әсерлер дамыған кезде емдеуді жағымсыз әсердің симптоматикасы жоғалғанға дейін немесе пациенттің жағдайы жақсарғанша тоқтата тұрады. Егер пациентті тексеру кезінде басқа диагноз қойылмаса, ӨАГ диагнозын қарастыру қажет. Пациентте ӨАГ айғақталған жағдайда, дазатинибпен емдеуді, әрі қарай пациенттің жағдайын стандартты нұсқауларға сәйкес бақылауды қамтамасыз ете отырып, кейіннен қайта жаңғыртусыз тоқтатады. ӨАГ бар пациенттерде препаратты тоқтатқаннан кейін олардың гемодинамикалық және клиникалық параметрлерінің жақсарғаны байқалды.

Зертханалық көрсеткіштердің ауытқуы  

Созылмалы миелолейкоздың миелоидты немесе лимфоидты бластты криз фазасы және оң филадельфиялық хромосомалы лимфобластты лейкозы бар пациенттерде трансаминазалар белсенділігінің немесе 3 немесе 4 дәрежедегі билирубин деңгейінің артуы және 3 немесе 4 дәрежедегі гипокальциемия мен гипофосфатемия жиі байқалды. Трансаминазалар белсенділігінің және/немесе билирубин деңгейінің қалыпқа келуі әдетте препарат дозасын азайтқаннан кейін немесе емдеуде үзіліс жасағаннан кейін басталды. Ішке қабылдауға арналған кальций препараттарын тағайындаған кезде 3 немесе 4 дәрежелі гипокальциемияның басылғаны байқалды.

В гепатитінің реактивациясы

В гепатитінің реактивациясы созылмалы вирус тасымалдаушысы болып табылатын пациенттерде BCR-ABL тирозинкиназа тежегіштерін қабылдаған кезде байқалды. Кейбір жағдайларда бұл бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігіне немесе бауыр трансплантациясына немесе өліммен аяқталуға әкеп соғатын шұғыл дамитын гепатитке әкелді.

Пациенттер дазатинибпен емделуді бастамас бұрын HBV-инфекцияларының бар-жоқтығына тексерілуі тиіс. Серологиялық оң HBV бар, дазатинибпен емдеуді керек ететін пациенттерде, емдеу барысында және емдеуді аяқтағаннан кейін бірнеше ай бойы HBV инфекцияларының белгілері мен симптомдарын мұқият бақылауы қажет.

Ауыр тері реакциялары

Дазатинибті қабылдаған пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромын және мультиформалы эритеманы қоса, тері-шырышты қабықтың ауыр реакциялары туындаған жағдайларда, пациенттің жағдайын кейін стандартты нұсқауларға сәйкес бақылауды қамтамасыз ете отырып, препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 тежегіштері: CYP3A4 белсенділігінің тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин, атазанавир, индинавир, нефазодон, нельфинавир, ритонавир, саквинавир, телитромицин және вориконазол) қан плазмасында дазатинибтің концентрациясын арттыруы мүмкін. Грейпфрут шырыны да плазмадағы дазатиниб концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан оларды дазатинибпен бірге тағайындауға жол бермеген жөн. Мүмкіндігінше, изоферментті тежеуге қабілеті жоқ (немесе ең аз дәрежеде болатын) баламалы препараттарды тағайындау ұсынылады. CYP3A4 тежегіштерін және дазатинибті, фармакокинетика негізінде, бірге тағайындау қажет болған жағдайда күніне 100 мг дазатиниб қабылдап жүрген пациенттерде дазатинибтің дозасын күн сайын тәулігіне 20 мг-ге дейін азайтуды қарастырған жөн. Күн сайын 140 мг дазатиниб қабылдап жүрген пациенттер үшін дазатинибтің дозасы күніне 40 мг-ге дейін төмендетілуі тиіс. CYP3A4 изоферментінің күшті тежегішін жүйелік қабылдауға жол бермеу мүмкін болмаған пациенттер, уыттылық белгілерін дер кезінде анықтау үшін, мұқият бақылауда болуы тиіс.

Егер дазатинибтің дозасын азайтса да жақпаушылық бәрібір байқалса, CYP3A4 тежегішін тоқтату, немесе CYP3A4 тежегіштерімен емдеу тоқтатылғанға дейін, дазатиниб қабылдауды тоқтатқан жөн. CYP3A4 тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін, дазатинибтің дозасы 1 аптадан ерте арттырылмауы тиіс.

CYP3A4 индукторлары: CYP3A4 индукторлары плазмада дазатиниб концентрациясын төмендетуі мүмкін. CYP3A4 индукторлары (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал) тағайындалған пациенттерге осы препараттардың орнына осы изоферментті индукциялау қабілеті жоқ (немесе ең төмен дәрежеде болатын) препараттарды тағайындау керек.

Шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) препараттары қан плазмасында дазатинибтің концентрациясын төмендетуі мүмкін, сондықтан олар дазатинибпен емдеген кезде пайдаланылмауы тиіс. 

CYP3A4 индукторларын тағайындау қажет болған кезде дазатиниб дозасын арттыруды қарастырған жөн. Дазатиниб дозасын арттырған кезде, уыттылық белгілерін дер кезінде анықтау үшін, пациентті мұқият бақылау қажет.

Антацидтер: дазатинибті және антацидтерді бір мезгілде қабылдау тиімсіз. Егер антацидтер қажет болса, оларды дазатинибті қабылдаудан кем дегенде 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.

Н2-гистаминді рецепторлар блокаторлары және протонды помпа тежегіштері: Н2-гистаминдік рецепторлар бөгегіштерімен және протонды помпа тежегіштерімен (мысалы, фамотидинмен және омепразолмен) тұз қышқылының секрециясын ұзақ уақыт басу дазатинибтің концентрациясын азайтуы мүмкін. Осы препараттар мен дазатинибті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

CYP3A4 субстраттары: дазатиниб CYP3A4 изоферментінің тежегіші болып табылады, сондықтан оны CYP3A4 изоферментінің субстраттарымен бірге тағайындау осы субстраттың әсерін күшейтуі мүмкін. Алфентанил, астемизол, терфенадин, цизаприд, циклоспорин, фентанил, пимозид, хинидин, сиролимус, такролимус және қастауыш туындылары (эрготамин, дигидроэрготамин) сияқты емдік диапазоны тар CYP3A4 субстраттарын дазатиниб қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен пайдалану керек.

Сақтықпен: антикоагулянттарды және тромбоциттер функциясына ықпалын тигізетін препараттарды бір мезгілде қабылдау; QT аралығының ұзаруы немесе оның ұзару қаупі бар (сондай-ақ QT аралығын ұзартатын препараттармен бір мезгілде қабылдағанда); емдік диапазоны тар CYP3A4 изоферментінің субстраттарымен бір мезгілде қолдану.

Арнайы сақтандырулар

Бір реттік дозадағы ЗАТИНИБ құрамында лактоза моногидраты бар, сондықтан тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға және қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындайды.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Егде жастағы пациенттерде фармакокинетикада клиникалық елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ, сондықтан дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуында қолдану

Дазатиниб пен оның метаболиттерінің бүйректік клиренсі <4% құрайды, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған кезде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуында қолдану

Дазатиниб негізінен бауырмен метаболизденеді, сондықтан препаратты орташа және ауыр дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Жүктілік

Дазатинибті жүкті әйелдерге қолдануға қатысты деректер қазіргі таңда жоқ. Ұрпақ өрбіту функциясына шарананың жедел шеменін, лейкопениясын және тромбоцитопениясын қоса, жағымсыз фармакологиялық әсері жөнінде мәліметтер бар. Дазатинибті өмір үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңінде тағайындамаған жөн, алайда мұндай жағдайларда пациентке шарана үшін зор қаупінің бар екендігін алдын ала ескерткен жөн. Бала туа алатын жастағы әйелдер дазатинибпен емделу кезінде және емдеуден кейін 30 күн контрацепцияның тиімді әдістерін қолданғаны жөн.

Емшек емізу

Дазатинибтің емшек сүтіне экскрециялануы жөнінде ақпарат шектеулі. Дазатиниб бойынша физико-химиялық және фармако-динамикалық деректер оның емшек сүтіне өтуін және нәресте үшін қаупін жоққа шығармайды. Дазатинибпен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Фертильділік

Пациенттер ( еркектер де, сонымен қатар әйелдер де) емделу кезінде және одан кейін ең кемінде 3 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы қажет. Егер дазатинибпен емделу кезінде жүктілік басталса, сондай-ақ жүктілік кезінде препараттың пайдаланылғаны белгілі болса, оның шарана үшін ықтимал қаупінен пациентті дереу хабардар ету керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын және механизмдерді басқару қабілетіне ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Пациенттер дазатинибпен емделу кезінде бас айналу немесе көрудің бұлыңғырлануы сияқты жағымсыз реакцияларды бастан кешуі мүмкін екендігінен хабардар болуы тиіс. Сондықтан көлік құралдарын және механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту ұсынылады.

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар

Егер сізге дәрігер сізде қанттың кейбір түрлеріне жағымсыздық барын айтқан болса, бұл дәріні қабылдар алдында дәрігерге қаралыңыз.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны галактоза жағымсыздығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Таблетканы ұсақтамаған немесе бөлмеген жөн, оларды тамақ ішуге қарамай-ақ, тұтастай жұту қажет.

Ұсынылатын бастапқы дозалары:

- созылмалы фазадағы созылмалы миелолейкозда – күніне 1 рет 100 мг (таңертең немесе кешке);

- акселерация фазасында, лимфоидты немесе миелоидты бластты криз фазасында, немесе Ph-позитивті жедел лимфобластты лейкозда - күніне 1 рет 140 мг (таңертең немесе кешке).

Клиникалық жауабы және препараттың пациентке жақпаушылығы ескеріліп, доза өзгертілуі мүмкін.

Балалар

Балалар мен жасөспірімдер үшін дозалау дене салмағына негізделген

Ph + CML-CP немесе Ph + ALL бала жасындағы пациенттер үшін препаратты дозалау

Дене салмағы (кг)

Тәуліктік доза (мг)

10 - 20 кг дейін

40 мг

20 -30 кг дейін

60 мг

30 - 45 кг дейін

70 мг

45 кг және одан астам

100 мг

Ұсынылған бастапқы дозада гематологиялық немесе цитогенетикалық жауап жоқ болған жағдайда, препарат дозасы мынаған дейін арттырылуы мүмкін:

- күніне 1 рет 140 мг — созылмалы миелолейкоздың созылмалы фазасында;

- күніне 1 рет 180 мг — созылмалы миелолейкоздың алға жылжыған фазасында (акселерация немесе бластты криз фазасы) немесе жедел лимфобластты лейкозда оң филадельфиялық хромосомасымен бірге.

Аурудың үдеу белгілері пайда болғанда немесе препарат пациенттерге жақпағанда препарат қабылдауды тоқтатады.

Емді жақсы көтеретін, ұсынылатын дозаны қолданғанда гематологиялық, цитогенетикалық және молекулярлық жауап алынбаған, Ph+ CML-CP бар балалар үшін дозаны арттыру ұсынылады.

дPh + CML-CP бар педиатриялық пациенттер үшін дозаны арттыру

Доза (күніне ең жоғары доза)

Бастапқы доза

эскалация

таблеткалар

40 мг

60 мг

70 мг

100 мг

50 мг

70 мг

90 мг

120 мг

Ph + ALL бар балалар үшін доза жоғарылату ұсынылмайды, өйткені дазатиниб бұл пациенттерде химиотерапиямен бір мезгілде тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері салдарынан дозаны түзету

Миелосупрессия

Миелосупрессияда дозаны азайтқан, емдеуді тоқтатқан немесе оны доғарған жөн. Қажет болған жағдайда тромбоцитарлы немесе эритроцитарлы массаның транфузиясын жүргізу керек. Тұрақты миелосупрессияда гемопоэздік өсу факторы қолданылуы мүмкін.

Нейтропенияда және тромбоцитопенияда дозаны түзету

Созылмалы миелолейкоздың созылмалы фазасында (бастапқы доза — күніне 1 рет 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолюттік саны <0,5·109/л немесе тромбоциттер саны <50·109/л болғанда:

1. Препаратпен емдеуде нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥1,0·109/л-ге және тромбоциттер саны ≥50·109/л-ге жеткенше үзіліс жасау керек.

2. Егер ≤7 күн ішінде қалпына келетін болса, емдеуді бұрынғысындай дозада қайта жаңғырту керек.

3. 7 күннен астам уақыт бақылаған кезде тромбоциттер саны <25·109/л немесе нейтрофилдердің абсолютті саны <0,5·109/л болса  — емдеуде үзіліс жасау керек және, қорытынды көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін, емдеуді күніне 1 рет 80 мг болатын азайтылған дозада қайта жаңғырту керек (екінші көрініс). Үшінші көрініс пайда болған кезде дозаны күніне 1 рет 50 мг дейін азайтады (созылмалы миелолейкозы қайтадан байқалған пациенттер үшін) немесе емдеуді тоқтатады (иматинибті қоса, бұған дейінгі емге төзімділігі бар немесе ем жақпаған пациенттер үшін).

Созылмалы миелолейкоз (акселерация немесе бластты криз фазасындағы) және немесе оң филадельфиялық хромосомасы бар лимфобластты лейкоз (бастапқы доза — күніне 1 рет 140 мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны <0,5·109/л немесе тромбоциттер саны <10·109/л болғанда:

1. Цитопенияның лейкоздан болғанын-болмағанын анықтау керек (аспирация немесе сүйек кемігінің биопсиясы).

2. Егер цитопения лейкозбен байланысты болмаса, емдеуді нейтрофилдер саны ≥1,0·109/л және тромбоциттер саны ≥20·109/л жеткенше тоқтатпаған және емдеуді бұрынғыдай дозада қайта жаңғыртқан жөн.

3. Цитопения қайталанған жағдайда цитопения себебін қайтадан анықтау және емдеуді күніне 1 рет 100 мг болатын азайтылған дозада (екінші көрініс) немесе күніне 1 рет 80 мг дозада (үшінші көрініс) қайта жаңғырту керек.

4. Егер туындаған цитопения лейкозбен байланысты болса, дозаны күніне 1 рет 180 мг-ге дейін арттыру жөніндегі мәселені қарастырған жөн.

Гематологиялық емес ауыр жағымсыз әсерлер дамыған кезде емдеуді жағымсыз әсерінің симптоматикасы жойылғанша немесе пациенттің жағдайы жақсарғанша тоқтата тұрады. Емдеуді азайтылған дозада қайта жаңғыртуға болады.

3 кесте: Ph+ CML-CP бар балаларда нейтропенияда және тромбоцитопенияда доза түзету

1.Егер цитопения 3 аптадан астам жалғасар болса, цитопенияның лейкозбен байланысы бар-жоғын анықтау керек (аспирация немесе сүйек кемігінің биопсиясы).

2.Егер цитопения лейкемиямен байланысты болмаса, нейтрофилдер абсолютті санға ≥1,0·109/л және тромбоциттер саны ≥75 × 10 9 / л абсолютті санға жеткенге дейін емді үзе тұру керек және емді бұрынғы дозада немесе төмендетілген дозада жаңғыртады.

3.Егер цитопения қайталанса, аспирацияны / сүйек кемігінің биопсиясын қайталап жүргізу керек және төмендетілген дозада емді жаңғыртыңыз.

Доза (күніне ең жоғары доза)

Басындағы алғашқы доза

Дозаны бір деңгейде төмендету

Дозаны екі деңгейде төмендету

таблет-калар

40 мг

20 мг

*

60 мг

40 мг

20 мг

70 мг

60 мг

50 мг

100 мг

80 мг

70 мг

Ph + CML-CP бар балаларда 3 дәрежелі нейтропения немесе толық гематологиялық жауап беру кезінде тромбоцитопения рецидиві пайда болғанда дазатинибпен емдеуді тоқтату керек және кейіннен төмендетілген дозада қалпына келтіруге болады. Цитопения және ауруға реакцияның аралық дәрежелері үшін дозаны уақытша төмендету қажеттілігіне қарай жүзеге асырылуы тиіс.

Ph + ALL бар педиатриялық пациенттер үшін 1-ден 4-ші дәрежеге дейінгі гематологиялық уыттылық жағдайларында дозаны өзгерту ұсынылмайды

Егер нейтропения және / немесе тромбоцитопения химиотерапияның келесі курсының 14 күннен артық кідіруіне әкелетін болса, дазатинибпен емдеуді тоқтату және келесі химиотерапия курсы басталғаннан кейін дозаның сол деңгейінде жаңғырту керек. Егер нейтропения және / немесе тромбоцитопения сақталса және химиотерапияның келесі курсы 7 күнге кейінге қалдырылса, сүйек кемігінің жасушалылығын бағалауды жүргізу керек. Егер сүйек кемігінің жасушалылығы <10% құраса, дизатинибпен емдеуді нейтрофилдердің абсолюттік саны > 500 / мкл (0,5 × 10 9 / л) болғанша тоқтату керек, содан кейін емдеу толық дозада қайта басталуы мүмкін. Егер сүйек кемігінің жасушалары >10% болса, дазатинибпен емдеуді қайта бастау мүмкіндігін қарастыруға болады.

Гематологиялық емес жағымсыз реакциялар

Гематологиялық емес орташа 2-ші дәрежедегі жағымсыз реакцияларда дазатинибпен емдеуді жағымсыз әсер симптомдары жойылғанша тоқтатқан немесе бұрынғы дозаға оралған жөн. Егер бұл жағымсыз реакциялардың алғашқы көрінісі болса, емдеуді бұрынғы дозада, немесе егер бұл реакциялар қайталанатын болса, азайтылған дозада қайта жаңғыртуға болады. Гематологиялық емес 3 немесе 4 дәрежедегі ауыр жағымсыз реакцияларда емдеуді жағымсыз әсер симптомдары жойылғанша тоқтата тұру керек. Осыдан кейін емдеу қажет болған жағдайда жағымсыз реакцияның ауырлығына байланысты азайтылған дозада қайта жаңғыртылуы мүмкін. Күніне бір рет 100 мг қабылдаған, СМЛ созылмалы фазасы бар пациенттер үшін қажет болғанда дозаны күніне бір реттік 80 мг-ге дейін азайту, әрі қарай күніне бір реттік 80 мг-ден күніне бір реттік 50 мг-ге дейін азайту ұсынылады. Күніне бір рет 140 мг қабылдаған СМЛ үдемелі фазасы немесе Ph + ALL бар пациенттер үшін қажет болғанда дозаны күніне бір реттік 100 мг-ге дейін азайту, әрі қарай күніне бір реттік 100 мг-ден күніне бір реттік 50 мг-ге дейін азайту ұсынылады.

Плевралық жалқық

Плевралық жалқық бар болған кезде дазатинибпен емдеуді осы құбылыстың симптомдары жойылғанша тоқтата тұрған немесе бұрынғы дозаға оралған жөн. Егер пациенттің жағдайы шамамен бір апта ішінде жақсармаса, диуретиктерді немесе кортикостероидтарды немесе екеуін де бір мезгілде қолдануды қарастыру қажет. Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін дазатинибпен емдеуді сол доза деңгейінде қайта жаңғыртуға болады. Жағымсыз әсерлер қайталанған жағдайда дазатинибпен емдеуді азайтылған дозада қайта жаңғыртуға болады. 3 немесе 4 дәрежедегі ауыр жағымсыз симптомдар жоғалғаннан кейін емдеуді реакцияның ауырлығына байланысты азайтылған дозада қайта жаңғыртуға болады.

Бүйрек функциясы бұзылғанда қолдану

Дазатинибтің және оның метаболиттерінің бүйректік клиренсі <4% құрайды, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған кезде дозаны түзету қажет етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылғанда қолдану

Дазатиниб негізінен бауыр арқылы метаболизденеді, сондықтан препаратты бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен пайдаланған жөн.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Егде жастағы пациенттерде клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ, сондықтан дозаны түзету қажет емес.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: тромбоциттер мөлшерінің азаюы. Артық дозаланған жағдайда миелосупрессия дәрежесін бақылау мақсатында пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек.

Емі — симптоматикалық.

Егер сіз препаратты қажетінен көбірек қабылдап қойсаңыз емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер сіз препарат қабылдауды ұмытып кетсеңіз, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

Өткізіп алған таблетканың орнын толтыру үшін қосарлы доза қабылдауға болмайды.

Егер сіздің бүйрегіңіз ауыратын болса,сіздің дәрігеріңіз төменірек доза тағайындай алады.

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болғанда емдеуші дәрігерге қаралыңыз

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Созылмалы фазадағы СМЛ алғаш диагностикаланған науқастарды емдеген кезде өте кең таралған жағымсыз реакциялар сұйықтықтың іркілуі (соның ішінде плеврит) (19%), диарея (17%), бас ауыру (12%), бөртпе (11%), сүйек-бұлшық еттің ауыруы (11%), жүректің айнуы (8%), шаршау (8%), миалгия (6%), құсу (5%), және бұлшық еттің қабынуы (4%). Келесі жағымсыз құбылыстар жөнінде қосымша мәлімдемелер алынды: тері бөртпесі (14%), сүйек-бұлшық еттің ауыруы (14%), бас ауыру (13%), шаршау (11%), жүректің айнуы (10%), миалгия (7%), құсу (5%), сондай-ақ бұлшық еттің қабынуы немесе құрысулар (5%). Иматинибпен алдын ала емге резистенттілігі бар немесе ем жақпаған науқастарды емдеген кезде көбірек таралған жағымсыз реакциялар сұйықтықтың іркілуі (соның ішінде плеврит), диарея, бас ауыру, жүректің айнуы, тері бөртпесі, ентігу, қан кету, шаршау, қаңқа-бұлшық еттің ауыруы, инфекциялар, құсу, жөтел, іштің ауыруы және гипертермия (дене температурасының жоғарылауы) болды. Иматинибке резистенттілігі немесе емнің жақпаушылығы бар пациенттерге дазатинибпен емдеуді бастаудан ең жоқ дегенде 7 күн бұрын иматиниб қабылдауды тоқтату ұсынылды.

Реакциялар жүйелер және ағзалар бойынша берілген, сондай-ақ жиілігі бойынша жіктеледі. Жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі  (≥1/10);  жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін); сирек  (≥ 1/1000 - <1/100 дейін); өте сирек (≥ 1/10000 - <1 / 1000 дейін); белгісіз (баға беру мүмкін емес).

Әрбір жиілік тобының ішінде жағымсыз реакциялар жағымсыз құбылыстардың ауырлығының кему ретімен берілген.

Өте жиі (шамамен 10%-дан астам пациенттерде кездеседі)

- инфекциялар (оның ішінде бактериялық, вирустық, зеңдік және т.б.)

- миелосупрессия (оның ішінде анемия, нейтропения, тромбоцитопения)

- бас ауыруы

- қан құйылу*d

- плеврит*, ентігу

- диарея, құсу, жүрек айнуы, іштің ауыруы

- тері бөртпесіе

- сүйек-бұлшықет ауыруы

- шеткері ісінулерh, шаршау, гипертермия, беттің ісінуіi

Жиі (1%-дан астамда кездеседі, бірақ пациенттердің 10% -нан азында)

- пневмония (оның ішінде бактериялық, вирустық және зеңдік), ОРЗ / қабынулар, герпес вирусының инфекциялары, энтероколит инфекциялар, сепсис (оның ішінде өліммен аяқталатын сирек жағдайлар)

- фебрильді нейтропения

- тәбеттің өзгеруіa, гиперурикемия

- депрессия, ұйқысыздық

- невропатиялар (шеткері невропатияны қоса), бас айналуы, дисгевзия, ұйқышылдық

- визуалдық бұзылыстар (оның ішінде көрудің бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі), көздің құрғауы

- құлақтың шулауы

- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі / жүрек дисфункциясы*с, перикардит*, аритмия (тахикардияны қоса), жиі жүрек қағуы

- артериялық гипертензия, гиперемия

- өкпенің ісінуі*, өкпе гипертензиясы*, өкпе инфильтрациясы, пневмонит, жөтел

- асқазан-ішектен қан кету*, колит (нейтропениялық колитті қоса), гастрит, шырышты қабықтың қабынуы (мукозитті/стоматитті қоса), диспепсия, іш кебуі, іш қатуы

- ауыз қуысының жұмсақ тіндер аурулары

- алопеция, дерматит (экземаны қоса), қышыну, безеу, терінің құрғауы, есекжем, гипергидроз

- артралгия, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, тірек-қимыл аппаратының сіресуі, бұлшықет түйілуі

- астения, ауыру, кеуденің ауыруы, жайылған ісінулер *j қалтырау

- салмақтың ұлғаюы немесе азаюы

- контузия

Сирек (0,01% -дан астамда кездеседі, бірақ пациенттердің, 0,1% -дан азында)

- лимфаденопатия, лимфопения

- аса жоғары сезімталдық (эритеманы қоса)

- анафилаксиялық шок

- гипотиреоз

- ісік лизисі синдромы, сусыздану, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия

- қант диабеті

- үрей, шатасу күйі, лабильділік, либидоның төмендеуі

- ОЖЖ қан кетуі *b, естен тану, тремор, амнезия, тепе-теңдіктің бұзылуы

- көрудің нашарлауы, конъюнктивит, жарықтан қорқу, жас ағу

- естімей қалу, бас айналуы

- миокард инфарктісі (оның ішінде өліммен аяқталатын) *, QT аралығының ұзаруы*, перикардит, қарыншалық аритмия (оның ішінде қарыншалық тахикардия), стенокардия, кардиомегалия, электрокардиограммадағы Т тісшесінің өзгеруі

- гипотензия, тромбофлебит

- өкпелік артериялық гипертензия, бронх түйілуі, демікпе

- панкреатит (оның ішінде жедел панкреатит), эзофагит, асцит *, артқы өтіс сызаты, дисфагия, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

- гепатит, холецистит, холестаз

- нейтрофильді дерматоз, фотосенсибилизация, пигментация, панникулит, терінің ойықжарасы, тырнақ аурулары, алақан-табан синдромы, шаш аурулары

- рабдомиолиз, остеонекроз, бұлшықет қабынуы, тендинит, артрит, сүйек өсуінің баяулауыg

- бүйрек жеткіліксіздігі, жиі несеп шығару, протеинурия

- түсік

- гинекомастия, етеккір оралымының бұзылуы

- жалпы дімкәстік, ісінулерk

- креатинфосфокиназа, гамма-глутамилтрансфераза мөлшерінің ұлғаюы

Өте сирек (0,001%-дан астамда кездеседі, бірақ пациенттердің 0,01% -дан азында)

- аплазия

- тиреотоксикоз, тиреоидит

- ми қан айналымының бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысулар, көру жүйкесінің невриті, VII жүйкенің салдануы, деменция, атаксия

- өкпелік жүрек, миокардит, жедел коронарлық синдром, жүрек тоқтауы, PR аралығының ұзаруы, коронарлық артерия аурулары, плевроперикардит

- терең веналар тромбозы, эмболия

- өкпе эмболиясы, жедел респираторлық дистресс-синдром

- гастроэнтеропатия, ішектің бітелуі, анальдік жыланкөз

- лейкоцитокластық васкулит, тері фиброзы

- жүрістің бұзылуы

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде туындапу жиілігін анықтау мүмкін емес)

- В реактивациясының гепатиті

- жүрекшелер фибрилляциясы / жүрекшелердің дірілдеуі

- өкпенің коллагенді ауруы

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектен қан кету*

- Стивенс-Джонсон синдромы f

- нефроздық синдром

a Тәбеттің төмендеуін, тез тою сезімін, тәбеттің күшеюін қамтиды.

b Орталық жүйке жүйесіндегі қан құйылуды, церебральді гематоманы, миға қан құйылуды, экстрадуральді гематоманы, бассүйекішілік қан құйылуды, геморрагиялық инсультті, субарахноидальді қан құйылуды, субдуральді гематоманы және субдуральді қан құйылуды қамтиды.

с Натрийурездік пептид мөлшерінің жоғарылауын, қарыншалық дисфункцияны, сол жақ қарыншалық дисфункциясын, оң жақ қарыншалық дисфункциясын, жүрек функциясының жеткіліксіздігін (жедел және созылмалы), кардиомиопатияны, іркілген кардиомиопатияны, диастолалық дисфункцияны, лықсу фракциясының азаюын және қарыншалық функциясының жеткіліксіздігін (сол жақ қарыншалық және оң жақ қарыншалық), қарыншалық гипокинезияны қамтилы.

d Асқазан-ішектен қан кетулерді және ОЖЖ қан кетулерді қамтымайды; осы жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолы ағзаларының және жүйке жүйесінің бұзылыстары бар бөлімдерде көрсетілген.

е Токсидермияны, эритеманы, эритродермияны, эксфолиативті бөртпені, жайылған эритеманы, генитальді бөртпені, тершеңдікті, пустулезді бөртпені, эритематозды бөртпені, фолликулярлы бөртпені, макулярлы бөртпені, дақты-папулезді бөртпені, қышынуды, везикулярлы бөртпені, терінің түлеуін, терінің тірікенуін, есекжемді және васкулитті қамтиды.

f Стивенс-Джонсон синдромының жағдайлары тіркелді, онда препаратты қабылдаумен себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ.  

g Педиатриялық зерттеулерде әдеттегі жиілік ретінде хабарланатын жиілік.

h Гравитациялық ісіну, жергілікті ісінулер, шеткері ісінулер.

Конъюнктива ісінулері, көз ісінулері, қабақ ісінулері, бет ісінулері, ерін ісінулері, макула ісінулері, орбитальді ісінулер, периорбитальді ісінулер, бет ісінулері, ерін ісінуі

Сұйықтықтың іркілуі, жайылған ісінулер, жүректік ісінулер, емшарадан кейінгі ісінулер, ішкі ағзалардың ісінулері.

k Генитальді ісінулер.

* Қосымша ақпарат алу үшін «Жеке жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімін қараңыз.

Жеке жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Миелосуппрессия

Дазатинибпен емдеу анемияны, нейтропенияны және тромбоцитопенияны туындатады. Әдетте осы құбылыстар СМЛ созылмалы фазасына қарағанда, СМЛ фазасының немесе Ph + ALL кеш сатылары бар пациенттерде жиі кездеседі.

Қан кету

Препаратты қолдану қан кетулер қаупінің петехиялардан және мұрыннан қан кетулерден бастап ОЖЖ және асқазан-ішек жолының қан кетулеріне дейін ұлғаюымен қатар жүреді.

Сұйықтықтың іркілуі

Плевралық жалқық, асцит, өкпенің ісінуі және жайылған ісінулері бар немесе онсыз экссудативті перикардит сияқты әртүрлі жағымсыз реакциялар сипатталған. Зерттеулер барысында сұйықтықтың іркілуіне байланысты келесі жағымсыз құбылыстар байқалды: плеврит (28%), ісінулер (14%), өкпе гипертензиясы (5%), жайылған ісінулер (4%), перикардит (4%). Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі/жүрек дисфункциясы және өкпенің ісінуі пациенттердің <2%-да байқалды.

Өкпенің артериялық гипертензиясы (ӨАГ)

Препаратты қолданумен өкпелік артериялық гипертензияның болатыны айғақталды. ЛАГ бар пациенттерде дазатинибті тоқтатқаннан кейін гемодинамикалық және клиникалық көрсеткіштердің жақсарғаны білінді.

QT аралығының ұзаруы

СМЛ созылмалы фазасы алғаш диагностикаланған пациенттерде дазатинибпен ем қабылдаған пациенттердің <1%-да QT аралығының > 500 мс ұзаруы тіркелген.

Жүрек аурулары

Қауіп факторлары немесе анамнезінде жүрек аурулары бар пациенттер жүрек дисфункциясы белгілерінің немесе симптомдарының бар-жоқтығына қатысты мұқият тексерілуі тиіс.

В гепатитінің реактивациясы

Дазатинибпен емдеу барысында В гепатитінің реактивациясының жағдайлары тіркелді. Кейбір жағдайларда бұл бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігіне немесе бауыр трансплатациясына немесе өліммен аяқталуға әкелетін шұғыл дамитын гепатитке әкеп соқты.

Балалар популяциясы

Балалардағы дазатинибтің қауіпсіздік бейіні ересектердегі дазатинибтің қауіпсіздік бейінімен салыстырарлық.

Тұрғындардың басқа да арнайы топтары

65 жастағы және одан үлкен пациенттерде шаршау, плеврит, ентігу, жөтел, асқазан-ішектік қан кетулердің азаюы және тәбеттің бұзылысы сияқты жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімделді және іштің кебуі, бас айналу, экссудативтік перикардит, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, сондай-ақ салмақтың төмендеуі сияқты жағымсыз реакциялар жөнінде азырақ жиі мәлімделді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Егер сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаса, өз емдеуші дәрігермен ақылдасыңыз. Бұл ұсыныс жағымсыз реакциялардың болжамды кез келгеніне, оның ішінде қосымша парақта аталмағандарға да қатысты.

Сіз сонымен қатар Қазақстан Республикасы аймағында анықталған дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, жағымсыз реакциялар туралы дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлері) жөніндегі ақпараттық деректер базасына да хабарлауыңызға болады:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

.

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір 20 мг таблетканың құрамында

белсенді зат сусыз дазатиниб 20.00 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза РН 101, натрий кроскармеллозасы (AC-DI-SOL), гидроксипропилцеллюлоза L, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400).

Бір 100 мг таблетка құрамында:

белсенді зат сусыз дазатиниб 100.00 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза РН 101, натрий кроскармеллозасы (AC-DI-SOL), гидроксипропилцеллюлоза L, магний стеараты

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400).

140 мг бір таблетка құрамында:

белсенді зат сусыз дазатиниб 140.00 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза РН 101, натрий кроскармеллозасы (AC-DI-SOL), гидроксипропилцеллюлоза L, магний стеараты

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400).

сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес таблеткалар (20 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес таблеткалар (100 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, екі беті дөңес және ойығы бар таблеткалар (140 мг доза үшін).

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий форматурадан және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

6 пішінді қаптамадан (20 мг үшін және 3 пішінді қаптамадан (100 мг және 140 мг үшін) медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

Затиниб_ЛВ.docx 0.07 кб
ЗАТИНИБR_ЛВ_.doc 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту