Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма

МНН: Дексмедетомидин
Производитель: ЭВЕР Фарма Йена ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexmedetomidine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024102
Информация о регистрации в РК: 03.05.2019 - 03.05.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма

Халықаралық патенттелмеген тауы

Дексмедетомидин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 100 мкг/мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - дексмедетомидин гидрохлориді 0,1182 мг (100 мкг дексмедетомидинге баламалы),

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа дәрілер. Дексмедетомидин

АТХ коды N05CM18

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дексмедетомидиннің фармакокинетикасына қарқынды емдеу бөлімінде жатқан пациенттерге препаратты вена ішіне қысқа мерзімге енгізгеннен және ұзаққа созылған инфузиядан кейін баға берілді.

Таралуы

Дексмедетомидин екі камералы фармакокинетикалық үлгіні көрсетті. Жеделдетілген таралу фазасына орталықтан берілген бағада жартылай шығарылу кезеңі (t1/2α) 6 минутқа тең. Жартылай шығарылуының терминальді кезеңінің (t1/2) орташа мәндеріне берілген баға шамамен 1,9 - 2,5 сағ. (мин. 1,35, ең жоғарысы 3,68 сағ.), ал тепе-тең жағдайда таралу көлемінің орта мәніне берілген баға (Vss) шамамен 1,16 - 2,16 л/кг (90 - 151 л) құрайды. Плазмалық клиренсіне берілген орташа мәні (Cl) 0,46 - 0,73 л/сағ./кг (35,7 - 51,1 л/сағ.) құрайды. Vss мен Cl берілген бағаға байланысты дененің орташа салмағы 69 кг-ге тең болды. Плазмадағы дексмедетомидиннің фармакокинетикасы >24 сағ. инфузиядан кейін ҚЕБ пациенттерде де солай болды. Баға берілген фармакокинетикалық көрсеткіштер: t1/2 1,5 сағ. жуықты, Vss 93 л-ге жуықты және Cl сағатына 43 л-ге жуықты құрады. Дексмедетомидиннің фармакокинетикасы 0,2-ден 1,4 мкг/кг/сағ. дозалық деңгейлер қатарында дозаға тәуелді болып табылады. 14 күнге дейін емдегенде дексмедетомидин жиналып қалмайды. Дексмедетомидин плазма ақуыздарымен 94%-ға байланысады. Плазма ақуыздарымен байланысуы 0,85-тен 85 нг/мл-ге дейінгі концентрациялар ауқымында тұрақты. Дексмедетомидин адамның сарысулық альбуминімен де, сонымен қатар альфа-1 қышқыл гликопротеинімен де байланысады. Сарысулық альбумин плазмада дексмедетомидинмен негізгі байланысатын ақуыз болып табылады.

Биотрансформациясы және шығарылуы

Дексмедетомидин бауырда қарқынды метаболизм арқылы шығарылады. Дексмедетомидин бауырда толық метаболизденеді. Бастапқы метаболизм үш метаболизмдік жолмен жүреді: тікелей N-глюкурондану, тікелей N-метилдену және P450 цитохром арқылы тотығу. Қан ағымында дексмедетомидиннің басым метаболиттері: екі изомерлік N-глюкуронид болып табылады. H-1 (N-метил-3-гидроксиметилдексмедетомидин O-глюкурониді) метаболиті де қан ағымындағы дексмедетомидин биотрансформациясының негізгі өнімі болып табылады. P450 цитохромы қан ағымында ең қосалқы метаболиттің түзілуін катализдейді: 3-гидроксиметилдексмедетомидин дексмедетомидиннің 3-метилді тобында гидроксилденуімен түзіледі, ал H-3 имидазольді сақинада тотығуымен түзіледі. Қолда бар деректер бойынша, тотыққан метаболиттердің түзілуі CYP түрлері (CYP2A6, CYP1A2, CYP2E1, CYP2D6 және CYP2C19) арқылы жүреді. Бұл метаболиттердің маңызды фармакологиялық белсенділігі жоқ.

Радиоактивті белгісі бар дексмедетомидинді вена ішіне енгізгеннен кейін тоғыз күннен соң радиоактивтіліктің орта есеппен 95%-ы несептен және 4%-ы нәжістерден табылды. Несептегі негізге метаболиттер дозаның шамамен 34%-ын құрайтын екі изомерлік N-глюкуронидті, және дозаның 14,51%-ын құрайтын N-метил-3-гидроксиметилдексмедетомидин O-глюкурониді болып табылады. Қосалқы метаболиттер: дексмедетомидин-карбон қышқылы, 3-гидроксиметилдексмедетомидин және оның O-глюкурониді жекелей алғанда дозаның 1,11–7,66%-ын құрайды. Өзгермеген бастапқы дәрілік заттың 1%-дан азы несептен табылды. Несепте 28%-ға жуығы анықталмаған қосалқы метаболиттерге жатады.

Пациенттердің ерекше топтары

Фармакокинетикасында жасқа және жынысқа байланысты елеулі өзгерістер жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, дені сау адамдармен салыстырғанда, дексмедетомидин плазма ақуыздарымен аз байланысады. Плазмадағы байланыспаған дексмедетомидиннің орташа үлесі дені сау адамдардағы 8,5%-дан бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі 17,9%-ға дейін өзгеріп отырды. Бауыр функциясының әртүрлі дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша А, В және С класы) пациенттерде дексмедетомидиннің бауырлық клиренсі төмендеді және плазмадан t1/2 шығарылуы ұзарды. Байланыспаған дексмедетомидиннің плазмалық клиренсінің орташа мәндері бауыр функциясының жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар адамдарда дені сау адамдарда байқалатын мәндердің, сәйкесінше, 59, 51 және 32%-ын құрады. Бауыр функциясының жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар адамдарда t1/2 орташа мәні, сәйкесінше, 3,9, 5,4 және 7,4 сағатқа дейін ұзарды. Дексмедетомидиннің дозасын таңдау әсер ету дәрежесі бойынша жүзеге асырылса да, бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде бұзылу дәрежесіне және клиникалық жауабына байланысты бастапқы немесе демеуші дозаны төмендету мүмкіндігін қарастырған жөн.

Дексмедетомидиннің фармакокинетикасы бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде дені сау адамдармен салыстырғанда өзгермейді.

Балаларда – жаңа туған нәрестелерден (жүктіліктің 28 - 44 аптасынан кейін туғандар) бастап 17 жасқа дейінгілерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Дексмедетомидиннің жартылай шығарылу кезеңі (1 айлықтан 17 жасқа дейінгі) балаларда ересектердегі сияқты болып табылады, бірақ жаңа туған (1 айлыққа дейінгі) нәрестелерде ол жоғары болуы мүмкін. 1 айлықтан 6 жасқа дейінгі жас топтарында дене салмағы бойынша түзетілген плазмалық клиренс, сірә, жоғары болады, бірақ одан үлкенірек балаларда ол төмендейді. Жаңа туған (1 жасқа дейінгі) балаларда дамымағандықтан, дене салмағы бойынша түзетілген плазмалық клиренсі, сірә, үлкен топтардағыға қарағанда, төмен (0,9 л/сағ./кг). Қолда бар деректер төмендегі кестеде берілген:

Орташа мәні (95% СА)

Жасы

N

Cl (л/сағ./кг)

t1/2 (сағ.)

1 айлыққа дейін

28

0,93

(0,76, 1,14)

4,47

(3,81, 5,25)

1-ден 6 айлыққа дейін

14

1,21

(0,99, 1,48)

2,05

(1,59, 2,65)

6-дан 12 айлыққа дейін

15

1,11

(0,94, 1,31)

2,01

(1,81, 2,22)

12-ден 24 айлыққа дейін

13

1,06

(0,87, 1,29)

1,97

(1,62, 2,39)

2-ден 6 жасқа дейін

26

1,11

(1,00, 1,23)

1,75

(1,57, 1,96)

6-дан 17 жасқа дейін

28

0,80

(0,69, 0,92)

2,03

(1,78, 2,31)

Фармакодинамикасы

Дексмедетомидин фармакологиялық қасиеттері кең ауқымды альфа-2-рецепторлардың жоғары селективті агонисі болып табылады. Оның норадреналиннің босап шығуының симпатикалық жүйке ұштарымен төмендеуі есебінен іске асатын симпатолитикалық әсері бар. Седативтік әсері мидың діңінде орналасқан норадренергиялық нейрондары басым жерде – көгілдір ядродағы қозудың төмендеуі арқылы болады.

Дексмедетомидиннің ауыруды сездірмейтін әсері бар және жансыздандыратын және ауыруды басатын дәрілерге қажеттілікті төмендетуге қабілетті. Жүрек-қантамырлық әсерлері дозаға байланысты; инфузия жылдамдығы төмен болғанда жүректің жиырылу жиілігінің және қан қысымының төмендеуіне әкелетін орталық әсері бар. Жоғары дозаларда шеткері қантамырларды тарылтатын әсерлері бар, бұл жүйелік қантамырлық кедергінің және қан қысымының жоғарылауына әкеледі, ал сол кезде брадисистолалық әсері айқынырақ болады.

Дексмедетомидин тыныс алу жүйесіне іс жүзінде бәсеңдететін әсер бермейді.

α2 адренорецепторлар арқылы болатын физиологиялық реакциялар орналасқан жеріне қарай өзгеріп отырады. Анестезиология көзқарасы тұрғысынан, нейрондардың гиперполяризациясы α2-адренорецепторлардың агонистеріне орталық және шеткері әсер ету механизмінде негізгі рөлді атқарады. Жалпы алғанда, α2 адренорецепторлардың синапс алдындағы белсенділенуі ауыру дабылдарының таралуын доғара отырып, норадреналиннің босап шығуын тежейді.

Орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) α2-адренорецепторлардың синапстан кейінгі белсенділенуі симпатикалық жүйкелердің белсенділігін тежейді және, сөйтіп, қан қысымын және жүректің жиырылу жиілігін төмендетуі мүмкін. Біріккен осы әсерлер аналгезияны, седацияны және үрейленудің төмендеуін туындатуы мүмкін. Дексмедетомидин осы әсерлердің барлығын біріктіреді, осылайша, политерапияның кейбір жағымсыз әсерлеріне жол бермейді. Фармакологиялық зерттеулермен (a2 әртүрлі агонистерімен байланысудың аффинділігі) және биологиялық сынамалармен кем дегенде 3 әртүрлі α2- изорецептор анықталды.

α2-адренергиялық рецептор гуанинді нуклеотидтерді (G-ақуыз) реттейтін ақуыздардың байланысуын белсенділендіре отырып, өзінің әсерлерін жүзеге асырады. Белсенділендірілген G-ақуыздар салдарлық тасымалдау жүйесінде дабылдың берілуінің немесе ион өзекшелері модуляциясының жасушалық белсенділігін модульдейді. Салдарлық тасымалдау жүйесінің белсенділенуі аденилатциклазаның тежелуіне әкеледі, ол өз кезегінде, 3,5-циклдік аденозинмонофосфаттың (цАМФ) түзілуінің азаюын туындатады. Спецификациялық АМФ-тәуелді киназалар, олардың фосфорлану статусын бақылай отырып, нысана-ақуыздардың белсенділігін модификациялайды.

Ион өзекшелері белсенділігінің модуляциясы өзіне жасушалық жарғақшаның гиперполяризациясын қамтиды. Калийдің белсендірілген өзешелер арқылы бітуі қозатын жарғақшаны гиперполяризациялайды және нейрондық атысты басудың тиімді заттарын қамтамасыз етеді. α2- адренорецепторлардың стимуляциясы да кальцийдің жүйке ұштарына енуін басады, бұл олардың нейромедиаторлардың секрециясын тежейтін әсеріне себепші болуы мүмкін. Анестезиология көзқарасы тұрғысынан, нейрондардың гиперполяризациясы α2-адренорецепторлардың агонистерінің әсер ету механизмінде негізгі рөлді атқарады.

Жалпы алғанда, α2-адренорецепторлардың синапс алдындағы белсенділенуі ауыру дабылдарының таралуын доғара отырып, норадреналиннің босап шығуын тежейді. Орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) α2-адренорецепторлардың синапстан кейінгі белсенділенуі симпатикалық жүйкелердің белсенділігін тежейді және, сөйтіп, қан қысымын және жүректің жиырылу жиілігін төмендетуі мүмкін. Біріккен осы әсерлер аналгезияны, седацияны және үрейленудің төмендеуін туындатуы мүмкін. Дексмедетомидин осы әсерлердің барлығын біріктіреді, осылайша, политерапияның кейбір жағымсыз әсерлеріне жол бермейді. Дексмедетомидин α2-адренорецепторлардың дозаға тәуелді селективтілігі бар α2-адренорецепторлардың жоғары селективті агонисі болып табылады.

Қолданылуы

- қарқынды емдеу бөлімінде жатқан ересек пациенттердегі седацияда, оларда седацияның қажетті тереңдігі дыбыстық стимуляцияға жауап ретінде оянудан аспайды (Ричмондтың ажитация-седация шкаласы бойынша 0-ден 3 балл көрсеткішке дейінгі ауқымға сәйкес келеді).

- диагностикалық немесе хирургиялық процедуралар алдында седация жасау ұсынылған және/немесе олардың кезінде интубацияланбаған ересек пациенттерде седация, яғни процедура кезіндегі/оянған және белсенді күйіндегі седацияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек ауруханада қолдануға ғана арналған. Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма препаратын қарқынды емдеу жағдайында пациенттерді емдеу тәжірибесі бар мамандар қолдануы тиіс.

Интубация жүргізілген және седация жағдайындағы пациенттерге дозаны инфузияның бастапқы жылдамдығы сағатына 0,7 мкг/кг болатын дексмедетомидинге ауыстыруға, кейіннен пациенттің реакциясына байланысты седацияның қажетті тереңіне жеткізу мақсатында дозаны сағатына 0,2-1,4 мкг/кг шегінде біртіндеп түзетуге болады. Әлсіз пациенттер үшін инфузияның бастапқы жылдамдығы төмендетілуі мүмкін. Дексмедетомидин күшті дәрі болып табылады, сондықтан оны енгізу жылдамдығы сағат есебімен беріледі. Дозаны енгізгеннен кейін бір сағат ішінде седация мақсаттық тереңіне жетпеуі мүмкін.

Ең жоғары доза

Ең жоғары дозаны сағатына 1,4 мкг/кг-ден арттыру ұсынылмайды. Препараттың ең жоғары дозасында адекватты седативтік әсерге қол жеткізбеген пациенттер альтернативті седативтік дәріге ауыстырылуы тиіс.

Препараттың қаныққан дозасын енгізу ұсынылмайды, өйткені мұндайда жағымсыз реакциялардың жиілігі жоғарылайды. Дексмедетомидин препаратын енгізгеннен кейін клиникалық әсер басталғанға дейін пропофолды немесе мидазоламды қолдануға жол беріледі.

Қабылдау ұзақтығы

Дексмедетомидин препаратын 14 күннен көбірек қолдану тәжірибесі жоқ. Препаратты 14 күннен көбірек қолданғанда пациенттің жағдайына ұдайы баға беру қажет.

Интубацияланбаған ересек пациенттерде седация үшін дозалау седацияның алдын ала ұсыныс жасалған диагностикалық немесе хирургиялық процедуралар алдында, және/немесе олардың кезінде, яғни процедура кезіндегі/оянған және белсенді жағдайдағы седацияда жүргізіледі.

Дексмедетомидин пациенттерге операциялық немесе диагностикалық процедуралар кезінде анестезия жүргізу тәжірибесі бар маманның жәрдемімен қолданылуы тиіс. Егер Дексмедетомидин сана сезімі сақталатын седация үшін енгізілсе, осындай диагностикалық немесе хирургиялық процедурамен айналыспаған мамандар пациенттерге ұзақ уақыт мониторинг жүргізуі тиіс. Пациенттерге жүргізілген ұзақ мониторинг гипотензияның, гипертензияның, брадикардияның, тыныстың тарылуының, апноэнің, диспноэнің және/немесе оттегілік десатурацияның ерте белгілерін анықтау үшін жүзеге асырылады. Қосымша оттегі дайын тұруы және көрсетілімдер бар болған жағдайда енгізілуі тиіс. Оттегілік сатурацияға мониторинг жүргізіледі.

Дексмедетомидинді қаныққан инфузия ретінде береді, одан кейін демеуші инфузия жасалады. Керекті клиникалық әсерге қол жеткізу үшін процедураға байланысты қатар жүргізілетін жергілікті анестезия қажет болуы мүмкін. Ауыртатын процедураларда немесе терең седация қажет болғанда қосымша аналгезия немесе седативтік дәрілер (мысалы, мидазолам, пропофол және апиындар) ұсынылады.

Процедуралық седацияның басталуы:

- Ересек пациенттер үшін: 1,0 мкг/кг қаныққан инфузия 10 мин. бойы жүргізіледі. Азырақ инвазиялық процедуралар үшін, мысалы, көз хирургиясына 10 минут бойы жүргізілетін 0,5 мкг/кг қаныққан инфузия пайдаланылуы мүмкін.

  • Оянған және белсенді жағдайда ересек пациенттерде оптоталшықтық интубация үшін: 1 мкг/кг қаныққан инфузия 10 минут бойы жүргізіледі.

  • 65 жастан асқан пациенттер үшін: дозалар азайтылуы мүмкін.

  • Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер үшін: дозалар азайтылуы мүмкін.

Процедуралық седацияны демеу:

  • Ересек пациенттер үшін: көптеген жағдайларда 0,6 мкг/кг/сағ.болғанда демеуші инфузия басталады және қажетті клиникалық әсер алу үшін доза 0,2-ден 1 мкг/кг/сағ. дейінгі ауқымда біртіндеп іріктеледі. Демеуші инфузия жылдамдығын седацияның қажетті тереңдігіне қол жеткізу мақсатында түзетеді.

  • Оянған және белсенді жағдайда ересек пациенттерде оптоталшықтық интубация үшін: 0,7 мкг/кг/сағ. кезінде, эндотрахеальді түтік белгіленбегенше, демеуші инфузия ұсынылады.

  • 65 жастан асқан пациенттер үшін: төмендетілген дозаны қолданудың мақсатқа сай келуін қарастырған жөн.

  • Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер үшін: төмендетілген дозаны қолданудың мақсатқа сай келуін қарастырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер: егде жастағы пациенттерде дозаны түзету әдетте қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы: Дексмедетомидин бауырда метаболизденеді, сондықтан оны бауыр функциясы бұзылған пциенттерге сақтықпен қолдану керек.

Педиатриялық топ: 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды емдеуде Дексмедетомидиннің қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Қолдану тәсілі

Бақылайтын инфузиялық құрылғыны пайдалана отырып, вена ішіне инфузия түрінде енгізілетін препаратты сұйылтқаннан кейін ғана қолданған жөн. Ампулалар және құтылар бір пациентке жекелей қолдануға ғана арналған.

Ерітіндіні дайындау

Ұсынылатын 4 мкг/мл концентрацияға жеткізу мақсатында Дексмедетомидинді қолданар алдында 5% глюкоза ерітіндісінде, Рингер ерітіндісінде, маннитолда немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтуға болады. Төмендегі кестеде концентрат көлемі және инфузиялық заттың қажетті көлемі берілген.

Дексмедетомидин препаратының, инфузия үшін ерітіндіге арналған концентрат көлемі, 100 мкг/мл

Инфузияның орташа көлемі

Инфузияның жалпы көлемі

2 мл

48 мл

50 мл

4 мл

96 мл

100 мл

10 мл

240 мл

250 мл

20 мл

480 мл

500 мл

Дайындалған ерітіндіні оның компоненттері толық араласуы үшін ақырын сілкілеген жөн.

Қолданар алдында ерітіндіде бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегенін көзбен қарап тексеру керек.

Дексмедетомидин вена ішіне енгізілетін келесі сұйықтықтармен және препараттармен үйлеседі: Рингердің лактаттық ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 20% маннитол, натрий тиопенталы, этомидат, векуроний бромиді, панкуроний бромиді, сукцинилхолин, атракурий бесилаты, мивакурий хлориді, рокуроний бромиді, гликопиролат бромиді, фенилэфрин гидрохлориді, атропин сульфаты, допамин, норадреналин, добутамин, мидазолам, морфин сульфаты, фентанил цитраты және плазманың орнын алмастыратын заттар.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейіні жөнінде түйіндеме

Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма препаратын қолданған кезде бәрінен жиі мәлімделген жағымсыз реакциялар пациенттердің, сәйкесінше, 25%, 15% және 13%-да туындайтын артериялық гипотензия, артериялық гипертензия және брадикардия болып табылады. Артериялық гипотензия және брадикардия да қарқынды емдеу бөліміндегі рандомизацияланған пациенттердің, сәйкесінше, 1,7% және 0,9%-да туындайтын, дексмедетомидин себепші болатын, өте жиі күрделі жағымсыз реакциялар болып табылды.

Процедура кезіндегі/оянған кездегі және белсенді күйдегі седация

Процедуралық седацияда көбіне дексмедетомидиннің келесі жағымсыз реакциялары жөнінде мәлімделді:

  • Гипотензия (дексмедетомидин тобында 54%, плацебо тобындағы 30%-ға қарсы)

  • Тыныстың тарылуы (дексмедетомидин тобында 37%, плацебо тобындағы 32%-ға қарсы)

  • Брадикардия (дексмедетомидин тобында 14%, плацебо тобындағы 4%-ға қарсы).

Жағымсыз реакциялардың кестесі

Төменде берілген жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі шартты белгілерге сәйкес белгіленген: Өте жиі (≥1/10); Жиі (≥1/100 және <1/10); Жиі емес (≥1/1000 және <1/100); Сирек (≥1/10000 және <1/1000).

Әрбр жиілік тобында жағымсыз реакциялар олардың күрделілігінің кему ретімен берілген.

Жағымсыз реакциялар

Жүйелік-ағзалық класс (ЖАК) MedDRA

Өте жиі

Жиі

Жиі емес

Сирек

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Гипергликемия, гипогликемия*

Метаболизмдікацидоз*, гипоальбуминемия*

Психиканың бұзылулары

Қозу*

Елестеулер*

Жүрек тарапынан бұзылулар

Брадикардия

Миокард ишемиясы немесе миокард инфарктісі*,

Тахикардия

Бірінші дәрежедегі атриовентрику-лярлық блокада, жүректің лықсуының төмендеуі*

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Гипотензия, гипертензия

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Тыныстың тарылуы

Диспноэ*, апноэ*

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жүректің айнуы, құсу, ауыз ішінің құрғауы

Іштің кебуі*

Жалпы сипатты асқынулар және енгізген жердегі реакциялар

Тоқтату синдромы, гипертермия *

Препараттың тиімсіздігі, шөлдеу*

* Жағымсыз реакциялар 1 көрсетілімдер үшін ғана мәлімделді.

Іріктелген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Клиникалық тұрғыдан маңызды артериялық гипотензия және брадикардия «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде көрсетілгендей, басылуы тиіс.

ҚЕБ -де болмаған, дені сау біршама адамдарда дексмедетомидинді қолданған кезде брадикардия кейде синустық түйіннің қабыл алмауына немесе оның белсенділігінің тоқтауына әкелді. Симптомдар аяқты көтерген кезде және атропин немесе гликопиролат сияқты антихолинергиялық дәрілерді қолданған кезде басылды. Жекелеген жағдайларда бұрыннан брадикардиясы бар пациенттерде ол асистолия эпизодтарына дейін өршіді.

Артериялық гипертензия жүктеме дозаларды қолданумен астасты. Бұл реакцияны, жүктеме дозаға жол бермей немесе инфузия жылдамдығын немесе жүктеме дозаны азайта отырып, төмендетуге болады.

Педиатриялық топ

1 айлықта үлкен балаларды, көбінесе операциядан кейінгі кезеңде ҚЕБ-де 24 сағатқа дейін емдеу үшін баға берілді, және оларда препарат қауіпсіздігін зерттегенде ересектердегідей нәтижелер алынды. Тек демеуші ≤ 0,2 мкг/кг/сағ. дозаларды ғана қолдану жөнінде деректер жаңа туған балаларда (жүктіліктің 28 – 44 аптасынан кейін туған балаларда) өте шектеулі. Әдебиетте жаңа туған нәрестеде гипотермиялық брадикардияның бірлі-жарым жағдайы жөнінде мәлімделген.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесулерге зерттеулер ересек пациенттерде ғана жүргізілді. Дексмедетомидинді жансыздандыратын, седативтік, ұйықтататын дәрілермен және апиындармен бірге қолдану көбінесе олардың әсерлерінің, соның ішінде седативтік, анестезиялық және кардиореспираторлық әсерлерінің күшеюіне әкеледі. Әсерлерінің күшеюі изофлуранмен, пропофолмен, альфентанилмен және мидазоламмен бірге қолданылған мақсаттық зерттеумен айғақталды.

Дексмедетомидин және изофлуран, пропофол, альфентанил және мидазолам арасында фармакокинтикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Алайда осындай заттарды дексмедетомидинмен бірге қолданғанда, ықтимал фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер салдарынан, дексмедетомидиннің немесе бір мезгілде қолданылатын анестезиялық, седативтік, ұйықтататын дәрілердің немесе апиындардың дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Адам бауырының микросомаларына жүргізілген зерттеулерде дексмедетомидиннің, CYP2B6 қоса, CYP (Р450 цитохромы) ферменттерін тежеу қабілеті зерттелді. Іn vitro зерттеулерге сәйкес, дексмедетомидин және CYP2B6 доминантты метаболизмі бар субстраттар арасында in vivo өзара әрекеттесу потенциалы бар.

Іn vitro зерттеу нәтижелері бойынша, дексмедетомидин CYP1A2, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9 және CYP3A4 индукциялауға қабілетті, және мұндай мүмкіндік in vivo жоққа шығарылған жоқ. Клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Гипотензиялық және брадисистолалық әсері бар дәрілік препаратарды, мысалы, бета-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттерде эсмололмен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеуде осындай күшеюдің шектеулі екендігіне қарамастан, көрсетілген әсерлердің күшеюі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Айрықша нұсқаулар

Дексмедетомидин қарқынды емдеу жағдайларында қолдануға арналған, оны басқа жағдайларда қолдану ұсынылмайды. Препаратпен инфузия кезінде жүрек қызметіне үздіксіз мониторинг жүзеге асырылуы тиіс. Интубацияланбаған пациенттерде тыныс алуға мониторинг жүргізу жүзеге асырылуы тиіс.

Дексмедетомидин интубация индукциясының дәрілері ретінде немесе миорелаксанттарды қолданған кезде седацияны қамтамасыз ету үшін қолданылмауы тиіс.

Дексмедетомидин жүректің жиырылу жиілігін және артериялық қысымды төмендетеді (орталық симпатолитикалық әсер), бірақ өте жоғары концентрацияларда артериялық қысымның жоғарылауына әкелетін шеткері вазоконстрикцияны туындатады. Әдетте Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма препараты терең седацияны туындатпайды, сондықтан пациенттерді оңай оятуға болады. Осының салдарынан Дексмедетомидин осындай әсер ету бейіні жақпайтын, мысалы, терең седацияны қажет ететін немесе жүрек-қантамырдың ауыр сырқаттары бар пациенттерге қолдануға келмейді.

Препараттың қаныққан дозасын енгізуге немесе оны болюсті түрде енгізуге болмайтындықтан, процедура жүргізу кезінде, әсіресе препаратты қолданудың алғашқы сағаттары ішінде ажитацияны шұғыл түрде бақылаудың альтернативтік әдістерін пайдалану қажет.

Дексмедетомидинді қатар жүретін браикардиясы бар пациенттерге енгізген кезде сақтық танытқан жөн. Препараттың ықпалы жөнінде деректер жүректің жиырылу жиілігі < 60 болатын пациенттерде шектеулі, сондықтан мұндай пациенттер күшейтілген күтімді қажет етеді. Брадикардия, әдеттегідей, емдеуді қажет етпейді, бірақ әдетте м-холиноблокаторларды енгізу арқылы және препарат дозасын төмендеткенде жақсы басылады. Спортпен айналысатын және жүректің жиырылу жиілігі төмен пациенттер 2-адренорецепторлар агонистерінің теріс хронотроптық әсеріне аса сезімтал болуы мүмкін; синустық түйіннің тоқтап қалу жағдайлары сипатталды.

Қатар жүретін артериялық, соның ішінде созылмалы гипотензиясы (әсіресе вазоконстрикторларға рефрактерлі), гиповолемиясы бар немесе функциональді резерві төмендеген пациенттерде, қарыншалық ауыр дисфункциясы бар пациенттердегі және егде жастағы пациенттердегі сияқты, Дексмедетомидин препаратының гипотензиялық әсері айқынырақ болуы мүмкін, мұндай пациенттерде бұл ерекше күтімді қажет етеді. Артериялық қысымның төмендеуі, әдеттегідей, ерекше шаралары қажет етпейді, бірақ қажет болған кезде дозаны төмендетуге, айналымдағы қан көлемін толтыруға арналған дәрілерді және (немесе) вазоконстрикторларды енгізуге дайын болған жөн.

Шеткері автономды жүйке жүйесі зақымданған (мысалы, жұлынның жарақаттануы салдарынан) пациенттерде Дексмедетомидин препаратын енгізгеннен кейін гемодинамикалық әсерлер айқынырақ болуы және ерекше бақылауды қажет етуі мүмкін.

Дексмедетомидиннің жүктеме дозасын енгізген кезде шеткері вазоконстрикторлық әсерімен бір мезгілде артериялық қысымның транзиторлық жоғарылауы байқалды, сондықтан жүктеме дозаны енгізу ұсынылмайды.

Жоғарылаған артериялық қысымды емдеу, әдеттегідей, қажет емес, алайда препаратты енгізу жылдамдығын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Дексмедетомидиннің жоғары концентрациясында ошақты вазоконстрикция жүректің ишемиялық ауруы бар немесе ауыр цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде үлкен мәнге ие болуы мүмкін, мұндай пациенттерге қалтқысыз қадағалау белгіленгені жөн. Миокард немесе ми ишемиясының белгілері бар пациенттерде препараттың дозасын төмендету немесе оны енгізуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Дексмедетомидинді седативтік әсері бар және ықтимал аддитивтік әсері салдарынан жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал ететін дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн.

Дексмедетомидинді қабылдап жүрген кейбір пациенттерде оңай ояну байқалды және стимуляциядан кейін олардың есі тезірек кірді. Басқа клиникалық симптомдар жоқ болған кезде осы белгі препараттың тиімді еместігі ретінде оқшау қарастырылмауы тиіс.

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтық танытқан жөн, өйткені препаратты шамадан артық енгізу дексмедетомидин клиренсінің төмендеу нәтижесі ретінде жағымсыз реакциялар және шамадан тыс седация қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Дексмедетомидин, барлық мүмкіндігінше, құрысу белсенділігін баспайды, сондықтан эпилепсиялық статуста монотерапия түрінде қолданылмауы тиіс.

Дексмедетомидин препаратын қолдану тәжірибесі бастың жарақаттануы және операциядан кейінгі, нейрохирургиялық операциядан кейінгі кезеңдегі сияқты неврологиялық жағдайларда шектеулі, сондықтан ол мұндай жағдайларда, әсіресе терең седация қажет болғанда, сақтықпен қолданылуы тиіс. Емдеуді таңдағанда Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма препараты церебральді қан ағынын және бассүйекішілік қысымды төмендететіндігін ескерген жөн.

Ұзақ уақыт қолданғаннан кейін 2-адренорецепторлардың агонистерін күрт тоқтатқанда сирек жағдайларда «тоқтату» синдромы туындады. Дексмедетомидин қабылдауды тоқтатқаннан кейін ажитация дамыған және артериялық қысым жоғарылаған кезде осы жағдайдың туындауы мүмкін екендігін ескеру керек.

Қатерлі гипертермияға бейім адамдарда дексмедетомидинді қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ, сондықтан мұндай жағдайда препаратты қолдану ұсынылмайды. Түсініксіз тұрақты қызба дамыған жағдайда Дексмедетомидин препаратымен емдеуді тоқтату керек.

Сұйылтқаннан кейін. Препарат 25°C температурада 24 сағат бойы қолдану кезінде физикалық және химиялық тұрақтылығын көрсетті.

Микробиологиялық көзқарас тұрғысынан бұл өнімді дереу қолдану керек. Егер оны дереу қолданбаса, сақтау мерзімі және сақтау шарттары қолдану кезінде пайдаланушының жауапкершілігінде болып табылады және, сұйылту бақыланатын және валидацияланған асептикалық жағдайларда жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, әдетте 2°C-ден 8°C-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерге дексмедетомидинді қолдану жөнінде деректер жоқ. Зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті. Адамдар үшін потенциалды қаупі белгісіз. Дексмедетомидин ЭВЕР Фарма, бұл айқын қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңінде қолданылмауы тиіс. Емделу кезеңінде емшек емізуді тоқтатады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препарат тек стационар жағдайында ғана қолдану үшін көрсетілген.

Артық дозалануы

Симптомдары

Клиникалық сынақтар және тіркеуден кейінгі зерттеулер шегінде артық дозаланудың бірнеше жағдайлары жөнінде мәлімделді. Мұндай жағдайларда инфузия жылдамдығы 20 айлық нәрестеде 36 минут ішінде сағатына 60 мкг/кг-ге және ересектерде 15 минут ішінде сағатына 30 мкг/кг-ге жетті. Осындай жағдайларда артық дозалану салдарынан ең жиі жағымсыз реакциялар ретінде брадикардия, гипотензия, гиперседация, ұйқышылдық және жүректің тоқтап қалуы тіркелді.

Емі

Клиникалық симптомдары бар артық дозалану жағдайында дексмедетомидиннің инфузиясын азайту немесе тоқтату керек. Күтілетін әсерлер, негізінен, жүрек-қантамырлық болып табылады және клиникалық көрсетілімдерге сәйкес жиналуы тиіс. Жоғары концентрацияларда гипертензия гипотензиядан басым болуы мүмкін. Синустық түйін белсенділігінің тоқтап қалу жағдайлары кездейсоқ немесе атропинді және гликопирролатты енгізуге жауап ретінде жойылды. Жекелеген жағдайларда жүректің тоқтап қалуымен қатар жүретін ауыр артық дозалану реанимация жүргізуді қажет етті.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат I типті шыны ампулаларға 2 мл-ден құйылған.

Пластик пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

Пішінді 1 немесе 5 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Немесе фторполимерлі жабыны бар бромбутилкаучуктан жасалған тығынмен тығындалған және пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, І типті түссіз шыны құтыларға 2 мл, 4 мл немесе 10 мл-ден құйылған.

4 мл-лік және 10 мл-лік 4 құты немесе 2 мл-лік, 4 мл-лік және 10 мл-лік 5 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Сұйылтылған инфузиялық ерітіндіні сақтау мерзімі - 25°C температурада немесе тоңазытқышта 2°C-ден 8°C-ге дейінгі температурада 48 сағат бойы.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ЭВЕР Фарма Йена ГмбХ,

Отто-Шотт-Штрассе, 15, 07745 Тюрингия, Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ЭВЕР Нейро Фарма ГмбХ,

Обербургау 3, АТ-4866 Унтерах, Австрия

Қаптаушы

ЭВЕР Фарма Йена ГмбХ,

Отто-Шотт-Штрассе, 15, 07745 Тюрингия, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«ЭВЕР Нейро Фарма ГмбХ» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050051 Алматы қ., Достық даңғ., 97, 49 кеңсе

телефон: +7 (727) 264-16-93

факс: +7 (727) 264-17-09

e-mail: info.kz@everpharma.com

Прикрепленные файлы

ИМП_Рус.docx 0.05 кб
дексмедетомидин.doc 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту