Адаклин

МНН: Адапален
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Adapalene
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023738
Информация о регистрации в РК: 14.03.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Адаклин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Адапален

Дәрілік түрі, дозалануы

Крем, 30 г

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Безеуге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған безеуге қарсы препараттар. Безеулі бөртпені жергілікті емдеуге арналған ретиноидтар. Адапален.

ATХ коды D10AD03

Қолданылуы

- комедондар, папулалар мен пустулалар, бет, кеуде, арқа безеулері басым жеңіл дәрежелі безеуді және орташа айқын безеуді (acne vulgaris) емдеу. Крем түріндегі препарат құрғақ және ашық түсті теріге қолдануға жарамды.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- адапаленге немесе препараттың қандай да бір қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бауыр және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Кремді көзге және ерінге тигізбеңіз. Препарат көздің, ауыздың немесе мұрынның шырышты қабығына кездейсоқ тиген кезде оларды жылы сумен мұқият шайыңыз.

Адапален оттегі мен жарыққа өте төзімді және химиялық инертті. Шамадан тыс күн сәулесінен немесе УК-сәулеленудің әсерінен аулақ болу керек. Терінің тітіркенуі мүмкін болғандықтан, күн астында ұзақ уақыт болудан немесе ультракүлгін сәулелердің, соның ішінде соллюкс шамдарының әсерінен аулақ болыңыз. Әдетте инсоляцияның жоғары деңгейіне ұшыраған және күнге туа біткен сезімталдығы бар пациенттерге сақ болу керек. Егер пациенттер күн сәулесінен аулақ бола алмаса, оларға теріге арналған күннен қорғайтын бұйымдарды пайдалану және теріні киіммен қорғау ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Адапаленнің теріге арналған дәрі ретінде және адапален кремімен бір мезгілде пайдаланылуы мүмкін басқа препараттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар болған жоқ.

Басқа ретиноидтармен немесе әсер ету механизмі ұқсас препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Адапален кремі жеңіл жергілікті тітіркендіргіш әсерге ие, сондықтан пиллинг, тұтқыр, тітіркендіргіш, құрғататын, соның ішінде құрамында күкірт, резорцинол немесе салицил қышқылы бар препараттарды бір мезгілде қолдану қосымша тітіркенуді тудыруы және жанама әсерді күшейтуі мүмкін.

Адаклинді безеулі бөртпені емдеу үшін эритромицин (4%-ға дейін) немесе клиндамицин фосфаты (негіз ретінде 1%) немесе бензоил асқын тотығы бар сулы гельдер (10%-ға дейін) сияқты басқа жергілікті және жүйелік препараттармен қолдануға болады, емдеуді адапален түнде қолданылған кезде таңертең жүргізуге болады және бұл жағдайда өзара деградация немесе кумулятивті тітіркену болмайды. Адапален адам терісі арқылы нашар сіңіріледі, демек, жүйелік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Контрацептивтер мен антибиотиктер сияқты пероральді препараттардың тиімділігіне адапален кремін тері арқылы қолдану әсер ететіні туралы ешқандай дәлел жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Препаратты қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Жоғары сезімталдықты немесе ауыр тітіркенуді көрсететін реакция туындаған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек. Егер жергілікті тітіркену дәрежесі айқын болмаса, пациенттер препаратты сирек қолдануға ауыстырылуы мүмкін немесе тітіркену белгілері жойылғанға дейін емдеу тоқтатылуы тиіс.

Теріні құрғататын немесе тітіркендіргіш әсері бар косметиканы бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, мысалы, иіссу немесе құрамында спирт бар заттар. Терінің тітіркенуі дамыған жағдайда емдеуді тітіркену жойылғанға дейін тоқтата тұру немесе қолдану жиілігін қысқарту қажет.

Зақымданған теріге (кесіктер мен сызаттар), сондай-ақ экзема немесе дерматит кезінде, күйген теріге кремді қолдануға жол берілмейді; сондай-ақ, акненің ауыр түрлері бар немесе дененің көлемді бөліктері зақымданған пациенттерге кремді қолдануға болмайды.

Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат (E218) және пропилпарагидроксибензоат (E216) бар, олар баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану –12 жасқа дейін қолдануға болмайды

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты тиісті контрацептивтік дәрілерді пайдаланбайтын бала көтеретін шақтағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды. Күтпеген жүктілік жағдайында емдеу тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Адапален көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Препаратты тек емдеуші дәрігердің тағайындауы мен ұсынымдары бойынша қолдану керек.

Адаклин кремін зақымданған аймақтарға күніне бір рет жағады

Енгізу әдісі мен жолыСыртқа.

Препаратты жағар алдында зақымданған аймақтың құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз. Кремді көзге және ерінге тигізбестен, саусақтың ұшымен жұқа қабатпен жағу керек. Бет, кеуде және арқаның терісіне қолдануға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігіАдаклин кремін зақымданған жерлерге кешке ұйықтар алдында жағады, таза және құрғақ теріге қолданылады.

Емдеу ұзақтығыАдаклин препаратымен емдеудің үш айынан кейін емдеуші дәрігердің одан әрі емдеу туралы кеңесі ұсынылады.

Безеуді емдеу кезінде терапия әдістерін кезектестіру керек.

Кейбір жағдайларда терінің қысқа мерзімді тітіркенуіне байланысты қолдану саны қысқаруы немесе тітіркену белгілері жойылғанға дейін емдеу тоқтатылуы мүмкін.

Қайта емдеу курсы дәрігермен кеңескеннен кейін жалғасуы мүмкін.

Егер пациенттер косметиканы қолданса, ол безеудің пайда болуына себеп болмауы немесе тұтқыр әсері болмауы керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Адаклин кремі тек сыртқы қолдануға арналған. Артық дозалануы екіталай.

Симптомдары: жанама әсерлердің күшеюі.

Емі: зақымданған аймақты жуу, симптоматикалық ем.

Тіпті аздаған мөлшерін кездейсоқ жұтқан кезде асқазанды шаю, қажет болған жағдайда симптоматикалық емдеу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Қолданар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрігерге сіз қандай да бір басқа препараттарды қабылдағаныңыз, жақында қабылдағаныңыз немесе қабылдауды бастайтыныңыз туралы хабарлаңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жанама әсерлер олардың пайда болу жиілігіне сәйкес көрсетілді: өте жиі: ≥ 1/10, жиі: ≥ 1/100 және <1/10, жиі емес: ≥ 1/1000 және <1/100, сирек: ≥ 1/10000 және < 1/1000, өте сирек: <1/10000, жиілігі белгісіз: маркетингтен кейінгі зерттеулердің мәліметтері.

Жиі - құрғақ тері,

- терінің тітіркенуі,

- теріде күйдіру сезімі,

- эритемаЖиі емес- жанасу дерматиті,

- жағымсыз сезімдер,

- терінің қабыршақтануы,

- күннен күйіп қалу,

- қышу,

- безеуБелгісіз-аллергиялық дерматит (аллергиялық жанасу дерматиті),- терінің ауырсындыру сезімі,

- терінің ісінуі,

- қабақтың тітіркенуі, қабақтың ісінуі,

- эритема,

- қышу,

- анафилаксиялық реакция, ангионевроздық ісіну,

- аппликация орнындағы күйік, терінің гипопигментациясы, терінің гиперпигментациясы (қолдану орнындағы күйіктің көптеген жағдайлары беткейлік күйік болды, бірақ екінші дәрежелі күйік жағдайлары сипатталған).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 г препараттың құрамында белсенді зат адапален 1.00 мг,

қосымша заттар: метилглюкоза жартылай стеараты, полиэтиленгликоль-20 метилглюкоза жартылай стеараты, табиғи сквалан, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, динатрий эдетаты, феноксиэтанол, глицерол, карбомер 934 P, циклометикон, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ түсті дерлік біртекті крем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан ішінен алюминий лакталған латексті жолақты ұшы бар сықпада және ашылған кезде қорғаныш мембранасы бар, бұрандалы қақпағы бар және қорғаныш мембранасын ашуға арналған инесі бар. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жылЖарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Sun Pharmaceutical Industries Ltd

Madkai Industrial Estate, Ponda, Гоа 403 404, Үндістан

Тел. (91-22) 8230102/8211260/8212143

www. sunpharma.com

  • Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

  • Sun Pharmaceutical Industries Ltd

  • Sun House, Plot No. 201 B/1, Western Express Highway, Goregoan (E),

  • Мумбай – 400 063, Махараштра, Үндістан

  • Тел. (91-79) 23253417

  • Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

  • «Сан Фармасьютикал Индастриез Лимитед" компаниясының өкілдігі

  • Қазақстан, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Манас көшесі, 32А-үй, 602-кеңсе, пошталық индексі 050040

  • тел.: 8 (727) 2378451, 2378450, 88000805202

  • эл. мекенжай: Pharmacovigilance.kz@sunpharma.com

  • Прикрепленные файлы

    Адаклин_каз.docx 0.06 кб
    Адаклин_рус.docx 0.06 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту