Брексин®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Брексин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Дәрілік түрі
Таблеткалар 20 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: пироксикам ß-циклодекстрин (20 мг пироксикамға баламалы) – 191.2 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кросповидон (A типі), натрий крахмалы гликоляты (А типі), гидратацияланған коллоидты кремний, желатинделген крахмал, магний стеараты
Сипаттамасы
Алты бұрышты, бір жағында бөлу сызығы бар ақшыл сары түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес және ревматизмге қарсы препараттар. Оксикамдар. Пироксикам
ATХ коды M01AC01
Фармакологиялық қасиеттері.
Фармакокинетикасы
ß-циклодекстринмен кешенді пероральді немесе ректальді енгізуден кейін тұтас кешен емес, тек белсенді ингредиент пироксикам ғана сіңіріледі.
Баламалы дозаларда (20 мг пироксикам), пироксикамның плазмалық концентрациясы жоғары шегіне кәдімгі пироксикаммен салыстырғанда циклодекстринмен кешенде анағұрлым ерте жетеді (пероральді қабылдау кезіндегі кәдімгі пироксикамнің 2 сағатымен салыстырғанда 30-60 минут; ректальді енгізу кезіндегі кәдімгі пироксикамның 6-7 сағатымен салыстырғанда 2 сағат).
Пироксикам, көбіне цитохром Р450 CYP 1C9 арқылы бауырда қарқынды метаболизденеді, қабылданған тәуліктік дозаның 5% аздауы өзгермеген түрде несеппен және нәжіспен шығарылады. Маңызды метаболизмдік жолы пироксикам бүйірлік тізбек пиридин сақинасының гидроксилденуі болып табылады, содан кейін глюкурон қышқылымен конъюгация және несеппен шығарылуы жүреді. CYP2C9 (бұл бұрын басқа CYP2C9 субстраттарымен расталған) баяу метаболизаторлары болып табылатын пироксикамды қолданғанда сақтықты қажет етеді, өйткені метаболизмдік клиренс төмендеуінен плазмада препараттың патологиялық деңгейі жоғары болуы мүмкін.
Kel элиминация константасы және ß-циклодекстринмен кешеннің жартылай шығарылу кезеңі кәдімгі пироксикамның ұқсас көрсеткіштерінен айырмашылығы болмайды, өйткені ß-циклодекстринмен кешен шығарылу кинетикасына емес, тек шығарылуына ғана әсер етеді.
Белсенді ингредиент 72 сағат бойы несеппен шығарылады және ß-циклодекстринмен кешен немесе кәдімгі пироксикам қабылдаған дозасының 10%-на дейінді құрайды.
Кешенді пероральді қабылдаудан кейін өзгермеген ß-циклодекстрин несепте және плазмада анықталмайды. ß-циклодекстрин тік ішекте бактериялық микрофлорамен сызықты декстриндер, мальтоза және глюкозаға метаболизденеді.
Фармакодинамикасы
Пироксикам ҚҚСД жаңа класына – оксикамдар класына жатады.
Пироксикамның қабынуға қарсы, ауыруды басатын және басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың әсеріне ұқсас антипиретикалық әсері бар. Басқа да ҚҚСД сияқты, пироксикам циклооксигеназаны тежеу жолымен простагландиндер синтезіне әсер етеді.
Брексин® – пироксикаммен жаңа құрам, онда белсенді ингредиент пироксикам ß-циклодекстринмен кешенде болады.
ß-циклодекстрин – циклдік олигосахарид, кәдімгі крахмал ферменттік гидролизінің туындысы. Өзінің химиялық құрылымының арқасында ß-циклодекстрин әртүрлі препараттармен кешендер (молекулалық инкапсуляция) түзе алады, осылайша, олардың еріткіштік, тұрақтылық және биожетімділік сияқты қасиеттерін жақсарта түседі.
Пироксикам ß-циклодекстрин суда өте жақсы ериді және пероральді және ректальді енгізгеннен кейін пироксикамға қарағанда жылдам сіңіріледі.
Ерігіштігінің жақсаруы нәтижесінде пироксикамның плазмалық деңгейі жылдам жоғарылайды, шыңдық мәніне жылдам жетеді, олар клиникалық түрде байқалады.
Брексиннің® ұзақ жартылай шығарылу кезеңі препаратты бір рет қабылдауға мүмкіндік береді. Фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қасиеттері арқасында Брексин® ауырсынатын ревматизмдік және/немесе қабыну ауруларын, жылдам және қарқынды емдік әсерін алуға қажет болғанда жалпы жай-күйге және қалыпты белсенділікке айтарлықтай әсер ететін емдеуге сәйкес келеді.Қолданылуы
Пироксикам симптоматикалық жеңілдеуге көрсетілген
остеоартритте
ревматизмдік артритте
шорбуынданған спондилитте
Өзінің қауіпсіздік бейініне сүйене отырып, пироксикам ҚҚСД таңдауда бірінші қатардағы препарат болып табылмайды. Пироксикамды тағайындау туралы шешім, жалпы алғанда пациенттер үшін қауіптерді бағалауға негізделуі тиіс.
Пироксикамның тұрақты тиімді концентрациясы плазмада препаратты күнделікті қабылдаудан кейін 5-10 күн ішінде жететін болғандықтан, бұл препарат әсерінің жылдам басталуын қажет ететін ауруларды емдеуге жарамайды.
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозаны қабыну немесе дегенеративтік ревматизм ауруларымен пациенттер диагностикасы мен емдеу тәжірибесі бар дәрігер белгілейді.
Ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг (1 таблетка) құрайды.
Жағымсыз әсерлерін болдырмас үшін симптомдарды бақылауға қажетті ең қысқа уақыт кезеңінде ең төмен тиімді дозасын пайдалану қажет.
Емдеу курсы 14 күнді құрайды. Қайталап емдеу курсын тағайындау қажет болғанда емдеудің тиімділігі мен жағымдылығын әрбір 14 күн сайын бақылап отыру керек. Егер емдеуді ұзарту қажет болса, онда оны пациентті ұдайы тексерумен қатар жүргізу керек. Пироксикам асқазан-ішек асқынулары қаупінің жоғарылауымен астасатынын ескере отырып, әсіресе егде жастағы пациенттерде гастропротективті дәрілермен (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) біріктірілген ем қажеттелігі туындайды.
Дәрігер белгіленген дозаны төмендету мүмкіндігімен препаратты егде жастағы пациенттерге қолдану тәсілін анықтайды.
Балаларға қолдануға арналған доза мен көрсетілімдер белгіленбеген.
Таблеткаларды тамақтан кейін жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішіп, тұтастай жұтқан жөн.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлерін бағалау олардың жиілік деңгейіне негізделген:
Өте жиі (> 1/10)
Жиі (> 1/100 < 1/10 дейін)
Жиі емес (> 1/1000 < 1/100 дейін)
Сирек (> 1/10000 < 1/1000 дейін)
Өте сирек ( < 1/10000)
Белгісіз (қолжетімді деректер бойынша бағаланады).
Жағымсыз реакциялардың дозаға тәуелді және жеке түрленгіштік сипатта болатынын ескеру керек.
Анағұрлым жиі болатыны препаратты қабылдауға жергілкті және организмге жалпы реакциялар болып саналады.
Жиі (> 1/100 < 1/10 дейін)
анемия, тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия
анорексия
бас айналу
бас ауыру
ұйқышылдық
құлақтың шуылдауы
іштің ауыруы, іш қату, диарея, эпигастральді аймақтағы жайсыздық немесе ауыруы, метеоризм, жүрек айну, құсу, диспепсия
бөртпе, қышыну
Жиі емес (> 1/1000 < 1/100 дейін)
көру өткірлігінің төмендеуі
стоматит
Сирек (> 1/10000 < 1/1000 дейін)
гипогликемия, гипергликемия
жүрек қағуының жиілеуі
интерстициальді нефрит, бүйрік бүртіктерінің некрозы, нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, гломерулонефрит.
Өте сирек (< 1/10000)
Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдром) сияқты терінің буллезді реакциялары
Белгісіз (қолжетімді деректер бойынша бағаланады)
апластикалық анемия, гемолиздік анемия.
сарысу құю ауруы, анафилаксия
сұйықтықтың іркілуі
депрессия, ұйқының бұзылуы/әдеттен тыс түс көру, елестеудер, ұйқысыздық, сананың шатасуы, көңіл-күйдің ауытқуы, жүйке тозуы
парестезия
көздің тітіркенуі, көздің ісінуі
естудің бұзылуы
гипертензия, васкулит
диспноэ, бронх түйілуі, мұрыннан қан кету
гастрит, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішектің тесілуі, мелена, гематемезис, пептикалық ойық жара, панкреатит, ауыздың құрғауы
алопеция, ангионевроздық ісіну, эксфолиативті дерматит, экссудативті көп формалы эритема, онихолизис, фотосезімталдық реакциялары, есекжем, везикулобуллезді реакциялар, тромбоцитопениялық емес пурпура.
ісіну, дімкәстік
трансаминазалар жоғарылауы, дене салмағының артуы, дене салмағының төмендеуі, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы, антинуклеарлық антиденеге оң нәтиже, гемоглобиннің төмендеуі, гематокриттің төмендеуі
Пациент күрделі жағымсыз әсерлерінің белгілері мен симптомдары пайда болғанда оның препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігердің кеңесіне жүгінуге тиіс екендігін білуі тиіс.
Белгілері мен симптомдары мынадай:
іштегі жайсыздық, қыжыл, іштің ауыруы
қан аралас немесе кофеге ұқсас массаны құсу
нәжістің қараюы немесе несепте қан болуы
бөртпе және қышыну сияқты тері реакциялары
тыныс алудың қиындауы, респираторлық дисстресс немесе ауық-ауық дем алу, бас аймағының ісінуі
тері мен көздің сары түске боялуы
шаршау сезімі немесе тәбеттің болмауы
тамақтағы персистеуші ауыру, ауыздың ауыруы, әлсіздік немесе қызба
мұрыннан қан кету, теріден қан кетуі
апатия және ісінумен диурездің төмендеуі
ісінумен және апатиямен диурез төмендеуі
бастың қатты ауыруы немесе мойынның иілмеуі
кеудедегі ауыру
сананың бұзылуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
белсенді субстанцияға немесе препарат құрамына кіретін басқа заттарға аса жоғары сезімталдық
анамнезде асқазан-ішек жолының ойық жаралануы, қан кету немесе тесілуі
спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы, асқазан-ішек жолы обыры немесе анамнездегі дивертикулит сияқты қан кетуге бейім асқазан-ішектің бұзылуы
белсенді пептидтік ойық жарасы, асқазан-ішектің қабынған бұзылулары немесе асқазан-ішектен қан кетуі бар пациенттер
гастритпен, диспепсиямен, ауыр бүйрек немесе бауыр ауруларымен, орташа немесе ауыр жүрек ауруымен, ауыр гипертензиямен, ауыр қан ауруымен немесе геморрагиялық диатезбен пациенттер
ЦОГ-2 селективті тежегіштерін, анальгетикалық дозадағы ацетилсалицил қышқылын қоса, басқа ҚҚСД бір мезгілде қолдану
антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану
анамнездегі кез келген типті күрделі дәрілік аллергиялық реакциялар, әсіресе мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз сияқты тері реакциялары
пироксикамға, басқа ҚҚСД, басқа препараттарға бұрын болған тері реакциялары (ауырлығына байланыссыз)
жүктілік, лактация кезеңі, балалар
ацетилсалицил қышқылымен және басқа ҚҚСД-мен айқаспалы сезімталдық потенциалы бар. Ацетилсалицил қышқылы немесе басқа ҚҚСД демікпе, ринит, мұрын полиптер, ангионевроздық ісіну, есекжемді индукциялаған пациенттерге препаратты тағайындамау керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік зат: |
Пироксикаммен бір мезгілде қолданғанда болуы мүмкін реакциялар: |
Басқа ревматизмге қарсы стероидты емес дәрілер |
Жағымсыз әсерлерінің күшеюі (біріктірілім ұсынылмайды) |
Ацетилсалицил қышқылы |
Асқазан-ішек жолының ойық жаралану және қан кету қаупін арттырады (біріктірілім ұсынылмайды) |
Глюкокортикостероидтар |
Асқазан-ішек жолының ойық жаралану және қан кету қаупін арттырады (4.4. бөлімін қараңыз) |
Антикоагулянттар, антиагреганттар, тромбоциттер агрегациясы тежегіштері |
Асқазан-ішек жолынан қан кету қаупін арттырады (біріктірілім ұсынылмайды) |
СКҚСТ (серотонинді кері қармау селективті тежегіштері) |
Асқазан-ішек жолынан қан кету қаупін арттырады (біріктірілім ұсынылмайды) |
Антигипертензиялық дәрілер |
Күтілетін әсерінің бәсеңдеуі, бүйрек зақымдануы болуы мүмкін (сұйықтық қабылдауды, қан қысымын бақылау) |
Диуретиктер |
Күтілетін әсерінің бәсеңдеуі, бүйрек зақымдануы болуы мүмкін (сұйықтық қабылдауды, қан қысымын бақылау) |
Калий-жинақтаушы диуретиктер |
Қанда калий концентрациясының жоғарылау қаупі |
Жүрек гликозидтері |
ҚҚСД бір мезгілде қабылдағанда жүрек гликозидтері концентрациясының жоғарылауы сипатталған – пироксикам зерттеулерінде әсері байқалмаған |
Ішілетін диабетке қарсы дәрілер |
Қанда қант деңгейінің ауытқуы мүмкін (қан қантына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады) |
Фенитоин |
Қанда фенитоин деңгейінің жоғарылауы мүмкін - мониторинг, дозаны түзету немесе қажет болғанда пироксикамды тоқтату ұсынылады |
Литий |
Қанда литий деңгейінің жоғарылауы мүмкін - мониторинг, дозаны түзету немесе қажет болғанда пироксикамды тоқтату ұсынылады |
Пробенецид, сульфинпиразон |
Пироксикам элиминациясының баяулауы |
Метотрексат |
Метотрексатпен емдеуге дейін және одан кейін пироксикам қабылдау қанда метотрексат деңгейінің жоғарылауына және оның жағымсыз әсерлерінің күшеюіне әкелуі мүмкін (біріктірілімдерден тартынған жөн) |
Циклофосфамид, қабіршөп алкалоидтары |
Пироксикамды қабылдау және осы препараттармен емдеуге дейін және одан кейін қандағы деңгейінің жоғарылауына және олардың жағымсыз әсерлерінің күшеюіне әкелуі мүмкін (біріктірілімдерден тартынған жөн) |
Циклоспорин |
Асқазан-ішек жолының зақымдану қаупі, бүйрек және/немесе бауыр зақымданулары күшейеді (біріктірілімдерді болдырмаған және/немесе пироксикам дозасын төмендеткен жөн; бүйрек және бауыр функциясын бақылап отыру керек) |
Циметидин |
Пироксикам элиминациясының төмендеуі, жағымсыз әсерлерінің күшеюі |
Холестирамин |
Пироксикам элиминациясының жылдамадауы |
Протеиндермен байланысуы жоғары дәрілік заттар |
Асқазан-ішек жолы төзімділігінің нашарлауы (біріктірілімдерден тартынған жөн) |
Алкоголь |
Асқазан-ішек жолынан сіңудің бұзылуы (бір мезгілде қолдануы болдырмау керек) |
Айрықша нұсқаулар
Жағымсыз әсерлерін симптомдарды бақылауға қажетті қысқа уақыт кезеңінде ең аз тиімді дозаны қабылдаумен азайтуға болады.
Клиникалық тиімділігі мен төзімділігі мезгіл-мезгіл бағалануы тиіс, жағымсыз тері реакциялары немесе мәнді асқазан-ішек реакциялары алғаш пайда болғанда емдеуді дереу тоқтату керек.
Асқазан-ішек әсерлері, асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдану қаупі, қан кету, тесілу
Пироксикамды қоса, ҚҚСД өлімге әкелуі ықтимал қан кету, ойық жаралы зақымдану, асқазанның, жіңішке және жуан ішектің тесілуін қоса алғанда, күрделі асқазан-ішек құбылыстарын туындатуы мүмкін. Алдыңғы симптомдармен немесе онсыз мұндай күрделі жағымсыз әсерлері ҚҚСД қабылдайтын пациенттерде кез келген уақытта болуы мүмкін. ҚҚСД қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді әсер етуі кезінде күрделі асқазан-ішек реакцияларының қаупі жоғары болады. Обсервациялық зерттеулерде пироксикам басқа ҚҚСД қатысты күрделі асқазан-ішек уыттылығының жоғары қаупімен астасады. Күрделі асқазан-ішек реакцияларының мәнді факторларымен пациенттерге пироксикамды тек мұқият талқылағаннан кейін тағайындайды. Гастропротективті дәрілермен (мысалы, мизопростол, немесе протонды помпа тежегіштері) біріктірілген емнің қажеттілігін талдау керек.
Күрделі асқазан-ішек асқынулары
Қауіп аймағындағы субъектілерді айқындау
Күрделі асқазан-ішек асқынулары дамуының қаупі жас келе артады. 70-тен асқан жас асқынудың жоғары қаупімен астасады. 80 жастан асқан пациенттерге препаратты қоланудан тартынған жөн.
Пероральді кортикостероидтар, серотонинді кері қармау селективті тежегіштері, варфарин сияқты антикоагулянттар немесе ацетилсалицил қышқылының төмен дозалары сияқты антиагреганттар күрделі асқазан-ішек асқынуларының жоғары қаупі аясында болады.
Басқа ҚҚСД қолданғандағы сияқты пироксикамды басқа гастропротективті дәрілермен (мысалы, мизопростол, протонды помпа тежегіштері) біріктірілімде қолдану алдын ала талқылануы тиіс.
Пациенттер және дәрігерлер пироксикам қолданған кезде асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдану белгілері немесе симптомдары кезінде қырағы болулары тиіс. Пациенттер емдеу кезінде емдеу кезіндегі жаңа немесе әдеттен тыс абдоминалды симптомдар жайында дәрігерге хабарлаулары тиіс. Егер емдеу кезінде асқазан-ішек асқынулары пайда болса, онда пироксикам қабылдау дереу тоқтатылып, клиникалық бағалау жүргізілуі және ем тағайындалуы тиіс.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлері
Гипертензиясы және/немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде мониторинг және нұсқау жүргізу қажет, өйткені ҚҚСД бір мезгілде тағайындағанда сұйықтықтың іркілуі және ісінуі мүмкін.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер ҚҚСД қолданудың (әсіресе жоғары дозаларды және ұзақ курспен) артериялық тромбоз қаупінің жоғарылауымен (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) астасуы мүмкін болатын фактісін көрсетіп отыр. Пироксикам үшін мұндай қауіпті жоққа шығару үшін жеткілікті деректер жоқ.
Бақыланбайтын гипертензиямен, іркілісті жүрек жеткіліксіздігімен, анықталған ишемиялық кардиопатиямен, шеткері артериялар ауруымен, және/немесе церебро-васкулярлық аурумен пациенттерге пироксикамды жай-күйін мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындауға болады.
Цереброваскулярлық ауру қаупімен (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) пациенттерде ұзақ емді бастар алдында осыған ұқсас шешім қабылдануы тиіс.
Пироксикам тромбоциттер агрегациясын төмендетеді және қан кету уақытын ұзартады; мұны қан талдауы кезінде, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда назарға алынуы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер мезгіл-мезгіл тексерілуі тиіс, мұндай пациенттерде пироксикаммен простагландиндер синтезінің тежелуі байқалуы мүмкін, бұл жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек перфузиясының ауыр тежелуіне әкелуі ықтимал. Сондықтан егде пациенттер және диуретиктер қабылдайтын пациенттер қауіп аймағында болады.
Препаратты бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданғанда сақ болу талап етіледі. Клиникалық және зертханалық көрсеткіштеріне, әсіресе ұзақ қолданғанда мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу ұсынылады.
Препарат арахидон қышқылының метаболизміне араласатын болғандықтан, ол бронх түйілуі ұстамасын, әрі шок, демікпемен науқастарда немесе демікпеге бейімді пациенттерде басқа аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
ҚҚСД емдеу кезінде офтальмологиялық өзгерістер болуы мүмкін, сондықтан ҚҚСД ұзақ қолданғанда офтальмологиялық бақылау қажет. Сонымен қатар қант диабетімен пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін және антикоагулянттарды (дикумарин туындылары) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытын жиі бақылап отыру ұсынылады.
Тері реакцииялары
ҚҚСД қабылдағанда эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз қоса, тіпті өлімге апаратын күрделі тері реакциялары туралы өте сирек хабарлар болған.
Обсервациялық зерттеулерде пироксикамның, басқа ҚҚСД қарағанда күрделі тері реакцияларының анағұрлым жоғары қаупімен астасатыны анықталған, оксикамдар емес.
Емдеудің басында бұл реакциялар даму қаупінің барынша жоғары қаупі, көп жағдайларда пироксикаммен емдеудің алғашқы айында болады. Пироксикаммен емдеу тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы, аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері алғаш пайда болғанда тоқтатылуы тиіс.
Пироксикамды жүктілікті жоспарлайтын әйелдерде простагландиндер синтезі және циклооксигеназаның басқа тежегіштерін қолдану ұсынылмайды.
Пироксикамды қабылдау фертильдік проблемалары немесе фертильдікке тест өткізуді талап ететін әйелдерде тоқтатылуы тиіс.
Таблетка құрамында лактоза бар: сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp's лактаза тапшылығы немесе галактоза-лактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Пироксикамды анықталған немесе болжамды жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Жүктілік
Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктілікке және/немесе эмбриофетальді дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Жүктіліктің бірінші триместрінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолданудан кейін аборт қаупі, жүрек кемістіктері, гастросхизм қаупі болады.
Жүрек кемістіктері қаупінің пайызы шамамен 1%-дан 1,5% дейін артады.
Қаупі дозаға тәуелді, сондай-ақ емдеу ұзақтығына байланысты деп саналады.
Простагландиндер тежегіштерін қолдану имплантациялық жоғалту алдындағы және одан кейінгі эмбриофеталдық өлімді ұлғайтқан.
Органогенез кезеңінде простагландиндер синтезі тежегіштерін қабылдаған кезде жүрек-қантамыр кемістігін қоса, әртүрлі кемістіктер жағдайлары санының артуы байқалған.
Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландиндер синтезінің барлық тежегіштері шаранада:
жүрек-қантамыр уыттылығын (артериялық түтіктің жабылуы және өкпелік гипертензиямен);
олигогидрамниозбен бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін бүйрек жұмысының бұзылуын туындатуы мүмкін;
жүктіліктің соңында ана мен шаранада:
өте төмен дозаның өзі қан кету уақытын және антиагреганттық әсерін арттыруы мүмкін;
жатырдың жиырылғыштығын тежеу, бұл босанудың баяулауына немесе ұзаққа созылуына әкеледі.
Лактация
Пироксикамды бала емізіп жүрген кезеңде қолдануға болмайды.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас ауыру, ұйқышылдық, бас айналу, естен тану.
Емі: демеуші және симптоматикалық ем.
Гемодиализ препараттың плазма ақуыздарымен байланысуы жоғары болғандықтан пироксикамның шығарылуында тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан мөлдір емес поливинилхлорид/поливинилдихлоридті (ПВХ/ПВДХ) үлбірден және алюминий/поливинилдихлоридті фольгадан (Ал/ПВДХ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1, 2 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы және елі
Chiesi Farmaceutici S.p.A., Парма, Италия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Chiesi Pharmaceuticals GmbH, Вена, Австрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланысу деректері:
«Ацино Каз» ЖШС,
Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Бегалин к-сі, 136 «А»
Телефон: 8 (727-2) 91-61-51
Факс: 8 (727-2) 91-61-51
E-mail: lyubov.tsoy@acino.swiss