Нимотузумаб®

МНН: Нимотузумаб
Производитель: Центр молекулярной иммунологии (CIM)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Моноклональные антитела
Номер регистрации в РК: РК-БП-5№023564
Информация о регистрации в РК: 05.03.2018 - 05.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Нимотузумаб®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нимотузумаб

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 5 мг\мл

Құрамы

Белсенді зат –нимотузумаб 50мг

Қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, полисорбат 80, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сары түсті, тұнатын бөліктері жоқ, мөлдір немесе әлсіз бозаңданған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар және иммуномодуляторлар. Ісікке қарсы басқа препараттар. Моноклональді антиденелер.

Коды АТХL01XC

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық деректер 50 және 200 мг дозалар арасында Нимотузумабтың дозаға тәуелді немесе дозаға тәуелді емес фармакокинетикасы бар екендігін көрсетті. Препараттың енгізілетін дозасы жоғары болған сайын, оның таралуының, элиминациясының және бөлінуінің орташа уақытының артуы жоғарылады.

Нимотузумабты 50-ден 400 мг-ге дейінгі дозада қабылдаған пациенттердің фармакокинетикалық талдауы элиминациясының орташа уақыты 50, 100, 200 және тиісінше 400 мг дозалар үшін 62,91 ± 61,81 сағат, 82,6 ± 7,89, 302,94 ± 44,13, 304,51 ± 50,7 сағатқа сәйкестігін көрсетті. Элиминациясының орташа уақыты 200 мг-ге дейінгі дозамен бірдей ұлғайған. Нимотузумаб үшін клиренс мәні төрт зерттелген доза бойынша тиісінше 1,22 ± 0,46 мл / мин, 0,69 ± 0,08 мл / мин, 0,41 ± 0,17 мл / мин және 0,74 ± 0,40 мл / мин құрады. Бауыр, жүрек, көкбауыр, бүйрек және қуық - нысана ағзалар болып табылады, препарат бауырда және өкпеде едәуір жинақталады, басқа ағзаларда орташа таралады.

Фармакодинамикасы

Нимотузум эпидермальді өсу факторын (EGF-R) танитын жоғары аффинділігі гуманизделген қарсы дене болып табылады.

EGF-R мембраналы гликопротеин 170 Kd болып табылады. Оның жасушаішілік домені нақты тирозинкиназалы ақуыз, оның ісік жасушаларымен шамадан тыс экспрессиясы жасушалық циклдың реттелуін (пролиферацияны ұлғайту) өзгертеді; ол апоптозды бөгейді, ангиогенезге ықпал етеді, қозғалғыштығын, адгезияны және инвазивтілігін арттырады.

Нимотузумаб лигандтың EGF-R бірігуін бөгейді және жасушалық пролиферацияға тартылған жасушалық белгі жолына кедергі ете отырып, тирозинкиназалы рецепторлардың белсенділігін тежеу есебінен қызмет етеді. Нимотузумабтың EGF-R жоғары экспрессиясы бар ісіктерде антиангиогенезді, антипролиферативті және проапоптозды әсері бар; сондықтан in vitro және in vivo эпителиальді ісік жасушалары өсуін тежейді.

Басы және мойнында соңғы сатыдағы ісіктері бар пациенттер

III және IV сатыдағы ісіктері бар пациенттерде онкоспецификалық емдеу радиотерапия немесе химия-радиотерапиядан тұрады. Стандартты терапияға объективті жауап пайызы (толық және ішінара ремиссия) тиісінше 30-40% және 50-60% құрайды. Чимахерді радиотерапия және / немесе химия-радиотерапиямен бірлесе қолдану 70 аралығындағы мәнге объективті жауап пайызын арттырады (радиотерапия және нимотузумаб) және 100% (химия-радиотерапия және нимотузумаб), Нимотузумаб пен химия-радиотерапияны бірлесе қабылдаған пациенттердегі өміршеңдік 30 ай мониторингтен кейін 70% құрады.

Балалардағы рецидивті және\немесе төзімді қатерлі астроцитома

Хирургияға, сәулемен емдеуге және цитостатикалық агенттермен терапияға төзімді мидың рецидивті ісіктері бар пациенттерде күтілетін өмір сүру мерзімі шамамен бір ай. Нимотузумабты монотерапияда 150 мг/м2 дозада қабылдаған педиатриялық пациенттердің осы түрдегі өміршеңдік медианы 8,9 ай. Ауруды бақылау және стабилизациялау пациенттердің осы тобында көңіл бөлуді қажет етеді.

Балалардағы қайта диагностикаланған қатерлі жоғары ісіктерді радиотерапия және радио-химиятерапияның біріктірімде емдеу

Мидың диффузиялы глиомасы жақында анықталған педиатриялық пациенттерде нимотузумабты радиотерапиямен және винорелбинмен біріктіре қолдануға бағалау жүргізілді (20 мг / м2). Зерттеудің негізгі мақсаты 96% пациентте байқалған жауаптың жиілігі болатын. Бірлестіре қолдану жедел жағымсыз құбылыстарсыз өте жақсы көтерілді. Он алты пациенттің он бірі жергілікті рецидив беріп, сәулемен қайта емделді. Ауруы өршімеген өміршеңдік және глобальді өміршеңдік тиісінше 8,5 және 15 айды құрады. Сәулемен қайта емделген пациенттерде (11) ауруы өршімеген өміршеңдік 8,3 ай, ал қалған енгізілген пациенттерде (14) 8,5 ай. Рецидивінде сәулемен қайта емделген бұл топтың орташа өміршеңдігі 13,3 ай болды, ал сәулемен емделмеген пациенттерде рецидиві 12 ай болған (p = 0,03).

Ересектердегі мультипішінді глиобластома және анапластикалық астроцитома

Қатерлілігі жоғары астроцитарлы ісіктері бар пациенттердегі радиотерапиядан күтілетін өміршеңдік мультипішінді глиобластома ретінде жіктелген ісіктер үшін 12 ай және III дәрежелі астроцитома немесе анапластика ретінде жіктелген ісіктер үшін 24 ай. Нимотузумабты радиотерапиямен бірлестіре қабылдаған мультипішінді глиобластомасы бар пациенттер үшін өміршеңдіктің орташа мәні және мәндері тиісінше 16,30 және 20,45 айды құрады. Бірлестіре қолдануды қабылдаған анапластикалық астроцитомасы бар пациенттер үшін өміршеңдіктің орташа мәні 30,03 айды құрады.

Пост-маркетингті зерттеулерде үдемелі емес орташа өміршеңдік және пациенттердің осы түрі үшін ем тағайындалуы бойынша орташа өміршеңдігі 8,6 ай және тиісінше 12,23 айды құрағаны атап айтылды. Глиобластомасы бар пациенттер үшін гистологиялық класқа сай орташа өміршеңдігі 10,56 ай, анапластикалық астроцитомасы бар пациенттер үшін - 28,26 ай. 24-айлық өміршеңдігі 21,6% және тиісінше 57,1% болды.

Шығу тегі эпителиальді өңешінің операция жасауға келмейтін қатерлі ісігі бар пациенттер радио-химиятерапиямен біріктірімде

Стандартты терапия қабылдап жүрген өңешінің қатерлі ісігі бар пациенттерде күтілетін өміршеңдік үш ай, ал Нимотузумаб пен химия-радиотерапияны бірлесе қабылдаған пациенттердегі өміршеңдік 8, 1 айға қол жеткізілді. Аурудың клиникалық бақылауын Нимотузумаб плюс химио-радиотерапияны алған пациенттерде 60,9%, тек химиотерапия алғандарда ол 26,9%. Нимотузумаб химия-радиотерапиямен бірлестірілгенде, стандартты емдеумен салыстырғанда күрделі жағымсыз әсерлерді арттырмайды.

Ұйқы безінің жергілікті тараған немесе метастаздық аденокарциномасын химиятерапияның біріктірімде емдеу.

Ұйқы безінің жергілікті тараған немесе метастаздық аденокарциномасы бар пациенттер нимотузумаб пен гемцитабинмен бірлестіре емдеуден кейін өміршеңдіктің артуын көрсетті. Глобальді өміршеңдік бақыланатын топта (гемцитабин плюс плацебо) 6,0 айдан және зерттелетін топта (нимотузумаб плюс гемцитабин) 8,6 айға дейін ұлғайды. Бірінші жылдағы өміршеңдік жиілігі нимотузумаб пен гемцитабинді қабылдаған пациенттерде бақылау тобымен салыстырған жоғары болды (34,4% және 19,2%). KRAS онкогені бәсеңдетілмеген ісіктері бар пациенттер өмір сүру мерзімінің жоғарылағанын көрсетті. Өміршеңдік гемцитабин / плацебо тобында 5,7 айдан нимотузумаб және гемцитабин қабылдаған топта 11,6 айға дейін өсті.

Нимотузумаб және гемцитабин қабылдаған пациенттерде өршусіз өміршеңдіктің едәуір артуын көрсетті (4, 47 ай), гемцитабин және плацебо қабылдаған топпен салыстырғанда (3, 23 ай).

Қолданылуы

  • басы және мойнындағы соңғы сатыдағы ісіктерді радиотерапиямен және\немесе химиятерапиямен біріктірімде емдеу

  • қатерлі глиальді ісіктері: мультиформалы глиобластома және анапластикалық астроцитомасы бар ересек пациенттерді радиотерапиямен біріктірімде емдеу

  • алғаш анықталған қатерлі глиальді ісіктері анықталған балаларды радиотерапия және радио-химиятерапиямен біріктірімде емдеу

  • Қайталанған немесе төзімді глиальді ісіктері бар балаларды нимотузумабпен емдеу

  • Өңештің шығу тегі эпителиальді операбельді емес қатерлі ісігі бар пациенттер радио-химиятерапияның біріктірімде емдеу

  • Ұйқы безінің жергілікті тараған немесе метастаздық аденокарциномасын химиятерапияның біріктірімде емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Соңғы сатыдағы бас және мойнындағы ісіктер:

Нимотузумабтың ұсынылатын бір реттік дозасы- 200 мг, ол 6 апта бойы аптасына бір рет радиотерапия және/немесе химия-радио терапиямен бірлестіре жүргізіледі. Содан соң 200 мг дозаны әр 15 күн сайын пациенттің жалпы жағдайына қарай (демеуші доза) енгізеді.

Балаларда қайталанған және қайта диагностикаланған қатерлі астроцитома:

Нимотузумабтың ұсынылатын дозасы дене бетінде көлемі (ДБК) 150 мг/м2, оны 6 апта бойы аптасына бір рет монотерапия ретінде енгізіледі. Содан соң 150 мг/м2 дозаны әр 15 күн сайын пациенттің жалпы жағдайына қарай (демеуші доза) енгізеді.

Ересектердегі мульформалы глиобластома және анапластикалық астроцитома:

Нимотузумабтың ұсынылатын дозасы 200 мг құрайды, радиотерапиямен бірге 6 апта бойы аптасына бір рет енгізіледі. Содан соң 200 мг дозаны әр 15 күн сайын пациенттің жалпы жағдайына қарай (демеуші доза) енгізеді.

Өңештің шығу тегі эпителиальді операбельді емес қатерлі ісігі бар пациенттер радио-химиятерапияның біріктірілімде:

Нимотузумабтың ұсынылатын дозасы 200 мг құрайды, радиотерапиямен бірге 6 апта бойы аптасына бір рет енгізіледі. Содан соң 200 мг дозаны әр 15 күн сайын пациенттің жалпы жағдайына қарай (демеуші доза) енгізеді.

Ұйқы безінің жергілікті тараған немесе метастаздық аденокарциномасын химиятерапиямен бірлестіре емдеу.

Нимотузумабтың ұсынылатын дозасы 400 мг құрайды, химиятерапиямен бірге аптасына бір рет енгізіледі. Нимотузумабпен емдеу ауру өршігенге дейін немесе қабылданбайтын уыттылыққа дейін жалғастырылады.

Барлық клиникалық көрсеткіштерде нимотузумаб 250 мл 0,9% физиологиялық ерітіндіде араластырылып венаішіне тез арада құю арқылы (30 минут) енгізіледі.

Препаратты енгізу бойынша нұсқаулық:

1. Заттаңба көрсетілген қолдану мерзімі шегінде екендігіне және өнім 2-ден 8° C-ге дейінгі температурада сақталғанына көз жеткізіңіз.

2. Стерильді инені стерильді шприцке орналастырыңыз.

3. Нимотузумаб® бар құтыдан флип-офф қалпақшасын алыңыз да, оның жоғарғы бөлігін зарарсыздандырғыш затпен тазалаңыз.

4. Инені резеңке тампонға қойыңыз және құтының ішіндегісін сорғызып алыңыз.

5.Төрт флакон құтының ішіндегісін 250 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісіне енгізіңіз.

6.Венаішіне (қолдың латеральді теріасты венасы) физиологиялық ерітіндіні жылдам инъекция түрінде (30 минут) енгізіңіз.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар даму жиілігіне және ағзалар жүйесі бойынша жіктелген. Жиілік санаттары мынадай шартты белгілерге сәйкес анықталады: өте жиі (1/10), жиі (1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (1/1000-ден <1/100-ге дейін), сирек (1/10000-ден <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (белгілі деректерге сүйене отырып, бағалана алмайды).

Жоғарыда көрсетілген жағымсыз реакциялардың бір бөлігі әдеттегі дозадағы анальгетиктермен және антигистаминді препараттардан да болған.

Өте жиі:

  • артериалды гипотензия немесе гипертония,

  • есекжем.

Жиі:

  • діріл, қалтырау, жүрек айнуы, бас ауыруы, құсу,

  • анемия,

  • лейкопения,

  • эритема,

  • дене температурасының жоғарлауы,

  • сілтілік фосфатаза, глутаминді трансаминаза мен глутаминді пирожүзім трансаминаза көрсеткіштерінің жоғарлауы.

Сирек:

  • миалгия,

  • ұйқышылдық және дезориентация,

  • гематурия,

  • бауыр функциясының жоғарылауы,

  • моторлы алалия (дисфазия), когерентті емес сөйлеу,

  • ауыздың құрғауы,

  • аяқ-қол бұлшықеттерінің әлсіздігі

  • флебиттер,

  • креатининнің артуы,

  • торакальді ауыру,

  • перибуккальді цианоз.

Қарсы көрсетілімдер

- препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзараәрекеттестігі

Нимотузумабтың® басқа цитостатикалық препараттармен әрекеттестігі бағалау сатысында. Синергизм немесе EGFR тежейтін агенттер радиотерапиямен бірлесе қолданылғанда ісікке қарсы белсенділіктің әсері дәлелденген.

Ерекше нұсқаулар

Нимотузумаб® құрамында консерванттар жоқ, сондықтан препаратты құтыны ашқаннан кейін бірден пайдалану қажет.0,9% физиологиялық ерітіндіде ерітілген Нимотузумаб® 27ºC-ден аспайтын температурада 72 сағат бойы физикалық және химиялық тұрақты. Егер температура жоғары болатын болса, инфузиялық ерітіндіні тастау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және басқа да потенциальді қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Нимотузумаб® автокөлікті басқаруға және жабдықтарды пайдалану қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Адамдарда артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Нимотузумаб® әдейі емес уақытынан бұрын немесе бұдан жоғары дозада енгізілген жағдайда клиникалық маңызды жағымсыз құбылыстар байқалмады. Артық дозалану жағдайында науқасқа симптоматикалық ем тағайындау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 гидролитикалық класты шыныдан жасалған, алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий-пластик қалпақшамен қаусырылған тығынмен тығындалған құтыларда 10 мл-ден.

Препараты бар әр құтыға өзі желімденетін заттаңба жапсырады.

Препараты бар 2 құтыдан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2°C-ден 8 °С-ге дейінгі температурада. Мұздатып қатыруға және шайқауға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Молекулярлы Иммунология орталығы (CIM), Гавана, Куба Республикасы

Қаптаушы

Молекулярлы Иммунология орталығы (CIM), Гавана, Куба Республикасы

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Молекулярлы Иммунология орталығы (CIM), Гавана,Куба Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы):

«UM-Pharma» ЖШС (УМ-ФАРМ), ҚР

Алматы қ., 050033, Ходжанов көшесі 13, 69 п.

Тел/факс: 8-7773839353

Е-mail: qazumpharma@mail.ru

Прикрепленные файлы

Нимотузумаб_рус.doc 0.07 кб
Нимотузумаб_каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту