Доктор Мом® (100 мл)

Производитель: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016477
Информация о регистрации в РК: 23.02.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор Мом®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Шәрбат, 100 мл, 150 мл

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05СА10

Қолданылуы

Құрғақ жөтел немесе қақырық түсуі қиын жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларын симптоматикалық емдеуде: фарингит, ларингит, оның ішінде «лекторлық» түрі, трахеит, бронхит.

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- сукраза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- 3 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Препарат құрамында қант бар, оны қант диабеті бар пациенттер, сондай-ақ гипокалориялық диетадағы адамдар ескеруі қажет. Ересектерге арналған 1 реттік дозада (5,0 - 10,0 мл) 3,75 – 7,50 г сахароза бар, бұл 0,31 – 0,62 НБ сәйкес келеді. Ұзақ уақыт қолданғанда (2 апта немесе одан да көп) тістің зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Препарат құрамында натрий метилпарагидроксибензоаты және натрий пропилпарагидроксибензоаты бар және аллергиялық реакцияларды, оның ішінде баяу типті реакцияларды тудыруы мүмкін.

Егер симптомдары сақталса немесе жағдайдың нашарлауы байқалса немесе жаңа симптомдар пайда болса, препаратты тоқтатып, дәрігерге барған жөн.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала препаратты кездейсоқ немесе қасақана жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Сұйылтылған қақырықтың шығуын бұзу ықтималдығына байланысты жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Препаратты варфаринмен және басқа тромбозға қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болу ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағын суға немесе көшеге тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салыңыз да, қоқыс контейнеріне тастаңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!

Педиатрияда қолдану

3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану

Жүкті және бала емізетін әйелдерде қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты препаратты осы топқа тағайындау ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Белгісіз.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 рет 1/2 шай қасықтан (2,5 мл),

6-дан 14 жасқа дейін – тәулігіне 3 рет 1/2 - 1 шай қасықтан (2,5 мл - 5,0 мл).

Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға тәулігіне 3 рет 1-2 шай қасықтан (5,0 - 10,0 мл).

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы-2-3 аптаны құрайды. Емдеудің ұзақтығын арттыру мен қайталау курстарын дәрігердің ұсынысы бойынша жүргізеді.

Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар

Ұсынылған дозаларда қолданғанда препараттың артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік затты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне хабарласыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін қолданған кезде айқындалған жағымсыз реакциялар былайша жіктелген:

Өте жиі ≥1/10

Жиі ≥1/100 және <1/10

Жиі емес ≥1/1000 және <1/100

Сирек ≥1/10000 және <1/1000

Өте сирек <1/10000

Анықталмаған жиіліктің жеке хабарламалары (пайда болу жиілігін қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Сирек: аллергиялық реакциялар.

Жиілігі белгісіз: жүрек айнуы, іш қуысының жайсыздығы;

Осы нұсқаулықта сипатталмаған жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек 

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл шәрбаттың құрамындағы

белсенді заттар:

мыналардан алынған құрғақ экстрактісі:

Қасиетті насыбайгүл жапырақтары, ұрығы мен тамырлары

1000 мг

Жалаң мия тамырлары

600 мг

Ұзын куркума тамырсабақтары

500 мг

Дәрілік зімбір тамырсабақтары

100 мг

Адатода васика жапырақтары

600 мг

Үнді алқагүлінің тамырлары, жемістері, ұрықтары

200 мг

Шоғыргүлді андыз тамырлары

200 мг

Кубеба бұрышы жемістері

100 мг

Терминалия белерика жемістері

200 мг

Барбадос алоэсінің кептірілген ұлпасынан алынған шырын

500 мг

Левоментол

60 мг,

қосымша заттар: сахароза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, сорбин қышқылы, ананас дәмі бар зат, тазартылған су.

Сыртқы түрінің сипаттамасы

Ананас иісі бар ақшыл қоңырдан күңгірт қоңыр түске дейінгі шәрбат

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл немесе 150 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий немесе пластмасса қақпақпен тығындалған полиэтилентерефталаттан жасалған құтыда. Жиынтықта сыйымдылығы 15 мл полипропиленнен жасалған өлшеуіш стақаны бар немесе өлшеу құрылғысы жоқ 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі), Үндістан

Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 03, Үндістан

Тел.: +91 22 2439 5200/2439 5500/ Факс: + 91 22 2431 5331/2431 5334

электронды пошта: info@jbcpl.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей, Мәскеу қ.

121614, Ресей, Мәскеу қ., Крылатская к-сі, 17, 2 корпус

Тел.: +7 495 726 55 55/ Факс: +7 495 580 90 29

электронды пошта: conreception@its.jnj.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Джонсон Джонсон» ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы филиалы

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі 42, 23-А

павильоны

тел./факс: +7 (727) 356-88 -11; +7 (727) 356-88-19

электронды пошта: safetyru@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

Доктор_Мом_каз.docx 0.03 кб
Доктор_Мом_рус.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники