Венорутинол

МНН: Рутозид
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rutoside
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006105
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Венорутинол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар 300 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – венорутинол (О-(β-гидроксиэтил)- рутозидтер рутинге және құрғақ затқа шаққанда 300 мг,

қосымша заттар: макрогол 6000, лактоза моногидраты, кальций стеараты,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы Е 171, хинолинді сары бояғыш Е 104, күн батар түстес сары бояғыш FCF Е 110, желатин.

 

Сипаттамасы

0 өлшемді қақпақшасы мен сары түсті корпусы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде - түйіршіктері бар немесе ішінара немесе толық пішінделген өзек түріндегі масса, иіссіз, сарыдан қоңыр-сары түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Рутозид.

АТХ коды С05СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Белсенді затының плазмадағы ең жоғарғы концентрациясы ішке қабылдағаннан кейін орташа алғанда 2 сағаттан соң білінеді. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы жақсы өтеді. Бауырда бірнеше белсенді емес метаболит түзе отырып, метаболизденеді. Ішінара өзгеріссіз күйде несеппен және өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Венорутинол – Р-витаминді белсенділігі және айқын ангиопротекторлық қасиеттері бар препарат. Препарат қантамыр-тін өткізгіштігін және қылтамырлардың сынғыштығын төмендетеді, тіндер трофикасының қалыптануы мен күшеюіне ықпал етеді, көктамырлар мен паравеноздық бөліктердегі іркіліс құбылыстарын азайтады, ісінуге қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді, көктамыр қан тамырлары тегіс бұлшықеттерінің тонусын арттырады. Тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады; гиалуронидаза белсенділігін бөгей отырып, жасушалар қабығында гиалурон қышқылының белсенділігін тұрақтандырады. Плазманың сұйық бөлігі экссудациясы мен қанның формалық элементтерінің диапедезін азайта отырып, қантамырлар қабырғаларының тығыздығын арттырады. Қан тамырдардағы экссудативті қабыну айқындығы азаюының арқасында, троксерутин қантамыр қабырғасы беткейіне тромбоциттердің жабысуын шектейді.

Қолданылуы

- созылмалы көктамырлық жеткіліксіздікте

- көктамырлардың варикозды кеңеюі, оның ішінде жүктілік кезінде

- беткейлік тромбофлебитте

- перифлебитте

- қылтамырлар өткізгіштігі жоғары геморрагиялық диатездерде

- жұқпалы аурулар кезіндегі (оның ішінде, қызылша, скарлатина, тұмау кезіндегі) капилляротоксикозда

- диабеттік микроангиопатияда

- геморройда

- парестезия мен түнгі уақытта және оянғанда аяқтардың құрысуында

- сәулемен емдеудің қантамырлық жағымсыз әсерлерінде

- көктамырлардың варикозды кеңеюіне қатысты операциялық араласулар - дан кейін

Қолдану тәсілі және дозалары

Венорутинолды тамақтану кезінде ішке 1 капсуладан күніне 2 рет (таңертең және кешке) қабылдайды; демеуші ем үшін – күніне 1 капсуладан. Емдеу курсы 3–4 апта және одан да ұзақ болады. Созылмалы көктамыр жеткіліксіздігінің ауыр жағдайларында (балтыр ойық жаралары мен терісінің трофикалық зақымданулары), диабеттік микроангиопатияда, капилляротоксикозда 1–2 капсуладан тәулігіне 3 рет қабылдау керек (демеуші ем үшін – 1 капсуладан күніне 2 рет). Парестезияда (аяқтардың ұюы) және түнгі тоникалық құрысуларда Венорутинолды 1 капсуладан түнде (ұйықтар алдында) және таңертең қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

- терінің аллергиялық реакциялары

- асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары

- бас ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

  • өршу сатысындағы созылмалы гастрит

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктіліктің I триместрі мен лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат аскорбин қышқылының қылтамырлар өткізгіштігіне әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктіліктің II және III триместрінде, егер ана үшін препаратты қабылдау қажеттігі ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін болса ғана (нақты көрсетілімдері болғанда) тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Венорутинолдың көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті немесе поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты” Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы,

03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі 17.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты” Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі

050043, Алматы қ., Орбита ауданы, 2, 28 үй, кеңсе 30

факс: +7(272) 20-78-05, 55-18-53;

E-mail: vadimt58@list.ru

 

 

Прикрепленные файлы

471152691477976717_ru.doc 46 кб
763026591477977866_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники