Андролиз
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Андролиз
Халықаралық патенттелмеген атауы
Энзалутамид
Дәрілік түрі, дозасы
Капсулалар, 40 мг
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Эндокриндік ем. Гормондар антагонистері және олардың аналогтары. Антиандрогендер. Энзалутамид.
АТХ коды L02BB04
Қолданылуы
- ересек ерлердегі үдеу қаупі жоғары қуықасты безінің метастаздық емес кастрациялық-резистентті обырын (ҚАБКРО) емдеуде
- химиялық емге клиникалық көрсетілім болмағанда андроген-депривациялық ем аясында үдеуі бар симптомдарсыз немесе орташа симптомдары бар пациенттердегі қуық асты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеуде.
- ересек ерлердегі доцетаксел қамтылатын химиялық ем кезінде немесе одан кейін үдейтін қуық асты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеуде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- препарат әйелдерде пайдалануға арналмаған
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттардың энзалутамид әсеріне потенциалды ықпалы
CYP2C8 тежегіштері
CYP2C8 ферменті энзалутамид элиминациясында және оның белсенді метаболитінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ер жынысты дені сау тұлғалар CYP2C8 күшті тежегішін - гемфиброзилді (күніне екі рет 600 мг) ішу арқылы қабылдағаннан кейін энзалутамидтің орташа АUС мәні 326% артып, ал энзалутамид Сmax 18% азайды. Байланыспаған энзалутамид және байланыспаған белсенді метаболит жиынтығына тән АUС 77% ұлғайып, сол уақытта Сmax 19% төмендеген. Энзалутамидпен емделу кезінде CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерін (мысалы, гемфиброзил) қабылдаудан аулақ болу немесе оларды сақтықпен пайдалану керек. Егер пациенттерге CYP2C8 күшті тежегішін бірге қолдану қажет болса, энзалутамид дозасын күніне бір рет 80 мг дейін азайту керек.
CYP3A4 тежегіштері
CYP3A4 ферменті энзалутамид метаболизмінде елеусіз рөл атқарады. Ер жынысты дені сау еріктілер CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші итраконазолды (күніне бір рет 200 мг) қабылдағаннан кейін энзалутамид AUC 41%-ға артты, бұл арада Cmax өзгермеген. Байланыспаған энзалутамид және байланыспаған белсенді метаболит жиынтығы үшін AUC - 27%-ға ұлғайған, бұл арада Cmax тағы да өзгеріссіз қалды. Андролиз препаратын CYP3A4 тежегіштерімен немесе индукторларымен бірге қолданғанда доза түзету талап етілмейді.
CYP2C8 және CYP3A4 ферментінің индукторлары
Дені сау еркектер CYP2C8 ферментінің орташа индукторын және CYP3A4 күшті индукторын, рифампинді (күніне бір рет 600 мг) ішу арқылы қабылдағаннан кейін, энзалутамидтің AUC белсенді метаболитімен бірге 37%-ға төмендеген, бұл арада Cmax көрсеткіші өзгермеген. Андролиз препаратын CYP2C8 және CYP3A4 ферментінің индукторларымен бір мезгілде тағайындағанда дозаны түзету қажет емес.
Энзалутамидтің басқа дәрілік препараттардың әсеріне потенциалды ықпалы
Ферменттер индукциясы
Энзалутамид ферменттердің қуатты индукторы болып табылады және көп ферменттер мен тасымалдағыштардың синтезін арттырады, сондықтан ол ферменттердің субстраттары немесе тасымалдаушылары болып табылатын көптеген әдеттегі дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Плазмадағы концентрациясының төмендеуі елеулі болып, клиникалық әсерін жоғалтуға немесе азайтуға әкелуі мүмкін. Белсенді метаболиттер түзілуінің арту қаупі де бар. Түзілу индукциясы болуы мүмкін ферменттерге бауырдағы және ішектегі CYP3A, CYP2В6, CYP2C9, CYP2C19 және уридин-5'-дифосфат глюкуронозилтрансфераза жатады. Р-гликопротеин тасымал ақуызының және басқа тасымалдаушылардың, сондай-ақ, мысалы, 2 (MRP2) көптеген дәрілік төзімділік ақуызының, сүт безі обырының төзімділік ақуызының (BCRP) және 1B1 органикалық анион-тасымалдаушы полипептидтің (OATP1B1) индукциясы да болуы мүмкін.
Энзалутамидтің CYP3A4 күшті индукторы және CYP2C9 және CYP2C19 орташа индукторы болып табылады. Қуық асты безінің обыры бар науқастарда энзалутамидті (күніне бір рет 160 мг) бірге қолдану мидазолам (CYP3A4 субстраты) AUC 86% төмендеуіне, S-варфарин (CYP2C9 субстраты) AUC 56% төмендеуіне және омепразол (CYP2C19 субстраты) AUC 70% төмендеуіне әкелді. UGT1A1 индукциясы да болуы мүмкін. Қуық асты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обыры бар пациенттер қатыстырылған клиникалық зерттеулерде энзалутамид препараты (күніне бір рет 160 мг) вена ішіне енгізілген доцетакселдің (инфузия әдісімен 3 аптада бір рет 75 мг/м2) фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпеген. Доцетакселдің AUC - 12%-ға төмендеген [орташа геометриялық арақатынасы = 0,882 (90% СА: 0,767, 1,02], бұл арада Cmax көрсеткіші 4%-ға төмендеген [орташа геометриялық арақатынасы = 0,963 (90% СА: 0,834, 1,11].
Сонымен қатар, препарат метаболизм немесе белсенді тасымал үдерісінде элиминацияланатын белгілі бір дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Егер олардың емдік әсерінің пациент үшін маңызы зор болса және тиімділік бақылауының немесе плазмадағы концентрациясының негізінде дозасын түзету оңай болмаса, осы дәрілік заттарды қабылдаудан аулақ болу немесе оларды сақтықпен пайдалану керек. Бір мезгілде ферменттер индукторларын қабылдаған пациенттерде парацетамол қабылдаудан кейін бауырдың зақымдану қаупінің жоғары екені жорамалданады.
Препаратпен өзара әрекеттесуі мүмкін дәрілік заттар тобына, осымен шектелместен, мыналар жатады:
- анальгетиктер (мысалы, фентанил, трамадол)
- антибиотиктер (мысалы, кларитромицин, доксициклин)
- ісікке қарсы агенттер (мысалы, кабазитаксел)
- антиэпилептиктер (мысалы, карбамазепин, клоназепам, фенитоин, примидон, вальпрой қышқылы)
- нейролептиктер (мысалы, галоперидол)
-антикоагулянттар (мысалы, аценокумарол, варфарин, клопидогрел)
- бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол, пропранолол)
- кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, дилтиазем, фелодипин, никардипин, нифедипин, верапамил)
- жүрек гликозидтері (мысалы, дигоксин)
- кортикостероидтар (мысалы, дексаметазон, преднизолон)
- АИТВ инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар (мысалы, индинавир, ритонавир)
- ұйықтататын дәрілер (мысалы, диазепам, мидазолам, золпидем)
- иммунодепрессант (мысалы, такролимус)
- протон помпасы тежегіші (мысалы, омепразол)
- CYP3A4 ферментінің қатысуымен метаболизденетін статиндер (мысалы, аторвастатин, симвастатин)
- тиреоидты дәрілер (мысалы, левотироксин)
Емдеу басталғаннан кейін шамамен 1 айдан соң, энзалутамид тепе-тең плазмалық концентрациясына жеткеннен кейін энзалутамидтің барлық индукциялық мүмкіндіктері көрініс береді, алайда кейбір индукциялау әсерлері ертерек байқалуы мүмкін. CYP2В6, CYP3A4, CYP2C9, CYP2C19 немесе UGT1A1 ферменттерінің субстраттары болып табылатын дәрілік препараттар қабылдайтын пациенттерде энзалутамидпен емделген алғашқы ай ішінде фармакологиялық әсерінің болжамды төмендеуін (немесе белсенді метаболиттер түзілген жағдайда әсерінің артуын) бағалау және дозаны тиісінше түзету керек. Энзалутамидтің жартылай шығарылуының ұзақ кезеңін (5,8 тәулік) ескере отырып, ферменттердің түзілуіне әсері энзалутамидті қолдануды тоқтатқаннан кейін бір ай және одан да көп уақыт бойы сақталуы мүмкін. Энзалутамидпен емдеуді тоқтату кезінде қатарлас дәрілік заттардың дозаларын біртіндеп азайту қажет болуы мүмкін.
CYP1А2 және CYP2C8 субстраттары
Энзалутамид (күніне бір рет 160 мг) кофеин (CYP1А2 субстраты) немесе пиоглитазон (CYP2C8 субстраты) AUC немесе Сmax мәндерінің клиникалық мәнді өзгерістерін туындатпайды. Пиоглитазон AUC 20% ұлғайып, ал Сmax 18% төмендеді.. Кофеиннің AUC немесе Сmaxтиісінше 11% және 4% азайды.
Егер CYP1А2 немесе CYP2C8 субстраттары энзалутамидмен бірге қолданылса, дозаны түзету қажет емес.
P-гликопротеин субстраттары
Іn vitro зерттеулерінің деректері энзалутамидтің P-гликопротеин эффлюксті тасымалдағышының тежегіші болуы мүмкін екенін көрсетеді. Энзалутамидтің Р-гликопротеин субстраттарына әсері in vivo бағаланбаған, алайда клиникалық қолдану жағдайларында энзалутамид ядролық прегнан-рецепторын белсендіру арқылы P-гликопротеин тежегіші (прегнан-Х-рецептор) болуы мүмкін. Р-гликопротеин үшін субстраттар болатын емдік диапазоны тар дәрілік препараттарды (мысалы, колхицин, дабигатран этексилат, дигоксин) Энзалутамидмен бір мезгілде қолданылғанда сақтықпен пайдалану керек, ал плазмадағы ұтымды концентрациясын сақтау үшін дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Сүт безі обырының төзімділік ақуыздарының (BCRP), көптеген дәрілерге төзімді ақуыздардың 2 (MRP2), 3 типті адамның органикалық аниондар тасымалдағышының (OAT3) және адамның органикалық катиондар тасымалдағышының 1 (OCT1) субстраттары
Зертханалық зерттеулер деректері негізінде, BCRP және MRP2 (ішекте), сондай-ақ 3 типті адам органикалық аниондар тасымалдағыштарының (OAT3) және адам органикалық катиондар тасымалдағыштарының 1 (OCT1) (жүйелі) тежелісін жоққа шығаруға болмайды. Теориялық жүзінде, осы тасымалдағыштар индукциясы болуы мүмкін, ал жиынтық әсері қазіргі уақытта белгісіз.
QT аралығының ұзаруына әкелетін дәрілік препараттар
Андрогендепривациялық емнің QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкіндігі болғандықтан, энзалутамидті келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдануына мұқият бағалау жүргізу керек: QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен; немесе қарыншалық дірілдеу/жыпылықтауға әкелуі мүмкін дәрілік заттармен, мысалы аритмияға қарсы Ia тобының препарттарымен (мысалы, хинидин, дизопирамид) немесе III тобының препарттарымен (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид), сондай-ақ метадон, моксифлоксацин, нейролептиктермен және с.с. т.б..
Ас ішудің энзалутамид әсеріне ықпалы
Ас ішу энзалутамидтің әсер ету дәрежесіне клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді. Энзалутамид препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Құрысулардың даму қаупі
Энзалутамидті қолдану құрысулардың даму жағдайларымен байланысты болды
Ұстама дамыған пациенттерде емді жалғастыру туралы шешімді әр нақты жағдайда қарастыру керек. Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы
Пациенттердің энзалутамидті қолдануы барысында қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES) дамығаны туралы сирек мәлімдемелер тіркелген. Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы – бұл құрысулар, бас ауыруы, естен тану, соқырлық және басқа да гипертензиямен бірге жүретін немесе бірге жүрмейтін көру және неврологиялық бұзылыстар сияқты жылдам дамитын симптомдармен сипатталатын сирек қайтымды неврологиялық ауру. Кейінгі қайтымды артқы энцефалопатия синдромы диагнозы мидың томографиясы нәтижесімен, ең дұрысы МРТ нәтижесімен расталуы тиіс. Диагноз расталғанда Андролиз препаратын қолдануды тоқтату ұсынылады.
Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану
Энзалутамид ферменттердің қуатты индукторы болып табылады және жиі пайдаланылатын көп дәрілік заттар тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, Андролиз препаратымен ем бастаған кезде, қатарлас дәрілік заттарды талдаудан өткізу қажет.
Егер олардың емдік әсерінің пациент үшін маңызы үлкен болса, сондай-ақ егер тиімділігі мен плазмадағы концентрациясын бақылау негізінде дозаны түзету мүмкін болмаса, энзалутамидті көп ферменттердің немесе тасымалдағыштардың сезімтал субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбау керек.
Варфаринмен немесе кумарин тәрізді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер Андролиз CYP2C9 ферментімен (мысалы, варфарин немесе аценокумарол) метаболизденетін антикоагулянтпен бірге пайдаланылса, халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қосымша бақылау талап етіледі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Пациенттердің осы тобында энзалутамид әсері зерттелмегендіктен, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге абайлап тағайындау керек.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
Дәрілік заттардың жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бақыланады, бұл тіндерде таралуының артуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл бақылаудың клиникалық мәні белгісіз болып қалып отыр. Дегенмен тұрақты концентрацияға қол жету үшін ұзақ уақыт керек болуы мүмкін және ең жоғары фармакологиялық әсеріне қол жетудің уақыты, сондай-ақ ферменттер индукциясының басталуына және төмендеуіне дейінгі уақыт ұлғаюы мүмкін.
Таяуда бастан өткерген жүрек-қантамыр аурулары
III фаза зерттеуінде таяуда миокард инфарктісін өткерген (соңғы 6 ай ішінде) немесе тұрақсыз стенокардиядан (соңғы 3 ай бойы), Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) шкаласы бойынша III немесе IV класс жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттер қамтылмаған, бұған сол жақ қарынша лықсыту фракциясы (СҚЛФ) 45%-дан артық, брадикардиясы немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер қосылмайды. Мұны осындай пациенттерге Андролиз тағайындау кезінде ескеру қажет.
Андрогендепривациялық ем QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін
Андролиз препаратымен ем бастар алдында дәрігер анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе оның туындау қаупі факторы жағдайлары бар пациенттерде, сондай-ақ QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін препараттар қосылатын кешенді ем алатын пациенттерде қарыншалық дірілдеу/жыпылықтау ықтималдығын ескере отырып пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалайды.
Химиотерапия курсы кезінде қолданылуы
Цитоуытты химиотерапия курсы кезінде Андролиз препаратымен бір уақытта қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Энзалутамидпен бір уақытта қабылдау доцетакселді вена ішіне енгізудің фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпейді; дегенмен доцетаксел қабылдаудан туындаған нейтропения дамуының жиілігі ұлғаюын жоққа шығаруға болмайды.
Қосымша заттар
Энзалутамид құрамында сорбитол (E420) бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Энзалутамидті қолданғанда аллергиялық реакциялар байқалды, олар беттің, тілдің, еріннің немесе жұтқыншақтың ісінуін қоса, бірақ шектелмей, симптомдармен бақыланды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Энзалутамид әйелдерде пайдалануға қарсы көрсетілген. Ана сүтінде энзалутамид бар-жоғы белгісіз. Энзалутамид және/немесе оның метаболиттері егеуқұйрықтың сүтіне бөлінеді. Ерлер мен әйелдерге арналған контрацепция
Шәуһетте энзалутамид немесе оның метаболиттерінің болу-болмауы жөнінде деректер жоқ. Егер пациент жүкті әйелмен сексуалдық қатынаста болса, энзалутамидпен емделу кезінде және одан кейін 3 ай бойы мүшеқап пайдалану қажет болады. Егер пациент бала туу жасындағы әйелмен сексуалдық қатынаста болса, емделу кезінде және одан кейін 3 ай бойы мүшеқап пен басқа да контрацепцияның тиімді тәсілін пайдалану қажет. Зерттеулер препараттың тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті.
Энзалутамид препаратын пациенттен басқа адамдардың және оларға күтім жасайтын адамдардың, әсіресе жүкті немесе жүкті болу мүмкіндігі бар әйелдердің қолдануына болмайды. Жұмсақ капсулаларды ерітуге немесе ашуға болмайды.
Ұрықтандыруға қабілеті
Жануарларға жүргізілген зерттеулер энзалутамидтің егеуқұйрықтар мен иттердің аталықтарының тұқым өрбіту жүйесіне әсер ететіндігін көрсетті. Бұл препарат іштегі балаға зақым келтіруі мүмкін немесе егер препаратты жүкті әйелдер қабылдаса жүктіліктің үзілу ықтималдығына әкелуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Энзалутамид препартының автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне орташа ықпалы болуы мүмкін, өйткені, құрысуларды қоса, психикалық және неврологиялық бұзылулар тіркелген. Пациенттер механизмдерді жүргізу немесе пайдалану кезінде психикалық немесе неврологиялық бұзылулар туындауының ықтимал қаупі туралы ескертілуі тиіс. Энзалутамид қолданудың автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілмеген.
CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
Мүмкіндігінше, CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерін бір мезгілде қолданбау керек. Егер пациент CYP2C8 ферментінің күшті тежегішін бір мезгілде қабылдауға тиіс болса, энзалутамид дозасын күніне бір рет 80 мг дейін азайту қажет. Егер CYP2C8 ферментінің күшті тежегішін қолдану тоқтатылса, энзалутамид дозасын бастапқы деңгейге дейін арттыру керек.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А, B және C кластары) бар пациенттерде доза түзету қажеттігі жоқ. Алайда препараттың жартылай шығарылу уақытының артуы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде анықталды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза түзету қажеттігі жоқ. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі және терминалды сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат сақтықпен қолданылуы тиіс.
Балалар
Препараттың балаларда қуық асты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеудегі болжамды қолданылуы туралы деректер жоқ.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Энзалутамидпен ем қуық асты безі обырын дәрі-дәрмекпен емдеуде тәжірибесі бар мамандармен басталуы және бақылануы тиіс
Дозалау режимі
Ұсынылатын Андролиз препаратының тәуліктік дозасы күніне 1 рет 160 мг (40 мг-лік төрт капсула) құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Энзалутамид пероральді қолдануға арналған. Капсулаларды шайнауға, ерітуге немесе ашуға болмайды, оларды сумен ішіп, бүтіндей жұту керек, оларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
ЛГРГ аналогын пайдаланумен дәрі-дәрмектік кастрация хирургиялық кастрация өтпеген пациенттерді емдеу уақытында жалғастырылуы тиіс.
Егер пациент әдеттегі уақытта Андролиз препаратын қабылдауды өткізіп алса, тағайындалған дозаны мүмкіндігінше әдеттегі уақытқа таяу қабылдауы керек. Егер пациент күні бойы препарат қабылдауды өткізіп алса, келесі күні емдеуді әдеттегі тәуліктік дозамен жаңғыртқан жөн.
Егер пациентте 3 дәрежедегі және одан жоғары уыттану немесе қауіпті жағымсыз реакциялар дамыса, препарат қабылдауды бір аптаға немесе симптомдар 2 дәрежеге және одан төмен деңгейге дейін төмендегенше тоқтатып, ал артынан, егер бұл ақталатын болса, қабылдауды дәл осындай немесе азайтылған дозаларда (120 немесе 80 мг) қабылдауды жаңғырту қажет.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жедел артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алуға жүгініңіз
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жиілігі көбірек жағымсыз реакциялар астения/шаршағыштық, «ысынулар», сынулар және гипертония болып табылады. Басқа да маңызды жағымсыз реакцияларға құлау, когнитивті бұзылыстар және нейтропения жатады.
Құрысулар энзалутамид тобындағы пациенттердің 0.4%-да және плацебо тобындағы пациенттердің 0.1%-да және бикалутамид алатын 0,3% пациенттерде бақыланды. Энзалутамидпен емделгенде қайтымды артқы энцефалопатия синдромының сирек жағдайлары бақыланды.
Төменде клиникалық зерттеулер барысындағы бақыланған жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша келтірілген және орналастырылған. Жиілік санаттары төмендегіше белгіленген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1 дейін, 000 дейін), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкіндігі жоқ). Барлық жағымсыз реакциялар әр топта күрделілігінің кему тәртібінде берілген.
Өте жиі:
- астения/шаршау
- қан кернеулер
- гипертония
-сынулар‡
Жиі:
- қорқыныш сезімі
- бас ауыру
-есте сақтаудың нашарлауы, жадыны жоғалту, зейіннің бұзылуы, тынымсыз аяқ синдромы
- терінің құрғауы, терінің қышынуы
-жүректің ишемиялық ауруы†
- гинекомастия
- құлау
Жиі емес:
- лейкопения, нейтропения
- көзге көрінетін елестеулер
- когнитивті бұзылыстар
- құрысулар
Пост-маркетингтік кезеңде алынған хабарламалар
Жиілігі белгісіз:
- тромбоцитопения
- беттің ісінуі, тілдің ісінуі, ерін ісінуі, жұтқыншақ ісінуі
- қайтымды артқы энцефалопатия синдромы
- QT аралығының ұзаруы
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- бөртпе
- миалгия, бұлшықеттің түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы
* Постмаркетингтік тәжірибеден өздігінен келген есептер
¥ Құрысуларды, қатты құрысуларды, күрделі парциальді құрысуларды, парциальді құрысуларды және эпилепсиялық статусты қоса, «Құрысудың» SMQ аясы тар бағалаулары бойынша. Бұған өлімге соқтыратын асқынулары болатын құрысудың сирек жағдайлары жатады.
† плацебо-бақыланатын 3 фаза рандомизацияланған зерттеулеріндегі ең кемі екі пациентте бақыланған келесі басымдық берілетін: стенокардия, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркті, жедел миокард инфаркті, жедел коронарлық синдром, тұрақсыз стенокардия, миокард ишемиясы және коронарлық артерияның артериосклерозы терминдерін қоса, «Миокард инфаркті» және «Жүректің басқа ишемиялық ауруларының» SMQ аясы тар бағалаулары бойынша
‡ Сүйектің «сынуына» қатысты барлық басымдық берілетін терминдер кіреді.
Құрысулар
Бақыланатын клиникалық зерттеулерде 160 мг дозада энзалутамидпен ем қабылдаған 3179 пациенттің 13 пациентінде (0.4%) құрысу дамығаны анықталды, сонымен бірге плацебо алған және бикалутамид қабылдаған топтардың пациенттерінде тиісінше бір пациентте (<0.1%) және бір пациентте (0.3%) құрысу дамығаны анықталды. Дозалау құрысудың даму қаупінің маңызды предикторы болып табылады, бұл туралы клиникаға дейінгі зерттеулер деректері және дозаны ұлғайтудағы зерттеулер деректері айғақтайды. III фазаның екі зерттеулерінен де анамнезінде құрысулары немесе құрысу туындау қаупі бар пациенттер шығарылған.
Құрысулар туындауының жиілігін бағалауға арналған 9785-CL-0403 (UPWARD) салыстырылмайтын зерттеулерде олардың дамуының бейімділік факторы бар пациенттерде (зерттеуге қатыстырылған пациенттердің 1,6 %-ының анамнезінде құрысу ұстамалары бар) энзалутамид алған 366 (2,2 %) пациенттің 8-інде құрысу ұстамалары анықталған. Ем ұзақтығының медианасы 9,3 айды құрайды.
Энзалутамидтің құрысу шегін төмендету механизмі белгісіз. Алайда ол энзалутамид пен оның белсенді метаболиті байланысуы және ГАМҚ-рецепторларының хлорлы өзекшелерінің белсенділігін тежеуі мүмкіндігін көрсеткен in vitro зерттеулерінің деректерімен байланысты болуы мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруы
Плацебо-бақыланатын рандомизацияланған клиникалық зерттеулерде жүректің ишемиялық ауруы плацебо плюс АДТ қабылдаған 1,3% пациенттермен салыстырғанда энзалутамид плюс АДТ қабылдаған 2,5% пациенттерде бақыланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 40.0 мг энзалутамид
қосымша заттар: каприлокапроил макроголглицерид, бутилгидроксианизол, бутилгидрокситолуол.
капсула қабығының құрамы:
желатин 160, тазартылған су, сұйық сорбитол, ішінара дегидратацияланған, глицерин, титанның қостотығы (Е171)
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Құрамында мөлдір немесе сәл сары түсті сұйықтығы бар, ұзынша пішінді ақ немесе ақ дерлік түсті жұмсақ мөлдір емес капсулалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ/ACLAR/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 4 капсуладан.
7 пішінді ұяшықты қаптамадан картон сауыттын әр төртке бөлінген бүтінінің бір бөлігіне* медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.
*Картон қорапша 4 бөлімге картонды кірес тәрізді бөгетпен бөлінген.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
Lotus Pharmaceutical Co., Ltd. Nantou Plant,
No. 30, Chenggong 1st Rd., Sinsing Village,
Наньтоу қ., Наньтоу аймағы 54066, Тайвань
Тел: +886 49 225 0411
Электронды пошта: info@lotuspharm.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
TheSAY Pharma Drug Store LLC
1101, The Oberoi Center, Business Bay, Дубай, БАӘ
Телефон: +971 50 8971508
Электронды пошта: yussor@thesaypharma.ae
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):
«SaaPharma» ЖШС
050010, Алматы қ., Достық даңғ., 38,
Ken Dala Business Center, 705 кеңсе
тел: +7(727) 345-10-11
ұялы: +7 (701) 922-60-63
E-mail: info@saapharma.kz