Винельбин (50 мг/5 мл)

МНН: Винорелбин
Производитель: Fresenius Kabi Oncology Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Vinorelbine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021491
Информация о регистрации в РК: 24.06.2015 - 24.06.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Винельбин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Винорелбин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 10мг/1мл және 50мг/5мл концентрат

Құрамы

Бір мл-дің құрамында

белсенді зат 14.32 мг1 винорелбин тартраты (10 мг винорелбинге баламалы)

қосымша заттар: инъекцияға арналған су

1 – Мөлшері құрамындағы 99.27% винорелбин тартраты мен 2.57% су негізінде есептелген

Сипаттамасы

Түссіз немесе бозғылт-сары түсті мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Өсімдік тектес алкалоидтер. Қабыршөп алкалоидтары және оның аналогтары. Винорелбин.

АТХ коды LO1СА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

30 мг/м2 дозада ұзақтығы 15-20 минуттық көктамырішілік инфузиядан кейін қан плазмасында винорелбиннің ең жоғары концентрациясы 480-1230 нг/мл мәніне жетеді және 2 сағаттан соң төмендейді. Препарат әртүрлі тіндерге жеңіл өтеді және кеңінен таралады. Таралу көлемі 27-76 л/кг құрайды. Препараттың ең жоғары концентрациялары бауырда, көк бауырда, бүйректе, өкпеде, тимусте, жүректе және қаңқа бұлшықеттерінің тіндерінде кездеседі. Май тіндерінде, сүйек кемігінде және мида аз дәрежеде болады. Винорелбин тромбоциттермен және лейкоциттермен белсенді байланысады. Тромбоциттермен байланысуы 78% құрайды. Плазма ақуыздарымен (альбуминдермен немесе ά-1-гликопротеинмен) байланысуы – 13,5%.

Винорелбин бауырда метаболизденеді. Метаболизм үдерісінде ісікке қарсы белсенділігі және уыттылығы бар белсенді метаболит – деацетилвинорельбин түзіледі.

Винорелбин және оның метаболиттерінің шығарылуы әртүрлі дәрежеде жүреді. Шығарылуы, негізінен, өт арқылы жүреді (34-58%), бүйрек арқылы препараттың 16-21%-ы шығарылады. Препараттың жалпы мөлшерінің үштен екі бөлігі алғашқы 24 сағат ішінде шығарылады. Винорелбиннің шеткергі ағзалардан босап шығуының баяу жүруіне байланысты соңғы жартылай шығарылу кезеңі (Т 1/2) 27,7-43,6 сағатты құрайды. Препараттың 95%-ы бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Винельбин - цитостатиктер тобының ісікке қарсы препараты, винбластин – қызғылт қабыршөп өсімдігі алкалоидының жартылай синтетикалық туындысы.

Винорелбин винкаалкалоид болып табылады, оның ісікке қарсы әсері көбіне оның микротүтікшелерге әсері арқылы жүреді. Винкаалкалоидтар 2 мульти-сақиналы бірліктерден, виндолиннен және катарантиннен тұратын құрылымы бірдей қосылыс болып табылады. Басқа винкаалколоидтардан айырмашылығы – катарантин бірлігінің винорелбинде орналасуы құрылымды түрде модификацияланған. Винорелбиннің ісікке қарсы белсенділігі, ең алдымен, оның тубулинмен өзара әрекеттесуі арқылы метафазада митоздың бәсеңдеуімен байланысты.

Қолданылуы

- өкпенің ұсақ жасушалы емес обырының 3 немесе 4 сатысында (монотерапия ретінде немесе біріктіріп);

- антрациклиндер қамтылатын химиялық емдеуден кейінгі рефрактерлі немесе үдемелі 3 және 4 сатыдағы кең таралған сүт безі обырында

Қолдану тәсілі және дозалары

Винельбинді тәжірибелі химиотерапевттің бақылауымен енгізу қажет.

Винельбин тиісінше сұйылтудан кейін қатаң түрде көктамыр ішіне енгізіледі.

Винельбинді интратекальді түрде енгізуге болмайды.

Препарат 20-50 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтылғаннан кейін 6-10 минут бойы көктамыр ішіне болюсті түрде немесе 125 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтылғаннан кейін 20-30 минут бойы қысқа инфузия түрінде енгізілуі мүмкін. Винельбинді көктамырға енгізгеннен кейін натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінің кем дегенде 250 мл-ін қосымша енгізе отырып, шаю керек.

К/і енгізуді бастар алдында иненің көктамыр қуысында тұрғанына көз жеткізген жөн. Винорелбин көктамырды қоршап тұрған тіндерге кіріп кетсе, құюды тоқтатқан және қалған дозаны басқа көктамырға енгізген жөн.

Монотерапия режимінде препараттың әдеттегі дозасы аптасына бір рет дене бетінің әр м2 шаққанда 25-30 мг құрайды.

Дене бетінің ауданы >2м2 емделушілер үшін көктамыр ішіне енгізілетін Винельбиннің бір реттік дозасы 60 мг-ден аспауы тиіс.

Полихимиотерапияда Винельбиннің дозасы және енгізу жиілігі ісікке қарсы нақты бағдарламаға байланысты.

Винорелбиннің ең жоғары жағымды бір реттік дозасы – дене бетінің ауданына шаққанда 35,4 мг/м2 .

Винорелбиннің жалпы ең жоғары дозасы - 60 мг.

Дозалау режимін түзету:

Винорелбиннің метаболизмі және клиренсі, негізінен, бауырлық: тек 18,5%-ы ғана өзгермеген түрде несеппен шығарылады.

Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар емделушілерде негізінде винорелбин дозасын азайту жөнінде нұсқаулар жасауға болатындай әсер етуші заттың өзгерген метаболизмінің оның фармакодинамикалық әсеріне ықпалын білуге қатысты проспективті зерттеулер жоқ.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде винорелбиннің фармакокинетикасы өзгермейді.

Дегенмен, бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтық шаралары ретінде винорелбин дозасын 20 мг/м² дейін азайту және қан көрсеткіштерін мұқият бақылау ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Несеппен бірге шығарылуының мардымсыздығына көңіл бөлетіндей болсақ, бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде винорелбин дозасын азайту үшін фармакокинетикалық негіз жоқ.

Егде жастағы емделушілер

Клиникалық тәжірибе егде жастағы емделушілерде жауаптың жиілігіне қатысты қандай да болсын елеулі айырмашылықтарды байқаған жоқ, алайда кейбір емделушілерде өте жоғары сезімталдықтың болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Жасы винорелбиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Балалар популяциясы

Балалардағы қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ, және, демек, қолдануға ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жұқпалы және паразиттік аурулар

Жиі

- орнығуы әртүрлі орташадан күрделіге дейінгі бактериялық, вирустық немесе зеңдік жұқпалар (респираторлы, несеп-жыныс, асқазан-ішек жолы), дұрыс емдеген кезде салдары қайтымды

Жиі емес

- висцеральді бұзылуы бар күрделі сепсис

- септицемия

Өте сирек

- асқынған септицемия, кейбір жағдайларда өліммен аяқталуға әкелетін

Белгісіз

- нейтропениялық сепсис (1-2% жағдайларда өліммен аяқталатын)

Қан түзу жүйесі және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- 5-7 күн ішінде қайтымды және уақыты жеткенде жиналып қалмайтын нейтропениясы бар, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі

- анемия

Жиі

- тромбоцитопения

белгісіз

- фебрильді нейтропения, панцитопения

Иммунды жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі

- аллергиялық реакциялар (терілік, респираторлық реакциялар)

Белгісіз

- жүйелік аллергиялық реакциялар (анафилаксия, анафилактикалық шок немесе анафилактикалық типті реакциялар)

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Белгісіз

- антидиурездік гормонның талапқа сай емес бөліну синдромы

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі

- ауыр гипонатриемия

Белгісіз

- анорексия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- терең сіңір рефлекстерінің жоғалуын қоса, нейросенсорлы бұзылулар

- химиялық ұзақ емдеуден кейін аяқтардың бұлшықеттерінің әлсіздігі байқалуы мүмкін

Жиі емес

- әдеттегідей, қайтымды сипаттағы сенсорлы және қимыл-қозғалыс бұзылулары бар ауыр парестезия

Өте сирек

- Гийен-Барре синдромы

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек

- жүректің стенокардия типті ишемиялық ауруы, электрокардиограммада транзиторлық өзгерулер; миокард инфарктісі, кейде өліммен аяқталатын

Өте сирек

- тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі және жүрек ырғағының бұзылулары

Қантамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- артериялық гипертензия

- артериялық гипотензия

- қан тебулер және шеткергі суыну

Сирек

- ауыр гипотензия, коллапс

Тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- диспноэ, бронхтың түйілуі

Сирек

- әсіресе митомицинмен біріктірілген винорелбинмен ем қабылдап жүрген емделушілерде кейде өліммен аяқталатын өкпенің интерстициальді аурулары

Өте сирек

- тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- асқазан-ішек бұзылыстары: салданған ішек бітелісіне сирек ауысатын іш қату

- жүректің айнуы, құсу

- стоматит, эзофагит

Жиі

- ауырлығы бір қалыпты немесе орташа өтетін диарея

Сирек

- салданған ішек бітелісі

- панкреатит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- бауыр тестілерінің (жалпы билирубиннің, сілтілік фосфатазаның, трансаминазаның) клиникалық симптомдарсыз транзиторлы жоғарылауы

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция

Жиі

- жайылған тері реакциялары

- алақан-табан эритродизестезиясы синдромы

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар

Жиі

- жақтың ауыруын қоса, артралгия

- миалгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

- креатинин деңгейінің жоғарылауы

Жалпы бұзылулар және препарат енгізілген жердің жағдайы

Өте жиі

- препаратты енгізген жердегі реакциялар (инъекция жасалған жерде ауыру/күйдіру, қызару, көктамыр түсінің өзгеруі, флебит)

Жиі

- астения, қажу

- температураның жоғарылауы

- кеуденің ауыруын, ісіктің орныққан жеріндегі ауыруды қоса, орнығуы әртүрлі ауыру

Сирек

- препаратты енгізген жерде қоршаған тіндердің некрозы, винорелбинді енгізуді бастағанға дейін көктамырға канюляны дұрыс орналастырса, оның айқындылығын шектеуге болады

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- винорелбинге немесе винкаалкалоидтар тобының кез келген басқа препаратына жоғары сезімталдық

- айқын нейтропения (қандағы нейтрофилдердің бастапқы саны <1500 жасуша/мм3) және тромбоцитопения (қандағы тромбоциттер саны <100000 жасуша/мм3)

- емді бастаған кезде немесе соңғы екі апта ішінде бастан өткерген ауыр жұқпалы аурулар

- ісік үдерісімен байланысты емес бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- сары қызбаға қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Барлық цитоуытты препараттарға арналған дәрілік өзара әрекеттесулер:

Онкологиялық ауруларда тромбоз қаупінің жоғарылаумен байланысты антикоагулянттар жиі қолданылады. Ауру аясында қан ұюының ішкі жекелей өзгергіштігінің жоғары деңгейін, және ішке қабылдауға арналған антикоагулянттар мен химиялық препараттар арасында өзара байланыстың болу мүмкіндігін, егер емделушіге ішке қабылдауға арналған антикоагулянттарды тағайындау шешімі қабылданса, ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мониторингін қайталауды арттыру қажет.

Құрамында тірі әлсіз микроорганизмдер бар вакциналармен, вакцина әсерінен туындаған жұқпалардың жайылуы және өліммен аяқталуы мүмкін болғандықтан, бір мезгілде қолдануға ұсынылмайды. Қауіп иммунодепрессивті аурулар қатар жүретін емделушілерде ұлғаяды. Белсенділігі жойылған вакциналарды (полиомиелит) қолдану ұсынылады. Сары қызбаға қарсы вакциналарды бір мезгілде пайдалануға болмайды.

Фенитоин: цитоуытты препараттың ықпал етуімен фенитоиннің сіңуінің төмендеуінен туындаған құрысудың өршу қаупі, немесе цитоуытты препараттың фенитоин әсерінен бауырлық метаболизмнің артуына байланысты уыттылығының ұлғаю немесе тиімділігінің төмендеу қаупі бар.

Бір мезгілде қолданғанда ескеру үшін:

Циклоспорин, такролимус: лимфопролиферация қаупімен иммундық жүйенің шамадан тыс басылуы.

Қабыршөп алкалоидтарына тән дәрілік өзара әрекеттесулер:

Қабыршөп алкалоидтары нейроуыттылығының артуымен байланысты, олардың бауырлық метаболизмі төмендейтін болғандықтан, итраконазолмен біріктіру ұсынылмайды.

С митомицинмен бірге қолданғанда бронхтың түйілуі және тыныстың бұзылулары дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда осы препараттарды бірге қолданғанда интерстициальді пневмонит дамуы мүмкін.

Тасымалдаушы ақуыз Р-гликопротеиннің тежегіштерімен (верапамил, циклоспорин және квинидин) немесе индукторларымен бірге қолдану винорелбин концентрациясының өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Винорелбинге тән дәрілік өзара әрекеттесулер:

Винорелбинді сүйек кемігіне өзінің уытты әсерімен белгілі басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдағанда миелосупрессивті жағымсыз әсерлері өршуі мүмкін.

CYP3A4 ферментінің индукторларымен (фенитоин, рифампицин, фенобарбитал, карбамазепин және шайқурай) біріктіру қанда винорелбин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін немесе CYP3A4 ферментінің тежегіштерімен (итраконазол, кетоконазол, кларитромицин, эритромицин және ритонавир) біріктіру қанда винорелбин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Винорелбинді цисплатинмен біріктіру (өте жиі біріктірілім) винорелбиннің фармакокинетикалық параметрлерінің өзгеруіне әкелмейді. Алайда мұндай жағдайда монотерапия режимімен салыстырғанда гранулоцитопенияның даму қаупі артады.

I фазаны клиникалық зерттеулердің бірінің деректері бойынша көктамырішілік винорелбинді және лапатинибті үйлестіріп қолданғанда 3/4 дәрежелі нейтропенияның пайда болу жиілігінің көбейетіні жөнінде болжам жасалды. Осы зерттеуде 3 апталық бағдарламада 1 күні және 8 күні тәулігіне 1000 мг лапатинибпен үйлестірілетін көктамырішілік винорелбиннің ұсынылатын дозасы 22,5 мг/м² құрады. Мұндай біріктірілім сақтықпен қолданылуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Винорелбинді химиялық емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қолдану қажет.

Винорелбин көктамырішілік жолмен ғана енгізілуі тиіс. Интратекальді жолмен қолдануға болмайды. Қолданудан кейін әрдайым көктамыр ішін шаю үшін физиологиялық ерітіндімен инфузия қатар жүргізілуі тиіс.

Винорелбин көктамыр ішіне жоғары дәлдікпен қолданылуы тиіс: винорелбинмен инфузияны бастамас бұрын инъекцияға арналған иненің көктамырға дәлме-дәл енгізілгеніне көз жеткізу өте маңызды. Винорелбинді енгізген кездегі экстравазация айтарлықтай жергілікті тітіркенуді туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайда винорелбиннің инфузиясын дереу тоқтатқан, көктамырды физиологиялық ерітіндімен шайған жөн, ал дозаның қалдығын басқа көктамырға енгізу қажет. Экстравазация жағдайында флебиттің даму қаупін төмендету үшін көктамыр ішіне глюкокортикостероидтарды енгізу қажет.

Емдеуді мұқият гематологиялық бақылаумен (әрбір жаңа енгізу алдында гемоглобин деңгейін және лейкоциттер, гранулоциттер және тромбоциттер санын анықтау) қажет. Нейтропения дозаны лимиттеуші жағымсыз реакция болып табылады. Нейтрофилдердің өте төмен деңгейі химиялық емдеудің 7-14 күндері байқалады, нейтропения жинақталмайды және 5-7 күн ішінде қайтады. Егер нейтрофилдер саны <1 500/мм³ және/немесе тромбоциттер мөлшері 100 000/мм³-дан азды құраса, емдеуді қан көрсеткіштері қалпына келгенге дейін кейінге қалдырған және емделушіге мұқият бақылау жүргізген жөн. Нейтропения дамитын болғандықтан, емдеу курсының 35%-ы 1 апта кейінге қалдырылуы мүмкін деп шамаланады.

Егер емделушіде жұқпалы ауруды айғақтайтын белгілер немесе симптомдар пайда болса, дереу тексеру жүргізген жөн.

Бауыр функцияларының айқын бұзылуларында винорелбиннің дозасын төмендеткен және емделушінің гематологиялық параметрлеріне мұқият бақылау жүргізген жөн.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде винорелбиннің дозасын түзету қажет емес, өйткені бүйректік экскреция деңгейі жоғары емес.

Егер сәулелену аймағына бауыр қамтылса, винорелбинді сәуле емімен бір мезгілде тағайындамау керек.

Препаратты сыртартқысында жүректің ишемиялық ауруы бар емделушілерге тағайындағанда аса сақтық шаралары қолданылуы тиіс.

Винорелбинді CYP3A4 тежегіштерін немесе индукторларын бір мезгілде қолдану кезінде, винорелбиннің концентрациясына әсер ету қаупі бар болғандықтан, сақтық шаралары қажет.

Амбулаторлық түрде ем қабылдап жүрген емделушілер ентігу дамыған жағдайда дәрігермен байланысу қажет екендігінен хабардар болуы қажет.

Винорелбинді сары қызбаға қарсы вакцинамен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды және құрамында тірі әлсіз микроорганизмдері бар вакциналармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Фенитоинмен (барлық цитоуытты препараттарға ұқсас) және итраконазолмен (барлық винкаалкалоидтармен ұқсас) біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Винорелбиннің көзге тиіп кетуіне қатаң түрде жол бермеу ұсынылады, өйткені бұл күшті тітіркенуді және жара болуын туындатуы мүмкін. Винорелбин көзге тиіп кеткен кезде оларды дереу мол сумен немесе физиологиялық ерітіндімен мұқият шаю қажет.

Бала көтере алатын жастағы әйелдер

Бала көтере алатын жастағы әйелдер емделу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 3 ай бойы контрацепция әдістерін пайдалануы қажет.

Фертильділігіне ықпалы

Винорелбинмен емдеу курсынан өтіп жүрген еркектерге емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін 6 айға дейін әке болуға кеңес берілмейді.

Келешек нәрестенің денсаулығы үшін, винорелбинмен емделудің жағымсыз ықпалынсыз кейіннен ұрықтандыру үшін, емдеу курсын бастағанға дейін сперманы консервілеу ұсынылады.

Егде жастағы науқастар

Егде жастағы емделушілерге қолдануға арналған арнайы нұсқаулық жоқ.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ.Винорелбиннің фармакодинамикалық қасиеттері көлік құралын жүргізуге және механизмдерді басқаруға ықпалын тигізбейді. Алайда қажетті сақтық шараларын қолдану керек, өйткені винорелбинмен емдеу өз кезегінде автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін жағымсыз әсерлердің дамуымен қатар жүреді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жұқпалы асқынулардың, қызбаның, ішек парезінің дамуына ұласатын сүйек кемігінің гипоплазиясы.

Емі: қан құю, гранулоцитопоэзді жақсарту үшін колонияны стимуляциялаушы факторлармен емдеу, кең ауқымды антибиотиктермен емдеу. Артық дозалану жағдайында өмірлік маңызды ағзалар функциясын мұқият бақылаған жөн. У қайтарғысы белгісіз. Шығарылу түрі және қаптамасыФторлы резеңкеден жасалған сұр тығынмен тығындалған және flip-off алюминий қалпақшамен қаусырылған, сыйымдылығы сәйкесінше 2 мл немесе 5 мл, І типті түссіз шыныдан жасалған құтыларға 1 мл және 5 мл препараттан салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, тоңазытқышта 2ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Fresenius Kabi Oncology Limited, Үндістан.

19, Индастриал Эреа, Бадди, Солан ауданы, (Х.П.)-173 205

Тіркеу куәлігінің иесі

Fresenius Kabi Oncology Limited, Үндістан.

19, Индастриал Эреа, Бадди, Солан ауданы, (Х.П.)-173 205

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жібек жолы к-сі 76,

тел: +7 (727) 250-93-44; +7 (727) 273-24-83;

Email: kazbiotech@mail.ru

Прикрепленные файлы

001817731477976429_ru.doc 97 кб
035069241477977694_kz.doc 122 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники