Дулоксвитэ

МНН: Дулоксетина гидрохлорид
Производитель: Лабораториос Лесви С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Duloxetine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024312
Информация о регистрации в РБ: 24.09.2019 - 24.09.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Дулоксвитэ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дулоксетин

Дәрілік түрі

Ішекте еритін капсулалар 60 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Антидепрессанттар. Басқа антидепрессанттар. Дулоксетин.

АТХ коды N06AX21

Қолданылуы

  • ауқымды депрессиялық бұзылыстарды емдеуде

  • диабеттік шеткері нейропатияның ауырсыну түрін емдеуде

  • жалпы үрейлі бұзылыстарды емдеуде

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дулоксетинге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

    • дулоксетин мен моноаминоксидазаның қайтымсыз селективті емес тежегіштерін (МАОТ) бірге қолдану

    • дулоксетинді флувоксаминмен, ципрофлоксацинмен, немесе эноксацинмен (CYPIA2 күшті тежегіштерімен) үйлестіріп қолдану

    • бауыр жеткіліксіздігі

    • бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)

    • гипертониялық криз ықтималдығына алып келетін бақыланбайтын гипертензия

    • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Қатысты емес

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дулоксвитэнің басқа дәрілік препараттарға ықпалы

CYP1A2 арқылы метаболизденетін дәрілік препараттар. Дулоксвитэні (күніне 2 рет 60 мг) бір мезгілде қолдану CYP1A2 субстраты теофиллиннің фармакокинетикасына елеулі әсер етпеген. In vitro зерттеулердің мәліметтері бойынша, Дулоксвитэ CYP1A2 белсенділігін стимуляцияламайды.

CYP2D6 арқылы метаболизденетін дәрілік препараттар. Дулоксвитэ CYP2D6 орташа тежегіші болып табылады. Дулоксвитэні CYP2D6 субстраты дезипраминді бір рет қабылдаумен бірге күніне 2 рет 60 мг дозада қабылдағанда, дезипраминнің AUC 3 есе жоғарылағаны байқалған. Дулоксвитэні (күніне 2 рет 40 мг) бірге тағайындау толтеродиннің (күніне 2 рет 2 мг) тұрақтанған күйдегі AUC 71%-ға арттырған, бірақ оның белсенді 5-гидроксил метаболитінің фармакокинетикасына әсер етпеген және препараттың дозасына түзету жүргізуді қажет етпеген. Дулоксвитэні, көбінесе CYP2D6 жүйесі арқылы метаболизденетін (мысалы, рисперидон, нортриптилин, амитриптилин және имипрамин сияқты трициклдық антидепрессанттар (ТЦА), әсіресе, емдік индексі тар (мысалы, флекаинид, пропафенон немесе метопролол) препараттармен, фенотиазиндермен бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту қажет. Дулоксвитэні трициклдық антидепрессанттармен бірге тағайындағанда ТЦА плазмадағы концентрациясына мониторинг жүргізу және кейіннен дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Тиоридазиннің плазмадағы деңгейінің жоғарылығымен байланысты болуы ықтимал күрделі қарыншалық аритмиялар мен кенеттен болатын өлімнің даму қаупіне байланысты, Дулоксвитэ мен тиоридазинді бірге қолдану ұсынылмайды.

CYP2C9, CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік препараттар.

Іn vitro зерттеулердің нәтижелері, Дулоксвитэ CYP2C9 белсенділігіне тежегіштік әсер танытпайтындығын көрсеткен. Клиникалық зерттеулерде, CYP2C9 субстраты S-варфариннің фармакокинетикасы Дулоксвитэнің елеулі әсеріне ұшырамаған. Іn vitro зерттеулердің нәтижелері, Дулоксвитэ емдік концентрацияларында CYP2C19 белсенділігіне тежегіштік әсер танытпайтындығын көрсетті. Сәйкесінше, CYP2C19 субстраттары метаболизмінің бәсеңдеуі күтілмейді, әйтсе де, клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Лоразепам және темазепам. Лоразепаммен немесе темазепаммен бірге қолдану дулоксетиннің фармакокинетикасына әсер етпеген.

Пероральді контрацептивтер және басқа стероидты дәрілер. In vitro зерттеулердің нәтижелері Дулоксвитэ CYP3A белсенділігін тежемейтінін және стимуляцияламайтынын көрсетті. CYP3A белсенділігінің индукциялануы немесе тежелуі салдарынан CYP3A субстраттары (мысалы, пероральді контрацептивтер мен басқа стероидтық дәрілер) метаболизмінің артуы немесе азаюы күтілмейді; алайда, дәрілермен өзара әрекеттесуіне in vivo спецификалық клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Антикоагулянттар және антиагреганттық дәрілер. СКҚТ немесе СжНКҚТ варфаринмен бірге тағайындағанда қанағыштықтың жоғарылауын қоса, антикоагулянттық әсерлерінің өзгергендігі туралы хабарланған. Дулоксвитэні пероральді антикоагулянттармен немесе антиагреганттық дәрілермен бір мезгілде тағайындағанда, фармакодинамикалық өзара әрекеттестігі салдарынан қан кету қаупінің артуы мүмкіндігіне байланысты сақтық таныту керек. Дулоксвитэ мен варфаринді бір мезгілде тағайындағанда халықаралық қалыптастырылған қатынас (ХҚҚ) артуы мүмкін. Алайда, дені сау еріктілерге клиникалық фармакологиялық зерттеу аясында стационар жағдайларында Дулоксвитэні варфаринмен бір мезгілде тағайындау ХҚҚ бастапқы көрсеткішімен салыстырғандағы клиникалық тұрғыдан елеулі өзгерістеріне немесе R- немесе S-варфарин фармакокинетикасының өзгеруіне алып келмеген. Дулоксетиннің тромбоциттерге әсер етуі ықтималдығын ескере отырып, варфаринді қабылдап жүрген пациенттер, Дулоксвитэні қолданудың басында немесе емдеуді тоқтатқан жағдайда қадағалауда болуы тиіс.

Басқа дәрілік препараттардың Дулоксвитэге ықпалы

CYP2D6 тежегіштері. Дулоксвитэ (күніне бір рет 40 мг) мен пароксетинді (күніне бір рет 20 мг) бір мезгілде қолдану дулоксетиннің AUC шамамен 60%-ға арттырады, және тежеудің көп дәрежесі пароксетиннің жоғарырақ дозалары кезінде күтіледі. Ондай әсерлер CYP2D6 басқа күшті тежегіштерін (мысалы, флуоксетин мен хинидинді) қолданғанда күтіледі.

Антацидтер және Н2-антагонистері. Дулоксвитэнің құрамында алюминий- және магний бар антацидтермен немесе фамотидинмен бір мезгілде тағайындау препараттың 40 мг пероральді дозада тағайындалғаннан кейінгі сіңірілу деңгейіне немесе дәрежесіне елеулі ықпал етпеген.

CYP1A2 индукторлары. Популяциялардағы фармакокинетикасын талдау, шылым шекпейтіндермен салыстырғанда, дулоксетиннің қан плазмасындағы концентрациясы шылымқорларда 50%-ға жуық төмен болатындығын көрсетті.

Клиникалық тұрғыдан елеулі басқа өзара дәрілік әрекеттесулері

Моноаминооксидаза тежегіштері. Серотониндік синдромның даму қаупіне байланысты, Дулоксвитэні моноаминоксидазаның селективті емес қайтымсыз тежегіштерімен (МАОТ) біріктірілімде, немесе МАОТ пайдалану тоқтатылғаннан кейін 14 күн бойы қолдану ұсынылмайды. Препараттың жартылай шығарылу кезеңін ескере отырып, Дулоксвитэні қабылдауды тоқтатқаннан кейін МАОТ қабылдауды бастағанға дейін кемінде 5 күн өтуі тиіс.

Дулоксвитэні моклобемид сияқты селективті қайтымды МАОТ-мен бірге қолдану ұсынылмайды.

Линезолид және метиленді көк. Серотониндік синдромның даму қаупінің жоғарылығына байланысты, қайтымды селективті емес МАОТ болып табылатын линезолидті, немесе метиленді көктің венаішілік инъекцияларын қабылдап жүрген пациенттерге Дулоксвитэні тағайындау ұсынылмайды. Психиатриялық жағдайын шұғыл емдеу қажет пациенттерде, басқа емдеу шараларын жүргізу, соның ішінде ауруханаға жатқызу мүмкіндігін қарастыру қажет. Кезек күттірмейтін жағдайларда, Дулоксвитэні бұрыннан қабылдап жүрген пациентке линезолидпен немесе метиленді көкпен емдеу қажет болуы мүмкін жай-күйде, қолжетімді баламалы емдеу нұсқалары болмаған, және линезолидті қолданудың немесе метиленді көкті вена ішіне енгізудің ықтимал пайдасы нақты бір пациентте серотониндік синдромның даму қаупінен асып түсетіні болжанған жағдайларда, Дулоксвитэні қабылдауды дереу тоқтату және линезолидті немесе метиленді көктің венаішілік инъекцияларын тағайындау қажет. Линезолидтің соңғы дозасын қабылдағаннан немесе метиленді көкті вена ішіне соңғы енгізгеннен кейін, қайсысы бұрын басталатындығына байланысты, 5 күн бойы немесе 24 сағат өткенге дейін пациенттің жағдайын серотониндік синдром симптомдарының бар-жоқтығына қатысты мониторинг жүргізу қажет. Дулоксвитэмен емдеуді линезолидтің соңғы дозасынан немесе метиленді көктің венаішілік инъекциясынан кейін 24 сағаттан соң қайта бастауға болады. Дулоксвитэ мен метиленді көкті енгізудің басқа жолдары немесе венаішілік дозасын енгізу бірге тағайындалған жағдайда, серотониндік синдромның даму қаупі, 1 мг/кг кезіндегі белгісізге қарағанда едәуір төмен. Дәрігер препаратты тағайындаудың мұндай жолы кезінде серотониндік синдромның туындауы мүмкіндігінен хабардар болуы тиіс.

CYP1A2 тежегіштері. CYP1A2 Дулоксвитэнің метаболизміне қатысатындығына байланысты, препаратты CYP1A2 ықтимал тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау дулоксетин концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. CYP1A2 тежегіші флувоксамин (күніне 1 рет 100 мг) плазмадағы дулоксетиннің (40 мг күніне 2 рет) клиренсін шамамен 77%-ға төмендеткен және AUC0-t пен Cmax 6 есе арттырған. Дулоксвитэнің CYP1A2 күшті тежегіштерімен (мысалы, циметидин, флувоксамин, кейбір хинолон туындылары (ципрофлоксацин, эноксацин сияқты) біріктірілімін пайдалану ұсынылмайды.

ОЖЖ-ға әсер ететін дәрілік препараттар. Осы бөлімде сипатталғандарды қоспағанда, Дулоксвитэні орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсер ететін басқа препараттармен және дәрілермен қолданудың қаупі жүйелі түрде талданған жоқ. Дулоксвитэні алкоголь және тыныштандыратын препараттарды (мысалы, бензодиазепиндер, морфиномиметиктер, антипсихотиктер, фенобарбитал, тыныштандыратын әсері бар антигистаминдік препараттар) қоса, орталықтық әсері бар дәрілермен немесе заттармен бірге қабылдағанда сақтық таныту керек.

Серотонинергиялық дәрілер. Сирек жағдайларда, СКҚСТ, СжНКҚСТ серотонинергиялық дәрілермен бірге қолданып жүрген пациенттерде серотониндік синдромның туындағаны туралы хабарланған. Дулоксвитэні СКҚСТ, СжНКҚСТ, трициклдық антидепрессанттар (мысалы, кломипрамин немесе амитриптилин), МАОТ (мысалы, моклобемид немесе линезолид), шайқурай (Hypericum perforatum), триптандар, трамадол, петидин және триптофан сияқты серотонинергиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту қажет.

Асқазан сөлінің қышқылдылығына әсер ететін препараттар. Дулоксвитэнің энтеросолюбильді қабығы бар, ол капсулалардың рН мөлшері 5,5 асатын асқазан-ішек жолы сегментіне жеткенге дейін еруіне кедергі келтіреді. Өте қышқыл ортада, ішектік қабықпен қорғалмаған Дулоксвитэ гидролизге ұшырап, нафтол түзуі мүмкін. Дулоксвитэні асқазанның босауын баяулатуы мүмкін жағдайлары (мысалы, қант диабеті) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Асқазан-ішек жолындағы рН арттыратын дәрілік препараттар, дулоксетиннің ертерек босап шығуына алып келуі мүмкін. Дегенмен, Дулоксвитэні құрамында алюминий- және магний бар антацидтермен (51 мг-экв) немесе Дулоксвитэні фамотидинмен бірге енгізу, препаратты 40 мг дозада енгізгеннен кейін дулоксетиннің сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесіне елеулі әсер етпеген. Препараттың сіңірілуіне Дулоксвитэ мен протондық помпа тежегіштерін бірге қолданудың ықпалы белгісіз.

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары препараттар. Дулоксетин қан плазмасы ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысады. Сондықтан, пациенттерге Дулоксвитэні қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары басқа препаратты қабылдау аясында тағайындау, ол препараттың концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл жағымсыз реакциялардың дамуына алып келуі ықтимал.

Алкоголь. Алкогольді көп мөлшерде қолдану аясында Дулоксвитэні қолдану бауырдың ауыр зақымдануларына алып келуі мүмкін. Алкогольді шамадан тыс пайдаланатын пациенттерге, Дулоксвитэні тағайындау ұсынылмайды

Арнайы ескертулер

Мания жән құрысулар. Дулоксвитэні анамнезінде маниакальді көріністер, биполюстік бұзылыс және/немесе құрысумен жүретін бұзылыстар болған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Мидриаз. Дулоксвитэні қабылдағанда мидриаздың туындауы мүмкіндігіне байланысты, көзішілік қысымы жоғары пациенттерге немесе жабықбұрышты глаукоманың даму қаупі бар топқа жатқызылатын адамдарға сақтық шараларын қолдану қажет.

Артериялық қысым (АД) және жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ). Кейбір пациенттерде дулоксетинді қабылдау артериялық қысымның жоғарылауымен және клиникалық тұрғыдан елеулі гипертензияның туындауымен байланыстырылады. Бұл дулоксетиннің норадренергиялық әсерінің болуымен байланысты болуы мүмкін. Дулоксетинді қабылдағанда, әсіресе, анамнезінде гипертензия байқалған пациенттерде гипертониялық криз жағдайлары байқалған. Гипертензиясы және/немесе жүрек аурулары бар пациенттерде артериялық қысымға, әсіресе, Дулоксвитэмен емдеудің алғашқы айы ішінде мониторинг жүргізу ұсынылады. Препаратты жүректің жиырылу жиілігінің артуына немесе артериялық қысымның жоғарылауына байланысты жағдайы нашарлауы мүмкін пациенттерде сақтықпен қолдану қажет. Дулоксвитэні препараттың метаболизмін бұзуы мүмкін дәрілік препараттармен тағайындағанда сақтық шараларын қадағалау қажет. Дулоксвитэні қабылдағанда артериялық қысымның тұрақты түрде жоғарылауын бастан өткеретін пациенттер үшін, не дозасын төмендету, не препаратты біртіндеп тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет. Бақыланбайтын гипертензиясы бар пациенттерде дулоксетинді қабылдауды бастамаған дұрыс.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз), гемодиализ жүргізілетін пациенттерде препараттың қан плазмасындағы концентрациясының арту байқалады. Дулоксвитэні бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз) пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Серотониндік синдром. Басқа серотонинергиялық препараттармен жағдайдағы сияқты, Дулоксвитэ емі кезінде – әсіресе, басқа серотонергиялық агенттермен (СКҚСТ, СКҚСТиН, трициклдық антидепрессанттар, триптандар, фентанил, литий, трамадол, триптофан, буспирон және шайқурайды қоса), серотониннің метаболизмін бұзатын препараттармен (атап айтқанда, психикалық бұзылыстарды емдеуге арналған МАОТ, және басқа препараттар, мысалы, линезолид және метиленді көк), психозға қарсы препараттармен немесе серотонинергиялық нейромедиаторлық жүйелерге ықпал етуі мүмкін допаминнің басқа антагонистерімен бірге қолданғанда, өмірге қауіп төндіруі ықтимал жағдай - серотониндік синдром дамуы мүмкін. Серотониндік синдромның симптомдарына психикалық жағдайдың өзгерістерін (мысалы, қозу, елестеулер, еліру және кома), вегетативтік жүйке жүйесінің орнықсыздығы (мысалы, тахикардия, құбылмалы артериялық қысым, бас айналуы, тершеңдік, қан кернеулері, гипертермия), нейробұлшықеттік бұзылулар (мысалы, тремор, сіресу, миоклонус, гиперрефлексия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы), құрысулар және/немесе асқазан-ішек симптомдары (мысалы, жүрек айнуы, құсу, диарея) жатқызуға болады. Пациенттерге серотониндік синдром белгілерінің бар-жоқтығына қатысты мониторинг жүргізілуі тиіс. Дулоксвитэні психикалық бұзылыстарды емдеуге арналған МАОТ-мен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Дулоксвитэнің серотонинергиялық және/немесе допаминергиялық нейротрансмиттерлік жүйелерге әсер етуі мүмкін басқа серотонинергиялық агенттермен біріктірілген емі клиникалық тұрғыдан негізді болып табылса, онда пациенттердің жай-күйін, әсіресе, емдеуді бастаған кезде немесе дәрілік заттың дозасын арттырған кезде мұқият қадағалау қажет. Пациенттерге Дулоксвитэ мен жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қолданғанда, әсіресе емдеудің басында немесе дозасын арттырғанда, серотониндік синдромның даму қаупі туралы ескертілуі тиіс. Серотонинергиялық синдром дамыған жағдайда, Дулоксвитэмен және кез келген қатарлас серотонинергиялық препараттармен емдеу дереу тоқтатылуы және симптоматикалық ем басталуы тиіс.

Шайқурай. Дулоксвитэ мен құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік препараттарын бір мезгілде қолданғанда, жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.

Суицид әрекеттері

Ауқымды депрессиялық бұзылыс.

Психиатриялық жағдайлар, соның ішінде депрессия, пациентте суицидтік ойлардың туындау қаупінің жоғарылауымен, өз-өзіне зақым келтірумен және өзін-өзі өлтірумен (суицидпен байланысты құбылыстармен) астасуы мүмкін. Бұл қауіп тұрақты ремиссия басталғанға дейін сақталады. Жағдайдың жақсаруы емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде туындамауы мүмкіндігіне байланысты, жақсару басталғанға дейін пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Жалпы клиникалық тәжірибеге сәйкес, сауығудың алғашқы сатыларында суицид қаупі жоғарылауы мүмкін.

Дулоксвитэмен емдеу ұсынылған басқа психикалық бұзылыстар да өзін-өзі өлтіру жағдайлары қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Бұдан өзге, аталған жағдайлар ауқымды депрессиялық құбылыспен қатар жүруі мүмкін. Басқа психикалық бұзылыстары бар пациенттерді емдегенде, ауқымды депрессиялық бұзылысы бар пациенттерді емдеудегі сияқты сақтық шараларын қадағалау қажет.

Анамнезінде суицид көріністері болған немесе емдеу басталғанға дейін суицидтік ойлар елеулі дәрежеде көрініс берген пациенттер суицидтік ойлардың немесе мінез-құлықтың туындау қаупі жоғары топқа жатқызылады және емделу кезінде мұқият қадағалауда болуы тиіс. Плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердің мета-талдауы, плацебомен салыстырғанда, психикалық бұзылыстары бар, жасы 25-ке толмаған пациенттерді емдеуге арналған антидепрессанттарды қолданғанда, суицидтік мінез-құлықтың даму қаупінің жоғары екендігін көрсетті. Дулоксвитэні тағайындағанда немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін көп ұзамай суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық туындаған жағдайлар туралы хабарланған.

Атап айтқанда, жоғары қауіп тобындағы пациенттерді дәрімен емдеу, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларында және дозасын өзгерткен кезде мұқият қадағалаумен жүргізілуі тиіс. Пациенттерге (және оларға күтім жасайтын адамдарға) пациентті қадағалау және клиникалық нашарлау симптомдары, суицидтік ойлар немесе мінез-құлық, мінез-құлықтың әдеттен тыс өзгерістері туындаған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажеттілігі ескертілуі тиіс.

Диабеттік нейропатия кезіндегі ауыру синдромы. Фармакологиялық әсері ұқсас басқа препараттармен (антидепрессанттар) жағдайдағы сияқты, Дулоксвитэмен емдеу кезінде немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін көп ұзамай, суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық туындаған бірлі-жарым жағдайлар туралы хабарланған. Дәрігерлер пациенттерді кез келген үрейлі ойлар немесе сезімдер туралы кез келген уақытта хабарлауға ынталандыруы тиіс.

Қан кету. Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін, және Дулоксвитэні қоса, серотонин мен норадреналинді кері қармаудың селективті тежегіштерін тағайындағанда қан кетулердің туындау қаупі жоғарылауы мүмкін. Экхимоздар, гематомалар, петехиялар, мұрыннан қан кету, пурпура, асқазан-ішектен қан кету және өмірге қауіп төндіретін қан кетулер жағдайлары байқалған. Антикоагулянттарды және/немесе тромбоциттер функциясына әсер ететін дәрілік препараттарды (мысалы, ҚҚСП, ацетилсалицил қышқылы, варфарин) қабылдап жүрген пациенттерді, сондай-ақ, қан кетулердің туындау үрдісі бар пациенттерді емдегенде сақтық таныту қажет. Пациенттерге Дулоксвитэ мен ҚҚСП, аспирин немесе коагуляцияға ықпал ететін басқа препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда қан кетулердің туындау қаупі туралы ескертілуі тиіс.

Гипонатриемия. Дулоксвитэні тағайындағанда, қан сарысуындағы натрий 110 ммоль/л төмендеген жағдайларды қоса, гипонатриемияның туындағаны туралы хабарланды. Гипонатриемия антидиурездік гормонның талапқа сай емес секрециясы синдромына (ДҚГТСС) байланысты болуы мүмкін. Гипонатриемия жағдайларының көпшілігі егде жастағы, әсіресе, анамнезінде сұйықтық теңгерімінің өзгерістері болған немесе осындай жағдайларға бейім пациенттерде тіркелген. Дулоксвитэні гипонатриемияның даму қаупі жоғары пациенттерге, атап айтқанда, егде жастағы адамдарға, бауыр циррозы немесе дегидратациясы бар немесе диуретиктермен емделіп жүрген науқастарға тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Акатизия/психомоторлық қозу. Дулоксвитэмен емдеудің алғашқы апталары ішінде субъективтік тұрғыдан жағымсыз немесе жанды қинайтын мазасыздықпен және қозғалу қажеттілігімен сипатталатын, көбінесе тыныш тұру немесе отырудың мүмкін болмауымен қатар жүретін акатизия дамуы мүмкін. Аталған симптомдары бар пациенттерде дозасын арттыру зиян келтіруі мүмкін.

Құрамында дулоксетин бар дәрілік препараттар. Дулоксетин бірқатар көрсетілімдер кезінде: диабеттік нейропатияның ауырумен жүретін формасын, жайылған үрейлі бұзылысты, ширыққан кезде несепті ұстай алмауды емдеуде түрлі сауда маркаларымен қолданылады. Аталған препараттардың бір мезгілде біреуінен артық тағайындалуын болдырмау қажет.

Гепатиттер/бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы. Дулоксвитэні тағайындағанда, емдеудің алғашқы айлары ішінде, бауыр ферменттерінің едәуір (қалыптың жоғарғы шегінен 10 есе артық) жоғарылауын, гепатит пен сарғаюдың дамуын қоса, бауыр зақымдануы (негізінен, гепатоцеллюлярлық) болуы мүмкін. Бауырдың зақымдануын туғызатын дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде Дулоксвитэні сақтықпен қолдану қажет.

Сахароза. Ішекте еритін қатты Дулоксвитэ капсулаларының құрамында сахароза бар. Фруктозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын қиындықтары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтоза жеткіліксіздігі пациенттерге препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

Дулоксвитэ балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеуде қолданылмауы тиіс. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің өсуі мен дамуына, сондай-ақ, когнитивтік және мінез-құлықтың дамуына қатысты ұзақмерзімді мәліметтер жоқ.

Егде жастағы адамдар. 120 мг дозадағы Дулоксвитэні тағайындаған кезде, егде жастағы пациенттерде депрессияның ауыр көріністерін емдеуде осы дозасының қолданылуы жөнінде жеткілікті ақпараттың жоқтығына байланысты сақтық таныту қажет.

Емдеуді тоқтату. Емдеуді тоқтатқан кездегі тоқтату симптомдары жеткілікті дәрежедегі, әсіресе, емдеуді күрт үзген кезде жиі құбылыс болып табылады. Клиникалық зерттеулерде, емдеуді күрт тоқтатқан кездегі жағымсыз реакциялар, Дулоксвитэні қабылдаған пациенттердің шамамен 45%-ында, және плацебо қабылдаған пациенттердің шамамен 23%-ында байқалған. Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) және серотонин мен норадреналинді‎ кері қармау тежегіштерін (СНКҚТ) қолданғанда байқалатын тоқтату синдромының даму қаупі емдеудің ұзақтығын, дозасын және дозасының төмендетілу жылдамдығын қоса, бірнеше факторға тәуелді болуы мүмкін.

Бас айналуы, сезімталдық бұзылыстары (парестезияларды немесе электр тогына ұрынуға ұқсас, әсіресе бастағы сезімдерді қоса), ұйқы бұзылысы (ұйқысыздықты және анық түстер көруді қоса), шаршау, ұйқышылдық, қозу немесе үрейлену, жүрек айнуы және/немесе құсу, тремор, бас ауыруы, миалгия, ашушаңдық, диарея, тершеңдік және вертиго сияқты жағымсыз реакциялардың туындағаны туралы жиірек хабарланған. Тұтас алғанда, жоғарыда көрсетілген симптомдар үшін әлсіз немесе орташа сипат тән. Алайда, кейбір пациенттерде олар қарқындырақ болуы мүмкін. Симптомдары әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейінгі алғашқы бірнеше күн ішінде, сирек жағдайларда – пациенттер препараттың кезекті қабылдануын өткізіп алған кезде туындайды. Әдетте, мұндай тоқтату симптомдары өздігінен шектелетін сипатқа ие және әдетте, 2 апта ішінде басылады, әйтсе де кейбір пациенттерде олар ұзағырақ (2 - 3 ай немесе одан да ұзақ) жүруі мүмкін. Соған байланысты, Дулоксвитэ емін жалғастыру қажет болмаса, препаратты дозасын пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес біртіндеп азайту арқылы кемінде 2 апта ішінде біртіндеп тоқтатуды жүргізу ұсынылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Фертильділік

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде дулоксетин еркектерінің тұқым өрбіту функциясына әсер етпеген, ал ұрғашыларының тұқым өрбіту функциясына әсері тек, препаратты енесінің организміне уытты әсер беретін дозаларында қабылдағанда байқалған.

Жүктілік

Дулоксвитэні жүкті әйелдерде қолдану туралы мәліметтер жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулер дулоксетиннің ең жоғарғы клиникалық әсерінен төмен жүйелі әсер ету деңгейлері (AUC) кезінде тұқым өрбіту функциясына уытты әсерін көрсетті.

Адам үшін ықтимал қаупі туралы мәліметтер жоқ.

Эпидемиологиялық мәліметтер, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін жүктілік кезінде, әсіресе, кейінгі мерзімдерінде қолдану, жаңа туған нәрестелердегі өкпенің персистирленетін гипертензиясы (НӨПГ) қаупін арттыруы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Ешбір зерттеуде НӨПГ және серотонин мен норадреналинді кері қармаудың селективті тежегіштерін қолдану арасындағы өзара байланыстылық зерттелмегендігіне қарамастан, әсер ету механизмінің жуықтығын (серотонинді кері қармаудың тежелуі) ескере отырып, дулоксетинді қабылдаумен байланысты мұндай қауіптің ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайды.

Басқа серотонинергиялық дәрілік заттармен жағдайдағы сияқты, дулоксетинді анасы қысқа мерзімде қолданғаннан кейін жаңа туған нәрестелерде тоқтату симптомдары дамуы мүмкін. Дулоксетинді қабылдауды тоқтатқан кезде байқалатын тоқтату симптомдарына гипотонияны, треморды, жүйке-рефлекторлық қозғыштықтың жоғарылауы cиндромын, емізудегі қиындықтарды, респираторлық дистресс синдромын және эпилепсиялық ұстамаларды жатқызуға болады. Жағдайлардың көпшілігі туылған кезде, не болмаса туғаннан кейін бірнеше күннен соң орын алған.

Дулоксвитэ препаратын жүктілік кезінде тек, егер ықтимал пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қабылдау керек. Әйелдерге жүктілігі басталған жағдайда, немесе емделу кезеңінде жүкті болуды жоспарлап жүрген болса, өз дәрігеріне хабар беру қажеттілігін айту керек.

Бала емізу

Лактация кезеңіндегі, балаларын емізбейтін алты пациент әйелді зерттеудің мәліметтері бойынша, дулоксетин емшек сүтіне елеусіз дәрежеде өтеді. Емшектегі балада кг дене салмағына есептеп шығарылған тәуліктік мг дозасы анасы қабылдаған дозасының шамамен 0,14%-ын құрайды. Дулоксетиннің емшектегі балалардағы қауіпсіздігі туралы мәліметтердің жоқтығына байланысты, Дулоксвитэ препаратын бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Дулоксетиннің автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсерін бағалау жүргізілген жоқ. Дулоксвитэні қабылдау тыныштандыратын әсері мен бас айналуының туындауымен қатар жүруі мүмкін. Тыныштандыратын әсері мен бас айналуы туындаған жағдайда, пациенттер көлік жүргізу немесе механизмдерді басқару сияқты қауіптілігі зор жұмыстарды атқарудан бас тартуы қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек!

Дозалау режимі

Ауқымды депрессиялық бұзылыс

Дулоксвитэнің ұсынылған бастапқы және демеуші дозасы ас ішуге байланыссыз, күніне 1 рет 60 мг құрайды. Күніне 60 мг-ден артық дозасының күніне 120 мг дейінгі ең жоғарғы дозасына дейін артуы клиникалық зерттеулерде қауіпсіздік тұрғысынан бағаланды. Ұсынылған бастапқы дозасымен емдеуге жауап бермеген пациенттерде дозасын арттырудың артықшылықтарының клиникалық дәлелдері жоқ.

Жалпы үрейлі бұзылыс

Жалпы үрейлі бұзылысы бар пациенттер үшін ұсынылған бастапқы дозасы ас ішуге байланыссыз, күніне бір рет 30 мг құрайды. Емге жауап реакциясы қанағаттанарлықсыз пациенттерде дозасын 60 мг дейін арттыру қажет, бұл дозасы пациенттердің көпшілігінде демеуші дозасы да болып табылады.

Қатарлас ауыр депрессиялық бұзылысы бар пациенттер үшін бастапқы дозасы да, демеуші дозасы да күніне бір рет 60 мг құрайды (бұрын көрсетілген дозасы жөніндегі ұсынымдарды қараңыз).

Клиникалық сынақтарда қауіпсіздік тұрғысынан бағалағанда, күніне 120 мг дейінгі дозалары тиімді екендігі анықталған. Осыған байланысты, 60 мг дозасына жауап реакциясы қанағаттанарлықсыз пациенттерде дозасын 90 мг, немесе 120 мг дейін арттыруға болады. Дозасын арттыру клиникалық жауап реакциясы мен көтерімділігіне негізделуі тиіс.

Диабеттік шеткері нейропатияның (ДШНП) ауырсыну түрі

Дулоксвитэнің бастапқы және ұсынылған демеуші дозасы күніне 60 мг құрайды. Күніне бір рет 60 мг асатын, біркелкі бөлінген дозалары түріндегі ең жоғарғы, күніне 120 мг дейінгі дозалары клиникалық сынақтарда қауіпсіздік тұрғысынан бағаланды. Дулоксвитэнің плазмадағы концентрациясында елеулі түраралық ауытқымалылықтың болуына байланысты, 60 мг дозасына жауап жеткіліксіз пациенттерде препараттың дозасын арттыруға болады.

Пациенттердің айрықша топтарында дозалануы

Бауыр жеткіліксіздігі

Дулоксетинді бауыр жеткіліксіздігіне алып келетін бауыр аурулары бар пациенттерге қолданбау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30-дан 80 мл/минутқа дейінгі) пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Дулоксвитэні бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/ минутқа дейінгі) пациенттер қолданбауы тиіс.

Педиатриялық популяция

Препаратты қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігімен байланысты қиындықтар туындауы мүмкін болғандықтан, Дулоксвитэні балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге ауқымды депрессиялық бұзылысты емдеу үшін қолданбау керек.

Дулоксвитэнің 18 жасқа дейінгі балаларда жалпы үрейлі бұзылыс пен диабеттік шеткері нейропатияны емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған. Капсулаларды шайнамай және ұсақтамай тұтастай жұту керек. Капсуланы ашуға және капсуланың ішіндегісін тамақпен немесе сұйықтықтармен араластыруға болмайды.

Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі

Дулоксвитэ препаратының ұсынылған бастапқы және демеуші дозасы ас ішуге байланыссыз күніне 1 рет қолданылуы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Ауқымды депрессиялық бұзылыс

Әдетте, емге жауап реакциясы емдеудің 2 - 4 апталарында байқалады.

Депрессияға қарсы әсерінің консолидациясынан кейін, қайталануын болдырмау мақсатында, емдеуді бірнеше ай бойы жалғастыру ұсынылады. Дулоксвитэ еміне жауап болған және анамнезінде депрессия көріністері қайталанған пациенттерде, ары қарай күніне 60-тан 120 мг дейінгі дозадағы препаратпен ұзақ уақыт емдеу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Жалпы үрейлі бұзылыс

Жауап реакциясы көрініс бергеннен кейін, қайталануларын болдырмас үшін, емдеуді бірнеше ай бойы жалғастыру ұсынылады.

Диабеттік шеткері нейропатияның (ДШНП) ауырсыну түрі

Пациенттің емге реакциясы 2 ай емдеуден соң бағалануы тиіс. Бастапқыда жауабы жеткіліксіз болған пациенттерде, осы уақыт аралығынан кейін қосымша реакцияның ықтималдығы аз болып табылады. Емнің пайдасын бағалау жүйелі түрде (кемінде үш айда бір рет) қайта қарастырылуы тиіс.

Диабет бүйрек ауруларынан жиі асқынатындықтан, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерді емдеу препараттың бастапқы төменірек дозасынан басталуы тиіс және Дулоксвитэнің дозасын арттыру біртіндеп жүргізілуі тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Ықтимал симптомдары: (Дулоксвитэ монотерапия кезінде немесе басқа дәрілік препараттармен біріктіріп емдегенде): ұйқышылдық, кома, серотониндік синдром, құрысулар, тахикардия және құсу.

Емі: арнайы антидоты белгісіз. Серотониндік синдром туындаған жағдайда спецификалық ем жүргізілуі мүмкін (мысалы, ципрогептадинмен ем және/немесе температураны бақылау). Жедел артық дозалану жағдайында емдеу кез келген препаратпен артық дозалану кезінде қолданылатын жалпы шаралардан құралуы тиіс. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру қажет. Симптоматикалық және демеуші ем жүргізумен қатар, жүрек қызметіне мониторинг жүргізу және негізгі тіршілік көрсеткіштерін қадағалау ұсынылады. Тесігі үлкен асқазан зондының көмегімен және тыныс жолдарын сәйкесінше қорғаумен асқазан лаважын жүргізуді, ол тікелей препаратты қабылдағаннан кейін орындалған жағдайда немесе симптоматикалық пациенттерде қолдануға болады. Белсендірілген көмір сіңірілуін шектеу үшін пайдалы болуы мүмкін. Дулоксвитэнің таралу көлемінің көптігіне байланысты, қарқынды диурезді, гемоперфузия мен алмастыру перфузиясын қолданудың пайдалы болу ықтималдығы аз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар

Қатысты емес

Тоқтату симптомы қаупінің болуын көрсету

Емдеудің күрт тоқтатылуын болдырмау қажет. Тоқтату синдромының даму қаупін төмендету үшін, дозасын төмендету біртіндеп, 1 - 2 апта ішінде жүргізілуі тиіс. Препараттың дозасын төмендеткеннен кейін немесе емдеуді тоқтатқанда көтерімсіздік симптомдары пайда болған жағдайда, қабылдауды бұрын жазып берілген дозасында қайта бастауға болады. Ары қарай дәрігер дозасын төмендетуді жалғастыруына болады, бірақ қарқыны төменірек болуы тиіс.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласуды ұсынамыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі

  • тәбеттің төмендеуі

  • ұйқысыздық, ажитация, либидо төмендеуі, үрейлену, аномальді оргазмдар, аномальді түстер

  • бас айналуы, енжарлық, тремор, парестезия

  • бұлыңғыр көру

  • құлақтың шыңылдауы

  • жүрек соғуының жиілеуі

  • артериялық қысымның жоғарылауы3, бетке қан тебу

  • есінеу

  • іш қатуы, диарея, іш ауыруы, құсу, диспепсия, метеоризм

  • қатты тершеңдік, бөртпе

  • сүйек-бұлшықет ауыруы, бұлшықет түйілуі

  • несеп шығарудың бұзылысы, поллакиурия

  • эректильді дисфункция, эякуляция бұзылуы, эякуляция кідірісі

  • естен тану8, қажу

  • салмақ азаюы

Жиі емес

  • ларингит

  • гипергликемия (әсіресе, қант диабеті бар пациенттерде)

  • суицидтік ойлар5,7, ұйқы бұзылулары, бруксизм, бағдарсыздық, апатия

  • миоклонус, акатизия7, күйгелектік, зейін қоюдың бұзылуы, дисгевзия, дискинезия, тынымсыз аяқ синдромы, дұрыс ұйқының нашарлауы

  • мидриаз, көру бұзылулары

  • бас айналуы, құлақтағы шуыл

  • тахикардия, суправентрикулярлық аритмия, көбінесе жүрекшелердің фибрилляциясы

  • естен тану2, гипертензия3,7, ортостаздық гипотензия2, шеткері қанайналым бұзылулары (аяқ-қолдардың мұздауы)

  • кеуденің қысылу сезімі, мұрыннан қан кету

  • асқазан-ішектен қан кетулер7, гастроэнтерит, кекіру, гастрит, дисфагия

  • гепатит3, бауыр ферменттері (AЛT, AСT, сілтілік фосфатаза) деңгейінің жоғарылауы, бауырдың жедел зақымдануы

  • түнде терлеу, есекжем, жанаспалы дерматит, суық тер, фотосенсибилизация, гематомалардың түзілу үдерісінің жоғарылауы

  • бұлшықеттердің сіресуі, бұлшықет құрысулары

  • несеп шығарудың кідіруі, несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, полиурия, несептің ағу жылдамдығының азаюы

  • гинекологиялық қан кету, етеккір оралымының бұзылуы, сексуалдық дисфункция, аталық бездердің ауыруы

  • кеуденің ауыруы7, патологиялық сезінулер, тоңу сезімі, шөлдеу, қалтырау, жайсыздық, ысыну сезімі, жүріс-тұрыстың бұзылуы

  • салмақ жоғарылауы, қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, гиперкалиемия

Сирек

  • анафилаксиялық реакция, аса жоғары сезімталдық

  • гипотериоз

  • сусыздану, гипонатремия, диурезке қарсы гормонның талапқа сай емес секрециясы синдромы (SIADH6)

  • суицидтік мінез-құлық5,6, мания, елестеулер, озбырлық және ашу4,6

  • серотониндік синдром6, құрысулар1,6, психомоторлық мазасыздық, экстрапирамидалық симптомдар6

  • глаукома

  • гипертониялық криз3

  • стоматит, гематоцезия, галитоз, микроскопиялық колит

  • бауыр жеткіліксіздігі6, сарғаю6

  • Стивенс-Джонсон синдромы6, ангионевроздық ісіну6

  • сіреспе

  • несепте патологиялық иіс болуы

  • менопауза симптомдары, галакторея, гиперпролактинемия

  • қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы

  • өкпенің интерстициальді ауруы, эозинофильді пневмония

Өте сирек

  • терідегі васкулит

1 Құрысулар мен құлақтағы шуыл жағдайлары емдеуді тоқтатқаннан кейін де байқалған.

2 Ортостаздық гипотензия мен естен тану жағдайлары, атап айтқанда, емдеудің басында да байқалған.

Айрықша нұсқаулар

4 Озбырлық пен ашу жағдайлары, негізінен, емдеудің басында немесе оны тоқтатқаннан кейін тіркелген.

5 Суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық жағдайлары Дулоксвитэмен емдеу кезінде, немесе емдеуді тоқтатқаннан кейінгі бастапқы сатыларда байқалған (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

6 Маркетингтен кейінгі қадағалау кезінде тіркелген жағымсыз реакциялардың бағаланған жиілігі: плацебо-бақыланатын клиникалық сынақтарда байқалмаған.

7 Статистикалық тұрғыдан плацебодан айырмашылығы жоқ.

8 Естен танулар егде жастағы (65 жас шамасындағы және одан үлкен) пациенттерде жиірек кездескен.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 67.358 мг дулоксетин гидрохлориді (60.000 мг дулоксетинге баламалы),

қосымша заттар: қант түйіршіктері, гипромеллоза, сахароза, тальк, гипромеллоза фталаты, триэтилцитрат, 1)тазартылған су, 1)изопропил спирті, 1)метиленхлорид,

капсула қабығының құрамы

корпусы: индиготин FD&C Blue2 (Е132), титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), желатин,

қақпақшасы: индиготин FD&C Blue2 (Е132), титанның қостотығы (Е171), желатин.

1) Өндіріс кезінде буланып ұшып кетеді, дайын өнімнің құрамында болмайды, тек іздік мөлшерлерін кездеседі

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өлшемі №1, күңгірт жасыл түсті корпусы және көк түсті күңгірт қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 капсуладан полиамид/ алюминий/ поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Laboratorios Lesvi, S.L., Avda. Barcelona, 69 08970 Сан-Жоан-Деспи (Барселона) Испания

Телефон: +34 934 75 96 00

Электронды пошта: contact-lesvi@lesvi.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Galenicum Health, S.L., Avinguda Diagonal 123, 11 floor, 08005 Барселона, Испания

Телефон: +34 932 011 750

Электронды пошта: pharmacovigilance@galenicum.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«NF Pharma» (НФ Фарма) ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық к-сі, 38 үй,

Ken Dala Business Center, 704 кеңсе

тел: +7(727) 345-10-12

факс: +(727) 291-85-33

E-mail: info@nfpharma.kz

Прикрепленные файлы

Дулоксвитэ_ЛВ_20_04_2020_рекоменд.docx 0.08 кб
Дулоксвитэ_ЛВ_20_04_2020_рекоменд_каз.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту