Вода для инъекций (Химфарм)

МНН: Вода для инъекций
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№026225
Информация о регистрации в РК: 06.08.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Инъекцияға арналған су

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Инъекция үшін дәрілік түрлерді дайындауға арналған еріткіш, 2 мл, 5 мл,

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар.Басқа емдік емес дәрілер. Еріткіштер.

АТХ коды: V07AB

Қолданылуы

  • тасымалдағыш немесе сұйылтқыш ерітінді ретінде ұнтақ, лиофилизаттар мен концентраттардан стерильді инфузиялық (инъекциялық) ерітінділерді дайындау

  • тікелей қолданар алдында тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне енгізуге арналған стерильді ерітінділерді дайындау

  • жараларды жуып-шаю және таңу материалын ылғалдандыру (сыртқа қолдануға арналған)

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Егер басқа еріткішті қолдану туралы шешім болса, дәрілік және диагностикалық препараттардың еріткіші ретінде инъекцияға арналған су пайдаланылмайды

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Инъекцияға арналған су тек еріткіш ретінде пайдаланылуы мүмкін. Онда осмостық қысым жасайтын заттардың болмауына байланысты оны өз бетінше енгізген кезде гемолиз қаупі туындауы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен: инфузиялық ерітінділермен, инфузия дайындауға арналған концентраттармен, инъекциялық ерітінділермен, ұнтақтармен, инъекция дайындауға арналған құрғақ заттармен араластырғанда үйлесімділігін көзбен көріп бақылау қажет (химиялық немесе емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін). Инъекцияға арналған май ерітінділерімен, сыртқа сүртіп қолдануға арналған дәрілермен араластырылмайды.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда еріткіш ретінде инъекцияға арналған суды қолдануға шектеулер жоқ. Суда еріген инъекцияға арналған дәрілік заттарға байланысты.

Жүктілің немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға шектеулер жоқ. Қолдану инъекцияға арналған суда еріген дәрілік заттарға байланысты.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Инъекцияға арналған су, еріткіш ретінде, автокөлік жүргізуге және жоғары зейін қоюды қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

Әсері инъекцияға арналған суда еріген дәрілік заттарға байланысты.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Қолдану тәсілі мен дозалары әрбір нақты жағдайда пайдаланылатын дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықтың көрсетіліміне сәйкес.

Енгізу әдісі және жолы

Инъекциялық енгізуге арналған дәрілік және диагностикалық заттардың стерильді ерітінділерін дайындау үшін инъекцияға арналған су қолданылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы сұйылтылуы үшін инъекцияға арналған су қолданылатын препараттың нұсқаулығында анықталуы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Инъекцияға арналған су, еріткіш ретінде, автокөлік жүргізуге және жоғары зейін қоюды қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді.

Әсері инъекцияға арналған суда еріген дәрілік заттарға байланысты.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қатысты емес

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау

Қатысты емес

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, қолданар алдында емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Инъекцияға арналған суда еріген дәрілік заттарға байланысты.

Осмостық қысымның төмендігіне байланысты тікелей инъекция немесе инфузия түрінде енгізгенде гемолиз қаупі болады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат - инъекцияға арналған су 2 мл, 5 мл

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз, мөлдір сұйықтық

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.0 мл немесе 5.0 мл препараттан сындыру нүктесі немесе сақинасы бар шприцпен толтырылатын шыны ампулаларға құйылады.

Әр ампулаға заттаңба жапсырылады.

10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.

Фольгасыз қаптауға рұқсат етіледі: 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады (2.0 мл доза үшін).

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.

Фольгасыз қаптауға рұқсат етіледі: 5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады (5.0 мл доза үшін).

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулығымен бірге картон қорапшаға салынады (5 ампуладан 5.0 мл доза үшін және 10 ампуладан 2.0 мл доза үшін).

Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.

Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автоматты жауап беру нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық пошта complaints@santo.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автоматты жауап беру нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық пошта complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық пошта phv@santo.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Вода_для_инъекций_каз_01072024.docx 0.05 кб
ИМП_вода_для_инъекций_19.03_.2024_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники