Галара (75 мг)

МНН: Прегабалин
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pregabalin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023706
Информация о регистрации в РК: 02.12.2022 - 02.12.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Галара

Халықаралық патенттелмеген атауы

Прегабалин

Дәрілік түрі

Капсулалар, 75 мг және 150 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат75.0 мг немесе 150.0 мг прегабалин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза 102 типі, жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: корпусытитанның қостотығы (Е 171), желатин және қақпақшасы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), желатин.

Сипаттамасы

Өлшемі №4 корпусы күңгірт ақ түсті және қақпақшасы күңгірт кірпіш түстес қызыл, қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ (75 мг дозасы үшін).

Өлшемі №2 корпусы күңгірт ақ түсті және қақпақшасы күңгірт кірпіш түстес қызыл, қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ (150 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа препараттар. Прегабалин.

АТХ коды N03AX16

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Прегабалин аш қарында жылдам сіңіріледі. Прегабалин бір рет қолданғанда да, қайталап қолданылғанда да плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді. Прегабалиннің ішке қабылданғандағы биожетімділігі >90 % құрайды және дозасына тәуелді емес. Қайталап қолданғанда тепе-теңдік концентрациясына 24-48 сағаттан соң жетеді. Ас ішу прегабалиннің жалпы сіңірілуіне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейді.

Таралуы

Прегабалиннің ішке қабылданғаннан кейінгі болжамды таралу көлемі шамамен 0.56 л/кг құрайды. Прегабалин плазма ақуыздарымен байланыспайды.

Метаболизмі

Прегабалин іс жүзінде метаболизмге ұшырамайды. Таңбаланған прегабалинді қабылдағаннан кейін радиоактивті таңбасының шамамен 98 %-ы несепте өзгеріссіз күйінде анықталды. Прегабалиннің несепте анықталатын негізгі метаболиті болып табылатын N-метилденген туындысының үлесі, дозасының 0.9 %-ын құрады. Прегабалиннің S-энантиомерінің R-энантиомерге рацемизациялануының белгілері байқалған жоқ.

Шығарылуы

Прегабалин негізінен бүйрек арқылы өзгеріссіз күйде шығарылады. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі 6.3 сағатты құрайды. Прегабалиннің плазмадағы клиренсі мен бүйректік клиренсі креатинин клиренсіне тікелей пропорционал. Бүйрек функциясы бұзылған науқастар мен гемодиализдегі пациенттерде, дозасын түзету қажет.

Прегабалиннің клиренсі креатинин клиренсіне тікелей пропорционал. Бұдан өзге, прегабалин плазмадан гемодиализ арқылы тиімді шығарылады (4 сағаттық гемодиализ сеансынан кейін прегабалиннің плазмадағы концентрациялары шамамен 50 %-ға төмендейді), гемодиализден кейін препараттың қосымша дозасын тағайындау қажет.

Айрықша топтардағы фармакокинетикасы

Прегабалиннің негізінен бүйрек арқылы шығарылатындығын ескере отырып, бүйрек функциясы бұзылған науқастарда прегабалиннің дозасын азайту ұсынылады.

Прегабалиннің фармакокинетикасы бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарда арнайы зерттелген жоқ. Бауыр функциясының бұзылуы прегабалиннің плазмадағы концентрацияларын айтарлықтай өзгертпеуі тиіс, өйткені, прегабалин іс жүзінде метаболизмге ұшырамайды.

Прегабалиннің клиренсі жас ұлғая келе төмендеу үрдісін иеленеді, бұл креатинин клиренсінің жас шамасына қарай төмендеуін көрсетеді. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы адамдарға препараттың дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Прегабалин - гамма-аминмай қышқылының аналогы. Әсер ету механизмі келесіге негізделеді - прегабалин орталық жүйке жүйесіндегі потенциалтәуелді кальций өзекшелерінің қосымша суббірлігімен (а2-дельта-протеин) байланысып, [ЗН]-габапентинді қайтымсыз алмастырады. Мұндай байланысуы оның анальгетиктік және құрысуға қарсы әсерлерінің көрініс беруіне ықпал етуі мүмкін деп шамаланады.

Нейропатиялық ауыру

Прегабалиннің тиімділігі диабеттік нейропатиясы мен герпестен кейінгі невралгиясы бар науқастарда байқалды.

Прегабалинді 13 аптаға дейінгі тәулігіне екі реттік және 8 аптаға дейінгі тәулігіне үш реттік курстармен қабылдағанда, тұтас алғанда, препараттың тәулігіне екі немесе үш рет қабылдаудағы жағымсыз әсерлерінің даму қаупі мен тиімділігі бірдей екені анықталды.

13 аптаға дейін созылатын курспен қабылдағанда, ауыру бір апта ішінде азайған, ал әсері емнің аяғына дейін сақталған.

Прегабалинді қабылдаған науқастардың 35 %-ында және плацебо қабылдаған науқастардың 18 %-ында ауыру индексінің 50 %-ға азайғаны байқалды. Ұйқышылдықты бастан өткермеген пациенттер арасында ауырудың мұндай азаюының әсері прегабалин тобындағы науқастардың 33 %-ында және плацебо тобының 18 %-ында байқалды. Прегабалинді қабылдаған 48 % пациентте, және плацебо қабылдаған 16 % пациентте, ұйқышылдық туындаған.

Эпилепсия

Препаратты 12 апта бойы тәулігіне екі немесе үш реттен қабылдағанда, препараттың байқалған жағымсыз әсерлерінің даму қаупі мен тиімділігі аталған дозалау режимдерінде бірдей. Құрысулар жиілігінің азаюы алғашқы апта ішінде басталған.

Жайылған үрейлі бұзылыс

Жайылған үрейлі бұзылыс симптоматикасының азаюы емдеудің алғашқы аптасында білінеді. Препаратты 8 апта бойы қолданғанда, прегабалинді қабылдаған 52 % пациентте, және плацебо қабылдаған 38 % пациентте, симптоматикасының Гамильтонның үрейлену шкаласы (НАМ-А) бойынша 50 %-ға азайғаны байқалды.

Қолданылуы

Галара ересектердегі:

- нейропатиялық, соның ішінде, жұлын жарақаттары кезіндегі ауыруды

- герпестен кейінгі невралгияны

- салдарлы жайылуымен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін парциальді құрысу ұстамалары бар пациенттердегі эпилепсияны (қосымша ем ретінде)

- жайылған үрейлі бұзылысты емдеу үшін қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Галараны ас ішуге байланыссыз, ішке қабылдайды.

Препаратты тәулігіне 150 мг-ден 600 мг дейінгі дозада екі немесе үш қабылдауға бөліп қолданады.

Прегабалинді қабылдауды өткізіп алған жағдайда, қажетті дозасын барынша тезірек қабылдау керек, алайда, егер келесі қабылдау уақыты басталып кетсе, өткізіліп алған дозасын қабылдамау керек.

Галара препаратымен емдеуді тоқтату қажет болған жағдайда, оны толық тоқтатқанға дейін дозасын біртіндеп (кемінде бір апта ішінде) азайту керек.

Нейропатиялық ауыру: емдеуді тәулігіне 150 мг дозасынан бастайды. Қол жеткізілген әсеріне және көтерімділігіне байланысты, 3-7 күннен кейін дозасын тәулігіне 300 мг дейін, ал қажет болған жағдайда тағы 7 күннен кейін – ең жоғарғы 600 мг дозасына дейін арттыруға болады.

Герпестен кейінгі невралгия: креатинин клиренсі кемінде 60 мл/минут болатын пациенттерге ұсынылатын дозасы тәулігіне 2 рет 75-150 мг (тәулігіне 150-300 мг). Бастапқы дозасы тәулігіне 2 рет 75 мг (тәулігіне 150 мг) құрайды. Қол жеткізілген әсері мен көтерімділігін ескере отырып, 1 аптадан соң дозасын тәулігіне 300 мг дейін арттыруға болады.

Эпилепсия: емдеуді тәулігіне 150 мг дозасынан бастайды. Қол жеткізілген әсері мен көтерімділігін ескере отырып, 1 аптадан соң дозасын тәулігіне 300 мг дейін, ал тағы бір аптадан соң - тәулігіне 600 мг ең жоғарғы дозасына дейін арттыруға болады.

Жайылған үрейлі бұзылыс: емдеуді тәулігіне 150 мг дозасынан бастайды. Қол жеткізілген әсері мен көтерімділігіне байланысты, 7 күннен кейін дозасын тәулігіне 300 мг дейін арттыруға болады. Оң әсері болмаған жағдайда, дозасын тәулігіне 450 мг дейін, ал қажет болған жағдайда, тағы 7 күннен кейін – тәулігіне 600 мг ең жоғарғы дозасына дейін арттырады.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда дозасын, креатинин клиренсін ескере отырып жекелей таңдайды.

Гемодиализбен ем қабылдап жүрген науқастарда, прегабалиннің тәуліктік дозасын бүйрек функциясын ескере отырып таңдайды. Әрбір 4 сағаттық гемодиализ сеансынан кейін бірден қосымша дозасын тағайындайды.

Креатинин клиренсі, мл/мин

Прегабалиннің тәуліктік дозасы

Тәулігіне қабылдау жиілігі

Бастапқы дозасы, тәулігіне

мг

Ең жоғарғы дозасы, тәулігіне мг

> 60

150

600

2-3

> 30 - < 60

75

300

2-3

> 15 - < 30

25-50

150

1-2

< 15

25

75

1

Диализден кейінгі қосымша дозасы (мг)

 

25

100

Бір рет

Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарда дозасын түзету қажет емес.

Егде жастағы адамдарға, бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты, прегабалиннің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Прегабалинді қолданғанда жағымсыз құбылыстар тіркелді, олар көрініс беру жиіліктеріне қарай келесідегідей жіктелді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).

Өте жиі

- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық

Жиі

- назофарингит

- тәбеттің артуы

- эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдарсыздық, ұйқысыздық, зейін қоюдың бұзылуы, есте сақтаудың нашарлауы, амнезия, мәңгіру

- атаксия, қиымл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, жүріс-тұрыстың бұзылуы

- парестезия, гипестезия, тремор

- анық көрмеу, диплопия

- вертиго

- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, іштің кебуі, іш қатуы, диарея

- эректильді дисфункция, либидо төмендеуі

- қатты қажу, масаю сезімі, өзін нашар сезіну

- шеткері ісінулер

- дене салмағының артуы

- бұлшықет құрысулары, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, омыртқа бағанының мойын бөлігі бұлшықеттерінің түйілуі

Жиі емес

- елестеулер, үрей ұстамалары, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, көңіл-күйдің құлазуы, апатия, көңіл-күйдің орнықсыздығы, озбырлық, өзін-өзі танымау, әдеттен тыс түстер көру, ұйқысыздық, дімкәстік, астения

- когнитивтік бұзылыстар, сөз тауып айтуға қиналу, сөйлеудің бұзылуы, талып қалу, мелшию, миоклонус, естен тану, психомоторлық гиперактивтілік, дискинезия, постуральді бас айналуы, интенциялық тремор, гипорефлексия, гипестезия

- шеткері көруді жоғалту, көрудің бұзылуы, көздің ісінуі, көру аясының ақауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, құрғақ көздер синдромы, көз жасы бөлінісінің күшеюі, көздің тітіркенуі

- гиперакузия

- тахикардия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- гипотензия, гипертензия, қан тебулер, ашыту сезімі, қолдар мен аяқтардың мұздауы

- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорылдау, мұрынның шырышты қабығының құрғауы

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, сілекейдің көп бөлінуі, оральді гипестезия, агевзия, анорексия, шөлдеу

- папулалық бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну, тері гиперемиясы, пирексия, қалтырау

- буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықет құрысулары, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің сіресуі

- несепті ұстай алмау, дизурия

- сексуалдық дисфункция, аноргазмия, либидо жоғарылауы, эякуляция іркілуі

- дисменорея, сүт бездерінің ауыруы

- жайылған ісіну, беттің ісінуі, кеуденің қысылу сезімі

- креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза мен креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, гипогликемия

- тромбоциттер санының азаюы, нейтропения

- дене салмағының азаюы

Сирек

- ангионевроздық ісіну, аллергиялық реакция

- мәңгіру

- құрысулар, гипокинезия, дисграфия

- көрмей қалу, кератит, осциллопсия, көру арқылы қабылдау тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қитарлық, көру арқылы қабылдаудың қанықтығы

- синустық тахикардия, синустық аритмия, QT аралығының ұзаруы

- тамақтағы қысылу сезімі, өкпенің ісінуі

- тілдің ісінуі, дисфагия, асцит, панкреатит

- Стивенс-Джонсон синдромы, суық тер

- рабдомиолиз

- паросмия

- олигурия, несептің іркілуі, бүйрек жеткіліксіздігі

  • аменорея, сүт бездерінің ұлғаюы, сүт бездерінен бөліністердің шығуы, гинекомастия

- лейкоциттер санының азаюы

Болжамды жағымсыз реакциялары туралы деректерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы деректерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден кез келген жағымсыз реакциялар туралы, медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға хабарлап отыруы сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылуы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Прегабалин бүйрек арқылы негізінен өзгеріссіз күйде шығарылады, адамда метаболизмге өте аз ұшырайды (метаболиттері түрінде бүйрек арқылы дозасының 2 %-ынан азы шығарылады), басқа дәрілік заттардың in vitro метаболизмін тежемейді және плазма ақуыздарымен байланыспайды, сондықтан, оның фармакокинетикалық өзара әрекеттестікке түсуі екіталай.

Прегабалиннің фенитоинмен, карбамазепинмен, вальпрой қышқылымен, ламотриджинмен, габапентинмен, лоразепаммен, оксикодонмен және этанолмен клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ. Пероральді гипогликемиялық дәрілер, диуретиктер, инсулин, фенобарбитал, тиагабин және топираматтың прегабалин клиренсіне клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпейтіндігі анықталды.

Құрамында норэтистерон және/немесе этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтерді прегабалинмен бір мезгілде қолданғанда, екі препараттың тепе-тең фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Прегабалинді орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін басқа препараттармен бір мезгілде қолданғанда, тыныс алудың бұзылуы мен кома басталған жағдайлар туралы хабарланды.

Сонымен қатар, іш қатуын туғызатын дәрілік заттармен (есірткілік емес анальгетиктер сияқты) бір мезгілде қолданғанда, прегабалиннің асқазан-ішек жолы қызметіне теріс әсер еткені (соның ішінде, ішек бітелісінің, паралитикалық илеус, іш қатуы дамығаны) туралы хабарланды.

Прегабалинді оксикодонмен, лоразепаммен немесе этанолмен ішу арқылы қайталап қолдану, тыныс алуға клиникалық тұрғыдан маңызды әсер еткен жоқ. Прегабалин, оксикодоннан туындаған когнитивтік және қимыл-қозғалыс функцияларының бұзылуын, күшейтуі ықтимал. Прегабалин этанол мен лоразепамның әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастардың бір бөлігінде прегабалинмен емдеу аясында дене салмағы қосылған жағдайда, гипогликемиялық дәрілердің дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Ангионевроздық ісіну (беттің ісінуі, периоральді ісіну немесе жоғарғы тыныс жолдары тіндерінің ісінуі сияқты) симптомдары дамыған жағдайда, прегабалинді тоқтату қажет.

Прегабалинді қоса, эпилепсияға қарсы препараттар суицидтік ойлардың немесе мінез-құлықтың туындауы қаупін жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан, аталған препараттарды қабылдап жүрген пациенттерді, депрессияның туындауына немесе нашарлауына, суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болуына қатысты мұқият қадағалау керек.

Прегабалинмен емдеу бас айналуымен және ұйқышылдықпен қатар жүрген, олар егде жастағы адамдарда байқаусызда жарақаттанулар (құлап қалулар) қаупін арттырады. Препаратты маркетингтен кейін қолдану барысында естен тану, сананың шатасуы және когнитивтік функциялардың бұзылу жағдайлары да байқалған. Сондықтан, науқастар препараттың ықтимал әсерлеріне баға бермейінше, олар сақтық танытуы тиіс.

Прегабалин құрысуларды бәсеңдеткен жағдайда, құрысуға қарсы басқа дәрілердің тоқтатылуы мүмкіндігі және аталған препаратпен монотерапияның талапқа сай келетіндігі туралы деректер жеткіліксіз. Прегабалинді қолдану аясында немесе емдеу аяқталғаннан кейін бірден құрысулар, соның ішінде эпилепсиялық статус пен шағын ұстамаларының дамығаны туралы хабарламалар бар. Прегабалинді қолдануға жауап ретінде анық көрмеу немесе көру мүшесі тарапынан басқа бұзылулар сияқты жағымсыз реакциялар пайда болса, препаратты тоқтату аталған симптомдардың жоғалуына алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, бүйрек жеткіліксіздігі дамыған жағдайлар байқалды, кей жағдайларда прегабалинді тоқтатқаннан кейін бүйрек функциясы қалпына келген.

Ұзаққа созылған немесе қысқа мерзімді емдеуден кейін прегабалинді тоқтатудың нәтижесінде келесі жағымсыз құбылыстар: ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айнуы, диарея, тұмау тәрізді синдром, депрессия, тершеңдік, бас айналуы, құрысулар және үрей байқалды. Прегабалинді «тоқтату» синдромы көріністерінің жиілігі мен айқындығына, соңғымен емдеудің ұзақтығына және оның дозасына байланысты деректер жоқ.

Препаратты маркетингтен кейін қолдану барысында, кейбір пациенттерде прегабалинмен емдеу аясында созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамығаны туралы хабарланды. Бұл реакциялар көбінесе, егде жастағы, жүрек функциясының бұзылуларынан зардап шеккен және препаратты нейропатияға байланысты қабылдаған науқастарда байқалды. Сондықтан, пациенттердің аталған санатында прегабалин сақтықпен пайдаланылуы тиіс. Прегабалинді тоқтатқаннан кейін ондай реакциялардың көріністері жоғалуы мүмкін.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан, әсіресе, ұйқышылдық сияқты жағымсыз құбылыстардың жиілігі жұлын зақымдануынан болған орталық нейропатиялық ауыруды емдеген кезде жоғарылай түседі, алайда бұл прегабалин мен параллель қабылданатын басқа дәрілер (мысалы, антиспастикалық) әсерлерінің жинақталуының салдары болуы мүмкін. Бұл жағдайды, прегабалинді аталған көрсетілім бойынша тағайындаған кезде ескеру керек.

Прегабалинді қолданған кезде тәуелділік дамыған жағдайлар туралы хабарламалар бар. Анамнезінде дәріге тәуелділік бар пациенттерде прегабалинге тәуелділік симптомдарына қатысты мұқият медициналық қадағалау жүргізу қажет. Әсіресе, энцефалопатия дамуына алып келуі мүмкін қатарлас аурулары бар пациенттерде энцефалопатия жағдайлары байқалған.

Жүктілік және лактация

Прегабалиннің жүкті әйелдерде қолданылуы жөнінде талапқа сай деректер жоқ. Препаратты жүктілік кезінде тек, егер анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен айқын асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады. Прегабалинмен емделу кезінде ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдалануы тиіс.

Прегабалиннің әйелдерде емшек сүтімен бөлініп шығатындығы туралы деректер жоқ. Осыған байланысты, препаратпен емделу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралы мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Галара бас айналуы мен ұйқышылдықты туғызуы, соған орай, автомобиль басқару және күрделі техниканы пайдалану қабілетіне әсер етуі мүмкін. Пациенттерге, аталған препараттың өздерінің төмендегі қызметтерді жүзеге асыруға әсер ететін-етпейтіндігі анықталғанша, көлік құралдарын басқарудан, күрделі механизмдермен жұмыс жасаудан немесе кез келген басқа қауіптілігі зор қызмет түрін жүзеге асырудан бас тарту ұсынылады.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы (15 г дейін) кезінде басқа (жоғарыда сипатталмаған) жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Симптомдары: маркетингтен кейін қолдану барысында анағұрлым жиі кездескен, прегабалиннің артық дозалануы кезінде дамыған жағымсыз құбылыстар: аффективтік бұзылыстар, ұйқышылдық, сананың шатасуы, депрессия, ажитация және мазасыздық болып табылды. Сирек жағдайларда кома жағдайлары тіркелді.

Емі: асқазанды шаю, демеуші ем және қажет болған жағдайда гемодиализ жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 капсуладан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш., Гюнешли, Багджылар/ Стамбул, Түркия

тел. +90 212 474 70 50, факс: +90 212 474 09 01

Тіркеу куәлігінің иесі

Др. Сертус Илач Санайи ве Тиджарет Лимитед Ширкети, Стамбул, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефоны, факсы, электронды поштасы)

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы,

222 б. Тел/факс: 8(7272) 529090,

www.worldmedicine.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 222 б. Ұялы тел +7 701 786 33 98 (24 сағаттық байланыс), e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

Галара_капсулы_рус.doc 0.1 кб
Галара_капсулы_каз.doc 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники