Аскофол

МНН: Аскорбиновая кислота, Фолиевая кислота
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фолиевая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018729
Информация о регистрации в РК: 28.02.2012 - 28.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Аскофол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: аскорбин қышқылы - 100 мг

фолий қышқылы - 0,8 мг,

қосымша заттар: құмшекер, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақшыл сары түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қанға және қан түзуге әсер ететін препараттар. Басқа да препараттармен біріктірілімдегі фолий қышқылы.

АТЖ коды В03ВВ51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан толықтай, негізінен он екі елі ішекте, ішінара – мықында сіңеді. Сmax ішке қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң жетеді. Қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы норма бойынша шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Депо деңгейі 1,5 г шамасын құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы 25% жуық. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, сонан соң – бүкіл тіндерге жеңіл өтеді; гипофиздің артқы жағында, бүйрек үсті бездері қабығында, көз эпителийінде, ұрық бездерінің аралық жасушаларында, аналық безде, бауырда, мида, көкбауырда, асқазан асты бездерінде, өкпеде, бүйректе, ішек қабырғаларында, жүректе, қалқанша бездерінде жинақталады. Негізінен дезоксиаскорбинді және одан әрі қымыздықсірке және дикетогулон қышқылдарына метаболизденеді. Өзгермейтін аскорбат және метаболиттер несеппен, нәжіспен, содан соң емшек сүтімен шығарылады. Жоғары дозаларда қабылданған аскорбин қышқылы өзгермеген күйде несеппен жылдам шығарылады.

Фолий қышқылы ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді, негізінен бауырда және жұлын-ми сұйықтығына жылдам енеді. Плазма ақуыздарымен қарқынды байланысады. ГЭБ, плацента және емшек сүті арқылы енеді. Тетрагидрофолий қышқылын түзе отырып, бауырда жинақталады және метаболизденеді. Сmax ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң жетеді. Бауырда және тіндерде метаболизденеді. Өтпен, несеппен және гемодиализдің көмегімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы жасуша ішілік коллаген түзу үшін қажет, тістің, сүйек пен қылтамыр қабырғаларының нығаюына қажет етіледі. Қышқылдандыру-қалпына келтіру реакцияларына, тирозин метаболизміне, фолий қышқылының фолин қышқылына өзгеруіне, көмірсулар метаболизміне, липидтер мен ақуыздар синтезіне, жасушалық тыныс алу үрдістерінде темірдің метаболизміне қатысады, организмнің жұқпаларға қарсыластығын жоғарылатады. Темірдің редуцияланған түрде жинақталуына ықпал ете отырып, сіңуін жақсартады. Антиоксидантты қасиетке ие.

Фолий қышқылы (В тобы витамині). Организмде әртүрлі метаболикалық үрдістерге қатысатын кофермент болып саналатын тетрагидрофолий қышқылына дейін қалпына келтіріледі. Мегалобластар қалыпты жетілуіне және нормобластар түзілуіне қажетті. Эритропоэзді көтермелейді, аминқышқылдары (оның ішінде метиониннің, сериннің), нуклеин қышқылдары, пуриндер мен пиримидиндердің синтезіне, холиннің, гистидиннің алмасуына қатысады. Жүктілік кезінде организмді тератогендік факторлардың әсер етуінен қорғайды.

Қолданылуы

- дәрілік заттар мен иондаушы радиация туындатқан макроцитарлық анемия, спру, анемия және лейкопенияда

- жүктілік және лактация кезеңінде (жоғары қажеттілікте)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға тамақтан кейін күніне 1/2 таблетка, күнделікті. Жүктілік және лактация кезеңінде күніне 1 таблеткадан. Емдеу курсы 20-30 күн. Қажет болғанда емдеу курсы қайталанады.

Жағымсыз әсерлері

- үлкен дозада ұзақ уақыт қолданғанда – бас ауыруы, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының жоғарылауы, ұйқысыздық

- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі

- тері бөртпесі, қышыма, бронх түйілуі, тері гиперемиясы, гипертермия

Зертханалық көрсеткіштері: тромбоцитоз, гипертромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдықта

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы: ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен сыртқа шығарылуы жоғарылап, ацетилсалицил қышқылының шығарылуы төмендейді. Аскорбин қышқылының 1 г/тәулігі дозасы ішке қабылдауға арналған контрацептивтер құрамындағы этинилэстрадиолдың биожетімділігін арттырады. Аскорбин қышқылы өзінің қалпына келтіретін қасиетімен үшвалентті темірді еківаленттіге ауыстырады, бұл оның сіңуінің жақсаруына ықпал етеді. Изопреналиннің хронотропты әсері аскорбин қышқылымен бір мезгілде қолданғанда азаяды. Алкоголь организмдегі аскорбин қышқылының деңгейін азайтады. Ұзақ қолданғанда немесе жоғары дозада қолданғанда аскорбин қышқылы дисульфирам-алкогольдің өзара әрекеттесуін бұзуы мүмкін. Жоғары дозада мексилетиннің бүйрек арқылы шығуын жоғарылатады. Барбитураттармен бір мезгілде қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылайды. Аскорбин қышқылы амфетамин мен үш циклді антидепрессанттардың өзекшелік қайта сіңірілуін азайтады. Бір мезгілде ҚҚСП қолданғанда аскорбин қышқылы олардың ульцерогенді әсерін азайтады.

Фолий қышқылы: хлорамфеникол, неомицин, полимиксиндер, тетрациклиндер фолий қышқылының сіңуін азайтады. Фолий қышқылы бір мезгілде қолданғанда фенитоиннің, ПАСҚ, сульфасалазиннің, ішке қабылдауға арналған гормоналдық контрацептивтердің, хлорамфениколдың әсерлерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылын гипероксалурияға шалдыққан, бүйрек қызметінің бұзылуында, сыртартқысында несеп-тас ауыруы көрсетілген емделушілерге сақтықпен қолдану керек. Аскорбин қышқылы темірдің сіңірілуін арттыратындықтан оны гемохроматозбен, талассемиямен, полицитемиямен, лейкемия мен сидеробластты анемиясымен емделушілерде жоғары дозада қолдану қауіпті. Мұндай жағдайларда аскорбин қышқылын ең аз дозада қолданған жөн. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар, обыр ауыруы үдеп келе жатқан емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Пернициозды анемияда фолий қышқылын тек цианокобаламинмен бірге қолданған жөн, өйткені фолий қышқылы гемопоэзды көтермелей отырып, неврологиялық асқынулар (соның ішінде фуникулярлық миелоз) дамуынан сақтандырмайды. Фолий қышқылын гормонға тәуелді обырда ұзақ уақыт жоғары дозада қолданбаған абзал.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: аллергиялық реакциялар, бас ауыруы, бүйрек қызметінің бұзылуы, артериялық қысымның көтерілуі, орталық жүйке жүйесінің қозуы, құрысулар.

Емдеу: препаратты тоқтату, симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың бірдей санымен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

659325, Алтай өлкесі, Бийск қ.

Заводская к-сі, 69

Тел. (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы,

телефон нөмірі, факстің нөмірі, электронды поштасы.

«Алтайвитамины» ЖАҚ

659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69

Тел. (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

E-mail: texotdel@altayvitamin.ru

Прикрепленные файлы

555087211477977103_ru.doc 54.5 кб
133766991477978276_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники