АДАПТОЛ® /ADAPTOLUM®/
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
АДАПТОЛ® /ADAPTOLUM®/
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
300 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат- 300 мг мебикар,
қосымша заттар: метилцеллюлоза, кальций стеараты.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы мен сызығы бар, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Психотропты препараттар. Анксиолитиктер. Басқа да анксиолитиктер
АТХ коды N05BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратты пероральді қабылдағанда мебикар дозасының 77-80 қанға барады, 40 - ға дейінгі мөлшері эритроциттермен байланысады. Әсер етуші заттың қалған бөлігі қан плазмасының ақуыздарымен байланыспайды және плазмада бос күйінде болады, сондықтан организмде кедергісіз таралады да, жасушалық жарғақшалардан еркін өтеді. Мебикардың қандағы ең жоғары концентрациясына препарат қабылдаған соң 0,5 сағат өткенде жетеді және жоғары деңгейі 3-4 сағат бойы сақталады, одан кейін біртіндеп азаяды. Мебикар организмнен несеп пен нәжіс арқылы бір тәуліктің ішінде толық шығарылады.
Препарат биохимиялық өзгерістерге ұшырамайды және организмде жинақталмайды.
Фармакодинамикасы
Адаптол орташа тыныштандыратын белсенділікке ие, мазасыздықты, қорқынышты, үрейді, ішкі эмоциональдық ширығу мен ашушаңдықты жояды немесе әлсіретеді. Адаптол лимбикалық-ретикулярлы кешеніне, оның ішінде гипоталамустың эмоциогенді аймақтарының құрамына кіретін құрылымдардың белсенділігіне әсер етеді, олардың теңгерілуі және бірігуіне ықпал ете отырып, сондай-ақ ГАМК барлық 4 негізгі нейромедиаторлы жүйелеріне, холин-, серотонин- әрі адренергиялық жүйелерге әсер етеді, бірақ шеткергі адренонегативті әсері жоқ.
Препараттың транквилизирлейтін әсері миорелаксацияны және қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуымен қатар жүрмейді. Осы себепті Адаптолды “күндізгі транквилизатор” деп атайды. Ұйықтататын әсері жоқ, бірақ ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді және ұйқы бұзылғанда ұйқыны жақсартады. Адаптол никотиндік абстиненцияны жеңілдетеді немесе басады.
Қолданылуы
-
ашушаңдық, эмоциональдық тұрақсыздық, үрей мен қорқыныш құбылыстарымен өтетін невроздар мен неврозға ұқсас жай-күйлерде
-
олар туғызатын соматовегетативтік және неврологиялық жағымсыз әсерлерді жою мақсатында нейролептиктер мен транквилизаторларды көтере алуды жақсарту үшін
-
түрлі генездегі кардиалгияларда (жүректің ишемиялық ауруымен байланысты емес)
-
кешенді ем құрамында темекі шегуге құмарлықты төмендететін дәрі ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер Адаптолды тамақтануға қарамастан 300-600 мг-дан күніне 2-3 рет ішке қабылдайды. Ең жоғары бір реттік дозасы 3 г, тәуліктік дозасы – 10 г құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы – бірнеше күннен 2-3 айға дейін.
Жиынтық ем кезінде темекі шегуге құмарлықты төмендететін дәрі ретінде препаратты 5-6 апта бойы 600-900 мг-дан күніне 3 рет тағайындайды.
Егде емделушілерге дозаны таңдау қажет емес.
Бауыр функциясы жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны таңдау қажет емес.
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозаны таңдау зерттелмеген. Емделушілердің бұл тобына дәрілік затты сақтықпен қолдану қажет.
Адаптолға дағдылану мен құмарлану, тоқтату синдромы анықталмаған.
Егер кезекті доза қабылданбай қалса, емдеу курсын бұрын тағайындалған дозада жалғастырады. Қажет кезінде емдеуші дәрігерден кеңес алу керек.
Жағымсыз әсерлері
Адаптол, басқа да дәрілер сияқты жағымсыз әсерлер туындатады, олар барлық емделушіде көрініс бермейді. Әдетте Адаптол жақсы көтерілімді.
Қолайсыз жағымсыз реакциялардың даму жиілігі бойынша жіктемесі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 до < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 до < 1/100); сирек (≥ 1/10 000 до < 1/1000); өте сирек (< 1/10 000); байқалу жиілігі белгісіз (қол жетімді деректер бойынша анықтау мүмкін емес)*.
Сирек
-
бас айналуы
-
артериялық гипотензия
-
диспепсиялық бұзылулар (қыжыл, кекіру, іштің керу сезімі, іш өту)
-
аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (тері бөртпесі)
-
дене температурасының төмендеуі
-
әлсіздік
Аллергиялық реакция жағдайында препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.
Жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары туралы жекелеген деректер алынған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
әсер етуші затқа немесе қосымша затқа жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Адаптолды нейролептиктермен, транквилизаторлармен (бензодиазепиндермен), ұйықтататын дәрілермен, антидепрессанттармен және психостимуляторлармен біріктіруге болады.
Айрықша нұсқаулар
Гипотензия және/немесе дене температурасының төмендеуі (дене температурасы 1-1,5 °С-ге дейін төмендеуі мүмкін) жағдайында препарат қабылдауды тоқтату талап етілмейді.
Артериялық қысым және дене температурасы өз бетінше бірнеше күн ішінде қалыпқа түседі.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарының жүргізушілеріне және мамандығы жоғары зейін қоюмен байланысты адамдарға жұмыс кезінде қолдануға болмайды.
Артық дозалануы
Препараттың уыттылығы төмен. Әдеттегі клиникалық артық дозалануы болмайды. Ауыр улану жағдайлары тіркелмеген.
Байқалуы мүмкін симптомдар: әлсіздік, гипотензия, бас айналу.
Емі: симптоматикалық ем, оның ішінде асқазанды шаю.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
“ОЛАЙНФАРМ” АҚ.
Мекенжайы: Рупницу к. 5, Олайне, LV - 2114, Латвия.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ОЛАЙНФАРМ» АҚ.
Мекенжайы: Рупницу к. 5, Олайне, LV-2114, Латвия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
050009, Алматы қ., Абай д-лы 151/115, 807 кеңсе,
телефон /факс 007 727 333 46 52,
E-mail olainfarm.instr@mail.ru