Бозентан

МНН: Бозентан
Производитель: Элеас ПФК ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bosentan
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024804
Информация о регистрации в РК: 03.11.2020 - 03.11.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Бозентан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бозентан

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 125 мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Гипертензияға қарсы препараттар. Гипертензияға қарсы басқа препараттар. Өкпенің артериялық гипертензиясы кезінде қолданылатын гипертензияға қарсы препараттар. Бозентан.

АТХ коды С02КХ01

Қолданылуы

Дене жүктемелеріне және клиникалық симптомдарға төзімділікті жақсарту мақсатында ІІ-ІІІ ФК өкпенің артериялық гипертензиясын емдеу (ДДҰ жіктелуі бойынша), оның ішінде:

- өкпенің бастапқы (идиопатиялық және тұқым қуалайтын) артериялық гипертензиясында

- өкпенің елеулі интерстициальді ауруынсыз, склеродермияға қатысты қайталама, өкпе артериялық гипертензиясы

- туа біткен жүйелік-өкпе шунттарымен және Эйзенменгер физиологиясымен байланысты өкпе артериялық гипертензиясы

Бозентан склеродермиялық акропатия аясында терінің жаңа ойық жара зақымдануының профилактикасы мақсатында қолданылады.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары, мысалы, Чайлд-Пью шкаласы бойынша В немесе С класы

-емдеудің алдында бауыр аминотрансферазасының деңгейі жоғары болса, яғни аспартатаминотрансфераза (AST) және/немесе аланинаминотрансфераза (ALT) деңгейі қалыптан үш есеге жоғары болғанда

- А циклоспоринін бір мезгілде қабылдау

- контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын, ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бозентан препаратымен емдеу, егер систолалық қан қысымы 85 мм.сын.бағ. жоғары болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.

Бозентан склеродермиялық акропатия аясында терінің ойық жаралы зақымдануын емдеуге әсер етпейді. .

Қатар жүретін сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктен зардап шегетін өкпе артериялық гипертензиясы бар пациенттер

Пациенттерді сұйықтықтың іркілу белгілеріне (мысалы, салмақтың өсуіне), әсіресе, егер олар қатар жүретін ауыр цистолалық дисфункциядан зардап шегетін болса, бақылау ұсынылады. Бұл жағдайда диуретиктермен емдеуді бастау ұсынылады немесе қабылданатын диуретиктердің дозасын арттыру керек. Диуретиктермен емдеуді бозентанмен емдеуді бастағанға дейін сұйықтықтың іркілу белгілері бар пациенттер үшін қарау керек.

Бауыр функциясы

Бауыр аминотрансферазалары деңгейінің жоғарылауы әдетте емдеудің алғашқы 26 аптасында орын алады. Бозентанды өт тұздарының экспортына кедергі келтіретін рифампицин, глибенкламид және циклоспорин А сияқты басқа тежегіштермен бір мезгілде қолданғанда, бауыр бұзылуларының қаупі арта түседі.

Бауыр аминотрансферазасының деңгейі емдеу басталғанға дейін өлшенуі тиіс және әрі қарай Бозентан препаратымен емдеу кезінде ай сайын өлшенуі тиіс.

АЛТ/AСТ артқан жағдайдағы ұсынымдар

АЛТ/AСТ деңгейі

Бақылау бойынша нұсқаулар және түсіндірмелер

> 3 және  5  ҚЖШ (қалыптың жоғары шегі)

Басқа бауырлық тестпен дәлелдеу қажет; егер артқаны дәлелденсе, Бозентан препаратымен емдеуді жалғастыру жөнінде шешім жекелей негізде болуы тиіс, аз дозада қолдану мүмкіндігі қарастырылады, немесе Бозентан препаратын қолдануды тоқтату қажет. Аминотрансфераза деңгейін кем дегенде әр 2 апта сайын бақылау қажет. Егер аминотрансфераза деңгейі бастапқы деңгейіне оралса, Бозентан препаратын қолдануды төменде сипатталған шарттарға сай жалғастыру немесе қайта жаңғырту мәселесі қарастырылады.

> 5 және  8  ҚЖШ

Бауырдың басқа тестілерімен дәлелдеу қажет; егер артқаны дәлелденсе, емдеуді тоқтату және, кемінде, әрбір 2 апта сайын аминотрансфераза деңгейіне бақылау жүргізу керек. Егер аминотрансфераза деңгейі бастапқы деңгейіне оралса, Бозентан препаратын қолдануды қайта жаңғырту мәселесі қарастырылады.

> 8  ҚЖШ

Ем тоқтатылуы тиіс және Бозентан препаратын қолдануды қайтадан бастау қарастырылмайды

Бауыр зақымдануының клиникалық симптомдары пайда болған жағдайда, яғни жүректің айнуы, құсу, қызба, іштің ауыруы, сарғаю, әдеттен тыс летаргия немесе шаршау, тұмауға ұқсас синдром (артралгия, миалгия және қызба) пайда болғанда, емдеу тоқтатылуы тиіс және Бозентан препаратын қолдануды қайтадан бастау қарастырылмайды.

Ем құрамына қайтадан енгізілуі

Егер Бозентанмен емдеудің әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптерден асып кетсе және бауыр аминотрансферазаларының деңгейі бастапқы деңгейіне оралса, бозентанды емдеу құрамына қайтадан енгізу қарастырылуы қажет. Гепатологтардан кеңес алу керек. Бозентанды қолдануды қайта бастау Қолдану бойынша ұсынымдар бөлімінде жазылған басшылыққа алынатын принциптерімен орындалуы тиіс.

Аминотрансфераза деңгейлері ем құрамына қайтадан енгізілгеннен кейін 3 күн ішінде, мүмкіндігінше жиі, медициналық көрсетілімдері бойынша, жүйелі бақылауға қайта оралғанша, бақылануы тиіс.

Гемоглобиннің концентрациясы

Гемоглобин концентрациясын 1 және 3 айлық емнен кейін, содан кейін тоқсан сайын тексеру ұсынылады. Егер гемоглобин концентрациясы клиникалық тұрғыдан тиісінше азайса, әрі қарай баға берілуі және себептері және белгілі бір емнің қажеттілігі анықталуы тиіс.

Өкпенің вена окклюзиялық ауруы

Егер өкпенің ісіну белгілері ӨАГ бар пациенттерде Бозентан препаратымен емдеуден кейін үдесе, қатар жүретін вена окклюзиялық аурудың болуы мүмкіндігін қарастыру керек.

АИТВ инфекциясымен байланысты өкпенің артериялық гипертензиясы

Пациенттерде Бозентанмен емдеу ритонавир-күшейткіш протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау бастамаланатын болса, пациентте Бозентан жағымдылығына мұқият бақылау жүргізілуі керек, бұл ретте гипотензия қаупімен және бауыр функциясымен ұлғайту фазасының басында ерекше назар аудару қажет.

Бозентан антиретровирустық дәрілік заттармен бірге пайдаланылған кезде гепатоуыттылық пен гематологиялық жағымсыз әсерлердің ұзақ мерзімді қаупінің артуы жоққа шығарылмайды.

Цитохром Р450 (CYP) ферменттеріне Бозентанның индукциялағыш әсер беру мүмкіндігіне байланысты, ол антиретровирусты емнің тиімділігіне әсер етуі мүмкін, бұл пациенттер сондай-ақ АИТВ инфекциясына қатысты мұқият бақылауда болуы тиіс.

Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда абай болыңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері

Бозентан CYP2C9 және CYP3A4 цитохромы изоферменттерінің индукторы болып табылады. Зертханалық деректер де CYP2C19 индукцияны көрсетеді. Сөйтіп, осы изоферменттермен метаболизденетін заттардың қан плазмасындағы концентрациялары Бозентан препаратын бір мезгілде тағайындаған кезде төмендеуі мүмкін.

Осы изоферменттермен метаболизденетін дәрілік заттардың тиімділігінде өзгерулердің болуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Қабылдай бастағаннан кейін осы дәрілік заттардың дозаларын түзету, сондай-ақ оларды бір мезгілде қолданған кезде Бозентан препаратының дозасын өзгерту немесе оны тоқтату қажет болуы мүмкін.

Бозентан CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденеді. CYP3A4 белсенділігінің төмендеуі қан плазмасында бозентан концентрациясының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін (кетоконазолды қараңыз). Бозентанның концентрациясына CYP2C9 тежегіштерінің ықпалы зерттелген жоқ. Осындай біріктірілімді пайдаланған кезде сақ болған жөн.

Флуконазол. Негізінен CYP2C9, сондай-ақ CYP3A4 біршама дәрежеде бәсеңдететін флуконазолды бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы бозентан концентрациясының елеулі ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан препаратты осындай біріктірілімде қолдану ұсынылмайды. Осы себепті CYP3A4 қуатты тежегіштерін (мысалы, кетоконазол, интраконазол немесе ритонавир сияқты), сондай-ақ CYP2C9 тежегішін (мысалы, вориконазол) Бозентан препаратымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Гормональді контрацептивтер. Бозентанды күніне екі рет 125 мг дозада және пероральді контрацептивті бір мезгілде қолданғанда AUC (фармакокинетикалық қисық астындағы аудан) төмендегені байқалды.

Осылайша, гормондық контрацепция барынша тиімді деп саналмауы мүмкін (пероральді қабылданатын, инъекциялық, трансдермальді немесе имплантациялық түрін қоса есептегенде).

Циклоспорин А. Бозентан препаратын циклоспорин А үйлесімде бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде. Бұл күніне екі рет 500 мг циклоспоринмен бірге енгізген кезде бозентанның қан плазмасындағы ең төмен бастапқы концентрациясының бір ғана бозентанды енгізген кезде білінген деңгеймен салыстырғанда, шамамен 30 есе жоғары болуымен байланысты. Осы өзара әрекеттесудің механизмі ең алдымен гепатоциттерге бозентанның циклоспорин арқылы тасымалдануына жауап беретін тасымалдаушы ақуыздың тежелуімен байланысты. Қандағы циклоспорин (CYP3A4 субстраты) концентрациясы шамамен 50%-ға төмен болды.

Такролимус, сиролимус. Бозентанмен бірге қолдану адамдарда зерттелген жоқ, алайда қан плазмасындағы бозентанның концентрациясы А циклоспоринмен ұқсастығына қарай артуы мүмкін деп болжам жасалады. Такролимус пен сиролимустың концентрациясы Бозентан препаратымен бірге қолданған кезде азаюы мүмкін. Бозентан препаратын такролимуспен немесе сиролимуспен бірге қолдануға болмайды.

Глибенкламид. 125 мг доза Бозентанды 5 күн бойы күніне екі рет бір мезгілде қолданғанда плазмадағы глибенкламид (CYP3A4 субстраты) концентрациясы 40%-ға төмендеді. Бозентанның плазмадағы концентрациясы да 29%-ға төмендеді. Бұдан басқа, аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылау жиілігінің өсу жағдайлары байқалды.

Глибенкламид те, сондай-ақ бозентан да өт тұздарының экспортына кедергі жасайды, бұны аминотрансферазаның жоғарылауымен түсіндіруге болады. Осының салдарынан Бозентан препаратын, аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылау қаупінің өсуіне байланысты, глибенкламидпен бір мезгілде қолданбаған жөн. Сульфонилмочевинаның басқа туындыларымен дәрілік өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.

Варфарин. 500 мг доза бозентанды 6 күн бойы күніне екі рет бір мезгілде қолданғанда плазмадағы S-варфарин (CYP2C9 субстраты) және R-варфарин (CYP3A4 субстраты) концентрациялары тиісінше 29 % және 38 % төмендеді. ӨАГ бар пациенттерде Бозентанды варфаринмен бір мезгілде қолданудың клиникалық тәжірибесі халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) сай немесе варфарин дозасының клиникалық маңызды өзгеруіне әкелмейді (емнің бас кезін және клиникалық зерттеудің соңын салыстыру). Бозентанмен емдеудің бас кезінде варфариннің немесе осыған ұқсас ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттардың дозасын түзетудің қажеті жоқ, алайда, әсіресе Бозентан препаратымен емдеудің бас кезінде және дозаны арттыру сатысында, мұны ХҚҚ сай өте қарқынды бақылау керек болады.

Симвастатин. 125 мг Бозентанды күніне екі рет бір мезгілде қолдану 5 күн ішінде плазмадағы симвастатиннің (CYP3A4 субстраты) және оның белсенді түрі – гидроксиқышқылдың концентрацияларын тиісінше 34%-ға және 46%-ға төмендетті. Симвастатинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы бозентан концентрацияларының деңгейіне ықпалын тигізген жоқ. Бірге қолданған кезде холестерин деңгейіне бақылау жүргізіп, әрі қарай дозаны түзету керек.

Кетоконазол. 62,5 мг Бозентанды 6 күн бойы күніне екі рет кетоконазолмен, CYP3A4 күшті тежегішімен бір мезгілде қолдану, бозентан концентрациясының шамамен 2 есе өзгеруіне әкелді. Бозентан препаратының дозасын түзетудің қажеті жоқ. CYP2C9 метаболизмі төмен пациенттерде CYP3A4 тежегіштерінің қатысуымен қан плазмасындағы бозентан концентрациясының арту қаупі пайда болады.

Дигоксин. 500 мг Бозентанды 7 күн бойы күніне екі рет дигоксинмен бір мезгілде қолдану дигоксиннің AUC, Cmax және Cmin мәндерін тиісінше 12%-ға, 9%-ға және 23%-ға төмендетті. Осы өзара әрекеттесудің механизмі гликопротеин Р индукциясымен байланысты болуы мүмкін. Нимодипинді немесе лозартанды бір мезгілде енгізу бозентанның плазмалық деңгейіне елеулі әсер етпейді.

Эпопростенол. Бозентан мен эпопростенолдың біріктірілуі екі зерттеуде зерттелді. Біріктірілімнің қауіпсіздігі бейінінің әрбір компоненттен күтілгеннен айырмашылығы болған жоқ және біріктірілген ем жағымды болды. Біріктірілімнің клиникалық әсері көрсетілген жоқ.

Рифампицин. 7 күн бойы күніне екі рет 125 мг доза Бозентан және рифампицинді (CYP2C9 және CYP3A4 қуатты индукторы) бір мезгілде қолданғанда бозенттанның плазмадағы концентрациясы 58%-дан 90%-ға дейін азайды. Егер Бозентан рифампицинмен бірге енгізілсе, нәтижесінде препараттың әсерінің едәуір төмендегені білінеді. Басқа CYP3A4 индукторларымен (карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, құрамына шайқурай кіретін препараттар) бірге қолдану туралы деректер жеткіліксіз, дегенмен бірге қолданған кезде Бозентанмен емдеу тиімділігінің клиникалық тұрғыдан елеулі төмендеуін жоққа шығаруға болмайды деп болжаған жөн.

Силденафил. Бозентанды күніне екі рет 125 мг дозада (тепе-тең концентрация) және силденафилді 6 күн бойы күніне үш рет 80 мг дозада бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы концентрацияны өзгертті, ол клиникалық маңызды деп саналмады және дозаны түзету қажет болмады. Нимодипинді немесе лозартанды бір мезгілде қолдану бозентанның плазмалық деңгейіне елеулі әсер етпейді.

Лопинавир/ритонавир (және басқа протеазаның ритонавир-күшейткіш тежегіштері). Бозентанды күніне екі рет 125 мг дозада және лопинавир/ритонавирмен 400/100 мг біріктіріліммен бір мезгілде қолданғанда 9,5 күн ішінде концентрацияны 48 есе жоғары арттырды. Қан плазмасындағы бозентан концентрациясының жоғарылауының неғұрлым ықтимал себептері протеиннің сезімталдығымен белгіленген ритонавирдің гепатоциттерге және CYP3A4-ке тасымалдануын тежеу болып табылады, бұл өз кезегінде бозентанның шығарылуын азайтады. Лопинавир + ритонавир немесе басқа да протеазаны ритонавир-күшейткіш тежегіштерімен бір мезгілде қабылдаған кезде пациенттің Бозентанға төзімділігі тексерілуі тиіс. АИТВ жұқтырғандарды Бозентан препаратымен емдеген кезде тиісті бақылаулар жүргізу керек.

Басқа антиретровирустық препараттар. Деректердің болмауына байланысты бұрыннан бар антиретровирустық препараттарға қатысты нақты нұсқаулар жоқ. Невирапинде гепатоуыттылық білінетін болғандықтан, ол бозентанның да гепатоуыттылығын арттыруы мүмкін, бұл біріктірілімді қолдану ұсынылмайды.

Тадалафил

Бозентан (125 мг күніне екі рет) бірнеше дозаны бір мезгілде енгізгеннен кейін тадалафилдің (40 мг күніне бір рет) жүйелік әсерін 42%-ға және Cmax 27%-ға төмендетті. Тадалафил бозентанның немесе оның метаболиттерінің экспозициясына (AUC және Cmax) әсер еткен жоқ.

Арнайы ескертулер

Балаларда қолдану

18 жасқа дейінгі пациенттерде қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бозентан жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Бозентан препаратымен емдеуді бастар алдында жүктіліктің жоқтығын айғақтайтын тексерулер жүргізген жөн.

Контрацепцияның сенімді әдісін жекелей таңдау үшін гинекологқа қаралған жөн.

Гормоналды контрацепция тиімділігінің төмендеуін және жүктіліктің аурудың ағымына ықтимал теріс әсерін ескере отырып, Бозентанмен емдеу кезінде ай сайын жүктілік тестін өткізу ұсынылады.

Бозентанның ана сүтіне өтетін-өтпейтіндігі анықталған жоқ. Бозентанмен емдеу кезінде бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бозентанның көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Бозентан бас айналуды туындатуы мүмкін, бұл көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Өкпенің артериялық гипертензиясы

Ересек пациенттер үшін бастапқы 62,5 мг дозасы 4 апта ішінде күніне екі рет тағайындалады, одан кейін доза күніне екі рет 125 мг демеуші дозасына дейін арттырылады. Осы ұсынымдар емдеуді тоқтатқаннан кейін Бозентан препаратын қайталап енгізуге де қатысты.

Өкпенің артериялық гипертензиясы клиникалық нашарлаған жағдайда емдеу

Бозентанмен кем дегенде 8 апта бойы емдеуге қарамастан (оның ішінде ұсынылған дозасында кемінде 4 апта), клиникалық нашарлау жағдайы орын алса (мысалы, 6 минуттық серуендеу тесті кезінде емдеу басталғанға дейін өлшенгенмен салыстырғанда қашықтықтың азаюы кемінде 10%-ға төмендесе), мұндай кезде баламалы емдеу әдістері қарастырылуы тиіс.

Бозентанды қабылдаудың 8 аптасынан кейін емдік жауап болмаған кейбір пациенттерде, қосымша 4-8 апта емдеуден кейін оң жауап байқалуы мүмкін.

Бозентанмен емдеуге қарамастан (бірнеше ай емдеуден кейін) кешеуілдеген клиникалық нашарлау жағдайында (яғни бірнеше айдан кейін) емдеу қайта бағалануы тиіс. Бозентанды 125 мг қабылдауға жауабы нашар кейбір пациенттер дозаны күніне екі рет 250 мг дейін арттырса, өзінің физикалық жұмыс қабілетін сәл жақсарта алады. Гепатоуыттылық дозаға байланысты екенін ескере отырып, пайда/қауіпті мұқият бағалау керек.

Склеродермиялық акропатия аясындағы терінің жаңадан түзілген ойық жаралы зақымдануларының профилактикасы

Бастапқы сатыда емдеу мен бақылауды жүйелі склеродермияны емдеуде тәжірибесі бар дәрігер ғана жүргізуі тиіс.

Ересек пациенттерде препараттың бастапқы дозасы 4 апта бойы күніне екі рет 62,5 мг, сосын дозасы күніне екі рет 125 мг демеуші дозасына дейін арттырылады. Аталған көрсетілім бойынша қолдану тәжірибесі 6 аймен шектеледі. Сол ұсынымдар емдеуді тоқтатқаннан кейін Бозентанды қайта енгізуге де қатысты. Бозентанның гепатоуыттылығын ескере отырып, науқасқа пайдасы/қаупі арақатынасын мұқият саралау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді. Таблеткаларды тамақтану уақытына қарамастан таңертең және кешке ішке қабылдау керек. Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар сумен ішілуі тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Артық дозалану, белсенді кардиоваскулярлық медициналық араласуды талап ететін айқын артериялық гипотонияға алып келуі мүмкін. Артық дозалану жүрек айну, құсу, гипотензия, бас айналу, тершеңдік және көрудің нашарлауы сияқты симптомдармен бірге жүреді. Бозентан организмнен гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Дегенмен, болуы мүмкін тоқтату әсеріне байланысты, клиникалық жағдайдың нашарлау қаупін болдырмас үшін, дозасын (оны 3-7 күн ішінде жартысына дейін азайта отырып) баламалы емнің басталуымен бір мезгілде біртіндеп төмендету ұсынылады. Дозаны төмендету кезінде пациент тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алыңыз

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Өте жиі

- бауыр сынамаларының өзгеруі

- ісіну, сұйықтықтың іркілуі

- бас ауыруы

Жиі

- анемия, гемоглобин төмендеуі

- аллергиялық реакциялар (оның ішінде дерматит, қышыну және бөртпе)

- естен тану

- жүректің соғуы

- қан кернеуі

- гипотония

- гастроэзофагеальды рефлюкс, іштің өтуі

- эритема

- мұрынның бітелуі

Жиі емес

- тромбоцитопения

- нейтропения, лейкопения

- гепатитпен және/немесе сарғаюмен байланысты аминотрансферазалар деңгейінің артуы

Сирек

- анафилаксиялық шок және/немесе Квинке ісінуі

- бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі

Белгісіз

- анемия немесе қан жасушаларын құюды талап ететін гемоглобиннің төмендеуі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 125 мг бозентан,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, натрий крахмалы гликоляты, натрий кроскармеллозасы, повидон, глицерин бегенаты, магний стеараты,

қабықтың құрамы: этилцеллюлоза, тазартылған су, Opadry pink 03К540025: (гипромеллоза (Е 464), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, тальк (Е553b), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е172).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жағы дөңес, қызғылт сары-ақ түсті, бір жағында «125» және екінші жағында «NAT» деген таңбасы бар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, бұралатын қақпағы бар құтыға 56 таблеткадан салынған.

1 құтыдан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Элеас» ӨФК ЖШС

040707, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Боралдай кенті, өнеркәсіптік аймақ 71 разъезд, 60 А құрылыс.

Телефон: 8(727)398-04-30,

E-mail: info@eleas.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Элеас» ӨФК ЖШС

040707, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Боралдай кенті, өнеркәсіптік аймақ 71 разъезд, 60 А құрылыс.

Телефон: 8(727)398-04-30,

E-mail: info@eleas.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Элеас» ӨФК ЖШС

040707, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Боралдай кенті, өнеркәсіптік аймақ 71 разъезд, 60 А құрылыс.

Телефон: 8(727)398-04-30,

E-mail: info@eleas.kz

Прикрепленные файлы

каз_Бозентан_инструкция_ЛВ_откоррек.docx 0.05 кб
Бозентан_инструкция_ЛВ_откоррек.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники