Альвеофакт® (45 мг/мл, 54 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Альвеофакт®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Эндотрахеальді енгізу үшін суспензия дайындауға арналған 45 мг/мл лиофилизат, еріткішімен жиынтықта: 54 мг, 108 мг.
Құрамы
Препарат бар 1 құтының ішінде
белсенді зат сурфактант (SF-RI 1) |
45 мг/мл- 54 мг |
45 мг/мл- 108 мг |
жалпы фосфолипидтерге шаққанда 1) 2) бұқаның өкпе тінінен алынған фосфолипидті фракция |
50.76-дан 60.00 мг-ге дейін (66 мкмоль немесе 54 мг) |
101.52-дан 120.00 мг-ге дейін (132 мкмоль немесе 108 мг) |
1 ампула еріткіштің құрамында
1.2 мл 2.4 мл
натрий хлориді 5.40 мг 10.80 мг
натрий гидрокарбонаты 0,12 мг 0.24 мг
инъекцияға арналған су 1196.28 2392.56
Сипаттамасы
Препарат: Ақ немесе ақ дерлік түсті өзіне тән иісі бар лиофилизацияланған масса.
Препаратты еріткішпен сұйылтқаннан кейін: Ақ немесе сарғыш реңді ақшыл түсті, өзіне тән иісі бар сүтті суспензия.
Еріткіш: Мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Ағзаларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Өкпе сурфактанттары.Табиғи фосфолипидтер. АТЖ коды R07AA02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Альвеофакт фосфолипидтерінің метаболизмі табиғи сурфактанттың метаболизміндей өтеді, алайда, метаболизм жолы мен жылдамдығына және органикалық молекулалардың деградациясына өкпенің жетілмеу дәрежесі ықпал етеді. Жартылай шығарылу кезеңі 30 сағатқа жуықты құрайды. Препарат өкпелерде толық дерлік утилизацияланады және организмге жиналмайды.
Фармакодинамикасы
Альвеофакт препараты өкпе тінінің құрамында фосфолипидтер бар табиғи сурфактант болып табылады.
Альвеофакт эндогенді өкпе сурфактантының жеткіліксіздігін толтырады. Альвеолалардың ішкі беткейін жабады; өкпенің беткейлік тартылуын төмендетеді, альвеолаларды тұрақтандырады, олардың экспираторлы сатының соңында жабысып қалуына жол бермейді, тыныс алудың бүкіл айналымы бойы газдардың талапқа сай алмасуына мүмкіндік береді. Өкпелерге біркелкі таралады және альвеолалар беткейіне таралады. Шала туған нәрестелерде оксигенация деңгейін қалпына келтіреді, ол газ қоспасындағы тыныс алатын оттегісінің концентрациясын төмендетуді қажет етеді. Сурфактантты қолдану респираторлы дистресс-синдромының (РДС) өту ауырлығын елеулі төмендетеді.
Қолданылуы
- шала туған балалардағы респираторлық дистресс-синдромын емдеу және алдын алу үшін
Қолдану тәсілдері және дозасы
Интубация жасалған, өкпелері жасанды түрде желдетілетін (ӨЖЖ) балаларға, жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ), артериялық арнадағы оттегінің концентрациясын немесе оттегімен қанығуын ұдайы бақылай отырып, эндотрахеальді түрде енгізу. Емдеуді респираторлы дистресс-синдромды анықтағаннан кейін, мүмкіндігінше, ертерек бастайды.
Қалпына келтірілген суспензияны дайындау:
Екі нұсқасы бар:
1-түрі - құтының адаптерімен бірге
2-түрі - канюляны қолдана отырып
Құтының адаптерін пайдаланудың 1-тәсілі
Ескерту: Қалпына келтірілген суспензияны дайындау емшарасы кезінде еккіш пен құты адаптерін алмау керек.
1. Құты адаптерінің пакетін ашыңыз және оған еккішті салыңыз.