Диклофенак (гель для наружного применения 1%, 25 г, Биохимик ОАО)

МНН: Диклофенак
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diclofenac
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019640
Информация о регистрации в РК: 06.04.2018 - 06.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Диклофенак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Диклофенак

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель 1 %

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді зат - натрий диклофенагы 1.0 г

қосымша заттар – сүт қышқылы 40%, изопропанол (изопропил спирті), этанол (этил спирті 95%), натрий метабисульфиті (техникалық натрий дисульфиті), карбопол (карбомер), триэтаноламин, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыш немесе крем түсті реңді жартылай мөлдір гель

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараттары ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар.

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак

АТХ коды М02АА15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Жергілікті қолданғанда ішінара тері арқылы сіңеді, биожетімділігі - 6%. Жергілікті ем қабылдайтын полиартритпен науқастарда (қабынған буын аумағында) синовиальді сұйықтық пен тіндердегі концентрация плазмадағы концентрациядан жоғары.

Плазма ақуыздарымен байланысуы – 99,7%. Метаболизмі глюкуронды қышқылмен көп рет гидроксилдену және конъюгациялану нәтижесінде жүреді. Жүйелі клиренсі 350 мл/мин,таралу көлемі – 550мл/кг құрайды. Плазмадан жартылай шығарылуы – 1- 2 сағат, синовиальді сұйықтықтан шығарылуы – 3-6 сағат. Препараттың 60% көбіне метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады, 1% аздауы –өзгермеген түрде; 30% - нәжіспен шығарылады.Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (креатинин клиренсі 10мл/мин азырақ) өтпен шығарылуы ұлғаяды, бұл жағдайда олардың қандағы концентрациясының ұлғаюы анықталмаған.

Фармакодинамикасы

Белсенді компоненті диклофенак – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі, фенилсірке қышқылының туындысы.

Қабынуға қарсы айқын, ауыруды басатын және ыстық түсіретін орташа әсер етеді. Әсер ету механизмі: 1 және 2 типті циклооксигеназаны бәсеңсіте отырып, арахидон қышқылының метаболизміне әсер етеді және простагландиндер синтезі бұзылады.

Қолданылуы

- ревматоидты артритте

- псориаздық артритте

- шорбуынданатын спондилоартритте

- шеткергі буындардың және омыртқаның остеоартрозында

- жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануында

- шығу тегі ревматизмдік және ревматизмдік емес бұлшықет ауыруларында

- тіндердің жарақаттық зақымдануында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Препаратты ересектер мен 12 жастан асқан балалардың терісіне күніне 3-4 рет жағады және жеңіл уқалап жағады. Препараттың қажетті мөлшері ауыратын аумақтың көлеміне байланысты болады. Препараттың бір реттік дозасы – 2-4 г (сықпаның мойны толық 4-8 см ашық болғанда). 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға препараттың 2 г артық емесін күніне 2 ретке дейін пайдалану керек. Емдеудің ұзақтығы дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар

- экзема

- фотосенсибилизация

- жанаспалы дерматит (қышыну, қызару, терінің өңделетін бөлігінің ісінуі, папулалар, везикулалар, қабыршақтану)

Жүйелік реакциялар: ұзақ уақыт қолданғанда немесе терінің үлкен аумағына жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін.

- жайылған тері бөртпесі

- аллергиялық реакциялар (есекжем, ангионевротикалық ісіну, бронхтың түйілу реакциялары)

- фотосенсибилизация

-жүрек айнуы, метеоризм, тәбеттің жоғалуы

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- диклофенакқа, немесе препараттың басқа компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қабылдаудан өршіген бронх демікпесі, есекжем немесе жедел ринит

- жүктілік (III триместрі) және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

- тері жабынының тұтастығы бұзылуы.

Сақтықпен

- бауыр порфириясы (асқынуы)

- асқазан-ішек жолдарының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы

- бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- бронх демікпесі

- егде жаста

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктіліктің I және II триместрі

- қан ұюы бұзылуы (оның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділік).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диклофенак фотосенсибилизация туындататын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Диклофенакты ашық жараға тигізбестен тек қана зақымданбаған теріге жағу керек. Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғыш тағуға болмайды. Препараттың көзге және шырышты қабықтарға тиюіне жол бермеу керек. УК-сәулеленуден абайлау керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктіліктің III триместрінде қолдануға болмайды. Диклофенакты лактация кезеңінде қолдану тәжірибесі жоқ. Жүктіліктің I және II триместрлерінде егер болжамды пайдасы ұрық үшін әлеуетті қауіптен жоғары болса қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Препаратты сыртқа қолданғанда белсенді компоненттерінің жүйелі сіңуінің өте төмендігінен артық дозалануы іс жүзінде мүмкін емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Медициналық жақпамайларға арналған алюминий сықпада 25 г-дан.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ-сы, Васенко к-сі,

15 А

Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Сүйінбай даңғылы, 290

тел. 727 290 27 80, 727 385 04 00,

e-mail: register@caph.kz

Прикрепленные файлы

226764241477976949_ru.doc 55 кб
278361831477978117_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники