Дулоксента (60 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Дулоксента
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дулоксетин
Дәрілік түрі
Ішекте еритін капсулалар, 30 мг және 60 мг
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – дулоксетин гидрохлориді 33,675 мг немесе 67,350 мг (тиісінше 30 мг немесе 60 мг дулоксетинге баламалы),
қосымша заттар: қант түйіршіктері, гипромеллоза 6 сР, сахароза, гипромеллоза фталаты НР-50, тальк, триэтилцитрат,
капсула қабығының құрамы 30 мг доза үшін: титанның қостотығы (Е171), индиготин (Е132), баспалы сия (шеллак (Е904), темірдің қара тотығы (Е172)), желатин; 60 мг доза үшін: титанның қостотығы (Е171), индиготин (Е132), темірдің сары тотығы (Е172), баспалы сия (шеллак (Е904), темірдің қара тотығы (Е172)), желатин
Сипаттамасы
Корпусы ақ және қақпағы қою-көк түсті, капсула корпусында қара түсті баспалы сиямен орындалған «30» таңбасы бар өлшемі №3 қатты желатинді капсулалар.
Капсула ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер (30 мг доза үшін).
Корпусы сарғыш-жасыл және қақпағы қою-көк түсті, капсула корпусында қара түсті баспалы сиямен орындалған «60» таңбасы бар өлшемі №1 қатты желатинді капсулалар.
Капсула ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер (60 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер. Антидепрессанттар. Басқа антидепрессанттар. Дулоксетин.
АТХ коды N06AX21
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дулоксетин жалғыз энантиомер ретінде тағайындалады. Дулоксетин артынша конъюгация арқылы тотықтырғыш ферменттермен (CYPIA2 және полиморфты CYP2D6) белсенді метаболизденеді. Дулоксетин фармакокинетикасы ішінара жынысқа, жасқа, шылым шегуге және CYP2D6 метаболизатор статусына үлкен субъектаралық түрленгіштікпен (тұтастай 50-60%) ерешеленеді.
Сіңірілуі
Дулоксетин ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі. Препараттың ең жоғарғы концентрациясына қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң жетеді. Ішке қабылдағаннан кейін дулоксетиннің абсолютті биожетімділігі 32-ден 80% (орташа есеппен 50%) дейін түрленеді. Ас қабылдау ең жоғарғы концентрацияға жету уақытын 6-дан 10 сағатқа ұлғайтады, бұл сіңірілу дәрежесін жанама (шамамен 11 %) төмендетеді. Бұл өзгерістер ешқандай клиникалық мәнге ие емес.
Таралуы
Дулоксетин плазма ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен және α1-қышқылды гликопротеинмен шамамен 96% байланысады. Бауыр немесе бүйрек тарапынан болатын бұзылыстар қан ақуыздарымен байланысу дәрежесіне ықпал етпейді.
Метаболизмі
Дулоксетин белсенді метаболизденеді және оның метаболиттері негізінен несеппен шығарылады. Екі цитохром, P450-2136 және 1А2, екі негізгі метаболиттің (4-гидроксидулоксетин глюкурониді және 5-гидрокси 6- метоксидулоксетин сульфаты) түзілуін катализдейді. Дулоксетиннің айналымдағы метаболиттерінде фармакологиялық белсенділік жоқ. CYP2D6 қатысты әлсіз метаболизаторлар болып табылатын пациенттерде дулоксетин фармакокинетикасы нақты зерттелмеген. Шектеулі деректер дулоксетиннің плазмадағы деңгейлері бұл пациенттерде жоғары екенін растайды.
Шығарылуы
Дулоксетиннің жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы 8-ден 17 сағатты (орташа есеппен 12 сағат) құрайды. Дулоксетиннің тұрақты концентрацияларына, әдетте, препаратты 3 күн қолданғаннан кейін жетеді.
Ішке қабылдағаннан кейін, дулоксетиннің болжамды плазмалық клиренсі 33-тен 261 л/сағ (орташа есеппен 101 л/сағ), вена ішіне енгізгенде – 36 л/сағ (22-ден 46 л/сағ) құрайды.
Пациенттердің жекелеген топтары
Жынысы: еркектер мен әйелдер (плазмалық клиренс әйелдерде шамамен 50% төмен) арасындағы дулоксетин фармакокинетикасындағы айырмашылықтар әйел пациенттерге төменірек дозаны пайдалануды мақұлдамайды.
Жасы: егде жастағы пациенттерде (65 жас және одан үлкен)
Препараттың AUC (қисық астындағы ауданы концентрация/уақыт) жоғары және жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы үлкен (шамамен 25%)), алайда бұл айырмашылықтар пациентттердің жасына ғана байланысты дозаны өзгертуді талап етпейді. Тұтастай алғанда, егде жастағы пациенттерді емдегенде сақтық таныту ұсынылады.
Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерде (гемодиализдегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің (СБЖ) терминальді сатысы), дулоксетиннің Cmax және AUC мәні дені сау субъектілер үшін бұл көрсеткіштерден 2 есе артық. Дулоксетин бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерде қолданылмауы тиіс. Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі дулоксетин фармакокинетикасы бойынша деректер шектеулі.
Бауыр функциясының бұзылуы: бауыр функциясы орташа бұзылған (Child-Pugh бойынша В класы) пациенттерде дені сау субъектілермен салыстырғанда плазмадағы дулоксетин клиренсінің 79% төмендеуі, терминальді жартылай ыдырау кезеңінің 2,3 есе ұлғаюы және AUC 3,7 есе ұлғаюы байқалды. Жеңіл және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дулоксетиннің және оның метаболиттерінің фармакокинетикасы зерттелмеді. Дулоксетин бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылмауы тиіс.
Бала емізетін аналар: дулоксетин емшек сүтінде анықталады. Күніне екі рет 40 мг дозаны қабылдағанда емшек сүтіндегі дулоксетин мөлшері шамамен күніне 7 мг құрайды. Лактация дулоксетин фармакокинетикасына ықпал етпейді.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер: үлкен депрессиялық бұзылыстары бар балалар мен 7-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерде плазмадағы дулоксетин концентрациясы препаратты күніне бір рет 20-дан 120 мг дейін пероральді енгізуден кейін негізінен ересек пациенттерде байқалатын концентрациялар диапазонында болды.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Дулоксетин біріктірілген әсердің антидепрессанты болып табылады: серотониннің (5-НТ) және норадреналиннің кері қармауын тежейді, гистаминергиялық, дофаминергиялық, холинергиялық және адренергиялық рецепторларға едәуір ұқсастықты иеленбестен дофаминнің кері қармауын баяу басады. Дулоксетин жаруарлар миының түрлі аумақтарында серотонин мен норадреналиннің жасушадан тыс деңгейлерін дозаға байланысты ұлғайтады.
Фармакодинамикалық әсері
Дулоксетин сондай-ақ нейропатиялық және қабыну ауруларының кейбір эксперименттік модельдерінде ауыруды сезіну шегін қалпына келтіреді және созылмалы ауыру моделінде ауыру сезімдерінің айқындығын төмендетеді. Дулоксетиннің ауыруды басатын әсері орталық жүйке жүйесі шегінде тежеудің баяулауымен негізделуі арқылы болуы ықтимал.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ауқымды депрессиялық бұзылыс: дулоксетин тиімді ау бар ересек пациенттерде ұсынылған күніне бір рет 60 мг дозада, сондай-ақ тәуліктік 60 мг 120 мг дозаларда тиімді. Емдеу уақытында дулоксетин қабылдаған қайталанатын ауқымды депрессиялық бұзылысы бар пациенттерде симптомсыз кезең плацебо алған пациенттермен салыстырғанда едәуір ұзақ болған.
Дулоксетин күніне бір рет 60 мг дозада депрессиясы бар егде жастағы (≥ 65 жас) пациенттерде плацебо алған пациенттердегі осындайлармен салыстырғанда HAMD17 шкаласы бойынша көрсеткіштердің статистикалық едәуір төмендеуін көрсетті.
Дулоксетиннің күніне бір рет 60 мг дозадағы жағымдылығы егде жастағы пациенттерде жас ересек пациенттердегі сияқты. Алайда, ең жоғарғы (күніне 120 мг) доза қабылдаған егде жастағы пациенттер бойынша деректер шектеулі, сондықтан тұрғындардың бұл тобына емдегенде сақтық шараларын орындау ұсынылады.
Жайылған үрейлі бұзылыстар: депрессияның қайталануының профилактикасында дулоксетиннің күніне бір рет 60 мг - 120 мг дозада тиімділігі дәлелденген.
Дулоксетин Гамильтонның үрей шкаласы бойынша (HAM-A) және Шиханның дезадаптация шкаласы бойынша жалпы көрсеткіштердің статистикалық маңызды жақсаруы көрсетілген. Емге оң жауап беретін және толық клиникалық ремиссияға шығатын науқастар саны дулоксетин қабылдау кезінде де плацебомен салыстырғанда жоғары болды. Дулоксетин HAM-А шкаласы бойынша жалпы көрсеткіштің жақсару мерзімдері бойынша тиімділік жағынан венлафаксинмен салыстырмалы нәтижелер көрсетті.
Дулоксетиннің күніне бір рет 30-120 мг дозалардағы тиімділігі мен қауіпсіздігі жайылған үрейлі бұзылыстар бар егде жастағы пациенттерде жас ересек пациенттердегі сияқты. Алайда, ең жоғарғы дозаны қабылдап жүрген (күніне 120 мг) егде жастағы пациенттер бойынша деректер шектеулі, сондықтан тұрғындардың бұл тобына емдегенде сақтық шараларын орындау ұсынылады.
Диабеттік шеткері нейропатияның ауыртпалы формасы: ересек (22-ден 88 жасқа дейін) пациенттерде Диабеттік шеткері нейропатияның ауыртпалы формасын емдеудегі дулоксетиннің тиімділігі дәлелденген.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дулоксетинді 7 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану бойынша зерттеулер жүргізілмеді.
Қолданылуы
Ересектер:
-
ауқымды депрессиялық бұзылыста (немесе клиникалық депрессия)
-
Диабеттік шеткері нейропатияның ауыртпалы формасында
-
жайылған (жалпы) үрей бұзылыстарында
Қолдану тәсілі және дозалары
Дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек!
Ішке қабылдау үшін.
Ауқымды депрессиялық бұзылыс
Ұсынылған бастапқы және демеуші доза тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Тәулігіне 60 мг дозадан ең жоғарғы 120 мг дозаға дейін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау бастапқы ұсынылған дозамен емге жауап бермейтін пациенттерде дозаны ұлғайтудың басымдықтарын растамады. Емге жауап әдетте ем басталғаннан кейін 2-4 аптадан соң байқалады.
Депрессияға қарсы әсердің консолидациясынан кейін қайталанудың алдын алу мақсатында бірнеше ай ішінде емді жалғастыру ұсынылады. Дулоксетинмен емге оң жауап беретін және анамнезінде ауқымды депрессияның қайталама эпизодтары бар пациенттерде 60-тан 120 мг/тәул дозада препаратпен әрі қарай ұзақ емдеу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Жайылған үрейлі бұзылыс
Жайылған үрейлі бұзылысы бар пациенттердегі ұсынылған бастапқы доза тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Емге жауабы жеткіліксіз пациенттерде дозаны пациенттердің көпшілігіндегі әдеттегі демеуші доза 60 мг дейін ұлғайтуға болады.
Қатарлас клиникалық депрессиясы бар пациенттерде бастапқы және демеуші доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды (жоғарыдағы ұсыныстарды да қар.).
60 мг дозаға жауабы жеткіліксіз пациенттерде дозаны 90 мг немесе 120 мг дейін ұлғайту талапқа сай болуы мүмкін. Дозаны ұлғайту клиникалық жауап және жағымдылық негізінде жүргізілуі тиіс.
Емге жауапқа қол жеткізгеннен кейін қайталануға жол бермеу үшін емді бірнеше ай бойы жалғастыру ұсынылады.
Диабеттік шеткері нейропатияның ауыртпалы формасы
Бастапқы және ұсынылған демеуші доза тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Екі тең дозаға бөлінген тәулігіне 60 мг дозадан ең жоғарғы 120 мг дозаға дейін қолдану плазмадағы дулоксетин концентрациясы едәуір жеке түрленгіштікпен сипатталатынын көрсетті. Сондықтан 60 мг/тәул дозаға жауабы жеткіліксіз кейбір пациенттерде жоғарырақ дозаны қолданғанда жақсару байқалуы мүмкін.
Пациенттің емге реакциясы 2 ай емдегеннен кейін бағалануы тиіс. Бастапқы жауабы жеткіліксіз пациенттерде қосымша реакцияның осы уақыт аралығы өткенде ықтималдығы аз.
Емдік әсерді бағалауды тұрақты түрде (үш айда бір реттен сирек емес) жүргізу керек.
Пациенттердің ерекше тобы
Егде жастағы пациенттер
Тек жас шамасы негізінде егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзеу талап етілмейді. Алайда, кез келген басқа препараттармен жағдайдағыдай, әсіресе Дулоксента препаратын күніне 120 мг дозада тағайындағанда, деректері шектеулі клиникалық депрессияда немесе жайылған үрейлі бұзылыстары бар егде жастағы пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дулоксента препаратын бауыр жеткіліксіздігіне әкелетін бауыр аурулары бар пациенттерге тағайындауа болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек дисфункциясы жеңіл және орташа дәрежесі (креатинин клиренсі (КК) 30-80 мл/мин) бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Дулоксента препаратын ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК<30 мл/мин) бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану
Дулоксентаны ауқымды депрессиялық бұзылысты емдеу үшін препарат қолданудың қауіпсіздігіне және тиімділігіне қатысты ықтимал проблемаларға байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде тағайындау ұсынылмайды («Жағымсыз әсерлер», «Фармакокинетикасы» және «Айрықша нұсқаулар» бөл.қар.). Долексетинді диабеттік шеткері нейропатия кезіндегі ауыру синдромы бар балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді.
Дулоксентамен емдеу тоқтағаннан кейін байқалатын тоқтату синдромы
Емді күрт тоқтатудан аулақ болыңыз. Тоқтату синдромының даму қаупін төмендету үшін дозаны төмендету біртіндеп 1-2 апта ішінде жүргізулуі тиіс. Препарат дозасын төмендеткеннен немесе емді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромы дамыған жағдайда бұрын берілген дозада қабылдауды жаңғыртуға болады. Әрі қарай дәрігер дозаны төмендетуді жалғастыра алады, бірақ баяуырақ қарқындармен жалғастыра алады.
Жағымсыз әсерлер
Қауіпсіздік бейінін қысқаша сипаттау
Дулоксента препаратын қабылдайтын пациенттерде ең көп таралған жағымсыз реакциялар жүрек айнуы, бас ауыруы, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық және бас айналу болды. Алайда жиі туындайтын жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңіл және орташа түрде болды; олар әдетте емнің басында басталды және әдетте, тіпті емді жалғастырғанда кетеді.
Жиіліктің әрбір тобында жағымсыз әсерлер күрделілігі бойынша азаю тәртібімен ұсынылған.
Өте жиі (≥ 1/10)
-
бас ауыруы, ұйқышылдық
-
жүрек айнуы, ауыздың құрғауы
Жиі (≥ 1/100, <1/10)
-
тәбеттің төмендеуі
-
ұйқысыздық, ажитация, либидоның төмендеуі, үрей/мазасыздық, аноргазмия, аномальді түстер
-
бас айналуы, летаргия, тремор, парестезия
-
анық көрмеу
-
құлақтың шулауы1
-
жүрек қағудың жиілеуі
-
артериялық қысымның жоғарылауы3, гиперемия
-
есінеу
-
іш қату, диарея, іш ауыруы, құсу, диспепсия, метеоризм
-
қатты тершеңдік, бөртпе
-
қаңқа-бұлшықет ауыруы, бұлшықет түйілуі
-
несеп шығарудың бұзылуы, поллакиурия
-
эректильді дисфункция, эякуляцияның бұзылуы, эякуляцияның іркілуі
-
естен тану8, қажу
-
салмақтың төмендеуі
Жиі емес (≥ 1/1000, ≤ 1/100)
-
ларингит
-
гипергликемия (әсіресе қант диабеті бар науқастарда)
-
суицидтік ойлар 5,7, ұйқының бұзылуы, бруксизм, бағдардан адасу, апатия
-
миоклонус, акатизия7, күйгелектік, назар аударудың бұзылуы, дәм сезудің бұзылуы, дискинезия, тынымсыз аяқ синдромы, ұйқы сапасының нашарлауы
-
мидриаз, көрудің бұзылуы
-
бас айналуы, құлақтың шулауы
-
тахикардия, суправентрикулярлық аритмия, негізінен жыпылықтағыш аритмия
-
естен тану2, артериялық гипертензия3,7, ортостаздық гипотензия2, қол-аяқтың шеткері салқындауы
-
тамақтағы қысылу сезімі, мұрыннан қан кету
-
асқазан-ішектен қан кету7, гастроэнтерит, кекіру, гастрит, дисфагия
-
гепатит3, бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза) деңгейлерінің жоғарылауы, бауырдың жедел зақымдануы
-
түнгі терлеу, есекжем, жанаспалы дерматит, суық тер, жарыққа сезімталдық реакциясы, қан тебулер үрдісінің жоғарылауы
-
бұлшықет ширығуы, бұлшықет құрысуы
-
несеп шығарудың іркілуі, несеп шығарудың қиын басталуы, никтурия, полиурия, несеп ағынының төмендеуі
-
гинекологиялық қан кету, етеккір айналымының бұзылуы, сексуалды дисфункция, аталық без ауыруы
-
кеуденің ауыруы, сананың бұлыңғырлануы, суық сезіну, шөл, қалтырау, дәмкәстік, ыстық сезіну, жүрістің бұзылуы
-
салмақ қосу, қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің жоғарылауы
Сирек (≥ 1/10000, ≤ 1/1000):
-
анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық
-
гипотиреоз
-
сусыздану, гипонатриемия, диурезге қарсы гормонның талапқа сай емес сөлініс синдромы (SIADH) 6
-
суицидтік мінез-құлық 5,7, мания, елестеулер, озбырлық және ашу4
-
серотониндік синдром6, құрысулар 1, психомоторлық мазасыздық 6,
экстрапирамидалық симптомдар6
-
глаукома
-
гипертониялық криз3,6
-
стоматит, гематохезия, ауыздан иіс шығу
-
бауыр жеткіліксіздігі6, сарғаю
-
Стивенс-Джонсон синдромы6, ангионевроздық ісіну6
-
тризм
-
несептің қалыптан тыс иісі
-
менопауза симптомдары, галакторея, гиперпролактинемия
-
қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы
1Құрысулардың дамуы және құлақтың шулау жағдайлары да емді тоқтатқаннан кейін байқалған.
2Ортостаздық гипотензия мен естен танудың даму жағдайлары әсіресе емнің басында байқалды.
3 «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қар.
4 Озбырлық пен ашудың даму жағдайлары әсіресе емнің басында немесе емді тоқтатқаннан кейін байқалған.
5Суицидтік ойлардың және суицидтік мінез-құлықтың жағдайлары дулоксетинмен емдеу уақытында немесе емді тоқтатқаннан кейінгі ерте сатыларда байқалған («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қар.).
6 Постмаркетингтік қадағалаудан алынған жағымсыз реакциялардың есептелген туындау жиілігі; плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында байқалмады
7Статистикалық тұрғыдан плацебодан аздап ерекшеленеді.
8Әлсіздік егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) арасында кеңірек таралған.
Жекелеген жағымсыз реакцияларды сипаттау
Дулоксетин қабылдауды тоқтату (әсіресе, бірден) әдетте тоқтату синдромына әкелген.
Бас айналуы, сезімталдықтың бұзылуы (оның ішінде парестезия немесе электр тоғының өткенін сезіну, әсіресе баста), ұйқының бұзылуы (оның ішінде ұйқысыздық және мазасыз ұйықтау), шаршау, ұйқышылдық, агитация немесе үреу, жүрек айнуы және/немесе құсу, тремор, бас ауыруы, миалгия, ашушаңдық, диарея, тершеңдік және бас айналуы ең кең таралған жағымсыз реакциялар болып табылады.
Тұтастай алғанда СКҚСТ/СКҚСТН үшін бұл симптомдар әлісіз немесе орташа болып есептеледі және өздігінен реттелетін сипатқа ие, алайда кейбір пациенттерде олар ауыр және/немесе ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан дулоксетинмен емді жалғастыруға қажеттілік болғанда қабылдауды дозаны біртіндеп төмендету арқылы міндетті түрде тоқтату керек.
12 апта бойы аш қарынға қабылдау арқылы дулоксетинмен емделіп жүрген, диабеттік нейропатияның ауыртпалы формасы бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің аздап, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды жоғарылауы байқалған, HbA1с (гликозилденген гемоглобин) тұрақты болғаны белігленген. Дулоксетин қабылдауды жалғастырғанда (52 аптаға дейін) HbA1с деңгейі ұлғайды. Сондай-ақ дулоксетин қабылдайтын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің (аш қарынға қабылдағанда) және жалпы холестерин деңгейінің аздап жоғарылауы байқалды.
QT, PR, QRS, немесе QTcB аралығының өлшемдері бойынша дулоксетин қабылдайтын пациенттер мен плацебо алатын пациенттер арасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтары байқалмады.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Тұтастай алғанда, дулоксетиннің жағымсыз реакциялар бейіні балалар мен жасөспірімдерде ересектердегіге ұқсас.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
-
селективті емес қайтымсыз моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір уақытта қабылдау
-
бауыр жеткіліксіздігіне әкелетін бауыр аурулары
-
CYP1А2 изоферментінің күшті тежегіщтерімен (флувоксамин, ципрофлоксацин, эноксацин сияқты) бір уақытта қолдану
-
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл / мин)
-
бақыланбайтын жабық бұрышты глаукома
-
гипертониялық криздің потенциалды даму қаупіне әкелетін бақыланбайтын артериялық гипертензия
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Моноаминооксидаза тежегіштері (МАО тежегіштері)
Серотониндік синдромның даму қаупіне байланысты дулоксетинді селективті емес қайтымсыз моноаминоксидаза тежегіштерімен немесе МАОТ пайдаланылған емді тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы қолдану ұсынылмайды. Дулоксетиннің жартылай ыдырау кезеңі негізінде, Дулоксента препаратын тоқтатқаннан кейін МАОТ қабылдауды бастағанға дейін кемінде 5 күн өтуі тиіс. Дулоксента препаратын моклобемид сияқты селективті қайтымды МАОТ бір уақытта пайдалану ұсынылмайды. Линезолид антибиотигі қайтымды, селективті емес МАОТ болып табылады, сондықтан оны Дулоксента препаратымен емделіп жүрген пациенттерге тағайындамаған жөн.
CYP1A2 тежегіштері
CYP1A2 дулоксетин метаболизміне қатысатындықтан, дулоксетинді CYP1A2 күшті тежегіштерімен бір уақытта қолдану дулоксетин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Флувоксамин (күніне бір рет100 мг), CYPIA2 күшті тежегіші, дулоксетиннің көрінетін плазмалық клиренсін шамамен 77% төмендетеді және AUC 6 есе жоғарылатады. Сондықтан, Дулоксента препаратын CYPIA2 күшті тежегіштерімен (флувоксамин сияқты) біріктіріп тағайындамаған жөн.
ОЖЖ ықпал ететін дәрілік препараттар
Аталған бөлімде сипатталған жағдайларды қоспағанда, Дулоксетинді ОЖЖ ықпал ететін басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолданудың қаупін жүйелі бағалау жүргізілмеді. Демек, Дулоксента препаратын ОЖЖ ықпал ететін басқа дәрілік заттармен немесе алкогольді және седативті дәрілік заттарды қоса (мысалы, бензодиазепиндер, морфиномиметиктер, психозға қарсы дәрілер, фенобарбитал, седативті әсері бар антигистаминді препараттар) заттармен біріктіріп қолдану кезінде сақтық шараларын орындау ұсынылады.
Серотонинергиялық дәрілік заттар
Сирек жағдайларда, серотониндік синдром туралы СКҚСТ/НСКҚТ (мысалы, пароксетин, флуоксетин) серотонинергиялық дәрілік препараттармен бір уақытта пайдаланған пациенттерде хабарланды. Дулоксента препаратын серотонинергиялық дәрілік препараттармен (СКҚСТ, НСКҚТ сияқты), үшциклдық антидепрессанттармен (ТЦА), (кломипрамин немесе амитриптилин сияқты), МАО тежегіштерімен (какмоклобемид немесе линезолид сияқты), шайқураймен (Hypericum perforatum), триптан туындыларымен, трамадолмен, петидинмен және триптофанмен бір уақытта қолданғанда сақтық шараларын орындау ұсынылады.
Дулоксетиннің басқа дәрілік препараттарға көрсететін әсерлері
CYP1A2 метаболизденетін дәрілік препараттар
Дулоксетинмен бір уақытта қолдану (күніне 2 рет 60 мг) теофиллиннің, CYP1A2 субстратының фармакокинетикасына елеулі ықпал етпеді.
CYP2D6 метаболизденетін дәрілік препараттар
Дулоксетин CYP2D6 орташа тежегіші болып табылады. Дулоксетинді күніне 2 рет 60 мг дозада дезипраминді, CYP2D6 субстратын бір рет қабылдаумен бірге қабылдағанда, дезипрамин AUC 3 есе жоғарылайды. Дулоксетинді (күніне 2 рет 40 мг) бір уақытта қабылдау толтеродин AUC тұрақты бөлігін (күніне 2 рет 2 мг) 71% жоғарылатады, бірақ оның белсенді 5-гидроксил метаболитінің фармакокинетикасына ықпал етпейді және дозаны түзету талап етпейді. Дулоксентаны негізінен CYP2D6 жүйесімен метаболизденетін препараттармен (рисперидон, нортриптилин, амитриптилин және имипрамин сияқты үшциклдық антидепрессанттар) атап айтқанда, егер олардың емдік индексі тар болса (флекаинид, пропафенон және метапролол сияқты) бір уақытта тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Пероральді контрацептивтер және басқа да стероидты дәрілер
Дулоксетин in vitro CYP3A катализінің белсенділігін көтермелейтін ықпал көрсетпеді. Арнайы in vivo зерттеулер жүргізілмеді.
Антикоагулянттар және антиагрегантты дәрілік заттар
Фармакодинамикалық әрекеттесумен байланысты қан кетудің туындау қаупі ықтимал ұлғаюына байланысты дулоксетинді пероральді антикоагулянттармен немесе антиагрегантты дәрілік заттармен бір уақытта тағайындағанда сақтық таныту қажет. Одан өзге, варфарин қабылдаған пациенттерге бір уақытта тағайындағанда дулоксетиннің халықаралық қалыптастырылған қатынасы (ХҚҚ) жоғарылауы тіркелген. Алайда, фармакологияның клиникалық зерттеулері шеңберінде дулоксетинді стационарлық жағдайларда дені сау еріктілерде варфаринмен бір уақытта қолдану, R- немесе S-варфариннің бастапқы мәнінен немесе фармакокинетикасынан ХҚҚ клинкалық тұрғыдан маңызды өзгерістеріне әкелмеді.
Басқа дәрілік препараттардың дулоксетинге көрсететін әсерлері
Антацидтер және Н2-антагонистер
Дулоксетинді құрамында алюминий- және магний бар антацидтермен немесе фамотидинмен бір уақытта тағайындау дулоксетинді 40 мг дозада пероральді тағайындағаннан кейін дулоксетиннің сіңірілу дәрежесіне немесе деңгейіне маңызды ықпал етпеді.
CYP1A2 индукторлары
Шылым шегетін адамдардың қан плазмасындағы дулоксетин концентрациясы шылым шекпейтіндермен салыстырғанда 50% төменд болады.
Айрықша нұсқаулар
Мания және эпилепсиялық ұстамалар
Дулоксента препаратын анамнезінде маниакальді эпизодтар, биполярлық бұзылыстар және/немесе эпилепсиялық ұстамалары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек.
Мидриаз
Дулоксетинді қабылдағанда мидриаздың дамуы туралы хабарланды; сондықтан Дулоксента препаратын жоғары көзішілік қысымы бар пациенттерге немесе жедел жабық бұрышты глаукоманың даму қаупі тобындағы адамдарға тағайындағанда сақтық шараларын қабылдау қажет.
Артериялық қысым (АҚ) және жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ)
Кейбір пациентерде дулоксетин қабылдау артериялық қысымның жоғарылауымен және клиникалық тұрғыдан маңызды артериялық гипертензияның туындауымен байланысты болған. Мұндай дулоксетинде норадренергиялық әсердің болуымен байланысты болуы мүмкін. Гипертониялық криз жағдайлары дулоксетинді қабылдау кезінде, әсіресе анамнезінде артериялық гипертензиясы бар пациенттерде байқалған. Сондықтан, артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек аурулары бар пациенттерде, әсіресе емнің бірінші айында артериялық қысымға мониторинг жүргізу ұсынылады. Дулоксетинді жағдайлары жүрек жиырылуы жиілігінің ұлғаюына немесе артериялық қысымның жоғарылауына байланысты нашарлауы мүмкін пациенттерде сақтықпен қолдану қажет. Сондай-ақ дулоксетинді оның метаболизмін қиындатуы мүмкін дәрілік препараттармен тағайындағанда сақтық шараларын сақтау қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөл.қар.). Артериялық қысымның тұрақты жоғарылап тұратын пациенттер үшін дулоксетинді қабылдағанда дозаны төмендету немесе препарат қолдануды біртіндеп тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет. Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттерде дулоксетин қабылдауды бастамаған жөн.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге
Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (КК<30 мл/мин) бар гемодиализдегі пациенттерде қан плазмасындағы дулоксетин концентрациясының ұлғаюы байқалған. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану туралы ақпарат алу үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз. Бүйрек дисфункциясының жеңіл және орташа түрі бар пациенттерде қолдану туралы ақпарат алу үшін «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз.
Серотониндік синдром
Басқа да серотонинергиялық дәрілік препараттар сияқты, дулоксетин қабылдау, әсіресе басқа серотонинергиялық дәрілік препараттармен (оның ішінде СКҚСТ (серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері), НСКҚСТ (серотонинді-норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіштері), үшциклдық антидепрессанттар немесе триптандар), серотонин метаболизміне кедергі жасайтын дәрілік заттармен (МАО тежегіштері, психозға қарсы препараттар сияқты) немесе серотонинергиялық нейромедиаторлық жүйеге ықпал етуі мүмкін допаминнің басқа антагонистерімен бір уақытта қолданғанда өмірге аса қауіпті жағдай серотониндік синдром туындатуы мүмкін.
Серотониндік синдромға психикалық статустың өзгеруі (қозу, елестеулер, кома), вегетативтік тұрақсыздық (тахикардия, артериялық қысымның құбылмалылығы, гипертермия), жүйке-бұлшықет бұзылыстары (гиперрефлексия, қимыл үйлесімінің бұзылуы) және/немесе асқазан-ішек симптомдары (жүрек айнуы, құсу, диарея) кіруі мүмкін.
Егер дулоксетин мен серотонинергиялық және/немесе дофаминергиялық нейромедиаторлық жүйеге ықпал етуге қабілетті басқа да серотонинергиялық дәрілік заттарды бір уақытта қолдану клиникалық тұрғыдан негізделсе, онда пациентті мұқият қадағалау, әсіресе емнің басында және дозаны ұлғайтқанда ұсынылады.
Шайқурай
Дулоксента препараты мен құрамында шайқурай бар өсімдік препараттарын (Hypericum perforatum) бір уақытта қолданғанда жағымсыз реакциялар жиі туындауы мүмкін.
Суицидтік әрекеттер
Ауқымды депрессиялық бұзылыс және жайылған үрейлі бұзылыс
Депрессия пациентте суицидтік ойлардың, өз-өзіне зиян тигізудің және суицид әрекеттің (суицидтік әрекеттер және көріністер) жоғарғы туындау қаупіне байланысты. Бұл қауіп жағдайдың едәуір жақсаруына дейін сақталады. Жақсару емдеудің алғашқы бірнеше аптасында немесе одан ұзақ кезеңде орын алмауы мүмкін болғандықтан пациенттер осындай жақсарудың пайда болуына дейін мұқият қадағалануы тиіс. Клиникалық практикада сауығудың ерте сатыларында суицид қаупінің ұлғаюы кең таралған.
Дулоксента препараты тағайындалатын басқа психикалық бұзылыстар да суицидтік әрекеттің жоғарғы қаупімен байланысты болуы мүмкін. Одан басқа, бұл жағдайлар клиникалық депрессиямен қатарласуы мүмкін. Сондықтан басқа психикалық бұзылыстары бар пациенттерді емдегенде, клиникалық депрессиясы бар науқастарды емдегендегідей сақтық шараларын орындау қажет.
Анамнезінде суицидтік белгілері немесе ем басталғанға дейін едәуір дәрежеде байқалатын суицидтік ойлары бар пациенттер суицидтік ойлардың немесе мінез-құлықтың туындауы бойынша үлкен қауіп тобында болады және емделу уақытында мұқият қадағалауда болуы тиіс. Психикалық бұзылыстары бар ересек пациенттерде суицидтік мінез-құлықтың даму қаупі антидепрессанттарды қолданғанда жоғарылайды.
Суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлықтың туындау жағдайлары туралы дулоксетин тағайындағанда немесе емді тоқтатқаннан кейін бірден хабарланды.
Пациенттерді, атап айтқанда, жоғарғы қауіп тобындағы пациенттердің дәрілермен емдеу, әсіресе емнің ерте сатыларында және дозаны өзгерткенде мұқият қадағалануы тиіс. Пациенттер (және оларды күтетін адамдар) клиникалық нашарлау симптомдарын, суицидтік ойларды немесе мінез-құлықты, мінез-құлықтың әдеттен тыс өзгеруін қадағалау және олар туындағанда дереу дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы хабардар болулары тиіс.
Шеткері диабеттік нейропатияның ауыртпалы формасы
Фармакологиялық әсері ұқсас басқа дәрілік препараттар (антидепрессанттар) жағдайындағыдай дулоксетинмен емдеу уақытында немесе оны тоқтатқаннан кейін бірден суицидік ойлар және суицидтік мінез-құлықтың қалыптасуына және қабылдауға қабілет көріністерінің жекелеген жағдайлары туралы хабарланған. Депрессия кезіндегі суицидтік мінез-құлықтың қауіп факторларына қатысты жоғарыда қараңыз. Дәрігерлерге кез келген уақытта кез келген үрейлі ойлар немесе сезімдер туралы хабарлау керектігін пациенттерге екерту қажет.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану
Дулексентаны балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданбаған жөн.
Антидепрессанттар қабылдаған балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтар (суицидтік әрекеттер және суицидтік ойлар) және жауығу (көбінесе озбырлық, оппозициялық мінез-құлық және ашу) плацебо алған пациенттермен салыстырғанда жиі байқалды. Егер клиникалық қажеттілік негізінде емдеу үшін шешім қабылданса пациентті суицидтік симптомдардың туындауына қатысты мұқият бақылау қажет. Одан өзге, балалар мен жасөспірімдерде өсуге, жетілуге және саналық және мінез-құлықтық дамуға қатысты қолданудың қауіпсіздігі бойынша ұзақ мерзімді деректер жеткілксіз.
Қан кету
Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін және серотонинді және норадреналинді кері қармаудың селективті тежегіштерін, оған қоса дулоксетин тағайындағанда экхимоздар, пурпура және асқазан-ішектен қан кету сияқты гемостаз бұзылуы байқалған. Антикоагулянттар және/немесе тромбоциттер функциясына ықпал ететін дәрілік препараттар (мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар немесе ацетилсалицил қышқылы) қабылдайтын пациенттерді, сондай-ақ қан кетудің туындау үрдісі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет.
Гипонатриемия
Дулоксетинді қолдану кезінде натрий деңгейінің 110 ммоль/л төмен төмендеу жағдайларын қоса, гипонатриемияның дамуы туралы хабарланды. Гипонатриемия диурезге қарсы гормон талапқа сай емес сөлінісі синдромы (ДГТСЕСС) байланысты туындауы мүмкін. Гипонатриемия дамуының көптеген жағдайлары, әсіресе жуырдағы анамнезінде өзгерген сұйықтық теңгерімімен үйлесімде немесе сұйықтық теңгерімінің өзгеруіне бейімділік жағдайлары болғанда егде жастағы пациенттерде байқалды.
Гипонатриемия дамуының жоғары қаупі бар пациенттерге, атап айтқанда егде жастағы адамдарға, бауыр циррозы немесе дегидратациясы бар немесе диуретиктермен емделіп жүрген науқастарға препаратты тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Емді тоқтату
Емді тоқтату кезіндегі тоқтату синдромы, әсіресе препаратты бірден тоқтатқанда жиі туындайды («Жағымсыз әсерлер» бөл.қар.). Клиникалық сынақтарда емді бірден тоқтатқанда байқалатын жағымсыз реакциялар дулоксетин қабылдайтын шамамен 45% пациентте және плацебо алатын 23% пациентте белгіленді.
Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) және серотонинді және норадреналинді кері қармаудың селективті тежегіштерін НСКҚСТ қолданғанда байқалатын тоқтату синдромының даму қаупі емнің ұзақтығын, дозаны және дозаны төмендету жылдамдығын қоса, бірнеше факторға байланысты болуы мүмкін. Ең кең таралған реакциялар «Жағымсыз әсерлер» бөлімінде тізбектелген. Әдетте, бұл симптомдардың айқындығы әлсіз немесе орташа; алайда кейбір пациенттерде олар ауыр формада айқын болуы мүмкін.
Симптомдар әдетте емді тоқтатқаннан кейін алғашқы бірнеше күн ішінде, аздап – пациенттер кезекті препарат қабьылдауды жіберіп алғанда туындайды. Тұтастай алғанда, бұл симптомдар өздігінен реттелетін сипатқа ие және әдетте, 2 апта ішінде өтеді, алайда кейбір адамдарда олар ұзақ болуы мүмкін (2-3 ай немесе одан да ұзақ). Осыған байланысты, дулоксетинмен емді жалғастыру қажеттілігі болмағанда пациенттің күйіне сәйкес дозаны біртіндеп төмендету арқылы кемінде 2 апта бойы препаратты тізбекті тоқтату жүргізу ұсынылады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөл.қар.).
Егде жастағы пациенттер
Дулоксетинді клиникалық депрессиясы және жайылған үрейлі бұзылыстар бар егде жастағы пациенттерде 120 мг дозада қолдану бойынша деректер шектеулі. Сондықтан егде жастағы пациенттерге ең жоғарғы дозаларды тағайындағанда сақтық таныту керек.
Акатазия/психомоторлық қозу
Дулоксетинмен емдеудің алғашқы апталарында субъективтік тұрғыдан жағымсыз немесе қатты мазасызданумен және байсалды тұру немесе отыру мүмкіндігінің жоқтығымен жиі қатар жүретін қимылдау қажеттілігімен сипатталатын акатазия дамуы мүмкін. Осы симптомдар дамыған пациенттерде дозаны ұлғайту зиян келтіруі мүмкін.
Құрамында дулоксетин бар дәрілік препараттар
Дулоксетин мына көрсетілімдердің бірқатарында түрлі сауда маркаларымен қолданылады: диабеттік нейропатия кезіндегі ауыру синдромын, клиникалық депрессияны, жайылған үрейлі бұзылыстарын, ширығу кезінде несепті ұстай алмауды емдеу. Осы препараттардың бірінен көбін бір уақытта тағайындаудан аулақ болу қажет.
Гепатит/бауыр ферменттерінің деңгейінің жоғарылауы
Дулоксетин тағайындағанда бауыр ферменттері деңгейінің күрделі ұлғаюын (қалып шегінен 10 есе жоғары), гепатит пен сарғаюдың дамуын қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары туралы хабарланды. Бұл жағдайлардың көпшілігі емдеудің алғашқы апталарында дамыды. Дулоксетинді бауыр зақымдануымен байланысты дәрілік препараттармен емделетін пациенттерде сақтықпен қолдану қажет.
Пероральді контрацептивтер және басқа да стероидты дәрілер
in vitro зерттеу нәтижелері дулоксетин CYP3A катализінің белсенділігін көтермелейтін ықпалын көрсетті. Дәрілердің әрекеттесуі бойынша спецификалық in vivo зерттеулері жүргізілмеді.
Антикоагулянттар және антиагрегантты дәрілік заттар
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуге байланысты қан кетудің туындау қаупінің ықтимал ұлғаюына байланысты дулоксетинді пероральді антикоагулянттармен немесе антиагрегантты дәрілік заттармен бір уақытта тағайындағанда сақтық таныту қажет. Одан өзге, ХҚҚ жоғарылауы дулоксетинді варфарин қабылдаған пациенттерге бір уақытта тағайындағанда тіркелген. Алайда, фармакологияның клиникалық зерттеулері шеңберінде стационарлық жағдайларда дені сау еріктілерде дулоксетинді варфаринмен бір уақытта қолдану ХҚҚ бастапқы мәннен немесе R- немесе S-варфарин фармакокинетикасынан клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістеріне әкелмеді.
Басқа дәрілік препараттардың дулоксетинге ықпалы
Антацидтер және Н2-антагонистер
Дулоксетинді құрамында алюминий- және магний-бар антацидтермен немесе фамотидинмен бір уақытта тағайындау дулоксетинді 40 мг дозада пероральді тағайындаудан кейін дулоксетиннің сіңірілу деңгейіне немесе дәрежесіне елеулі ықпал көрсетпеді.
CYP1A2 индукторлары
Популяция фармакокинетикасын талдау шылым шекпейтіндермен салыстырғанда шылым шегетіндердің қан плазмасындағы дулоксетин концентрациясы 50% төмен екенін көрсетті, тремор, жоғары жүйке-рефлекторлық қозу синдромы, қоректендіру қиындықтары, респираторлық дисстресс-синдром, құрысулар. Симптомдардың көпшілігі босану уақытында немесе босанудан кейін алғашқы бірнеше күнде байқалды.
Фертильділігі
Дулоксетин ерлердің фертильділігіне ешқандай ықпал етпейді; әйелдердегі әсерлер аналық уыттылық туындататын дозаларда ғана анық болған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дулоксетинді жүкті әйелдерде қолдану бойынша деректер жоқ. Жануарларға жасалған зерттеулер (AUC) дулоксетиннің жүйелі әсері деңгейлерінде ең жоғарғы клиникалық әсерден төмен ұрпақ өрбітуге уыттылықты көрсетті.
Адам үшін потенциалды қауіп белгісіз.
Эпидемиологиялық деректер СКҚСТ жүктілік кезінде қолдану, әсіресе кеш мерзімдерде нәрестелердің персистирлейтін өкпе гипертензиясы (НПӨГ) қаупін ұлғайтуы мүмкін екенін растайды. Нәрестелердің персистирлейтін өкпе гипертензиясы және СКҚСТ қолданудың өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша зерттеулердің жоқтығына қарамастан дулоксетиннің әсер ету механизмін (серотонинді кері қармаулы тежеу) ескере отырып потенциалды қауіп жоққа шығарылмауы мүмкін.
Басқа серотонинергиялық препараттарды тағайындағандағыдай тоқтату синдромы нәрестелерде анасы жүктіліктің кеш мерзімдерінде дулоксетинді қолданған жағдайда байқалуы мүмкін. Тоқтату синдромына мына симптомдар кіреді: артериялық гипотензия, тремор, жоғары жүйке-рефлекторлық қозу синдромы, қоректендіру қиындықтары, респираторлық дисстресс-синдром, құрысулар. Симптомдардың көпшілігі босану уақытында немесе босанудан кейін алғашқы бірнеше күнде байқалды.
Дулоксента препаратын әйел үшін потенциалды пайда шаранаға төнетін потенциалды қауіптен едәуір басым болған жағдайда ғана тағайындау керек. Пациент әйелдер емдеу кезеңінде жүктілік басталуы немесе оны жоспарлаған жағдайда оларға бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажеттігі туралы ескертілуі тиіс.
Дулоксетин ана сүтіне өте әлсіз бөлінеді. Дене салмағының мг/кг есебінен сәбидегі концентрация анасының концентрациясынан шамамен 0,14% құрайды. Дулоксетинді сәбилерде қолдану қауіпсіздігі белгісіз болғандықтан Дулоксента препаратын емшек емізу уақытында қабылдау ұсынылмайды.
Сахароза
Дулоксента препаратының құрамында сахароза бар. Препаратты сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығының проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтоза жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы бойынша зерттеулер жүргізілмеді. Дулоксента седативті әсер көрсетуі және бас айналуын туындатуы мүмкін. Пациенттерге бас айналуы немесе седация кезінде көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару сияқты аса қауіпті тапсырмалардан аулақ болу керектігін ескерту қажет.
Артық дозалануы
Дулоксетинді 5400 мг дозада қабылдағанда бір препаратпен немесе басқа дәрілік заттармен біріктірілімде бірнеше артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған. Бірнеше өлім жағдайы, негізінен, аралас артық дозаланулар кезінде, бірақ сондай-ақ дулоксетинді ғана шамамен 1000 мг дозада тағайындағанда тіркелген.
Симптомдары: ұйқышылдық, кома, серотониндік синдром, құрысулар, құсу және тахикардия (бір дулоксетинді немесе басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде қолданғанда).
Емі: дулоксетин үшін спецификалық антидоты білгісіз. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру қажет. Жүрек қызметіне мониторинг жүргізу және симптоматикалық және демеуші ем жүргізумен қатар өмір қызметінің негізгі көрсеткіштерін қадағалау ұсынылады. Асқазан шаю препарат қабылдаудан кейін тікелей орындаған жағдайда көрсетілуі мүмкін. Белсендірілген көмір абсорбцияны шектеу үшін пайдалы болуы мүмкін. Дулоксетиннің таралу көлемі үлкен болуына байланысты қарқынды диурез қолданудан, гемоперфузиядан және алмастыру перфузиясынан болатын пайда ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
7 капсуладан біріктірілген құрғатқыш үлбірі бар (DES) полиамид/ алюминий/ көп қабатты полиэтилен үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
4 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«КРКА Казахстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби 19,
корпус 1б, 2-қабат, 207 кеңсе
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz