Ацетилсалициловая кислота (500 мг, Павлодарский фармацевтический завод ТОО)

МНН: Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Павлодарский фармацевтический завод ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Acetylsalicylic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014224
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1.97 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ацетилсалицил қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацетилсалицил қышқылы

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: ацетилсалицил қышқылы 500 мг,

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, картоп крахмалы, тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жалпақ цилиндр беткейлі, бір жағында сызығы және екі жағында ойығы бар, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетик-антипиретиктер. Салицил қышқылы мен оның туындылары. Ацетилсалицил қышқылы.

АТХ коды N02BA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін негізінен ащы ішектің проксимальді бөлімінен, аз дәрежеде асқазаннан жылдам сіңіріледі.

Асқазанда тағамның болуы ацетилсалицил қышқылының сіңуін едәуір өзгертеді. Ацетилсалицил қышқылы организмнің көптеген тіндері мен сұйық ортасына таралады. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы өтеді.

Салицил қышқылын түзе отырып, кейіннен глицин немесе глюкуронидпен конъюгациясымен бауырда гидролиз жолымен метаболизденеді. Салицил қышқылының 80% жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.

Ацетилсалицил қышқылының жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) шамамен 15 минутты, салицил қышқылынікі – 3 сағатқа жуықты құрайды. Негізінен салицил қышқылы түрінде бүйрекпен шығарылады. Салицил қышқылының шығарылуы дозаға тәуелді болады.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Қабынуға қарсы, ауыруды басатын, ыстықты түсіретін әсер береді, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Әсер ету механизмі қабыну, ауыру және қызба патогенезінде басты рөл атқарып, простагландиндер ізашары болып табылатын арахидон қышқылы метаболизмінің негізгі ферменті – циклооксигеназа белсенділігін бәсеңдетумен байланысты.

Ацетилсалицил қышқылының ауыруды басатын әсері екі механизмге негізделген: шеткергі (простагландиндер синтезін басу арқылы болған) және орталық (орталық және шеткергі жүйке жүйесіндегі простагландиндер синтезін тежеумен байланысты). Простагландиндер өнімдерінің азаюы салдарынан олардың термореттеу орталықтарына әсері азаяды. Тромбоксан А2 тромбоциттерінде синтездің қайтымсыз бұзылуы ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсеріне негізделеді. Ацетилсалицил қышқылы жоғары дозаларда бауырда протромбин синтезін тежейді және протромбин уақытын ұзартады.

Қолданылуы

- этиологиясы әртүрлі әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауыру синдромында (оның ішінде бас сақинасы, тістің ауыруы, невралгия, миалгия, буынның ауыруы, люмбаго)

- тұмау, суық тию (ЖРВЖ) және басқа да жұқпалы-қабыну ауруларындағы жоғары температурада (қызба)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ацетилсалицил қышқылын тамақтанудан кейін сұйықтықтың көп мөлшерімен – сумен ішіп қабылдайды.

Ауыру синдромында ересектерге тәулігіне 3-6 рет 250–500 мг/тәул (1/2-1 таблетка) қабылдау ұсынылады. Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ең жоғары бір реттік доза – 1000 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 3000 мг.

16 жастан асқан балаларға тәулігіне 2 рет 250 мг (1/2 таблетки) бір реттік дозада тағайындайды, ең жоғары тәуліктік доза 750 мг.

Ыстықты түсіретін дәрі ретінде 38,5°С-ден жоғары дене температурасында (сыртартқысында фебрильді құрысулар бар емделушілерге - 37,5 °С-ден жоғары температурада) 500-1000 мг дозада тағайындайды.

Емдеу ұзақтығы (дәрігердің кеңесінсіз) ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындалғанда 5 күннен және ыстықты түсіретін дәрі ретінде - 3 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

– жүрек айнуы, тәбеттің болмауы, асқазанның ауыруы

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртуі, есекжем, Квинке ісінуі, Лайелл синдромы, бронх түйілуі, эозинофилия, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, «аспириндік триада»: бронхтық демікпенің, қайталанатын мұрын және мұрын маңы қуысы полипозы мен ацетилсалицил қышқылын көтере алмаушылықтың қосылуы)

  • Рейе синдромы

  • интерстициальді нефрит, папиллярлық некроз, нефроздық синдром,

  • тромбоцитопения, анемия, лейкопения

  • бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі

  • бас айналу, бас ауыру, құлақтағы шуыл, есту өткірлігінің төмендеуі

  • асқазан мен он екі елі ішектің эрозиялық және ойық жаралы зақымдануы, асқазан-ішектен қан кету

  • жүрек жеткіліксіздігі ауырлығының күшеюі

  • асептикалық менингит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • салицил қышқылына, оның туындыларына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық

  • асқазан-ішек жолының асқыну сатысындағы эрозиялы-ойық жаралық зақымданулар, геморрагиялық диатездер, геморрагияға бейімділік, жоғары қанағыштық, қан ұюдың бұзылуы (гемофилия, Виллебранд ауруы, телеангиоэктазия, К витамині тапшылығы, тромбоцитопения, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, гипопротромбинемия)

  • нефролитиаз, гиперурикемия

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

  • бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

  • cу-электролиттік теңгерім мен қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің айқын бұзылуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 16 жасқа дейінгі балалар

  • метотрексатты 15 мг/апта және одан көп дозада қабылдау

  • подагра және подагралық артрит

Гиперурикемияны, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруын антикоагулянттармен қатарластыра емдегенде сақ болу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылы антикоагулянттардың, қантты төмендететін дәрілердің, кортикостероидтардың, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің, метотрексаттың, резерпиннің әсерін оларды ішке қабылдағанда күшейтеді.

Фенацетин, антигистаминдік дәрілер, ацетаминофен, кофеин жағымсыз құбылыстардың даму қаупін, глюкокортикоидтар – асқазан-ішек жолы шырышты қабығына жағымсыз әсер етуін арттырады және Cl жоғарылатады.

Препарат қандай да бір дәрежеге дейін спиронолактон, фуросемид, урикозуриялық дәрілердің әсерін азайтады.

Тікелей емес антикоагулянттармен, тромбоциттер агрегациясы тежегіштерімен, тромболитикалық дәрілермен бір мезгілде қолдану кезінде қан кету қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бауыр және бүйрек аурулары бар емделушілерге бронх демікпесі, сытартқыдағы эрозиялы-ойық жаралы зақымданулар мен асқазан-ішек жолынан (АІЖ) қан кетулер, жоғары қанағыштық кезінде сақтықпен қолдану керек. Ацетилсалицил қышқылын ұзақ қолданған кезде ульцерогенді әсерін (тромбоциттер агрегациясына әсерін, кейбір антикоагуляциялаушы белсенділігін) дер кезінде анықтау үшін нәжісте қан болуын және қан талдауларын мезгіл-мезгіл бақылап отырған жөн. Ауыруды басатын және қабынуға қарсы басқа да дәрілермен бір мезгілде тағайындамаған жөн.

Операцияның барысында және операциядан кейінгі кезеңде қан кетудің даму қаупін азайту үшін жоспарланған хирургиялық араласуларға дейін 5-7 тәулік бұрын ацетисалицил қышқылын қабылдауды тоқтату қажет.

Вирустық жұқпалар туындатқан жедел респираторлық аурулары, гипертермиямен, вирустық жұқпалар туындатқан респираторлық аурулармен қатар жүретін аурулары, гипертермиямен қатар жүретін аурулары бар 16 жасқа дейінгі балаларға Рейе синдромының даму қаупіне байланысты ацетилсалицил қышқылы препаратын тағайындамайды.

Жүктілік кезеңінде қолдану

Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктілікке және эмбрион немесе ұрықтың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулер деректері көрсеткендей, жүктіліктің ерте кезеңдерінде простагландиндер

синтезінің тежегішін қолдануда ақаулар мен мальформацияның даму қаупі жоғарылайтынын дәлелдейді. Бұл ретте, қаупінің дозаны жоғарылатқанда және емдеуді ұзартқанда артуы болжанады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда көлік құралын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару мүмкін, өйткені ацетилсалицил қышқылы зейін қоюды төмендетпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гипервентиляция, құлақтағы шуыл, көру мен есту өткірлігінің төмендеуі, бас ауыруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, жалпы дімкәстік. Ауыр улану кезінде сандырақтау, тремор, ентігу, эксикоз, гипертермия, кома, құрысулар пайда болуы мүмкін.

Емі: құстырту немесе асқазанды шаю, белсендірілген көмір, іш жүргізетін дәрілер тағайындау. Емдеуді арнайы бөлімдер жағдайында жүргізген жөн.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС,

Қазақстан, Павлодар қ., 140011, Қамзин к-сі, 33

Тіркеу куәлігінің иесі

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан, Павлодар қ., 140011, Қамзин к-сі, 33, тел./факс: 8 (7182) 61-79-63/61-79-62, pfz@romat.kz.

Прикрепленные файлы

728977851477976674_ru.doc 71 кб
222683561477977806_kz.doc 91 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники