Вирамун® (50 мг/5 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ВИРАМУН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Невирапин
Дәрілік түрі
Ішуге арналған суспензия 50 мг/5 мл
Құрамы
1 мл суспензияның құрамында
белсенді зат - 10,35 мг невирапин полугидраты бар, ол 10 мг невирапинге сәйкес келеді,
қосымша заттар: карбомер, полисорбат 80, сорбитол 70, сахароза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия, суспензияның қатпарлануына жол беріледі, ол шайқаған кезде жеңіл ресуспензияланады.
Фармакотерапиялық тобы
Вирусқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар.
Нуклеозид еместер – кері транскриптаза тежегіштері.
Невирапин
АТХ коды J05AG01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ересектер
Невирапинді ішке қабылдағаннан кейін жақсы (> 90%) сіңеді. Препараттың бір реттік дозасын қолданғаннан кейін абсолютті биожетімділігі: құрамы 50 мг таблетка үшін 93 9% (орташа шама SD), ал ерітінді үшін (ішуге арналған) 91 8% құраған. Препаратты 200 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін невирапин плазмадағы концентрациясының жоғары шегіне 4 сағат өткенде жетті және 2 + 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) құрады. Препарат күніне 200-ден 400 мг дейінгі дозаларда көп рет қабылданғаннан кейін невирапин концентрациясының жоғары шегі доза шамасына қарай дозаға байланысты ұлғайған. Күніне 400 мг қабылданғанда фармакокинетикасы тұрақты жағдайда болатын кезеңде невирапин концентрациясының базалық деңгейі 4,5 1,9 мкг/мл (17 7 мкмоль) құраған.
Тамақтану, антацидтер немесе құрамында сілтілі буфер бар дәрілік түрдегі препараттар (мысалы, диданозин) қабылдау невирапин сіңуіне әсер етпейді.
Невирапиннің жоғары липофильділігі бар және рН физиологиялық мәнінде іс жүзінде иондалмайды. Невирапин плацентарлық бөгет арқылы жақсы өтеді және емшек сүтінен табылады. Невирапиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 60% жуық құрайды, оның плазмадағы концентрациялары 1-ден 10 мкг/мл дейін ауытқиды. Адамда жұлын сұйықтығындағы невирапин концентрациялары плазмадағы концентрациясының 45% (5%) бөлігін құрайды; бұл арақатынас шамамен препараттың плазма ақуыздарымен байланыспаған фракциясына сәйкес келеді.
Невирапин P450 цитохромы қатысатын метаболизм (тотықтану реакциясы) жолымен гидроксилденген бірнеше метаболиттерге дейін қарқынды биоөзгеріске ұшырайды. Невирапиннің тотықтану метаболизмі негізінен CYP3A тегіндегі P450 цитохромы изоферменттерінің көмегімен жүзеге асады, өзге изоферменттер де қосымша рөл атқара алады.
Осылайша, адамдағы невирапиннің биоөзгерісі мен шығарылуының P450 цитохромы қатысатын метаболизммен, глюкуронидтермен коньюгацияланумен және глюкуронидтермен байланысқан метаболиттердің несеппен экскрециялануымен жүзеге асады. Несептегі радиобелсенділігінің (жалпы дозасының <3%-ына сәйкес келетін) азғантай үлесі ғана (<5%) өзгеріссіз қосылыспен байланысқан, яғни бүйректік экскрециясының невирапиннің шығарылуындағы рөлі аз.
Әйелдерде невирапиннің таралу көлемі (дене салмағына қатысты түзете отырып) ерлерге қарағанда біраз жоғары, алайда невирапиннің плазмадағы концентрацияларының (препаратты бір рет немесе бірнеше рет қабылдағаннан кейін) жынысына байланысты елеулі айырмашылығы болмаған. Невирапиннің АИВ-1 жұқтырған ересек емделушілердегі фармакокинетикасы, шамасы, жас шамасына (18-68 шамасында) немесе нәсіліне (негроидтар, латынамерикандық немесе европеоидтық нәсіл) қарай өзгермейді.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйрек жеткіліксіздігі ВИРАМУН препараты фармакокинетикасының сенімді өзгерістеріне әкелмейді. Дегенмен бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы емделушілерде невирапин AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы) 43,5% азаюы білінді. Плазмада невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің жиналуы да болды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде көп реттік ВИРАМУН дозаларын пайдаланған кезде невирапин және бес тотыққан метаболит фармакокинетикасы өзгермеген. Алайда шамамен бауыр фиброзы бар 15% емделушіде невирапиннің базалық концентрациялары 9000 нг/мл асып кетеді (әдеттегі орташа базалық шамаларынан 2 есе жоғары болды).
Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер дәрілік уыттылықты анықтау тұрғысынан мұқият қадағалануы тиіс.
Орташа асциті бар бір емделушідегі фармакокинетиканы зерттеу нәтижелері бойынша, бауыр функциясының елеулі бұзылулары бар емделушілерде невирапиннің жүйелі қан айналымында жинақталу мүмкіндігін көрсетті. Невирапин көп рет дозаланғанда өзінің дербес метаболизмін индукциялайтындықтан, бұл зерттеу бір рет дозаланған кезде бауыр жеткіліксіздігінің көп рет дозалау тұсындағы фармакокинетикасына әсерін көріністей алмайды («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).
Жүкті әйелдер. Босану кезінде АИВ-1 жұқтырған әйелдерде ВИРАМУН препаратының жартылай шығарылу кезеңі (200 мг дозада бір рет ішке қабылдаудан кейін) ұзарады (60-70 сағатқа дейін), ал клиренсі едәуір дәрежеде (2,1 1,5 л/сағ.) ауытқиды, бұл босану кезіндегі физиологиялық стресс дәрежесіне байланысты. Аналары 200 мг құрайтын препарат дозасын қабылдағаннан кейін кіндік бау қанындағы невирапин концентрациялары 100 нг/мл-ден асып кетті, ал кіндік бау қанындағы және ана қанындағы концентрациялар арақатынасы 0,84 0,19 (n = 36; ауқымы 0,37-1,22) құрады.
Бала емізетін аналар. АИВ постнатальді берілу қаупін болдырмау үшін АИВ жұқтырған аналарға жаңа туған нәрестелерін емізбеуге кеңес беріледі. ВИРАМУН плацента арқылы оңай өтеді және емшек сүтінен табылуы мүмкін. ВИРАМУН 100 мг немесе 200 мг дозада (босануға дейінгі орташа уақыт - 5,8 сағат) бір рет ішке қабылданғаннан кейін аналардың емшек сүтіндегі және қан сарысуындағы ВИРАМУН концентрацияларының орташа арақатынастары 76% (54-104%) құрайды. Препарат 200 мг дозада бір рет ішке қабылданғаннан кейін аналардың емшек сүті мен плазмасындағы концентрацияларының орташа арақатынасы 60,5% (25-122%) құрады.
Балалардағы фармакокинетикасы
Жаңа туған сәбилер. Босанудан кейін 72 сағат ішінде ВИРАМУН суспензиясын ішке 2 мг/кг дозада қабылдаған жаңа туған сәбилерде (АИВ-1 –жұқтырған, невирапинді босану кезінде 200 мг дозада бір рет қабылдаған әйелдерден туған), невирапиннің жартылай шығарылу кезеңінің орташа геометриялық шамасы 47 сағатты құраған. Плазмадағы деңгейлері өмірінің алғашқы аптасы ішінде 100 нг/мл астамды құраған.
Невирапиннің 9 айдан 14 жасқа дейінгі АИВ-1 жұқпасы бар, невирапин суспензиясының (7,5 мг, 30 мг немесе 120 мг на м2) бір реттік дозаларын таңертең ашқарынға қабылдаған балалардағы фармакокинетикасы, невирапиннің AUC шамасы мен ең жоғарғы концентрациясы дозасына пропорциональді артқан. Невирапин сіңгеннен кейін оның плазмадағы концентрациялары (логарифмдік тұрғыдан айқын) уақыт өте келе дозаға тәуелді төмендеген. Невирапиннің жартылай шығарылуының ақырғы фазасы бір рет қабылдағаннан кейін 30,6 ± 10,2 сағатты құраған.
Невирапинді 2 айдан 15 жасқа дейінгі АИВ-1жұқтырған балаларда бірнеше рет (суспензия немесе таблеткалар түрінде күніне 240-400 мг/м2 дозада) монотерапия түрінде немесе зидовудинмен (ZDV) немесе ZDV және диданозинмен (ddl) біріктіріп (шамамен 4 апта бойы күніне 120 мг/м2 дозасы, ал келесіде – күніне 2 рет 120 мг/м2 дозада (9 жастан асқан емделушілер) немесе күніне 2 рет 200 мг/м2 дозада (9 жасқа дейінгі емделушілер) қолданғанда, невирапин клиренсі, дене салмағына шаққанда 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларда ең жоғарғы мәндеріне жеткен, ал содан кейін жас ұлғая келе азайған. Невирапиннің клиренсі, дене салмағына шаққанда, 8 жасқа дейінгі балаларда ересектерге қарағанда шамамен екі есе жоғары болған. Невирапиннің жартылай шығарылу кезеңі (фармакокинетикасының тұрақты жағдайына жеткеннен кейін) 25,9 ± 9,6 сағатты құраған. Препаратты қолдану ұзақтығы артқан сайын невирапиннің жартылай шығарылу кезеңінің ақырғы фазасының орташа мәндері жас ұлғая келе төмендегідей артқан: 2 айдан 1 жасқа дейін - 32 сағат, 1 жастан 4 жасқа дейін - 21 сағат, 4 жастан 8 жасқа дейін - 18 сағат, 8 жастан асқандарда - 28 сағат.
Фармакодинамикасы
ВИРАМУН АИВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидті емес тежегіші (КТНЕТ) болып табылады. Кері транскриптазамен тікелей байланыса отырып, РНҚ-тәуелді және ДНҚ-тәуелді ДНҚ-полимераза белсенділігін бөгеп, осы ферменттің катализдік бөлігінің ыдырауын туындатады. Невирапин белсенділігі матрицамен немесе нуклеозидті емес трифосфаттармен бәсекеге түспейді. Невирапин эукариот жасушаларының (a, b, g немесе d адам ДНҚ-полимеразасы сияқты) ДНҚ-полимеразасы мен АИВ-2 кері транскриптазасын тежемейді.
Клиникалық зерттеулерде ВИРАМУН ТЖЛП артуымен және жалпы қауымда жүрек-қантамырлық қауіп төмендеуінің айғағы ретінде қарастырылатын ТЖЛП құрамындағы холестеринге жалпы холестерин қатынасының жиынтықты артуымен байланысты болды. Бірақ, АИВ жұқтырған емделушілердегі кардиоваскулярлық қауіп модификациясына ВИРАМУН ықпал етуіне қатысты арнаулы зерттеулер жүргізілмегендіктен, анықталған өзгерістердің клиникалық зардаптары белгісіз. Антиретровирустық препараттар таңдау, бірінші кезекте, олардың вирусқа қарсы тиімділігіне негізделуі тиіс.
АИB-1 in vitro сезімталдығы
ВИРАМУН вирусқа қарсы белсенділігі шеткергі қандағы мононуклеарлы жасушалардың, моноциттерден алынған макрофагтардың және лимфобластты жасушалардың желілерін қоса, әртүрлі жасушалық желілерде in vitro бағаланды. Таяуда аяқталған адамның кіндік бау қанынан алынған лимфоциттер және 293 желідегі адам бүйрегінің эмбриондық жасушалары пайдаланылған зерттеулерде EC50 мәндері (50% тежегіш концентрация) АИВ-1 зертханалық және клиникалық изоляттарына қатысты 14-тен 302 нмоль дейін ауытқыды.
ВИРАМУН A, B, C, D, F, G және H клейдтерінен (биологиялық тармақтарынан), әрі айналымдағы рекомбинантты (CRF), CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF түрлерінен алынған M тобының АИВ-1 изоляттарына қатысты вирусқа қарсы әсерін in vitro көрсетті (EC50 мәнінің медианасы 63 нмоль құрады). Невирапин O тобындағы АИВ-1 және АИВ-2 изоляттарына қатысты вирусқа қарсы in vitro белсенділігіне ие емес.
ВИРАМУН эфавирензбен біріктірілгенде АИВ-1-ге айқын антагонистік вирусқа қарсы in vitro әсерін көрсетті және протеаза тежегіші – ритонавирге және тұтасу тежегіші – энфувиртидке қосылғанда вирусқа қарсы аддитивті әсер иеленді. ВИРАМУН протеаза тежегіштері – ампренавирмен, атазанавирмен, индинавирмен, лопинавирмен, нелфинавирмен, сагвинавирмен және типранавирмен біріктіргенде, сондай-ақ КТНТ – абакавирмен, диданозинмен, эмтрицитабинмен, ламивудинмен, ставудинмен, тенофовирмен және зидовудинмен біріктіргенде АИВ-1-ге қатысты аддитивті немесе синергиялық белсенділігін көріністеді. АИВ-1-ге қатысты ВИРАМУН вирусқа қарсы белсенділігі анти-HBV препарат – адефовирдің және анти-HCV препарат – рибавириннің антагонистік әсер етуімен in vitro төмендейді.
ВИРАМУН суспензияcын қолдану кезіндегі төзімділік
Невирапинге төзімділік мутациялары препаратты бір рет қолданғаннан кейін 6-8 апта ішінде 111 әйелдің (19%) 21-нен табылды (HIVNET 012 зерттеуі). Невирапинге төзімділікпен астасқан мутациялар арасында, осы әйелдерде ең жиі табылғаны - K103N мутациясы (57%), әріқарай K103N және Y181C қоспасындағы мутация (19%).
Босанудан кейінгі 12-24 айдан соң қайта тексеру кезінде 6-8 апта өткенде мутациялар табылған әйелдердің (n=11) бірде-бірінде ВИРАМУН-ға төзімділікпен астасқан мутациялар анықталмаған. ВИРАМУН-ға төзімділік 24 жұқпаланған нәрестенің (46%) 11-де анықталған (HIVNET 012 зерттеуі). Ең жиі табылғаны - Y181C мутациясы. 6-8 апталық жасында мутациялар табылған барлық жаңа туған нәрестелер (n = 7) арасында 12 айлық жастағы қайта тексеру кезінде ВИРАМУН-ға төзімділікпен астасқан мутациялар анықталмаған.
Анадан сәбиге АИВ-1 трансмиссиясынан сақтану үшін бір реттік ВИРАМУН дозасын алған, одан кейін АИВ-1 емдеу мақсатында басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп ВИРАМУН алған әйелдерде өткізілген зерттеуде 123 емделушінің 29-да (24%), соның ішінде ВИРАМУН-ға бастапқы төзімділігі бар 13 әйелдің бесеуінде (38%) вирусологиялық тиімсіздік анықталған.
АИВ жұқтырған аналардан туған АИВ-пен жұқпаланған 30 балада өткізілген зерттеуде 15 бала бастапқыда плацебо алды, 15 бала ВИРАМУН суспензиясын алды. Кейіннен екі топ ВИРАМУН суспензиясын басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп алды. Біріктірілген антиретровирустық ем қолданылған 6 айдан соң вирусологиялық тиімсіздік, бастапқыда плацебо алған балалардан гөрі (15 баланың 1 сәбиінде), бастапқыда бір реттік ВИРАМУН дозасын (15 баланың 10-да) алған жаңа туған нәрестелердің едәуір көп бөлігінде болды.
Бір реттік ВИРАМУН дозасын басқа антиретровирустық препараттармен біріктіру невирапинге төзімділіктің даму жиілігін төмендетеді.
Айқаспалы төзімділігі
Іn vitro зерттеулерде КТНЕТ-ке айқаспалы төзімділігі бар АИВ-1 штамдарының тез пайда болуы анықталған. КТНЕТ өкілі – невирапин мен кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділік туралы деректер өте шектеулі. Іn vitro зерттеулерінде төрт емделушіден алынған ZDV-ке төзімді изоляттардың ВИРАМУН-ға сезімталдығын сақтағаны және алты емделушіден алынған ВИРАМУН-ға төзімді изоляттардың ZDV пен ddl-ге сезімтал болғаны көрсетілді. Іске қосылған «нысана»-ферменттердің әртүрлі болуына орай, ВИРАМУН мен АИВ протеаза тежегіштері арасындағы айқаспалы төзімділік ықтималдығы аз.
ВИРАМУН-ға вирусологиялық тиімсіздік дамыған жағдайда делавирдин мен эфавирензге айқаспалы төзімділік күтіледі.
Кейіннен құрамында этравирин бар режимдерді (төзімділікке жасалған тестілер нәтижелеріне қарай) пайдалануға болады.
ВИРАМУН АИВ-1 жұқпасын емдеуге арналған монотерапия ретінде пайдаланылмауы немесе тиімсіз болған емдеу режиміне бірден-бір препарат ретінде қосылмауы тиіс. Невирапин монотерапия ретінде пайдаланылғанда вирус төзімділігі тез дамиды, бұл кері транскриптазаның нуклеозидті емес өзге тежегіштерінің бәріне де тән. ВИРАМУН-мен біріктіріп пайдалану көзделетін жаңа антиретровирустық препараттар таңдау кезінде айқаспалы төзімділіктің даму мүмкіндігі жөніндегі деректерді назарға алу керек.
ВИРАМУН қамтылған антиретровирустық ем режимін тоқтатқан жағдайда осы препараттың жартылай шығарылатын ұзақ кезеңін ескеру қажет. Егер жартылай шығарылу кезеңдері невирапиндегіден қысқалау болатын антиретровирустық дәрілер қолдану бір мезгілде тоқтатылса, невирапиннің бір апта немесе одан көп уақыт бойы сақталатын төмен концентрацияларының салдарынан АИВ-1 төзімділігі дамуы мүмкін.
Қолданылуы
– АИВ-1 жұқпасын, кем дегенде, басқа екі антиретровирустық препаратпен біріктіріп емдеуде
– АИВ жұқтырған (босану кезеңінде белсенділігі жоғары антиретровирустық ем алмайтын) аналардан жаңа туған нәрестелерге АИВ-1 жұқпасы берілуінің алдын алуда монотерапия ретінде, босану кезінде ана ішке қабылдайтын бір реттік доза түрінде
Қолдану тәсілі мен дозалары
ВИРАМУН препаратымен монотерапия кезінде жылдам және үнемі вирустың төзімді штамдары туындайды. Сондықтан ВИРАМУН препараты үнемі, кемінде, ретровирусқа қарсы екі препаратпен біріктірілімде қолданылуы тиіс.
Ересектер: Препаратты таблеткалар түрінде қолданған дұрыс.
Балалар: ВИРАМУН препаратының балалардағы дозасы дене беткейінің ауданы (ДБА) бойынша немесе дене салмағына қарай Мостеллер формуласын пайдалана отырып есептеледі:
ДБА(м2) =
Кез-келген жастағы балалар үшін ұсынылған пероральді дозасы екі апта бойы күніне бір рет 150 мг/м2, артынан күніне екі рет 150 мг/м2 қабылдау болып табылады.
Балаларға ішуге арналған ВИРАМУН суспензиясының емдеудің алғашқы екі аптасындағы көлемі1 кестеде келтірілген.
1 кесте.
Балаларға ішуге арналған ВИРАМУН суспензиясының емдеудің алғашқы екі аптасындағы көлемі
ДБА (м2) ауқымы |
Көлемі (мл) |
0,08 - 0,25 |
2,5 |
0,25 - 0,42 |
5 |
0,42 - 0,58 |
7,5 |
0,58 - 0,75 |
10 |
0,75 - 0,92 |
12,5 |
0,92 - 1,08 |
15 |
1,08 - 1,25 |
17,5 |
1,25+ |
20 |
2 айдан 8 жасқа дейінгі балаларда ішуге арналған ВИРАМУННЫҢ ұсынылатын дозасы екі апта бойына күніне бір рет 4 мг/кг, ал келесіде күніне 2 рет 7 мг/кг құрайды. 8 жастағы және одан үлкен емделушілер үшін ұсынылатын дозасы екі апта бойы күніне бір рет 4 мг/кг, ал келесіде күніне 2 рет 4 мг/кг құрайды.
Балалардың қабылдауына арналған екі апта енгізілетін емдеу кезеңінен кейінгі ішілетін ВИРАМУН суспензиясының көлемінің есебі 2 кестеде келтірілген.
2 кесте.
Балалардың қабылдауына арналған екі апта енгізілетін емдеу кезеңінен кейінгі ішілетін ВИРАМУН суспензиясының көлемі
Дене салмағына шаққанда 7 мг/кг қабылдап жүрген < 8 жасқа дейінгі балалар үшін дене салмағының ауқымы (кг). |
Дене салмағына шаққанда 4 мг/кг қабылдап жүрген 8 жастағы және одан асқан балалар үшін дене салмағының ауқымы (кг). |
Көлемі (мл) |
1,79 - 5,36 |
3,13 - 9,38 |
2,5 |
5,36 - 8,93 |
9,38 - 15,63 |
5 |
8,93 - 12,50 |
15,63 - 21,88 |
7,5 |
12,50 - 16,07 |
21,88 - 28,12 |
10 |
16,07 - 19,64 |
28,12 - 34,37 |
12,5 |
19,64 - 23,21 |
34,37 - 40,62 |
15 |
23,21 - 26,79 |
40,62 - 46,88 |
17,5 |
26,79+ |
46,88+ |
20 |
Кез-келген емделушіде жиынтық тәуліктік дозасы 400 мг аспауы тиіс.
Жалпы ұсынымдар: Емделушілерге, ВИРАМУНДЫ оларға көрсетілгендей, күн сайын қабылдау қажеттігі туралы хабарлау керек. Препаратты қабылдауды өткізіп алған жағдайда емделуші келесі дозасын екі еселемеуі тиіс, кезекті дозасын мүмкіндігінше жылдамырақ қабылдау керек.
ВИРАМУНДЫ қабылдау басталғанға дейін және емдеу барысындағы тиісті аралықтардан кейін биохимиялық зерттеулер, соның ішінде бауыр функциясына зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Препаратты күніне 200 мг дозада күн сайын қабылдаған 14 күндік бастапқы кезең кезінде бөртпе байқалған емделушілер, дозасын бөртпе жоғалғанша арттырмауы тиіс.
ВИРАМУНДЫ қабылдауды 7 күннен астам мерзімге үзіп тастаған емделушілер, емдеуді қайта жаңғыртқанда ұсынылған қолдану режимін қайта пайдалануы, яғни препаратты күніне бір рет (бастапқы кезең) 4 мг/кг дозада қабылдауы, ал содан кейін балалардың жас шамасына байланысты күніне 2 рет 4 немесе 7 мг/кг болуы тиіс.
Анадан балаға АИВ трансмиссиясын болдырмау.
Жүкті әйелдер мен олардың жаңа туған сәбилері үшін төмендегі дозалау режимі ұсынылады:
Аналарда дозалау: ВИРАМУН препаратын, 200 мг таблеткасын босану басталғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек бір рет қабылдау.
Жаңа туған сәбилерде дозалау: ВИРАМУН препаратын, босанғаннан кейін 72 сағат ішінде бір рет 2 мг/кг пероральді енгізу. Егер анасы ВИРАМУНДЫ босанғанға дейін кемінде екі сағат бұрын қабылдаса, жаңа туған сәбиге ВИРАМУННЫҢ алғашқы дозасын, суспензияны (2 мг/кг) туғаннан кейін дереу енгізу, ал екінші дозасын (2 мг/кг) – біріншісінен кейін 24-72 сағат ішінде енгізу керек.
Жағымсыз әсері
Мұқият бақылау қажет болатын шешуші кезең емдеудің алғашқы 18 аптасы болып табылады. Бұл кезеңде болуы мүмкін ауыр және өмірге қауіпті жағымсыз реакцияларды анықтау үшін, емделушілерді мұқият қадағалау керек.
Қолайсыз құбылыстар мына жіктемені пайдаланумен төменде келтірілген: жиі ≥1/100-ден <1/10-ға дейін, жиі емес ≥1/1000-нан <1/100-ге дейін, сирек ≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін, өте сирек <10000.
Өте жиі
– бөртпе (қышынумен қатар жүреді немесе қатар жүрмейді, дене бойында, бетте және аяқ-қолда орналасады)
Жиі
– гранулоцитопения
– аллергиялық реакциялар (анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем)
– бас ауыруы
– жүрек айнуы, құсу, диарея
– гепатит, соның ішінде күрделі және өмірге қауіпті гепатоуыттылық
– дене температурасының көтерілуі (қызба), артралгия, миалгия
– қажу
– бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерістері: аспартаттрансаминаза (АСТ), аланинтрансаминаза (АЛТ), трансаминаза, гамма-глутаминтранспептидаза (ГГП), жалпы билирубин деңгейінің көтерілуі, сілтілік фосфатаза деңгейінің төмендеуі
Жиі емес
– анемия, нейтропения
– күрделі және өмірге қауіпті тері реакциялары, өлімге ұшырау жағдайларын, Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) / уытты эпидермальді некролизді (УЭН) қоса
– қызбамен, артралгиялармен, миалгиялармен және лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталатын аса жоғары сезімталдық синдромы
– эозинофилия, гранулоцитопения, бүйрек функциясының бұзылуы (сондай-ақ ішкі ағзалардың басқа да зақымдану белгілері жөнінде де хабарланған)
– сарғаю
– іштің ауыруы
– артериялық қысымның көтерілуі
Сирек
- фульминанттық гепатит, өліммен аяқталуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препараттың белсенді компонентіне және/немесе кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
– бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Child-Pugh жіктемесі бойынша С санаты) немесе жоғарғы қалып шегінен (ЖҚШ) 5 еседен астам асып кететін АСТ немесе АЛТ деңгейі бастапқы жоғарылаған жағдайда (ол ЖҚШ-нен 5 еседен аз асып кететін деңгейге дейін тұрақты төмендегенше)
– сыртартқысында невирапинмен емдеу бөртпе мен жалпы симптомдар түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциясымен немесе гепатит дамуымен қатар жүрген және препаратты тоқтату қажет болған емделушілерге қайта тағайындау
– бұрын невирапинмен емдеу барысында ЖҚШ-нен 5 еседен артық асып кететін АСТ немесе АЛТ деңгейінің жоғарылауы болған емделушілерге немесе невирапин қайта қолданылғаннан кейін бауыр функциясының бұзылуы жаңғырған емделушілерге қайта тағайындау
– тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық аурулары (сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі), глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы
– невирапиннің клиникалық әсерінің азаюы мен плазмадағы концентрацияларының төмендеу қаупіне орай, құрамында St. John (Шілтерлі шайқурай) суслосы бар өсімдік препараттарымен бірге қолдану
– эфавирензбен, делавирдинмен, этравиринмен, рилпивиринмен, элвитегравирмен (кобицистатпен біріктіріп), боцепревирмен, рифампицинмен, кетоконазолмен, атазанавирмен*, фосампренавирмен*, саквинавирмен*, типранавирмен* біріктіріп бір мезгілде қолдану
-
сақтықпен: телапревирмен, рифабутинмен, флуконазолмен
_____________
* егер олар ритонавирдің төмен дозасымен тағайындалмаса («Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
ВИРАМУН бауырдың P450 цитохромы жүйесінің (CYP3A, CYP2B) ферменттерімен метаболизденетін индуктор болып табылады және басқа бір мезгілде қолданылатын CYP3A немесе CYP2B-мен қарқынды метаболизденетін дәрілік препараттардың плазмадағы концентрацияларының төмендеуіне алып келуі мүмкін («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз). Сондықтан, егер емделушіге бұрын CYP3A немесе CYB2B көмегімен метаболизденетін қандай-да бір препаратты дозалау режимі таңдалған ВИРАМУН препаратымен емдеу басталып жатқан болса, емделушіде бұл препараттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Ас ішу, антацидтер немесе сілтілік буферлік заттың қатысумен түзілген препараттар невирапиннің сіңуіне әсер етпейді.
Дәрілермен өзара әрекеттесулері туралы мәліметтер кестеде болжамның 95% аралығымен келтірілген.
3 кесте.
Микробқа қарсы, ретровирусқа қарсы, кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері
Емдік топтар бойынша препараттар |
Дәрілермен өзара әрекеттесуі |
Бірге қолдануға қатысты нұсқаулар |
Диданозин 100 – 150 мг күніне екі рет (ВИРАМУН 200 мг/күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Диданозин AUC Диданозин Cmax Диданозин Cmax § |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Эмтрицитабин |
Эмтрицитабин адамдағы CYP 450 ферменттерінің тежегіші болып табылмайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Абакавир |
Абакавир адамның бауыр микросомаларында P450 цитохромы изомерлерін тежемейді. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Ламивудин 150 мг күніне 2 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
Невирапиннің ламивудин клиренсіне индукциялау ықпалы жоқ |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Ставудин: 30/40 мг күніне 2 рет, (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Ставудин AUC Ставудин Cmax Ставудин Cmin § Невирапин деңгейлерінің өзгерістері анықталмаған |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Тенофовир 300 мг күніне 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
Тенофовир невирапин деңгейіне ықпалын тигізбейді |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Залцитабин 0,125 – 0,25 мг күніне 3 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Залцитабин AUC Залцитабин Cmax Залцитабин Cmin § |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Зидовудин 100 – 200 мг күніне 3 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Зидовудин AUC 24 (69-дан 83 дейін) Зидовудин Cmax26 (84-тен 254 дейін) Невирапин фармакокинетикасына зидовудиннің ықпалы жоқ |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Протеаза тежегіштері |
||
Атазанавир/ритонавир 300/100 мг күніне 1 рет 400/100 мг күніне 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
Атазанавир 300/100 мг: Атазанавир AUC 42 (52- ден 29 дейін)a Атазанавир Cmax28 (40-тан 14 дейін) a Атазанавир Cmin 72 (80-нен 60 дейін) a Атазанавир 400/100 мг Атазанавир AUC 19 (35-тен2 дейін) a Атазанавир Cmax Атазанавир Cmin59 (73-тен 40 дейін) a (ВИР-сыз 300/100 мг-мен салыстырғанда) Невирапин AUC 25 (17-ден 34 дейін) a Невирапин Cmax17 (9-дан25 дейін) a Невирапин Cmin 32 (22-ден 43 дейін) a |
ВИРАМУН-мен біріктіріп қолданғанда 400 мг атазанавирді 100 мг ритонавирдің төмен дозасымен бірге пайдалану керек. |
Дарунавир/ритонавир 400/100 мг күніне екі рет (ВИРАМУН 200 мг күніне екі рет) |
Дарунавир AUC Дарунавир Cmin Невирапин AUC 27 Невирапин Cmin47 |
Дарунавир/ритонавир CYP3A4 тежелісінің нәтижесі ретінде плазмада невирапин концентрациясын арттырады. Дарунавирді ВИРАМУН мен 100 мг ритонавирмен бірге дозаны түзетпей-ақ қолдануға болады. |
Фосампренавир 1 400 мг күніне 2 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
Ампренавир AUC 33 (45-тен 20 дейін) a Ампренавир Cmax25 (37-ден 11 дейін) a Ампренавир Cmin 35 (51-ден 15 дейін) a Невирапин AUC: 29 (19-дан 40 дейін) a Невирапин Cmax: 25 (14-тен 37 дейін) a Невирапин Cmin: 34 (21-ден 49 дейін) a |
ВИРАМУН-ды ритонавирсіз фосампренавирмен тағайындауға болмайды. |
Фосампренавир/ритонавир 700/100 мг күніне 2 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
Ампренавир AUC: елеулі ықпал етпейді Ампренавир Cmaxелеулі ықпал етпейді Ампренавир Cmin 19 (32-ден 5 дейін) a Невирапин AUC 14 (5-тен 24 дейін) a Невирапин Cmax13 (3-тен24 дейін) a Невирапин Cmin22 (10-нан 35 дейін) a |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Индинавир 800 мг әр 8 сағат сайын 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Индинавир AUC 31 (64-тен 30 дейін) Индинавир Cmax15 (53-тен 55 дейін) Индинавир Cmin44 (77-ден39 дейін) Плазмадағы невирапин деңгейлерінің клиникалық мәнді өзгерістері болмаған. |
Қазіргі уақытта индинавир әдетте ВИРАМУН-мен бірге тағайындалады. ВИРАМУН-ның индинавирмен/итонавирмен өзара әрекеттесуіне қатысты шектеулі клиникалық деректер бар. |
Лопинавир/ритонавир 400/100 мг күніне 2 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
АИВ-оң ересек емделушілерде: Лопинавир AUC 27 Лопинавир Cmax19 Лопинавир Cmin46 |
ВИРАМУН-мен біріктіріп ас ішумен лопинавир/ ритонавир дозасын күніне 2 рет 533/133 мг дейін (4 капсула) арттыру ұсынылады. |
Лопинавир/ритонавир 300/75 мг/м2күніне 2 рет (ВИРАМУН 7 мг/кг немесе 4 мг/кг күніне 1 рет x 2 апта; күніне 2 рет x 1 апта) |
Балаларда қолдану: Фармакокинетика зерттеуінің нәтижелері ересек емделушілерде алынған нәтижелермен сәйкестелді: Лопинавир AUC 22 (44-тен 9 дейін)a Лопинавир Cmax14 (36-дан16 дейін)a Лопинавир Cmin55 (75-тен 18 дейін)a |
Балалардағы лопинавир/ ритонавир дозасын, әсіресе, лопинавир/ритонавирге сезімталдығының төмендеуі болжанатын емделушілерде ВИРАМУН-мен біріктіріп қолданғанда ас ішумен күніне екі рет 300/75 мг/м2 дейін арттыру мүмкіндігін ескерген жөн. |
Нелфинавир 750 мг күніне 3 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Нелфинавир: невирапин қосылған соң фармакокинетикалық параметрлерінің клиникалық мәнді өзгерістерінің болмауы. Нелфинавир мен AG1402 метаболитінің жалпы әсері: AUC 20 (72-ден 128 дейін) Cmax 12 (61-ден 100 дейін) Cmin 35 (90-нан 316 дейін) Невирапин: деңгейлерінің өзгерістері анықталмаған |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Ритонавир 600 мг күніне 2 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Бірге қолдану плазмадағы ритонавир немесе невирапин деңгейлерінің клиникалық мәнді өзгерісіне әкелмеген. Ритонавир AUC Ритонавир Cmax Ритонавир Cmin |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Саквинавир 600 мг күніне 3 рет (NVP 200 мг күніне бір рет x 14 күн; 200 мг күніне екі рет x 21 күн) |
Саквинавир AUC 38 (47-ден 11 дейін) a Саквинавир Cmax32 (44-тен 6 дейін) a Саквинавир Cmin § |
ВИРАМУН-ды ритонавирсіз саквинавирмен тағайындауға болмайды. |
Саквинавир/ритонавир |
Ритонавир және невирапинмен бірге саквинавир арасында қандай да бір клиникалық мәнді өзара әрекеттесу болмайды |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Типранавир/ритонавир 500/200 мг күніне 2 рет (NVP 200 мг күніне 2 рет) |
Типранавирге тән Cmin көрсеткішінің 20 % клиникалық мәнді төмендеуі анықталған. Ритонавирдің төмен дозасымен бірге тағайындалған невирапин мен типранавир арасында елеулі өзара әрекеттесу болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Кіру тежегіштері
Энфувиртид |
Энфувиртид пен бірге қолданылатын CYP450 ферменттерімен метаболизденетін дәрілік препараттар арасында клиникалық мәнді өзара әрекеттесу болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Маравирок 300 мг бір реттік дозасы (ВИРАМУН 200 мг күніне 2 рет) |
Маравирок AUC Маравирок Cmax Ықпал етуі болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Интеграза тежегіштері
Ралтегравир |
Клиникалық деректер жоқ. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
B және C гепатиттерін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар
Интерферондар (пегилденген альфа 2a және альфа 2b интерферондары) |
Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6-ға ықпал етуі жөнінде деректер жоқ. Клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Энтекавир |
Энтекавир P450 цитохромы ферменттерінің (CYP450) субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды, клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Телбивудин |
Телбивудин P450 цитохромы ферменттік жүйесінің (CYP450) субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Адефовир |
Клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Рибавирин |
Клиникалық мәнді дәрілік өзара әрекеттесуі болжанбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Телапревир |
Телапревир бауырда CYP3A арқылы метаболизденеді және P-гликопротеин субстраты болып табылады. Метаболизмге өзге ферменттер де тартылған болуы мүмкін. Телапревир мен CYP3A және (немесе) P-гп индукторлары болып табылатын дәрілік препараттарды бірге қолдану плазмадағы телапревир концентрациясын төмендетуі мүмкін. |
Телапревир мен невирапинді бірге қолданғанда алдын-ала сақтану шараларын қадағалау керек. ВИРАМУН-ды бірге қолданғанда телапревир дозасын түзету қажеттілігін ескеру керек. |
Антибиотиктер
Кларитромицин 500 мг күніне екі рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Кларитромицин AUC 31 (57-ден 9 дейін) Кларитромицин Cmin56 (92-ден 126 дейін) Метаболит 14-OH кларитромицин AUC 42 (41-ден 242 дейін) Метаболит 14-OH кларитромицин Cmax47 (39-дан 255 дейін) Невирапин AUC 26 Невирапин Cmax24 Невирапин Cmin28 бұрын жарияланған деректермен салыстырғанда |
Дозалау режимін түзету қажет емес. Бауыр функциясының қалыптан ауытқу мүмкіндіктеріне мұқият мониторинг жасау ұсынылады. Дегенмен, Mycobacterium aviumintracellulare кешені туғызған жұқпасы бар емделушіні емдегенде кларитромицинді басқа антибиотикпен ауыстыру қажеттілігін ескерген жөн, өйткені белсенді метаболит бұл жағдайда тиімсіз. |
|
Рифабутин 150 немесе 300 мг күніне 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн)
|
Рифабутин AUC 17 (53-тен 191 дейін) Рифабутин Cmax 28 (44-тен 195 дейін) Метаболит 25-O-дезацетилрифабутин AUC 24% (83-тен 787 дейін) Метаболит 25-O-дезацетилрифабутин Cmax 29% (67-ден 400 дейін). Фармакокинетикасының жарияланған деректерімен салыстырғанда, невирапиннің болжамды клиренсінің клиникалық мәнді артуы (9 %) туралы хабарлама бар. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. Алайда, бірге қолданғанда сақ болу керек. |
|
Рифампицин 600 мг күніне 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Рифампицин Cmaxжәне AUC: елеулі өзгеріссіз. Невирапин AUC 58 Невирапин Cmax50 Невирапин Cmin68 бұрын жарияланған деректермен салыстырғанда. |
ВИРАМУН мен рифампицинді біріктіріп қолдануға болмайды. Қажет болса, рифабутинге ауыстыру мүмкіндігін қарастыру керек. |
|
Зеңге қарсы препараттар |
|||
Флуконазол 200 мг күніне 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
Флуконазол AUC Флуконазол Cmax Флуконазол Cmin Невирапиннің әсер ету деңгейі: невирапинді бөлек қолдану кезінде бұрын жарияланған деректермен салыстырғанда 100%. |
ВИРАМУН-ның әсер ету деңгейінің арту қаупімен байланысты, осы дәрілік препараттарды қолданғанда сақтық шарасын қадағалап, емделушілерге тиянақты мониторинг ұсынылады. |
|
Итраконазол 200 мг күніне 1 рет (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет) |
Итраконазол AUC 61 Итраконазол Cmax38 Итраконазол Cmin87 Невирапин фармакокинетикасы параметрлеріне қатысты елеулі айырмашылықтар байқалмаған. |
Осы екі препаратты бірге қолданғанда итраконазол дозасын түзету қажеттілігін ескерген жөн. |
Антацидтер
Циметидин |
Невирапин Cmin7 |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
Тромбозға қарсы дәрілер
Варфарин |
Невирапин мен варфарин арасындағы өзара әрекеттесу күрделі болып табылады, олар бірге қолданылғанда ұю уақыты ұзаруы да, қысқаруы да мүмкін. |
Антикоагулянт деңгейіне мұқият мониторинг жасау ұсынылады. |
Контрацептивтер
Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) 150 мг әр 3 ай сайын (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
ДМПА AUC ДМПА Cmax ДМПА Cmin Невирапин AUC 20 Невирапин Cmax20 |
Дозасын түзету қажет емес. ВИРАМУН бірге қолданылғанда ДМПА препаратымен овуляцияны бәсеңдету әсерін төмендетпейді. |
Этинилэстрадиол (ЭЭ) 0,035 мг және Норэтиндрон (НЭТ) 1,0 мг (бір реттік доза) (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет x 14 күн) |
ЭЭ AUC 20 (57-ден 52 дейін) ЭЭ Cmax ЭЭ Cmin § |
Ішуге арналған гормональді контрацептивтерді (ГК) ВИРАМУН қабылдайтын әйелдерде контрацепцияның бірен-бір әдісі ретінде пайдалануға болмайды. ВИРАМУН-мен біріктіргенде, ДМПА-дан басқа ГК дозасының (барлық қолдану түрлерінің) тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. |
НЭТ AUC 19 (50-ден 30 дейін) НЭТ Cmax 16 (49-дан 37 дейін) НЭТ Cmin § |
Анальгетиктер/апиындар
Метадон, емделушіге арналған жеке доза (ВИРАМУН 200 мг күніне 1 рет x 14 күн; 200 мг күніне 2 рет ≥ 7 күн) |
Метадон AUC 65 (82-ден 32 дейін) Метадон Cmax50 (67-ден 25 дейін) |
Метадонның демеуші дозаларында жүрген емделушілерді ВИРАМУН препаратымен емдеудің басында тоқтату синдромының дамуы мүмкін екеніне орай, оларға мониторинг жасау және метадон дозасын түзету ұсынылады. |
Өсімдік тектес препараттар
Шайқурай |
Препарат және (немесе) тасымалдаушы ақуыздар метаболизміне қатысатын ферменттердің шайқураймен индукциялануына байланысты, қан сарысуындағы невирапин деңгейі шайқурай өсімдік препаратымен (Hypericum perforatum) бірге қолданғанда төмендеуі мүмкін. |
Невирапин деңгейінің артуымен байланысты шайқурайды тоқтатқаннан кейін ВИРАМУН дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Индукциялау әсері кем дегенде 2 апта бойы сақталуы мүмкін. |
§ = Cminәдісті анықтау шегінен төмен
↑ = Жоғарылау, ↓ = Төмендеу, = Әсердің болмауы
a деректер 90 % болжам аралығымен (90% БА) орташа геометриялық түрде берілген
Басқа ақпарат
Адам бауырының микросомалары пайдаланылған in vitro зерттеулері дапсон, рифабутин, рифампицин және триметоприм/сульфаметоксазол қатысуымен невирапиннің гидроксилденген метаболиттері түзілуінің өзгермейтінін көрсетті. Кетоконалол мен эритромицин невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуін елеулі тежеген. Клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Айрықша нұсқаулар
Анадан сәбиге АИВ трансмиссиясын болдырмау
Жаңа туған балалар үшін мынадай дозалау режимі ұсынылады (суспензия): туғаннан кейін 72 сағат ішінде ішу арқылы бір рет 2 мг/кг енгізу. Егер анасы босануға дейін екі сағаттан аз уақыт бұрын ВИРАМУН алса, жаңа туған нәрестеге туғаннан кейін дереу ВИРАМУН-ның бірінші дозасын (2 мг/кг), ал екінші дозасын (2 мг/кг) бірінші дозадан кейін 24-72 сағаттан соң енгізу керек.
Невирапинмен емдеудің алғашқы 18 аптасы маңызды кезең болып табылады, осы уақыт ішінде болжамды ауыр және өмірге қауіпті тері реакцияларын (Стивенс-Джонсон синдромын [СДС] және/немесе уытты эпидермалық некролизді [УЭН] қоса) немесе ауыр гепатит/бауыр жеткіліксіздігін анықтау үшін емделушілерді мұқият бақылау қажет болады. Гематологиялық және дерматологиялық реакциялардың барынша көп қаупі емнің алғашқы 6 аптасында болады. Бауыр тарапынан болатын қолайсыз құбылыстар қаупі әйелдерде және CD4+ жасушаларының (CD4+ рецепторлары бар D4-лимфоциттер, Т-хелперлер) саны өте көп емделушілерде жоғары болады. Әсіресе, бастапқы 14-күндік кезең ішінде ұсынылған ем режимін қатаң ұстану қажет.
Жағымсыз әсерлері
ВИРАМУННЫҢ уыттылығының негізгі көрінісі көп жағдайларда емдеудің алғашқы алты аптасында білінетін бөртпе болып табылады. Бастапқы емдеу кезіңі қолданылуы тиіс, өйткені мұның бөртпе жиілігін азайтатыны анықталған. Емделушілер, емдеудің бастапқы кезеңінде қандай-да бір бөртпе дамыған жағдайда, препараттың дозасын, бөртпе жоғалғанша арттырмау керектігінен құлағдар болуы тиіс. Күнделікті 200 мг дозасы жағдайында, препаратты қабылдау 28 күннен аспауы тиіс, сол кезең ішінде препаратты қабылдаудың баламалы режимі белгіленуі тиіс.
Сирек жағдайларда препаратты қабылдағанда тері және/немесе бауыр реакциялары бар емделушілерде қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы (рабдомиолиз) анықталған.
Преднизолонды (ВИРАМУНДЫ қабылдаудың алғашқы 14 күні бойына күніне 40 мг) бір мезгілде қолдану бөртпенің туындау жиілігін азайтпайды, ал керісінше, емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде тері реакцияларын жиілетуі мүмкін.
Күрделі тері реакциялары дамуының қауіп факторлары қатарына препаратты бастапқы емдеу кезеңі бойына күніне 200 мг дозада қолдану жөніндегі ұсынымның бұзылуы жатады. Дерматологиялық реакциялардың күрделірек аяқталуларының даму қаупі симптомдары пайда болғаннан кейін медициналық кеңес алу кейінге қалған жағдайда арта түседі. Бөртпенің даму қаупі әйелдерде, шамасы, ВИРАМУНДЫ қолданған жағдайда да, құрамында ВИРАМУН жоқ емдеу жағдайында да ерлерге қарағанда жоғары.
Айқын бөртпе немесе жалпы симптомдармен (қызба, көпіршіктердің пайда болуы, ауыз қуысындағы өзгерістер, конъюнктивит, беттің ісінуі, буындардың немесе бұлшықеттердің ауыруы, жалпы дімкәстану) қатар жүретін бөртпе туындаған емделуші, препаратты қабылдауды тоқтатуы және дәрігермен кеңесуі тиіс. Мұндай емделушілерде ВИРАМУНДЫ қайта қолдануға жол берілмейді.
Егер емделушіде бөртпе және ВИРАМУНДЫ қабылдаумен байланысына күдік байқалса, бауыр функциясына зерттеу жүргізілуі тиіс.
Орташа немесе айқын бұзылулары бар емделушілерде (АСТ немесе АЛТ жоғарғы қалып шегінен 5 еседен артық жоғарылаған), ВИРАМУН тоқтатылуы тиіс. Бөртпемен сипатталатын, жүйелі симптомдармен (қызба, артралгия, миалгия және лимфаденопатия) қатар жүретін аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған, ішкі ағзалардың зақымдану белгілерімен, мысалы гепатит, эозинофилия, гранулоцитопения және бүйрек дисфункциясымен бірге жүретін жағдайда, невирапин тоқтатылуы тиіс; невирапинді қайта қолдануға жол берілмейді.
Бауыр тарапынан болатын реакциялар. Невирапинмен емделген емделушілерде фатальді фульминанттық гепатитті қоса, күрделі немесе өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық жағдайлары байқалған. Шешуші мәндер мұқият бақылау қажет болатын емдеудің алғашқы 18 аптасы бойына орын алады. Бауыр тарапынан болатын реакциялардың аса жоғары қаупі емдеудің алғашқы 6 аптасы бойына байқалады. Бұл қауіп ары қарай да сақталады, сондықтан жиі бақылау емдеу кезеңі бойына жалғасуы тиіс.
Емделушілерді, бауыр тарапынан болатын реакциялар ВИРАМУННЫҢ уыттылығының негізгі түрі болып табылатынын және гепатит белгілері немесе симптомдары байқалған емделушілерге ВИРАМУНДЫ қабылдауды тоқтату керектігі және дереу бауыр функциясының көрсеткіштерін бағалау кіретін тексеруден өту үшін медицина мекемесіне хабарласуы керектігі туралы құлағдар ету керек.
Бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр жеткіліксіздігінің дамуын қоса, күрделі гепатоуыттылық туралы, АИВ жұқтырған адамдарда ВИРАМУННЫҢ көп реттік дозаларын қарым-қатынастан кейінгі алдын алу мақсатында пайдаланғанда хабарланған, бұл осы препаратты қолдануға арналған бекітілген көрсетілімдердің қатарына жатпайды және сондықтан мүлдем ұсынылмайды.
Бауыр тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың жоғарырақ қаупі ретровирусқа қарсы кез-келген ем жүргізу кезінде, соның ішінде ВИРАМУН кіретін режимдерді қолдану кезінде, АСТ немесе АЛТ мәндері жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 2,5 еседен астам бастапқы жоғарылауы кезінде және/немесе B және/немесе C гепатиті бар болса байқалады.
Бөртпемен астасқан гепатологиялық реакциялардың даму қаупі, әйелдерде ерлерге қарағанда шамамен үш есе жоғары болуы мүмкін (1,5%-бен салыстырғанда 4,6%). ВИРАМУНМЕН емдеу кезінде бөртпемен астасқан гепатологиялық реакциялардың даму қаупі, CD4+ жасушалар саны жоғарырақ емделушілерде де жоғары болуы мүмкін. Ретроспективті талдау мәліметтері бойынша, CD4+ жасушалар саны 250 жасуша/мм3 асатын әйелдерде бөртпемен астасқан гепатологиялық реакциялар қаупі CD4+ жасушалар саны 250 жасуша/мм3 аз әйелдерге қарағанда 9 есе жоғары болған (0,9%-бен салыстырғанда 8,4%). Қауіп жоғарылығы CD4+ жасушалар саны <400 жасуша/мм3 ерлермен салыстырғанда CD4+ жасушалар саны >400 жасуша/мм3 ерлерде де байқалған (0,7%-бен салыстырғанда 4,5%).
Плазмадағы вирустық жүктемесі анықталмаған (50 копий/мл аз) емделушілерде CD4+ жасушалар санына байланысты уыттылық қаупінің жоғарылауы білінбеген.
Бауырдың жағдайын бақылау. ВИРАМУН пайдаланылғанда кейде емнің алғашқы апталарында-ақ пайда болатын бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерістері жөнінде хабарланған. Бауыр ферменттері деңгейінің симптомсыз жоғарылауы жиі сипатталады, әрі ВИРАМУН қолдануға сөзсіз қарсы көрсетілім болып табылмайды. Гамма-глутамил трансферазаның симптомсыз жоғарылауы емді жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Бауыр функциясы көрсеткіштеріне қысқа уақыт аралықтары сайын, емделушілердің клиникалық жағдайына байланысты, әсіресе емдеудің бастапқы 18 аптасы бойына қатаң бақылау жүргізу ұсынылады. Клиникалық және зертханалық бақылау ВИРАМУНМЕН емдеу кезеңі бойына жалғасуы тиіс. Дәрігерлер мен емделушілер анорексия, жүрек айнуы, сарғаю, билирубинемия, өтсіз нәжіс, гепатомегалия немесе бауырдың ауыруы сияқты гепатиттің мұндай белгілеріне немесе симптомдарына сақтықпен қарауы тиіс. Емделушілер мұндай жағдайларда медициналық кеңеске жүгіну қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.
Емдеудің алдында немесе барысында АСТ немесе АЛТ жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 2,5 еседен артық жоғарылаған жағдайда, бауыр функциясының көрсеткіштері жүйелі клиникалық тексерулер жиірек тексеріліп тұруы тиіс. ВИРАМУН АСТ немесе АЛТ бастапқы деңгейі жоғарғы қалып шегінен 5 еседен астам артық емделушілерге тағайындалмауы тиіс (ол тұрақты түрде ЖКШ-нен 5 есе аз деңгейге дейін төмендегенше).
Егер АСТ немесе АЛТ емдеу барысында ЖҚШ-нен 5 еседен артық жоғарыласа, ВИРАМУН дереу тоқтатылуы тиіс. Егер АСТ және АЛТ деңгейі бастапқы мәндеріне қайта келсе және егер емделушіде гепатиттің қандай-да бір клиникалық белгілері немесе симптомдары, жалпы симптомдар немесе ішкі ағзалар функциясының бұзылуын көрсететін басқа да құбылыстар туындамаса, ВИРАМУНДЫ қолдануды қайта жаңғыртуға болады (егер клиникалық қажеттілік болса). Бұл туралы шешім әр жекелеген жағдайда, клиникалық мәліметтерге қарай қабылдануы тиіс. ВИРАМУНДЫ қайта тағайындау жоғары клиникалық және зертханалық сақтық жағдайларында, күніне 200 мг бастапқы дозада (14 күн бойы), ары қарай күніне 2 рет 200 мг дейін арттыра отырып жүзеге асырылуы тиіс. Егер бауыр функциясының бұзылулары қайта жаңғырса, невирапин мүлдем тоқтатылуы тиіс.
Егер анорексия, жүрек айнуы, құсу, сарғаю сияқты клиникалық көріністермен және зертханалық бұзылуларымен (бауыр функциясы көрсеткіштерінің орташа немесе елеулі өзгерістері, ГГТ ескерусіз) қатар жүретін гепатит туындаса, ВИРАМУН мүлдем тоқтатылуы тиіс. ВИРАМУН невирапиннен туындаған клиникалық тұрғыдан айқын гепатиттің дамуы салдарынан оны тоқтату қажет болған емделушілерге қайта тағайындалмауы тиіс.
Басқа да сақтандырулар
ВИРАМУНДЫ ретровирусқа қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолданған жағдайда, панкреатит, шеткергі нейропатия және тромбоцитопения сияқты жағымсыз реакциялардың дамығаны туралы хабарланған. Бұл құбылыстар көбінесе ретровирусқа қарсы басқа препараттармен астасады. Олардың туындауын ВИРАМУНДЫ басқа препараттармен біріктіріп пайдаланғанда күтуге болады; бұл реакциялардың невирапинді қолданумен байланысының ықтималдығы көп емес.
ВИРАМУНДЫ немесе ретровирусқа қарсы кез-келген басқа емдің қабылдап жүрген емделушілерде оппортунистік жұқпалар мен АИВ жұқпасының басқа асқынулары дами беруі мүмкін. Сондықтан мұндай емделушілер АИВ жұқпасымен астасқан ауруларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің мұқият клиникалық қадағалауында болуы тиіс.
ВИРАМУНМЕН емдеу басқа адамдарға горизонтальді АИВ-1 трансмиссиясы қаупінің азайғанын көрсетпеген.
ВИРАМУННЫҢ АИВ-1 анасынан баласына трансмиссиясын болдырмау қабілеті анықталғанына қарамастан (ретровирусқа қарсы басқа препараттарды қабылдамаған әйелдерде), АИВ-1 балаға берілу мүмкіндігін төмендету үшін, анасын босанғанға дейін ретровирусқа қарсы препараттардың біріктірілімін қолдана отырып (мүмкін кезде) қарқындырақ емдеу ұсынылады.
Бұрын ВИРАМУННЫҢ суспензиясының және таблеткаларының бір реттік дозасын АИВ-1 анасынан баласына трансмиссиясын болдырмау мақсатында қабылдаған әйелдер мен жаңа туған сәбилерде, ВИРАМУННЫҢ біріктірілген ем құрамындағы тиімділігі төмендеуі мүмкін.
ВИРАМУН бауырда қарқынды метаболизденеді, ал невирапин метаболиттері көбінесе бүйрекпен шығарылады. Фармакокинетикалық зерттеулер нәтижелері ВИРАМУНДЫ емделушілерге бауыр функциясының орташа бұзылуы бар емделушілерге (Child-Pugh жіктемесі бойынша B санаты) тағайындағанда сақтық таныту қажеттілігін көрсетеді.
ВИРАМУН бауыр функциясының елеулі бұзылулары бар емделушілерге тағайындалмауы тиіс (Child-Pugh жіктемесі бойынша С санаты).
Бүйрек функциясының бұзылулары бар, гемодиализдегі емделушілерді жүргізілген фармакокинетикалық зерттеулер, ВИРАМУНМЕН, 200 мг құрайтын дозасын қоса отырып қосымша емдеу, әр диализ сеансынан кейін диализдің ВИРАМУН клиренсіне әсерінің орнын толтыруға көмектесуі мүмкін екенін көрсеткен. Осылайша, креатинин клиренсі 20 мл/мин асатын емдеушілерде ВИРАМУННЫҢ дозалануын өзгерту қажет емес.
ВИРАМУН мен Варфарин арасындағы өзара әрекеттестік оларды бірге қолданғанда күрделі, ұю уақытының артуы және қысқаруы мүмкіндігімен де жүретін болып табылады. Антикоагулянт деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Иммундық реактивация синдромы
Күрделі иммунитет тапшылығы бар АИВ жұқтырған емделушілерде ретровирусқа қарсы біріктірілген емді тағайындаған кезде симптомсыз немесе қалдықтық шартты патогендік микроорганизмдерге қабыну реакциясының артуын және күрделі клиникалық ауруларды немесе симптомдарының нашарлауын туғызуы мүмкін. Негізінен, мұндай реакциялар ретровирусқа қарсы біріктірілген емнің алғашқы бірнеше аптасының немесе бірнеше айының ішінде байқалады. Оған тән мысалдар мыналар: цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық жұқпалар және пневмоцисттік пневмония болып табылады. Сондай-ақ иммунитет реактивациясы салдарынан туындаған аутоиммундық бұзылулар туралы хабарламалар (Грейвс ауруы нұсқасы) бар. Алайда, олардың туындау кезеңі анықталмаған, және бұл құбылыстар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан кейін көрініс беруі мүмкін. Кез-келген қабыну симптомдары талдануы және қажет болса, ем тағайындалуы тиіс.
ВИРАМУН суспензиясының құрамында ең жоғарғы ұсынылатын күнделікті дозадағы 6 г сахароза және 6,5 г сорбитол бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны (сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі) көтере алмаушылығы аурулары, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар емделушілер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.
ВИРАМУН суспензиясының құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакциялар (баяу типті болуы мүмкін) туғызуы мүмкін.
Фертилділік, жүктілік және лактация кезеңі
АИВ-1 жұқтырған жүкті әйелдерде бүгінгі күнге дейін толыққанды бақыланған зерттеулер жүргізілген жоқ. ВИРАМУН жүктілік кезінде тек болуы мүмкін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданылуы тиіс.
Анадан балаға АИВ-1 трансмиссиясын болдырмау мақсатында пайдаланылған ВИРАМУННЫҢ қауіпсіздігі мен тиімділігі препаратты, 200 мг дозасын анасының босану кезінде ішке қабылдауынан және бір реттік 2 мг/кг дозасын жаңа туған сәбиге туғаннан кейінгі 72 сағат ішінде пероральді енгізуден тұратын емдеу режимінің құрамында қолданудан анықталған.
АИВ жұқтырған аналар жаңа туған сәбилерін емізбеуі тиіс (постнатальді АИВ берілісі қаупін болдырмас үшін), ВИРАМУН қабылдап жүрген аналар, бала емізуді тоқтатуы тиіс.
ВИРАМУН қабылдаған әйелдерде, контрацепцияның негізгі әдісі ретінде ұрықтануға қарсы оральді дәрілер мен басқа гормональді әдістерді пайдаланбау керек, өйткені невирапин бұл препараттардың плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Бұдан өзге, гормональді регуляция/реттеу мақсатында ВИРАМУНМЕН емде кезінде оральді контрацептивтік дәрілер қолданылған жағдайларда, гормональді емдеудің емдік әсерін қадағалау қажет.
Адамдағы фертильділікке әсері туралы мәліметтер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне қатысты арнайы зерттеулер жүргізілмеген.
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде ерекше сақтық таныту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: ісінулер, түйінді эритема, қажу, қызба, бас ауыру, ұйқысыздық, жүрек айну, өкпедегі инфильтраттар, бөртпе, бас айналу, құсу, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы мен дене салмағының төмендеуі. Препаратты тоқтатқаннан кейін көрсетілген құбылыстардың бәрі тыйылған.
Емі: артық дозалануын жоюға арналған у қайтарғысы жоқ. ВИРАМУН-ның артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланған (15 күнге дейінгі аралықта күніне 800-ден 6000 мг дейін қабылдау).
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішуге арналған 50 мг/5мл суспензия, 240 мл-ден пластмасса құтыда. Әр құты қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен, өлшеуіш пластмасса еккішпен және қосымша қақпағымен картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
+ 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Суспензияны құтыны ашқан сәттен бастап 6 айдың ішінде пайдалану қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Германия
Берингер Ингельхайм Роксан Инк., АҚШ өндірген
Тіркеу куәлігінің иесі
Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Берингер Ингельхайм Фарма Гес мбХ» ҚР өкілдігі
Заңды мекенжайы: Алматы қ., 050010, Қайырбеков к-сі 38
Нақты мекенжайы: Алматы қ., 050008, Абай д-лы 52
«Innova Tower» бизнес орталығы, 7-ші қабат
тел.: +7 (727) 250 00 77 факс: +7 (727) 244 51 77
e-mail: Drug-SafetyKZ@boehringer-ingelheim.com