Антиоксикапс с железом

МНН: Поливитамины
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с железом
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004538
Информация о регистрации в РК: 01.02.2013 - 01.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Темір қосылған антиоксикапс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: майдағы 30% суспензия түріндегі бета-каротин – 2 мг альфа-токоферилацетаты – 5 мг аскорбин қышқылы – 25 мг темір (ІІ) сульфаты моногидраты түріндегі темір – 20 мг,

қосымша заттар: ара балауызы, лецитин, күнбағыс майы,

желатинді капсула қабығының құрамы: глицерин, метилпарагидроксибензоат Е - 218, пропилпарагидроксибензоат Е – 216, тазартылған су, титанның қостотығы Е - 171, «керемет қызыл» Е-129, желатин.

Сипаттамасы

Серпінді, қызыл түсті, жігі бар сопақша пішінді жұмсақ желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ашқылтым иісі жоқ, қызыл түсті майлы суспензия. Сақтаған кезде қоспа қабаттарға бөлінуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Темір қосылған поливитаминдер.АТХ коды А11АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Темір қосылған антиоксикапс препаратының әсері оның компоненттері әсерінің жиынтығы болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес. Барлық компоненттерді бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің жәрдемімен бақылау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Темір қосылған антиоксикапстің фармакологиялық белсенділігі ондағы витаминдердің: аскорбин қышқылының, α-токоферилацетаттың, β-каротиннің және темір микроэлементінің кешенді әсерімен жүзеге асырылады.

Аскорбин қышқылы организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуге қатысады, көмірсу-ақуыздың алмасуын белсенді етеді, холестериннің метаболизмін арттырады, қанның ұйығыштығын арттырады, тіндердің регенерациясын, стероидты гормондардың, коллагеннің және проколлагеннің синтезін күшейтеді, темірдің сіңуін жақсартуға мүмкіндік береді. Ол организмнің бейімделу мүмкіндігін арттырады және оның жұқпаларға қарсылығын күшейтеді.

α-токоферилацетат организмде майлардың тотығуын және одан уытты асқын тотықтардың түзілуін тежеп, қанықпаған май қышқылдарының байланысу беріктігін тұрақтандырады. Ол эритроциттердің, эндотелиоциттердің, энтероциттердің және басқалардың жарғақша құрылымын және қызметін қалыпты етеді. Токоферол коллагеннің, гемнің және ақуыздардың биосинтезіне қатысады, жасушалардың пролиферациясын, тіндік тыныс алу қызметін және жасушалық метаболизмнің басқа да маңызды үдерістерін белсенді етеді. Ол гонадотропиндердің түзілуін, сперматогенезді, ұрықтанған жұмыртқаның, плацентаның дамуын стимуляциялайды.

β-каротиннің, белсенді оттегімен байланысу қабілеті есебінен, антиоксиданттық, иммунитетті модуляциялаушы және қабынуға қарсы әсерлері бар, ол сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсерімен немесе организмде патологиялық үдерістердің пайда болуымен үлкен мөлшерде түзілетін бос радикалдармен жасушалық құрылымының бұзылуынан қорғайды.

Темір организмнің тіршілігі үшін қажетті орнын алмастыруға келмейтін микроэлемент болып табылады. Ол плазма трансферриндерімен толық байланысады және гемоглобиннің, миоглобиннің, цитохромоксидазаның, каталазаның және пероксидазаның түзілу үдерісіне қамтылады немесе организм тіндерінде ферритин түрінде жиналады. Темір оттегімен қайтымды байланысады және бірқатар тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады; қан түзу ағзаларының қызметін стимуляциялайды. Гемнің құрылымдық компоненті бола отырып, эритропоэзға қатысады.

Қолданылуы

- теміртапшылықты анемияның алдын алуға (соның ішінде бала көтере алатын жастағы әйелдерде, қарқынды өсу кезеңіндегі жасөспірімдерде, егде жастағы адамдарда, темірдің организмге тамақпен бірге жеткіліксіз түсуінде, организмнің темірді қажетсінуі артқанда, созылмалы қан жоғалтуда, темірдің сіңуінің төмендеу синдромында)

- витаминнің (С, Е және А) жеткіліксіздігінің алдын алуға және емдеуге

- организмнің салқын тиюден болған ауруларға қарсылығын жоғарылатуға

- дене және ақыл-ой жүктемесі жоғарылағанда, күйзеліс жағдайында

- ұзаққа созылған және/немесе ауыр өтетін аурулардан кейін, соның ішінде жұқпалы аурулардан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде

- этиологиясы әртүрлі астениялық жағдайларда

- теңдестірілмеген және толыққанды емес тамақтануда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Темір қосылған антиоксикапсті жағымдылығы өте жақсы болуы үшін тамақтанудан жарты сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 1-2 сағаттан соң, сумен немесе ашық түсті (жұмсақ езіндісіз) шырындармен ішіп қабылдайды. Құрамында кальций мөлшерінің жоғары болуына байланысты сүтпен, айранмен және сүт негізді басқа да сусындармен ішуге болмайды.

Алдын алу мақсатында препаратты балаларға 14 жастан бастап және ересектерге, организмде темір қоры толық қаныққанға дейін, 1-3 ай бойы тәулігіне 3 рет 1 капсуладан тағайындау керек.

Алдын алу курсын жылына бірнеше рет қайталау керек.

Емдік мақсатта препарат балаларға 14 жастан бастап және ересектерге жоғарыда айтылған көрсетілімдерге сай тағайындалуы мүмкін. Темір қосылған антиоксикапс дозасын, патология сипатына және біліну дәрежесіне, сондай-ақ организмнің А, С, Е витаминдерін және темірді қажетсінуіне қарай, дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- ұйқының бұзылуы, қозу, депрессия

Сирек

- ауырлық сезімі, асқазан аймағында жайсыздық сезімі; препаратты жоғары дозаларда қолданған кезде диарея, іш қату, жүректің айнуы, эпигастрий тұсының ауыруы болуы мүмкін (олар дозаны төмендеткенде немесе препаратты тоқтатқанда жоғалады)

- өңештің ойық жаралы зақымдану, өңештің стенозы

- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, гиперемия)

- гипертермия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- организмде темірдің жиналып қалуымен қатарласа жүретін аурулар (талассемия, гемосидероз, гемохроматоз)

- темірдің сіңуінің бұзылуы (сидероахрестикалық анемия, қорғасынды анемия, пернициозды анемия / В12 витаминінің жеткіліксіздігі)

- темір тапшылығына байланысты емес анемиялар (апластикалық, мегалобласты, гемолитикалық анемия)

- бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары

- созылмалы қабыну аурулары

- лейкоздар

- өңештің стенозы және/немесе асқазан-ішек жолының обструктивтік өзгеріске ұшырауы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 14 жасқа дейінгі балалар

- қайталанатын гемотрансфузия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты құрамында алюминий, магний, кальций бар антацидтермен бір мезгілде қолданғанда темірдің сіңуі нашарлайды.

Тетрациклиндер тобының антибиотиктерін, Д-пеницилламинді және темір қосылған антиоксикапсті бірге қолданғанда, хелаттардың түзілуімен байланысты темірдің асқазан-ішек жолынан сіңуі азаяды.

Органикалық қышқылдар, кальций, фосфор тұздары, колестирамин, ерімейтін кешеннің түзілуі салдарынан, темірдің сіңуін бұзады.

Аскорбин және лимон қышқылы, амин қышқылдары және қант сияқты заттар темірдің резорбциясын күшейтеді.

Ұйқы безі ферменттерінің препараттары темірдің сіңуін азайтуы мүмкін.

Кортикостероидты препараттар, сондай-ақ этанол және құрамында этанол бар препараттар бірге болған кезде А провитаминінің емдік әсерін төмендетеді.

Қанда липидтердің асқын тотығу өнімдері мөлшерінің жоғарылағаны байқалған, эпилепсиямен ауыратын науқастарда токоферол құрысуға қарсы дәрілердің тиімділігін арттыруы мүмкін.

каптоприл: бір мезгілде қолдану каптоприл үшін қисық астындағы ауданды, плазмадағы концентрацияның уақытқа байланыстылығын шамамен 37%-ға азайтады, бұл шамамен асқазан-ішек жолында химиялық реакцияларға байланысты болуы мүмкін.

- мырыш: бір мезгілде қолдану мырыш тұздарының сіңуін төмендетеді.

- клодронат: бір мезгілде қолдану клодронаттың сіңуін төмендетуі мүмкін.

- десферроксамин: бір мезгілде қолданған кезде қосылыс түзу салдарынан десферроксаминнің және темірдің сіңуі төмендейді.

- леводопа: бір мезгілде қолданған кезде темір сульфаты леводопаның бір реттік дозасының биожетімділігін шамамен 50%-ға, ал карбидоптың бір реттік дозасының биожетімділігін 75%-ға, төмендетеді, бұл хелат қосылыстарының түзілуіне байланысты болуы мүмкін.

- метилдопа: бір мезгілде қолданған кезде метилдопаның биожетімділігі төмендейді, бұл хелат қосылыстарының түзілуіне байланысты болуы мүмкін.

- пеницилламин: пеницилламинді және темір тұздарын бір мезгілде қолдану олардың сіңуін төмендетеді, бұл хелат қосылыстарының түзілуіне байланысты болуы мүмкін.

- ризедронат: жүргізілген in vitro зерттеулер құрамында темір бар препараттар ризедронатпен қосылыс түзетінін көрсетті. Дәрілік өзара әрекеттесулерге in vivo зерттеулер жүргізілмесе де, осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ризедронаттың сіңуін төмендетеді деп болжам жасауға болады.

- тетрациклиндер: бір мезгілде қолданған кезде тетрациклиндердің және темірдің сіңуі төмендейді. Бір мезгілде қабылдау қажет болғанда темір қосылған антиоксикапсті және осы препараттарды қабылдау арасындағы ұсынылатын ең төмен уақыт аралығы ең кемінде 3 сағатты құрауы тиіс. Ішу арқылы қабылдаған кезде темір окситетрациксиннің (доксициклин) энтерогепатикалық айналымын, сондай-ақ оны көктамыр ішіне енгізген кезде де, тежейді

- қалқанша без гормондары: темір препараттарын және тироксинді бір мезгілде қолданғанда тироксиннің сіңуі төмендеуі мүмкін, ол орын басатын емнің тиімділігін төмендетеді.

-циметидин: бір мезгілде қолданғанда, циметидиннің әсерінен асқазан сөлінің өндірілуінің төмендеуі темірдің сіңуін төмендетеді. Демек, осы препараттарды қабылдау арасындағы аралық 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

-хлорамфеникол: бір мезгілде қабылдағанда темірмен емдеудің клиникалық әсерін алшақтатуы мүмкін.

Препаратты шаймен, кофемен, жұмыртқамен, сүт өнімдерімен, бидай ұнынан жасалған нанмен, ботқамен немесе өсімдік талшықтарына бай аспен бір мезгілде қабылдағанда темірдің сіңуі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік затты қабылдау кезеңінде нәжістің қою түске боялғаны байқалуы мүмкін, бұл сіңбеген темірдің шығарылуынан болады және мұның клиникалық маңызы жоқ, бірақ жасырын қан кетуді бүркемелеуі мүмкін.

Темір қосылған антиоксикапсті қолдану аясында бензидин сынамасынан жалғаноң нәтиже алынуы мүмкін.

Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, ойық жаралы колитте, энтериттерде сақ болған жөн.

Темір қосылған антиоксикапс тек теміртапшылықты анемияда тиімді және этиологиясы басқа анемияларда тиімді емес.

Байқамай темірмен уланып қалуына жол бермеу үшін, препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Темір қосылған антиоксикапсты жүктілікте және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың шамадан тыс дозаларын қабылдағаннан кейін алғашқы 6-8 сағат ішінде жүректің айнуы, құсу (кейде қан аралас), эпигастрий тұсының ауыруы, диарея білінеді, кейде олар ұйқышылдықпен, тері жабындарының бозаруымен, цианозбен қатарласа жүреді. Комаға дейін алып келетін шок пайда болуы мүмкін.

Емдеу: асқазанды шаю, симптоматикалық ем. У қайтарғысы – дефероксамин.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

220075, Минск қ-сы, а/ж 112, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің иесі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, «Рахметова» ЖК

тел.: +7 777324-23-37

e-mail: al.rakhmetova@yandex.kz

Прикрепленные файлы

157274461477976912_ru.doc 60.5 кб
653910661477978069_kz.doc 78.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники