Вокасепт ментол и эвкалипт

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026053
Информация о регистрации в РК: 02.11.2022 - 02.11.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Вокасепт ментол және эвкалипт

Халықаралық патенттелмеген атауы

---

Дәрілік түрі, дозалануы

Мұз кәмпиттер

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа препараттар.

АТХ коды: R02AA20.

Қолданылуы

Дәрілік препарат (ДП) ересектерде қолдануға арналған:

- тамақтың ауыруы, қызаруы немесе ісінуі сияқты өзіне тән симптомдары бар жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуын демеуші емдеу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар (препараттың құрамында индигокармин бояғышының (E 132) болуына байланысты))

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

18 жасқа дейінгі балаларға мұз кәмпиттерді қолдану ұсынылмайды.

Тамақтың ауыруы 3 күннен артық болған кезде немесе қатар жүретін бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу кезінде дәрігермен кеңесу қажет.

Фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге Вокасепт ментол және эвкалипт мұз кәмпиттерін қабылдауға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер туралы белгісіз.

Препаратты басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдану мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ, сондықтан препаратты қолдану ана үшін болжамды пайдасы бала үшін қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Белсенді заттардың фертильділікке әсері туралы мәліметтер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе маңызды емес әсер етеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препаратты симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.

Ересектер

Әр 2-3 сағат сайын бір мұз кәмпитін ауызда баяу еріту керек. Тәуліктік доза 8 мұз кәмпиттен аспауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Вокасепт ментол және эвкалипт, мұз кәмпиттерін 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы адамдарға дозаны азайту қажеттілігі жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді қолдануға арналған. Мұз кәмпитті ауызда баяу еріту керек. Барлық мұз кәмпиттерімен сияқты, ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендірмеу үшін, сорған кезде мұз кәмпитті аузыңызда жылжытыңыз.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдар: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.

Емі: симптоматикалық ем.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (аллергиялық реакциялар, бөртпе)

- жүрек айнуы, іштің ауыруы

- глоссодиния

Ерекше реакциялар пайда болған жағдайда дәрігермен препаратты одан әрі қолданудың орындылығы туралы кеңесу керек.

Күтілетін дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір мұз кәмпит құрамында:

белсенді заттар: амилметакрезол 0,600 мг

2,4-дихлорбензил спирті 1,200 мг

қосымша заттар: левоментол, сукроза, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, эвкалипт майы, индигокармин бояғышы (Е 132), бриллиантты көк бояғыш (Е 133), тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, жасыл-көк түсті, ойығы бар мұз кәмпиттер.

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 мұз кәмпиттен поливинилиденхлоридпен, ламинатталған полиэтиленмен қапталған, поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салындыған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Makson Healthcare Pvt. Ltd.

Plot No-6A, Sector-D, Industrial Area Мандидип Dist. Raisen (M.P.)

462046, Үндістан

Тел.: +91-7480-233476 

Эл. пошта: info@maksongroup.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Mapaex Consumer Healthcare Private Limited

E-7, HIG-500, Arera Colony, Бхопал (M.P.)

462016, Үндістан

Тел.: +91-7480-233476 

Эл. пошта: info@maksongroup.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Registrarius» ЖШС

Қазақстан, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Мамыр-1 ықшам ауданы 29 үй, 159 п., пошта индексі 050036

Тел: +7 727 313 12 07

Эл. пошта: info@registrarius.org

Веб-сайт: www.registrarius.org

Прикрепленные файлы

ЛВ_Вокасепт_Ментол_и_эвкалипт_каз.docx 0.05 кб
4._ИМП_Вокасепт_МЭ_10_.12_.2021_.docx 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники