Бронхалтин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бронхалтин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
50 мг таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар.
АТХ коды R05CA
Қолданылуы
Тұтқырлығы жоғары бөлінуі қиын қақырықтың түзілуімен қатар жүретін тыныс алу органдарының жедел және созылмалы аурулары (трахеобронхит, өкпенің созылмалы тарылу ауруы, бронхоэктаздық ауру, пневмония, өкпе эмфиземасы, пневмокониоз)
- кешенді ем құрамында.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жағымсыз әсерлері
- тері бөртпесі, қышыну түріндегі аллергиялық реакция
- диспепсия, жүрек айну
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты бронх-өкпе ауруларын емдеу кезінде қолданылатын басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады.
Препаратты құрамында кодеин және жөтелге қарсы басқа дәрілік заттар бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл сұйылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындатады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ішке. Ересектерге және балаларға 12 жастан бастап тамақтанар алдында 1-2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет қабылдау керек.
Балаларға препараттың таблеткасын 1/3 стақан жылы суда ерітіп беруге болады.
Емдеу курсы әдетте 7-14 күнді құрайды.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: жүрек айну, құсу.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: дәрілік жалбызтікен шөбі құрғақ экстрактісі құрамында қалпына келтіретін моносахаридтер жиынтығы кемінде 8,0% және полисахарид кешені кемінде 50,0 % - 0,05 г болады,
қосымша заттар: шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-сұрдан қоңыр-сұрға дейін едәуір күңгірт және едәуір ашық дақтары бар, әлсіз өзіне тән иісі бар, ойығы және сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді дөңгелек таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мг таблеткалар. Қағаз және картон негізінде біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен жабыны бар қаптама қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.
Поливинилхлоридті үлбірден және термодәнекерленген қаптама қағазынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
200 пішінді ұяшықсыз немесе ұяшықты қаптама қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге қорапқа немесе картон жәшікке салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«ВИФИТЕХ» ЖАҚ
Ресей, 142279, Мәскеу облысы, Серпуховск ауданы, Оболенск кенті, МҚ МҒО
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ВИФИТЕХ» ЖАҚ
Ресей, 142279, Мәскеу облысы, Серпуховск ауданы, Оболенск кенті, МҚ МҒО
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Remedy» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қ., Еңбекші ауданы, Санжар Жандосов көшесі, 73 ғимарат.
Телефон: +7 (775)808 90 60
E-mail: remedy_group18@mail.ru