Бифосин® (Крем)

МНН: Бифоназол
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bifonazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003218
Информация о регистрации в РК: 25.01.2012 - 25.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

БИФОСИН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бифоназол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1 % крем

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат: 1.0 г бифоназол қосымша заттар: макрогол-400, макрогол-4000, пропиленгликоль – 100 г дейін

Сипаттамасы

Түссіз, ақшыл немесе сұрғылт реңді немесе түссіз сұрғылт-крем реңдес біркелкі крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар.

Имидазол туындылары

АТЖ коды D01AC10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бифосин® терінің зақымданған қабаттарына жақсы сіңеді. Сіңуі – 0,6-0,8%, қан плазмасындағы концентрациясы анықталмайды. Зақымданған теріге кремді жаққаннан кейінгі сіңірілуі – 2-4 %, қан плазмасындағы концентрациясы 2 нг/мл. Терідегі концентрациясы қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң жетеді немесе дерматомикоздан туындаған негізгі зеңдер үшін ең төменгі тиімді концентрациясынан көп есе асып түседі: эпидермистің үстіңгі қабатында (Stratum corneum) 1 мг/см2, Stratum papillare-де 5 мг/см2. Теріден жартылай шығарылу кезеңі 19-32 сағатты (оның тығыздығына байланысты) құрайды. Теріде сақталу ұзақтығы – 48-72 сағат.

Фармакодинамикасы

Бифоназол Бифосин® препаратының белсенді заты, имидазол туындысы болып табылады және зеңге қарсы кең ауқымды әсері бар.

Дерматофиттерге қатысты алғанда (трихофитон, микроспорум, эпидермофитон) фунгицидті; фунгистатикалық – ашытқы тәрізді, өңезденген зеңдер (Aspergillus ferrus, Scopulariopsis brevicaulis), Malassezia furfur әсер етеді, Corinebacterium minutissimum-ге қарсы (ең төменгі бәсеңдететін концентрациясы (ТБК) 0.5-тен 2 мкг/мл дейінгі диапозонда өзгеріп тұрады) –және энтерококктерді қоспағанда (ТБК 4-16 мкг/мл), грамоң кокктерге қатысты алғанда белсенді.

Бифосиннің әсер ету нысанасы эргостерин – зеңдер жарғақшаларының маңызды компоненті. Бифосин® эргостериннің синтезін оның екі түзілу кезеңінде бәсеңдетеді, бұл зеңдер жарғақшаларының құрылымдық және цитоплазматикалы функционалдық зақымдануына әкеледі.

Ең төменгі тиімді концентрациясы – әсер ету ұзақтығы кем дегенде 6 сағатқа созылғанда 5 нг/мл; 3 нг/мл концентрациясында жылдам пролиферациялаушы Trichophyton mentagrophytes мицелийі өсуі ақырындайды. Ашытқы тәрізді Candida тұқымдас зеңдерге фунгистатикалық, ал 20 нг/мл концентрациясында – фунгицидті әсері бар.

Қолданылуы

  • дерматофиттер, ашытқы тәріздес, өңезденген зеңдер, сондай-ақ Malassezia fufur және Corynebacterium minutissimum туындатқан терінің зақымдануын емдеуде;

  • табан мен қол саусақтарының микозында

  • тегіс тері дерматомикозында

  • кебек тәрізді теміреткіде

  • терінің беткейлі кандидозында

  • эритразмада.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Бифосин® кешке ұйықтар алдында тәулігіне бір рет қолданылады. Препаратты терінің зақымданған жеріне жұқалап жағып, мұқият ысқылау керек. Қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізу үшін ем үзіліссіз болуы және келесі ұсынылған мерзім ішінде жалғасуы тиіс:

  • табан және бақайаралық микозда – 3-4 апта.

  • терінің тегіс дерматомикозында – 2-3 апта.

  • кебек тәрізді теміреткіде, эритразмада – 2 апта.

  • терінің беткей кандидозында – 2-4 апта.

Терінің алақандай көлеміне әдетте кремнің 0.5 немесе 1 см жолағы жеткілікті.

Микоздың клиникалық көрінісін жойғаннан кейін қайталанудың алдын алу үшін препаратты күніне 1 рет қолдана отырып, емді 2 аптаға жалғастыру қажет.

Жағымсыз әсерлері

Кейде

  • тері гиперемиясы және тітіркенуі, шымылдатқанды сезіну, аллергиялық реакциялар

Сирек

- экзема, терінің қышуы, везикулярлы бөртпе

- аллергиялық реакциялар: өте сирек – аллергиялық дерматиттің дамуы мүмкін

- жергілікті реакциялар: мацерация түрінде, түлеу, гиперемия

Бұл жағымсыз әсерлер қайтымды және емді тоқтатқаннан кейін жойылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бифанозолға немесе препараттың басқа компоненттеріне асқын сезімталдықта (оның ішінде цетостеарилді спирт)

  • жүктіліктің І триместрінде немесе лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бифосинді® қандай да бір дәрілік өзара реакциялар болмағандықтан басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Сақтықпен: еметін жаста, жүктілікте (II III триместр) тек қатаң көрсетілімдер бойынша

Әсері жеткіліксіз немесе жоқ болса, науқасты қосымша тексеріп (иммунитет, қан, эндокриндік жүйе, зақымдану аймағының микроциркуляциясы жағдайы), және емді тексеру нәтижесіне сәйкес түзету керек.

Емшек еметін балаларға тек қана дәрігердің бақылауымен қолданылуы мүмкін.

Бифосинді көзге тигізіп алудан сақтаныңыз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сипатталмаған

Артық дозаланғанда

Қазіргі кезде сыртқа қолдануға арналған 1 % Бифосин® кремінің артық дозалануы жағдайлары туралы хабар алынған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г алюминий сықпаға салынған. Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15 ºС-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ.

Ресей Федерациясы, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7.

тел./факс (3522) 48-16-89

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

 

Прикрепленные файлы

286384701477977177_ru.doc 52.5 кб
342861411477978337_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники