Вокасепт Плюс апельсин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Вокасепт Плюс апельсин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Мұз кәмпиттер
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды: R02AA20.
Қолданылуы
Тамақтың қатты ауыруын қоса, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- 18 жасқа дейінгі балалар;
- фруктоза жақпаушылығы , глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттер;
- анамнезінде метгемоглобинемиясы немесе оған күдігі бар пациенттер;
- бронх демікпесінен немесе бронх түйілуден зардап шегетін пациенттер.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Ескерту: көрсетілген дозадан асырмаңыз. Барлық дәрілерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер симптомдар сақталса немесе жоғары температурамен немесе бас ауыруы қатар болса немесе ерекше бір нәрсе болса, дәрігермен кеңесіңіз. Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, осы өнімді қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз. Фруктоза жақпаушылығының, глюкоза-галактоза мальабсорбциясының немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігінің сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге бұл өнімді қабылдау ұсынылмайды. Бұл өнім тілдің ұюын тудыруы мүмкін, сондықтан мұз кәмпиттерді қабылдағаннан кейін тамақтану және ішу кезінде абай болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Лидокаинмен бірқатар дәрілік өзара әрекеттесулер теориялық тұрғыдан мүмкін болса да, олардың пациенттердің қауіпсіздігіне қатысты клиникалық тұрғыдан маңызды болуы екіталай, өйткені дәрілік препарат жергілікті түрде қолданылады.
Лидокаиннің пероральді енгізу кезіндегі уыттылығы оны мынадай дәрілік препараттармен бірге қолданғанда жоғарылауы мүмкін:
* Эритромицин
* Итраконазол
* Циметидин
* Флувоксамин
* Бета-блокаторлар
* Аритмияға қарсы басқа препараттар (мыс., мексилетин).
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде осы дәрілік затты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Сондықтан, дәрігердің қадағалауынан басқа, өнімді жүктілік және емшек емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Қазіргі уақытта емшек сүтіне амилметакрезол метаболиттерінің немесе 2,4-дихлорбензил спиртінің бөлінуі туралы ақпарат жеткіліксіз болғаны белгілі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ешқандай жағымсыз әсерлер анықталмаған.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
Бір мұз кәмпитті қажеттілігіне қарай әрбір екі сағат сайын баяу сору керек. Тәулігіне 8-ден артық мұз кәмпит қабылдау ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдарға дозаны азайтудың қажеті жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысы мен тамаққа арналған. Мұз кәмпитті ауызда баяу ерітіңіз. Барлық мұз кәмпиттерімен сияқты, ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендірмеу үшін, сорған кезде мұз кәмпитті аузыңызда жылжытыңыз.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Вокасепт Плюс апельсин мұз кәмпиттерінің қасиеті мен түрін ескере отырып, кездейсоқ немесе әдейі артық дозалану екіталай.
Артық дозалану бастапқыда ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөлігінің сезімталдығын жоғалтуға әкеледі. Лидокаинмен уланудың ең ауыр әсері орталық жүйке жүйесі мен жүрек-тамыр жүйесіне әсер етеді, сонымен қатар метгемоглобинемияны қамтуы мүмкін. Ықтимал токсикологиялық артық дозалануды емдеу симптоматикалық және демеуші болуы және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Қан айналым және лимфа жүйелері тарапынан бұзылулар
Белгісіз
- Метгемоглобинемия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылуы
Белгісіз
- Аса жоғары сезімталдық1
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Белгісіз
- Іштің ауыруы, жүрек айнуы, ауыз қуысында жағымсыз сезімі2
1 Лидокаинге аса жоғары сезімталдық реакциялары бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілу және естен танумен қатар жүретін қысымның төмендеуі түрінде пайда болуы мүмкін.
2 Ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдер тамақтың тітіркенуімен, ауыз қуысының парестезиясымен, ауыз қуысының шырышты қабығының ісінуімен және глоссодиниямен көрінуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір мұз кәмпиттің құрамында:
белсенді заттар: Амилметакрезол 0,6 мг
2,4-дихлорбензил спирті 1,2 мг
Лидокаин гидрохлориді 10 мг
қосымша заттар: левоментол, натрий сахарині, сукроза, сұйық глюкоза, шарап қышқылы, тәтті апельсин майы, күн батар түстес сары бояғышы FCF (E110), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, беті тегіс, қызғылт сары түсті, ойығы бар мұз кәмпиттер.
Шығарылу түрі және қаптамасы
8 мұз кәмпиттен поливинилиденхлоридпен ламинатталған поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Makson Healthcare Pvt. Ltd. Үндістан
Plot No-6A, Sector-D, Industrial Area Мандидип Dist. Raisen (M.P.)
462046, Үндістан
Тел.: +91-7480-233476
Эл. пошта: info@maksongroup.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Mapaex Consumer Healthcare Private Limited
E-7, HIG-500, Arera Colony, Бхопал (M.P.) 462016, Үндістан
Тел.: +91-7480-233476
Эл. пошта: info@maksongroup.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Registrarius» ЖШС
ҚР, Алматы қ., Байзақов көш., 280, Almaty Towers БО, «SmArt.Point» Коворкинг-орталығы
Тел.: +7 727 313 12 07
Эл. пошта: info@registrarius.org
Веб-сайт: www.registrarius.org