Алфлутоп® (гель для наружного применения, 1%)

МНН: Хондроитина сульфат
Производитель: Slavia Pharm S.R.L
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010674
Информация о регистрации в РК: 07.06.2013 - 07.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Алфлутоп®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1% гель, 30 г

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат - 10.0 г майда теңіз балықтарының гермабенмен биобелсенді концентраты,

қосымша заттар: розмариннің эфир майы, малеин ангидридімен ретикулирленген метилвинил эфирінің сополимері, 1.9 декадиенмен тігілген (модификатор Stabilеze QM), гидрогенизделген майсана майы (еріткіш LRI), 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі, пропиленгликоль, имидазолидинил мочевина (имидомочевина), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су

Сипаттамасы

Хош иісі бар сарғыштау-ақ түсті ақшыл біртекті гель

Фармакотерапиялық тобы

Қимыл-тірек аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Қимыл-тірек аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды M02AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Теңіз организмдері сығындысының әсері оның белсенді компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық сипаттамасын зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Алфлутоп®белсенді компоненті майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты болып табылатын хондропротектор. Концентрат құрамында гликозаминогликандар (хондроитин сульфаты), амин қышқылдары, полипептидтер, макро- және микроэлементтер (натрий, калий, кальций, магний, темір, мырыш, мыс) бар.

Алфлутоп® тіндік құрылым бұзылуының алдын алады, интерстициальді тінде және буын шеміршегінің тіндерінде қалпына келу үдерісін көтермелейді, бұл оның ауыруды басатын әсерімен түсіндіріледі.

Қабынуға қарсы әсері мен тіндер регенерациясы гиалуронидаза белсенділігінің төмендеуіне және гиалурон қышқылы биосинтезін қалыптандыруға негізделген.

Бұл қос әсер синергиялы және тіндерде қалпына келтіру үдерістерін белсенділендіруге себепші болады (оның ішінде, шеміршек және дәнекер тіндер құрылымын қалпына келтіру).

Препарат құрамына кіретін протеогликандар трофикалық әсер береді және гидрофильдік көрсеткіштерін, шеміршек биіктігі мен сүйек тіндері біртектілігін арттырып, алмастыратын әсері бар.

Қолданылуы

- буындар мен омыртқаның дегенеративті-қабыну ауруларында (коксартроз, гонартроз, ұсақ буындар артрозы, остеохондроз, спондилез)

- жұмсақ тіндердің жарақаттанудан кейінгі зақымдануы, соғылулар

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат жергілікті зақымданбаған теріге күніне 2-3 рет, жеңіл уқалай отырып, жағылады.

Емдеу курсы – 3 айға дейін.

Жағымсыз әсерлері

Ұсынылған дозаларды пайдаланған кезде препарат жағымсыз әсерлер туындатпайды. Препараттың жекелеген компоненттеріне сезімтал адамдарда жергілікті аллергиялық реакциялар (бөртпе, гиперемия) болуы мүмкін.

Кез келген жағымсыз әсері туындаған кезде емдеуді тоқтатып, дәрігерге немесе фармацевтке қаралу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Терінің зақымданған жерлеріне жағуға болмайды!

Шырышты қабықтарға жағуға болмайды!

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге қолданудың қауіпсіздігі жеткілікті дәрежеде анықталмағандықтан, қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда пайдалану

Препараттың аталатын санаттағы емделушілерге қауіпсіздігі анықталмағандықтан, препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тағайындамаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыртқа қолдануға арналған 1% гель. 30 г-нан алюминий сықпада.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада, түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Славия Фарм С.Р.Л. Румыния, Бухарест, 032266, Теодор Паллади №44С бульвары, сектор 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

Биотехнос С.А., Румыния, Отопень қ., Горнулуй к-сі 3-5

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромфарм Компани» ҚР өкілдігі, Алматы қ., 050013, Бұқар жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» БО, 607 кеңсе тел./факс: 8 (727) 247-07-85

Прикрепленные файлы

861914331477976927_ru.doc 45.5 кб
353827541477978095_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники