Граммидин® детский

МНН: Грамицидина С дигидрохлорид (в пересчете на грамицидин С), Цетилпиридиния хлорид
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025794
Информация о регистрации в РК: 06.05.2022 - 06.05.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Граммидин® балаларға арналған

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Жергілікті қолдануға арналған дозаланған спрей 0,03 мг + 0,1 мг/доза

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар

ATX коды: R02AА20

Қолданылуы

  • Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде: фарингит, тонзиллит, пародонтит, гингивит, стоматит.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • грамицидин С, цетилпиридиний хлоридіне және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;

  • лактация кезеңі;

  • 3 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты қолданғаннан кейін бірден 1 сағат ішінде тамақ пен сусын ішуден бас тарта тұру керек.

Препаратты ауыз қуысында ашық жаралар болған кезде қолдануға болмайды, өйткені цетилпиридиний хлориді жараларды емдеуді баяулатады.

Препарат құрамында этанол бар. Препараттың ең жоғары бір реттік дозасындағы этанол 0,04 г дейінді құрайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Егер анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда, препарат қолданылуы мүмкін. Препаратты қолданар алдында, егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүкті болуыңыз мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, дәрігермен кеңесу керек.

Бала емізу

Препарат компоненттерінің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Фертильділік

Адамдарда фертильділіктің бұзылуына бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер және оператордың жұмысы және т.б.) талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға: бір қолдануға 4 бүркуден.

3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: бір қолдануға 2 бүркуден.

Енгізу әдісі мен жолы

Ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына жергілікті бүрку арқылы. Тамақтан кейін қолданылады.

Спрейді бірінші рет пайдаланар алдында баллонды сілкіп, басу құрылғысын екі рет басыңыз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күніне 3 рет.

Емдеу ұзақтығы

7 күн ішінде.

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан асатын дозаларда қолдану асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жүрек айну, құсу, диарея тудыруы мүмкін.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге жүгіну керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Жекелеген дозаларды өткізіп алғанда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.

Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау

Тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланған жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Белгісіз

  • Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат: аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (оның ішінде кешіктірілген).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Препараттың бір дозасының құрамында:

белсенді заттар - Грамицидин С дигидрохлориді 0.0319 мг (грамицидин С шаққанда – 0.03 мг); Цетилпиридиний хлориді – 0.10 мг;

қосымша заттар: этанол 96%, сукралоза, глицерол, таңқурай хош иістендіргіші, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, полисорбат 80, метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Таңқурайға тән иісі бар мөлдір немесе бозаңданатын, түссіз немесе сарғыштау реңді ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

112 дозадан дозалау құрылғысымен және жиналмалы канюлясы бар басу құрылғысымен жабдықталған алюминий құтыда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

Делфарм Бладель Б.В.

Индустривег 1, Бладель, 5531AD, Нидерланды.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Валента Фарм» АҚ, Ресей

141101, Ресей, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фабричная к-сі, 2-үй.

Телефон: +7 (495) 933-48-62, факс +7 (495) 933-48-63

Электронды пошта: info@valentapharm.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даңғылы, № 151 үй,  № 1106 кеңсе

Тел: +7 (727) 3341551 ішкі 4027

Ұялы +7 771 779 79 37

Электронды пошта: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

ЛВ_Граммидин_детский_31.03_.2022_.docx 0.03 кб
!_ЛВ_Граммидин_детский_02.08_.2021(kk)_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники