Димексид (100 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Димексид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диметил сульфоксид
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат - диметилсульфоксид - 100 млСипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар немесе иіссіз түссіз мөлдір сұйықтық немесе түссіз кристалдар. Гигроскопиялы
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Диметил сульфоксиді.
АТХ коды МО2АХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Димексидті теріге ерітіндіні аппликациялау кезінде ол 1,5-3 тәулік ішінде өзгермеген деңгейде сақтаумен, 4-6 сағаттан соң ең жоғары концентрацияларға жете отырып, қанда 5 минуттан соң анықталады. Диметилсульфоксид өзгермеген түрде, сондай-ақ диметилсульфон түрінде несеппен және нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы препарат, гидроксильді радикалдарды белсенділігінен айырады, қабыну ошағындағы метаболикалық үдерістер ағымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті жансыздандыратын, анальгетикалық және микробқа қарсы әсер көрсетеді; орташа фибринолитиктік белсенділігі бар.
Тері, шырышты қабат, микроб жасушаларының қабығы (олардың антибиотиктерге сезімталдығын арттырады) және басқа биологиялық жарғақшалар арқылы өтеді, олардың дәрілік заттар үшін өткізгіштігін арттырады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
тірек-қимыл аппаратының аурулары: ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы (шорбуынданатын спондилоартрит), деформациялаушы остеоартроз, реактивті синовит
шектеулі склеродермия, түйінді эритема, дискоидты қызыл жегі, табандар микозы, келлоидты тыртықтар, тромбофлебит, алопеция, экзема, тілме
соғылулар, байламдардың созылуы, жарақаттық инфильтраттар
іріңді жаралар, күйіктер, радикулит, трофикалық ойық жаралар, акне, фурункулез
Тері-пластикалық хирургияда, тері гомотрансплантанттарын консервациялау.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, аппликациялар мен бүркіп-шаю түрінде (жуып-шаю).
Ерітіндіге дәке сүрткілерді малып алып, зақымдалған бөліктерге 20-30 минут бойы төсейді. Сүрткінің үстінен полиэтилен үлбір және мақта-қағаздан немесе зығырдан жасалған мата салады. Аппликация ұзақтығы – 10-15 күн.
Тілмені және трофикалық ойық жараларды емдегенде – тәулігіне 2-3 рет 50-100 мл-ден 30-50 % ерітінді түрінде.
Экземада, диффузиялық стрептодермияларда – 40-90 % ерітіндімен жасалатын компресстер.
Ауырсындыратын синдромдарда жергілікті ауыруды басу үшін – тәулігіне 2-3 рет 100-150 мл-лік компресстер түрінде 25-50 % ерітінді.
Беттің және басқа да сезімталдығы жоғары аумақтардың терісіне 10-20-30 % ерітінді қолданылады.
Терең күйіктерді емдегенде 20-30 % димексид ерітіндісі бар таңғыштар қолданылады (қажет болса, 500 мл дейінгі дозада).
Тері-пластикалық хирургияда операциядан кейін бірден және кейінгі күндері операциядан кейінгі кезеңде трансплантант әбден кірігіп кеткенше көшіріп салынған тері ауто- және гомотрансплантанттарға 10-20 % ерітіндісі бар таңғыштар пайдаланылады.
Консервациялау ортасы ретінде тері гомотрансплантанттарын сақтау үшін Рингер ерітіндісіндегі 5 % ерітінді қолданылады.
Аз концентрацияланған ерітінділермен іріңді-некрозды және қабыну ошақтары мен қуыстары жуылып-шайылады.
Диметилсульфоксидінің су ерітіндісін дайындау:
Диметилсульфоксидінің құрамы |
Диметилсульфоксид бөліктерінің саны |
Су бөліктерінің саны |
10 % |
1 |
9 |
20 % |
1 |
4 |
25 % |
1 |
3 |
30 % |
3 |
7 |
40 % |
2 |
3 |
50 % |
1 |
1 |
90 % |
9 |
1 |
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялар бойынша хабарлар жүйелі-мүше жіктемесіне және жиі кездесетіндерге сай көрсетілген. Жиі кездесетін санаттар келесі жіктемелер бойынша анықталады: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, бірақ <1/10), жиі емес (>1/1 000, бірақ <1/100), сирек (>1/10 000, бірақ <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Диметилсульфоксид әдетте жақсы көтерімді, бірақ кейбір пациенттерде келесі жағдайлар болуы мүмкін:
Сирек
– бронх түйілуі
Жиілігі белгісіз
– аллергиялық реакциялар
– жанаспалы дерматит, эритема, терінің құрғақтығы, жеңіл түрде шымылдатып ашыту, шымылдатқан дерматит
– кейбір науқастар диметилсульфоксидтің иісін көтере алмайды, сондықтан ол жүректі айнытып, құсық туғызумен жалғасуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
Дәрілік препараттың «пайдасы – қаупі» арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі күдік тудырған жағымсыз реакциялар туралы хабарлап отыру маңызды. Медицина қызметкерлеріне дәрілік препараттың күдік тудырған кез келген жағымсыз реакциялары туралы дәрілік препараттың жағымсыз реакциялар туралы хабарлаудың ұлттық жүйесі арқылы хабарлап отыру ұсынылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препарат компонентіне жоғары сезімталдық
ауыр сипатты бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі
стенокардия, миокард инфарктісі
айқын атеросклероз
глаукома, катаракта
инсульт
кома
жүктілік және лактация кезеңі
12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Этанол, инсулин және басқа дәрілік заттардың сіңуін арттырады және әсерін күшейтеді. Гепаринмен, бактерияға қарсы дәрілермен, ҚҚСП-мен үйлесімді. Организмді жалпы анестезияға арналған дәрілік заттарға сенсибилизациялайды. Микроорганизмдердің аминогликозидті және бета-лактамды антибиотиктерге; хлорамфениколға, рифампицинге, гризеофульвинге сезімталдығын арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Кейбір науқастар ішке тартатын ауадан сарымсақ иісін сезінеді.
Препаратты қолданар алдында сезімталдыққа сынама жүргізу керек. Бұл үшін Димексидті теріге Димексид сіңдірілген мақта тампонынының көмегімен жағу керек. Димексидті жаққаннан кейінгі күрт қызару және тері қышынуы препаратқа жеке жоғары сезімталдықты растайды.
Егде жастағы пациенттер препаратты алдымен дәрігерден консультация алғаннан соң қолдануы керек.
Препараттың шырышты қабыққа және көзге түсуіне жол бермеу керек. Препарат көзге кездейсоқ түскен жағдайда тез арада ағын сумен шаю керек.
18 °С температурада препараттың сапасына әсер етпейтін диметилсульфоксидтің кристаллизациясы орын алуы мүмкін. Кристалдарды еріту үшін препараты бар құтыны су моншасында абайлап қыздыру керек (судың температурасы шамамен 60 °С).
Дәрілік затты қолдану ережесін бұзбау керек, бұл денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі.
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Диметилсульфоксидпен емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін.
Емі: Препаратты қолдануды тоқтату. Зақымданған жерді шаю керек. Симптоматикалқы ем.
Байқаусызда асқазан ішек жолы арқылы уланып қалған кезде асқазанды жылдам шаю керек. Диметилсульфоксидтің жылдам сіңетіндігін есте сақтау керек.
Шығарылу түрі және қаптамасыСыртқа қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат.100 мл-ден бұралатын полимер материалдан жасалған қақпақтармен және полиэтилен тығындармен тығындалған қызыл-сары шыны құтыда. Құтыны медицинада қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Марбиофарм» ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, заңды мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
Утегенова Б.А. ЖК
010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғ., 18, 50 пәт.
Тел.: +77017076181
Электронды адресі b.utegenova_ip@mail.ru