Аллергокет®

МНН: Кетотифен
Производитель: ЛеКос ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketotifen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013677
Информация о регистрации в РК: 21.06.2018 - 21.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

АЛЛЕРГОКЕТ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетотифен

Дәрілік түрі

0.05 % 5 мл көз тамшылары

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0.5 мг кетотифен (кетотифен фумараты түрінде),

қосымша заттар: поливинил спирті, натрий хлориді, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді рН 6.5-7.5 дейін, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыш түсті мөлдір сұйықтық. Ерітіндінің әлсіз бозаңдануына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Аллергияға қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды S01GX08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көз тіндері мен сұйықтықтарына өтеді. Қабынған конъюнктива арқылы жүйелі қан ағымына сіңеді. Конъюнктивальді қуысқа тамызғаннан кейінгі қандағы кетотифеннің концентрациясы 14 күн бойы 20 пг/мл (анықталатын ең аз концентрация) аз болады. Негізгі метаболит кетотифен-N-глюкуронид іс жүзінде белсенді емес. Бүйрекпен 48 сағат ішінде препараттың 1% жуығы өзгермеген түрде, 60-70% - метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аллергияға қарсы және антигистаминді белсенділігі айқын. Н1-рецепторларының күшті бөгегіші. Әсер ету механизмі жуан жасушалардан гистамин мен басқа медиаторлардың (лейкотриендер, простагландиндер, сондай-ақ анафилаксияның баяу қабылдайтын субстанциялары) босап шығуын тежеу қабілетіне негізделген. Кетотифен сондай-ақ хемотаксисті, эозинофильді гранулоциттердің белсенділігі мен дегрануляциясын азайтады, фосфодиэстеразаны тежейді, соның салдарынан циклоаденозинмонофосфат деңгейін арттырады және жуан жасушалардың жарғақшаларын тұрақтандырады.

Препаратты тамызғаннан кейін антигистаминдік әсері жылдам басталады және 8‑12 сағат ішінде байқалады. Аллергиялық конъюнктивит симптомдарын, қышуды, гиперемияны азайтады.

Қолданылуы

- аллергиялық конъюнктивитте (алдын алу және емдеу)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет!

Ересектер, егде жастағы адамдар және 8 жастан асқан балаларға

Төменгі конъюнктивальді қапқа әр 12 сағат сайын 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет.

Емдеу курсы – кем дегенде 6 апта.

Препаратты қолданудың ең көп ұзақтығы – 6 ай.

Ашылған қаптаманы 4 аптадан артық пайдалануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (жиілігі 1-ден 2%-ға дейін)

  • көзді ашыту сезімі

  • ириттер

Өте сирек (жиілігі < 1%)

  • аллергиялық реакция, жарықтан жасқану, субконъюнктивальді қан құйылу, көздің ауыруы

  • тамызғаннан кейін бірден анық көрмеу, көздің құрғауы

  • бас ауыруы, шаршағыштық, жекелеген жағдайларда – ауыздың құрғауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • кетотифенге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 8 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аллергокет® көз тамшыларының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

Қажет болған жағдайда препаратты басқа көз тамшыларымен біріктірілімде тағайындауға болады. Бұл ретте тамызу аралығы кем дегенде 5 минут болуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тамызу кезінде консерванттың (бензалконий хлориді) сіңу мүмкіндігіне байланысты жұмсақ жанаспалы линзаларды алып тастау керек; тамызғаннан кейін оларды кем дегенде 15 минут өтпей, пайдалануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Дәрілік заттың 8 жасқа дейінгі балаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аллергокет® препаратымен емделу кезеңінде көлік құралдарын басқаруда және зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор басқа да қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақпен саңылаусыз тығындалып жабылған полиэтилен тамшылатқыш-құтыға 5 мл-ден.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сақтау мерзімі

2 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Кабанбай батыр к-сі, 114-13, тел.: 308-10-67.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЛеКос» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050000, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 114-13, тел./факс: 308-10-67.

e-mail: lecos1@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

598898921477977025_ru.doc 45 кб
759766381477978213_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники