Витамин В12 Хорус Фарма (Цианокобаламин)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
B12 дәрумені Хорус Фарма
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цианокобаламин
Дәрілік түрі, дозалануы
Көзге тамызатын дәрі, 0.2 мг/0.4 мл
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Басқа офтальмологиялық препараттар. Басқа офтальмологиялық препараттар.
ATХ коды S01XA
Қолданылуы
- мөлдір қабықтың регенерациясын стимуляциялау үшін қосымша ем ретінде
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препарат инъекциялық немесе пероральді енгізуге арналмаған!
Құрамында В12 дәрумені болуы салдарынан көзге тамызатын дәрінің боялуына байланысты, бүкіл емдеу барысында жанаспалы линзаларды тағып жүру ұсынылмайды.
Біреуден көп жергілікті офтальмологиялық дәрілік затты бір мезгілде қолданған жағдайда, препараттарды әрбір тамызу арасында 15 минут аралықпен енгізу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану олардың тиімділігіне ықпал етуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті және емшек емізетін әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Егде жастағы (≥65 жас) пациенттерді қоса, ересектерде қолдану
Препарат зақымданған көздің конъюнктивалық қалтасына аурудың ауырлығына байланысты күніне 3-4 рет, 1 тамшыдан тамызылады.
Препаратты қолданар алдында қолды мұқият жуу керек.
Құтының ұштығын қабақтарға немесе көздің басқа беткейлеріне тигізіп алмау керек.
Тамызған кезде көзбен жоғарыға қарап, қабақты сәл төменге тарту ұсынылады.
Бір реттік дозалы бір құтыда екі көзді де емдеуге жеткілікті мөлшердегі препарат бар.
Бір реттік дозалы препарат құтысын пайдаланғаннан кейін тастай салу керек. Қайталап қолдану үшін сақтауға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Деректер жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданған кезде дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Офтальмологияда жергілікті қолдану үшін.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу керек.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Басқа да офтальмологиялық препараттарды қолданған кездегідей, аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.
Емдеу барысында көздегі қысқа мерзімдік жайсыздық сезімі (жыбырлау, шаншу) байқалуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
0,4 мл препарат құрамында
белсенді зат - 0.2 мг цианокобаламин
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызыл түсті мөлдір сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздығы төмен полиэтиленнен (ТТПЭ) жасалған бір реттік полиэтилен тамшылатқыш-түбекке 0.4 мл препараттан құйылған. Қабатталған полиэтилен алюминий үлбірден жасалған пакетке 2 жолаққа 5 тамшылатқыш-түбектен орналастырылады. 2 пакет медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Лаборатуар Юнитер, Франция
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Хорус Фарма, 148 Жорджес Гаинемер даңғылы – Кап Вар, 06700 Сен-Лоран- дю -Вар, Франция
Тел: +33(0) 04 93 19 54 03
Факс: +33 (0) 4 97 19 36 31
Электронды пошта: regulatory@horus-pharma.fr
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Биофармед» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241-үй, 42-кеңсе
тел.: 313-74-96
факс: 313-74-97
e-mail: k.rashad@referanspharma.com