Гентасепт

МНН: L-триптофан, Гентамицина сульфат в пересчете на гентамицин и безводное вещество, Метоксан, Цинка сульфата гептагидрат
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антибиотики в комбинации с другими противомикробными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018833
Информация о регистрации в РК: 31.10.2022 - 31.10.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Гентасепт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер және химиотерапиялық препараттар. Антибиотиктердің микробқа қарсы препараттармен біріктірілімдері.

АТХ коды D06С

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал қоздырғыштар жұқтырған жараларды емдеу:

- инфекцияланған хирургиялық жаралар (операциядан кейінгі іріңдеу, флегмондар, абсцесстер)

- орналасуы мен шығу тегі әр түрлі жарақаттық инфекцияланған жаралар

- созылмалы веноздық жеткіліксіздік, облитерациялаушы атеросклероз, аяқтың беткейлік веналары тромбофлебиттері аясында туындайтын трофикалық жаралар

-II және III А-III Б дәрежеде күю

- тілмелі қабынудың түрлі формалары

-ойылу

- регенеративті үдерістерді төмендететін түрлі аурулары бар пациенттердегі жаралар (қант диабеті, иммун-тапшылығы, сәулелік зақымдану)

- ауқымды іріңді үдерістер кезінде сепсистің кешенді профилактикасы

- жараны экссудация және тіндердің ыдырауы өнімдерінен тезірек тазарту, сауығу процесін жақсарту есебінен келлоидты тыртықтар түзілуінің алдын алу

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гентамицин сульфатына және препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Препаратты қолдану аясында тітіркену, сенсибилизация немесе суперинфекция дамыған кезде емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Гентасепт препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Бактерицидтік әсері бар антибиотиктермен жергілікті пайдалану кезінде әсерінің күшеюі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Гентасептті жаралардың бетіне мұқият хирургиялық өңдеуден кейін ғана қолдануға болады. Препарат таңғыштардың жабысып қалуын және оларды алу кезінде ауыруын болдырмайды.

Жергілікті қолданған кезде препарат жергілікті тітіркендіргіш әсер етпейді, алайда Гентасептің көзге түсуіне жол беруге болмайды.

Педиатрияда қолдану

Гентасепті барлық жас санаттарындағы балаларды емдеуде қолдануға болады, өйткені ол жүйелі қолданылатын препарат емес, тек үстіртін әсер етеді және резорбциялық әсері жоқ.

Педиатрияда қолдану

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Гентасепт препаратын жүктілік кезінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану қажет болғанда дәрігер пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, оны қолданудың орындылығына қатысты нұсқаулар беруі тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Гентасептті жараның бетіне, мұқият хирургиялық өңдеуден кейін, жараның бетін біркелкі қабатпен (0,5-1 мм) жабатындай етіп, кейіннен міндетті түрде кептіре отырып, жараны антисептик ерітінділерімен жуғаннан кейін, қақпақты шешіп алып, тамшылатқыш-тығын (тығындағы тесік) арқылы қолданады. Ауқымды зақымданулармен, мысалы, күю кезінде, 8-12 г препаратты бір сәтте қолдануға болады. Гентасепті қолданғаннан кейін жараны дренаждау жалпы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады және таңғыш байлайды. Тіндердің кең таралған жараланған ақаулары кезінде дәке сүрткілермен баяу тампондауға жол беріледі.

Күйіктерді емдеу үшін Гентасепт алғашқы 5-6 күнде де, күйік қабыршағының секвестрациясы кезінде де (15 күнге дейін) күйген беткейіне жағылады. Бұл ретте препарат асептикалық таңғыштың көмегімен жараға бекітіледі.

Жараны хирургиялық өңдеуді толық көлемде орындау мүмкін болмаған жағдайларда зақымдану аумағына байланысты гентасепт препаратын жараға 0,5-4 г дозада себеді және 24 сағаттан асырмай таңғыш байлайды.

Енгізу жолы және тәсілі

Гентасепт жергілікті қолданылады.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Бастапқы кезеңде (1-5 күн) таңғышты тәулігіне 1-2 рет ауыстырады, қабыну үдерістері азайғаннан, жара іріңді-некроздық массалардан тазарғаннан кейін, жараның түйіршіктелуі мен эпителизациясының пайда болуынан кейін – 1-2 тәулік ішінде 1 рет.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: есекжем, жанаспалы дерматит, қышыну.

Емі: препаратты тоқтату; десенсибилизациялаушы ем жүргізу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

- аллергиялық реакциялар (есекжем, жанаспалы дерматит, қышыну, эритема)

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді заттар: Гентамицин сульфаты гентамицинге және сусыз затқа шаққанда 0.024 г, L-Триптофан 0.014 г, Мырыш сульфаты гептагидраты 0.010 г, Метоксан 1 г алғанға дейін жеткілікті мөлшерде.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ашық-сары реңкі бар ақ түсті, иіссіз аморфты ұнтақ

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.0 г немесе 5.0 г препараттан пластик құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ

Украина, 03134, Киев қ., Мир к-сі, 17

Тел. (044) 205-41-23, 497-71-40

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ

Украина, 03134, Киев қ., Мир к-сі, 17

Тел. (044) 205-41-23, 497-71-40

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050063, Алматы қ., Әуезов ауданы, «Жетысу-3» ы/а, 25 үй, 27 кеңсе

Тел/факс: +7(272) 313-23-34;

E-mail: predstbhfz@mail.ru

4

Прикрепленные файлы

Гентасепт_ЛВ_каз.doc 0.06 кб
ИМП.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники